ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
15.9K photos
1.04K videos
28 files
3.33K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Главные события Министерства здравоохранения за неделю (5.12.2022-11.12.2022)
ЖАС ҒАЛЫМ БАҚТИЯР АЖКЕН МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМЫН БАҒЫНДЫРУДА

Астана медицина университетінің магистранты Бақтияр Ажкен Талғатұлы Білім және ғылым саласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында "Үздік жас ғалым" және "100 жаңа тұлға" атты екі номинациямен марапатталды.

Оған "Бөбек" Жалпыұлттық қозғалысы" қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған "Жастар ғылымы: тәуелсіздіктің жаңа трендтері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында төсбелгілер, куәліктер мен дипломдар табысталды.

Бақтияр Ажкен - Астана медицина университетінің ғылыми-зерттеу қызметін дамыту орталығының түлегі және жас ғалымдар кеңесінің мүшесі.

Ол студент кезінде "IMMS Journal" деген халықаралық студенттік ғылыми-медициналық журнал шығарып, бас редактор қызметін атқарады. Қазір Бақтияр магистратурадағы оқуын онкология кафедрасында ассистенттің жұмысымен ұштастыруда. Ол, сонымен қатар, Еуропалық ғылыми-зерттеу университетінің (Private research university) қызметкері және онкологияны ерте диагностикалау бойынша патент авторы.

Бахтияр Ажкен Хельсинкидегі зертханалардың бірінде ғалымдар тобының мүшесі болды, ол адамның тыныс алуын талдау негізінде коронавирустың, соның ішінде аурудың асимптоматикалық ағымда болуын анықтауға арналған эксперименттік құрал жасады. Аталған құрал Финляндияда, Нидерландыда, ОАР-да, Бразилияда және Қазақстанда тестілеуден өтуде.

Бұл Даму Ғылым қоры өткізген "Стоп-Коронавирус" атты байқауға қатысты, оның мақсаты аурудың таралуымен күресу үшін өзекті жобаларды іздеу болды және қазылар алқасының бағалауы бойынша үшінші орынды иеленді.

Қазір Бақтияр Талғатұлы 2019 жылы өзі құрған "IMMS Scientific Research Facility" ғылыми-зерттеу зертханасын дамытумен белсенді айналысады.

"АстМУ-да бүгінде 10 мыңға жуық студент оқиды, оның бір жарым мыңы шетелдіктер, мыңнан астам оқытушылар, ғалымдар мен қызметкерлер еңбек етеді. Біз әрқашан жас ғалымдардың отандық ғылымды дамыту жолындағы талпыныстарына қолайлы жағдай жасауға, қолдау көрсетуге тырысамыз", - деді Астана медицина университетінің ректоры Камалжан Надыров.
МОЛОДОЙ УЧЕНЫЙ БАХТИЯР АЖКЕН ПОКОРЯЕТ МЕДИЦИНСКУЮ НАУКУ

Магистрант Медицинского университета Астана Бахтияр Ажкен, отмечен двумя номинациями в сфере образования и науки «Лучший молодой ученый» и «100 новых лиц» среди стран Содружества Независимых Государств.

Нагрудные медали, свидетельства и дипломы вручены ему в рамках Международной научно-практической конференции: «Молодежная наука: новые тренды независимости», организованной Объединением юридических лиц в форме ассоциации «Общенациональное движение «Бобек».

Бахтияр Ажкен выпускник и член Совета молодых ученых при Центре развития научно-исследовательской деятельности Медицинского университета Астана.

Во время учебы учредил международный студенческий научно-медицинский журнал "IMMS Journal", в котором исполняет роль главного редактора. Сейчас он совмещает учебу в магистратуре с работой ассистента на кафедре онкологии. Он также является сотрудником европейского научно-исследовательского университета UATL PRU (Private research university) и автором патента в области ранней диагностики онкологии.

Бахтияр входил в группу ученых в одной из лабораторий Хельсинки, которая разработала экспериментальный прибор, позволяющий определить наличие коронавируса, в том числе при бессимптомном течении болезни, основываясь на анализе дыхания человека. Тестирование приборов проводится в нескольких странах, в том числе Финляндии, Нидерландах, ЮАР, Бразилии и у нас в Казахстане.

Эта разработка принимала участие в проводимом Фондом науки конкурсе «Стоп-Коронавирус», целью которого был поиск актуальных проектов для борьбы с распространением заболевания, и, по оценкам жюри, заняла третье место.

Сейчас Бахтияр активно занимается развитием созданной им в 2019 году научно-исследовательской лаборатории "IMMS Scientific Research Facility".

«МУА сегодня это порядка 10 тысяч студентов, полторы тысячи из которых иностранцы, это более тысячи преподавателей, ученых и сотрудников. Мы всегда стараемся поддержать молодых исследователей в желании развивать отечественную науку, создавать для этого благоприятные условия", - отметил ректор Медицинского университета Астана Камалжан Надыров.
👍1
ЖАМБЫЛ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА БАЛАҒА КЕУДЕ ҚУЫСЫНЫҢ ДЕФОРМАЦИЯСЫН ТҮЗЕТУ ОПЕРАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Жамбыл облыстық балалар ауруханасында 10 жасар ер балаға кеуде қуысының деформациясын түзету бойынша жоспарлы түрде ота жасалды. Баланың нақты диагнозы – «3- дәрежелі туа біткен шұңқыр тәрізді кеуде деформациясы».

Ортопедия бөлімінде алдын ала дайындықтан кейін эндовидео ассистенциясымен Насса бойынша торакопластика-хирургиялық араласу жүргізілді. Деформация жойылды. Жағдайы жақсарған соң 7- тәулікте бала үйіне шығарылды.

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ортопедия бөлімшесінде кеуде қуысының туа біткен және жүре пайда болған деформацияларын емдеудің инновациялық әдістері 2015 жылдан бастап сәтті қолданылып келе жатқанын атап өткен жөн.

Шұңқыр тәрізді кеуде қуысын түзету үшін ауруханада төмен инвазивті торакопластика, соның ішінде модификацияланған Дональд Насса отасы жасалады.

Насса торакопластика операциясы-бұл кеуде қуысының шұңқыр тәрізді деформациясын жоюға арналған минималды инвазивті әдісті қолданатын хирургия. Мұндай оталар Қазақстанның сақтандырылған азаматтарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде қолжетімді болып табылады.

Минималды инвазивті торакопластиканың артықшылықтары:
- кеуде қуысының алдыңғы бетінде үлкен тыртықтарды болдырмау мақсатындағы керемет косметикалық нәтиже;
- радикалды әдістермен салыстырғанда жұмсақ тіндердің минималды жарақаты және ота кезінде қан жоғалтудың минималды мөлшері;
- шұңқыр тәрізді деформациясы бар кез келген жастағы балаларға жарамды;
- отаның ұзақтығы радикалды әдістермен салыстырғанда 1,5-2 есеге аз.

Ота анестезиямен жасалады, тыныс алу және жүрек қызметі бақыланады. Шағын хирургиялық кірулер кеуде қуысының бүйір беттері бойымен әр пациент үшін жеке-жеке қатаң есептелген нүктелерде жасалады. Дәрігерлер кеуде қуысының мөлшері мен пішінін, кеуде қуысының деформациясының түрі мен дәрежесін ескере отырып, пластинаның жеке конфигурациясын жасайды.

Ота деформация дәрежесіне және орнатылатын пластиналар санына байланысты орта есеппен 40-60 минутқа созылады. Науқас шамамен 7 тәулік ауруханада жатады.

Отадан кейінгі кезеңде науқастарға симптоматикалық терапия және тыныс алу жаттығулары тағайындалады. Осы уақыт аралығында науқастар әл-ауқаттарының жақсарғанын, тыныс алу жеткіліксіздігі белгілерінің төмендегенін байқайды. Денеге толық салмақ салуға отадан соң 6 айдан кейін ғана рұқсат етіледі. Дегенмен, толық және тұрақты әсерге жету үшін 2-3 жыл уақыт керек. Осыдан кейін пластинаны алып тастау қажет.
ОПЕРАЦИЮ ПО ИСПРАВЛЕНИЮ ДЕФОРМАЦИИ ГРУДНОЙ КЛЕТКИ ПРОВЕЛИ РЕБЕНКУ В ЖАМБЫЛСКОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ ДЕТСКОЙ БОЛЬНИЦЕ

В Жамбылской областной детской больнице мальчику 10 лет была проведена в плановом порядке операция по исправлению деформации грудной клетки. Точный диагноз ребенка – «Врожденная воронкообразная деформация грудной клетки 3 степени».

После предварительной подготовки в отделении ортопедии проведено оперативное вмешательство - торакопластика по Насса под эндовидео ассистенции. Деформация устранена. Ребенок с улучшением состояния на 7 сутки выписан домой.

Стоит отметить, что инновационные методы лечения врожденных и приобретенных деформаций грудной клетки в Жамбылской областной многопрофильной детской больнице в отделении ортопедии успешно применяются с 2015 года.

Для коррекции воронкообразной грудной клетки в больнице проводятся малоинвазивные торакопластики, включая модифицированную операцию Дональда Насса.

Операция торакопластика по Насса — это хирургическое вмешательство с использованием малоинвазивной методики, предназначенное для устранения воронкообразной деформации грудной клетки. Подобные операции доступны застрахованным гражданам Казахстана в системе обязательного медицинского страхования.

К преимуществам малоинвазивной торакопластики:
- отличный косметический результат из-за отсутствия больших рубцов по передней поверхности грудной клетки;
- минимальная травматизация мягких тканей и минимальный объем кровопотери во время операции в сравнении с радикальными методами;
- подходит детям любого возраста с воронкообразными деформациями;
- длительность операции в 1,5-2 раза меньше в сравнении с радикальными методами.

Операция делается под наркозом, с мониторингом дыхания и сердечной деятельности. Небольшие операционные доступы делаются по боковым поверхностям грудной клетки в строго рассчитанных точках индивидуально для каждого пациента. Врачи делают индивидуальную конфигурацию пластины с учётом размеров и формы грудной клетки, типа и степени деформации грудной клетки.

Операция длится в среднем 40-60 минут в зависимости от степени деформации и числа устанавливаемых пластин. Пациент находится в стационаре около 7 дней.

В послеоперационном периоде больным назначается симптоматическая терапия и дыхательная гимнастика. За это время пациенты отмечают улучшение самочувствия, уменьшение симптомов дыхательной недостаточности. Полная нагрузка разрешается через 6 месяцев после операции. Однако для достижения полного и длительного эффекта требуется 2-3 года. После этого пластину следует удалить.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АУЫЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ ТУРАЛЫ

«Ауылдық жерлерде әлеуметтік салада да өзгерістер күтілуде. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бойынша жаңа жоба іске қосылуда. 700-ге жуық жаңа медициналық объекті салынады, 32 көпбейінді аудандық аурухана жаңғыртылады. Бұған біз 200 миллиард теңгеден астам қаржы бөлеміз»,-деді бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде:
- 655 МСАК объектісін салу (оның ішінде жаңа 228 объекті және қолданыстағы МСАК нысандарының орнына 427 объекті салу);
- 32 көпбейінді аудандық орталық ауруханаларды (КАОА) ұйымдастыру, оның ішінде жұмыс істеп тұрған 12 аурухананы жаңғырту және 20 жаңа көпбейінді аудандық орталық ауруханаларды ашу қамтамасыз етілетін болады.

Жаңартылған аудандық ауруханалардың базасында пациенттер «алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ ірі қалаларға, оның ішінде телемедицина және қашықтықтан медициналық қызметтер арқылы бару қажеттілігінсіз мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекті ала алады.

Ұлттық жобаны іске асыру:
1) медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қадамдық қолжетімділігі, сондай-ақ ауылдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңартуды;
2) ауыл халқына шұғыл мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі және уақтылы көрсетілуін («алтын сағат» қағидатын сақтай отырып);
3) халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ГЛАВА ГОСУДАРСТВА О МОДЕРНИЗАЦИИ ИНФРАСТРУКТУРЫ СЕЛЬСКОГО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

«Ожидаются изменения и в социальной сфере в сельской местности. Запускается новый проект по модернизации сельского здравоохранения. Будут построены порядка 700 новых медицинских объектов, модернизированы 32 многопрофильные районные больницы. На это мы выделяем более 200 миллиардов тенге», - сказал сегодня на расширенном заседании Правительства ПРЕЗИДЕНТ РК КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ.

В рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» будет обеспечено:
- строительство 655 объектов ПМСП (в том числе строительство новых 228 объектов и 427 взамен действующих объектов ПМСП);
- организация 32 многопрофильных центральных районных больниц (МЦРБ), в том числе модернизация 12 действующих и открытие 20 новых многопрофильных центральных районных больниц;
На базе обновленных районных больниц пациенты смогут получать экстренную медицинскую помощь при инфарктах, инсультах, травмах и других состояниях с соблюдением принципа «золотого часа», а также специализированную и высокотехнологичную медицинскую помощь без необходимости посещения крупных городов, в том числе посредством телемедицины и дистанционных медицинских услуг.

Реализация нацпроекта позволит обеспечить:
1) шаговую доступность первичной медико-санитарной помощи, а также обновление инфраструктуры сельского здравоохранения;
2) доступность и своевременное оказание экстренной специализированной медицинской помощи сельскому населению (с соблюдением принципа «золотого часа»);
3) увеличение ожидаемой продолжительности жизни населения, а также повысит социальное благополучие и качество жизни сельчан.
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫН ЖЫЛ САЙЫН КӨТЕРУ ТУРАЛЫ

«Дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, мұғалімдердің жалақысы 25%-ға, бюджет саласындағы басқа да қызметкерлердің жалақысы 20%-ға, өндірістік персоналдың жалақысы 10-50%-ға артты», - деді бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Барлығы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы ұлғайтылды.

2022 жылы дәрігерлердің жалақысы орта есеппен – 30%-ға немесе 421 мың теңгеге дейін, орта медицина персоналына-20%-ға немесе 235 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

2023 жылы дәрігерлердің жалақысын көтеруді жалғастыру жоспарлануда.
🤔1
ОБ ЕЖЕГОДНОМ ПОВЫШЕНИИ ЗАРАБОТНЫХ ПЛАТ МЕДИЦИНСКИХ РАБОТНИКОВ

«Заработная плата врачей увеличена до 30%, учителей на 25%, других работников бюджетной сферы на 20%, производственного персонала на 10-50%», - сказал сегодня на расширенном заседании Правительства Премьер-Министр РК Алихан Смаилов.

Всего с 1 января 2021 года по поручению Главы государства увеличена зарплата 247 тыс. медицинским работникам.

В 2022 году заработная плата врачам была увеличена в среднем – на 30% или до 421 тыс. тенге, среднему медицинскому персоналу – на 20% или до 235 тыс. тенге.

В 2023 году планируется продолжить повышение зарплат медиков.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 13 желтоқсандағы ақпарат

13 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 847 адам коронавирус инфекциясынан (–1 680+ және 167 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 312 пациент стационарда, 1 535 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 9 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 13.12.2022г.

На 13 декабря лечение от КВИ продолжают получать 1 847 человек (–1 680+ и 167 КВИ-), из них в стационарах находится – 312 пациент, на амбулаторном – 1 535 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 9 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 2 пациентa,
• на аппарате ИВЛ – 2 пациентa.
👍1
А. ҒИНИЯТ ИЗРАИЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ҚР-ДА ФАРМЗАВОДТАР САЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Израиль мемлекетінің медициналық ұйымдарының өкілдерімен Қазақстан Республикасында биопарктер салу туралы Biopharmax және RadiumKZ компаниялары мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы дәрі-дәрмек саясатының ерекшеліктеріне, биопарктегі жергілікті өндірістің басымдықтарына, заманауи IT-технологияларды пайдалануға, онкологиялық саладағы пилоттық жобаны іске асыруға, сондай-ақ ҚР ДСМ мен «RadiumKZ» ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою мүмкіндіктеріне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Тараптар ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының базасында ODMachine пилоттық жобасын іске асырудың мүмкіндіктері мен егжей-тегжейін талқылады.

«Біз денсаулық сақтау саласындағы қазақстан-израиль ынтымақтастығына ерекше мән береміз. Менің ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 72-ші сессиясына қатысуым шеңберінде ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Израиль мемлекетінің Денсаулық сақтау министрлігі арасында Денсаулық сақтау және медицина саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният.

Министр Денсаулық сақтау министрлігі Израильмен медициналық білім беру саласындағы, атап айтқанда ғылым саласындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлау саласындағы ынтымақтастықты, медициналық жоғары оқу орындары мен халықаралық ұйымдардың арасында әріптестік орнатуды қарқынды дамытып жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында Министр денсаулық сақтау саласындағы Израиль мемлекетімен әріптестік ынтымақтастықты нығайтуға және одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.