ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
15.9K photos
1.04K videos
28 files
3.32K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 10 желтоқсандағы ақпарат

10 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 725 адам коронавирус инфекциясынан (–1 510+ және 215 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 462 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 10.12.2022г.

На 10 декабря лечение от КВИ продолжают получать 1 725 человек (–1 510+ и 215 КВИ-), из них в стационарах находится – 263 пациент, на амбулаторном – 1 462 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 7 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 4 пациентa,
• на аппарате ИВЛ – 3 пациентa.
👍2
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ А. ҒИНИЯТ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін медициналық объектілерді аралағаннан кейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Маңғыстау облысында халықпен кездесу өткізді, оған 500-ден астам адам қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасын әзірледі.
Қазіргі уақытта өңір ауылдарында 57 медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді, бұл объектілердің тозуы 49% құрайды.

Маңғыстау облысында ауылда 3 МСАК объектісін: Маңғыстау ауданында бір дәрігерлік амбулатория, Бейнеу ауданында медициналық пункт және Қарақия ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланған. Сондай-ақ, республика бойынша пилоттық жобаның шеңберінде 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы, оның ішінде Бейнеу ауданында бір аурухананы ашу және қайта жаңарту жоспарлануда.
А. Ғиният Денсаулық сақтау министрлігі ауыл тұрғындары үшін профилактикалық қарап-тексерулер (скринингтер) жүргізу кезінде тәсілдерді қайта қарағаны туралы айтты. Бұрын профилактикалық қарап-тексерулер жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын, глаукоманы, қант диабетін, онкологиялық ауруларды, мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау үшін жүргізілген.

Асқазан-ішек жолдарының, несеп шығару жүйесінің, егде жас тобындағы тыныс алу ағзаларының және қуықасты безі обырының ауруларын ерте анықтауға арналған зерттеп-қараулар тізбесін кеңейту, сондай-ақ 18 жастан 29 жасқа дейінгі адамдарды скринингтермен қамту жаңа инновация болып табылады.

Кадрлдық қамтамасыз ету бөлігінде, бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 4,8 мың дәрігер бар, өңірде кадр тапшылығы 256 штат бірлігін құрайды.
Егер ағымдағы жылы ел өңірлеріне медициналық жоғары оқу орындарының 2980 түлегі бөлінген болса, оның ішінде Маңғыстау облысында – 18, оның 7-і ауылға жұмысқа орналастырылған.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде өңір үшін мамандар даярлауға 44 орын бөлінді.

Кездесу барысында өңір тұрғындары Министрге медициналық көмектің және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігіне, операцияға жолдама алуға, ауруы бойынша мүгедектік тобын беруге қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Бұдан әрі Ажар Ғиният министрге ота жасау, республикалық ұйымдарға емделуге жол жүру ақысын төлеу, ауылдағы скринингтер, сирек аурулары бар препараттармен қамтамасыз ету, шетелде емдеу, жедел медициналық көмек көрсету бойынша сұрақтармен жүгінген азаматтарды жеке қабылдады.

Министр өңір тұрғынының әрбір өтінішіне толық жауап беріп, бірқатар мәселелерді жеке бақылауына алып, ведомствоның бейінді департаменттеріне шешімдерді пысықтауды тапсырды.

Коммуникациялар қызметінің өңірлік алаңында Ажар Ғиният жергілікті және республикалық БАҚ журналистерінің сұрақтарына жауап берді.

Халықтың арасында онкологиялық аурулардың өсуіне алаңдаған журналистер осындай диагнозы бар науқастарға тиімді медициналық көмек көрсету мәселелерін көтерді, оларды дәрігерлік кадрлардың тапшылығы мәселелері және олардың шешімін қалай табу керектігі алаңдатты, олар өңірдің жұмыссыз тұрғындарының МӘМС жүйесіне қатысуы туралы сұрады.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы БАҚ өкілдерінің әрбір сұрағы бойынша толық түсініктеме берді.
👍3
МИНИСТР ЗДРАВООХРАНЕНИЯ А.ГИНИЯТ ПРОВЕЛА ВСТРЕЧУ С НАСЕЛЕНИЕМ В МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАС

Сегодня после обхода медицинских объектов министр здравоохранения Ажар Гиният провела встречу с населением в Мангистауской области, где присутствовали более 500 человек.

В соответствии с поручением Главы государства Министерством здравоохранения разработан пилотный проект «Модернизация сельского здравоохранения».

В настоящее время медицинскую помощь в селах региона оказывают 57 медицинских организаций, износ данных объектов составляет 49%.
В Мангистауской области запланировано строительство 3 объектов ПМСП на селе: одной врачебной амбулатории в Мангистауском районе, медицинского пункта в Бейнеуском районе и фельдшерско-акушерского пункта в Каракиянском районе. Также, в рамках пилотного проекта по республике планируется открытие и реконструкция 32-х многопрофильных районных центральных больниц, в том числе одной больницы в Бейнеуском районе.

По словам А.Гиният, Министерством здравоохранения были пересмотрены подходы при проведении профилактических осмотров (скринингов) для сельских жителей. Ранее профилактические осмотры проводились на раннее выявление заболеваний сердечно-сосудистой системы, глаукомы, сахарного диабета, онкологических заболеваний, поведенческих факторов риска.

Нововведениями стали расширение перечня обследований на раннее выявление заболеваний желудочно-кишечного тракта, мочевыделительной системы, органов дыхания в старшей возрастной группе и рака предстательной железы, а также охват скринингами лиц, лиц в возрасте от 18 до 29 лет.

В части кадрового обеспечения, на сегодняшний день в Мангистауской области насчитывается 4,8 тыс. врачей, дефицит кадров в регионе составляет 256 штатных единиц.
Если в текущем году в регионы страны распределено 2980 выпускников медицинских ВУЗов, в том числе в Мангистауской области – 18, из них 7 трудоустроены в село.

В рамках государственного образовательного заказа на подготовку специалистов для региона выделено 44 места.

Жители региона в ходе встречи адресовали министру ряд вопросов, касающихся доступности медицинской помощи и лекарственного обеспечения, получения направления на операцию, присвоения группы инвалидности по болезни.

Далее Ажар Гиният провела личный прием граждан, которые обратились к министру с вопросами по проведению операций, оплаты проезда на лечение в республиканские организации, скринингам на селе, обеспечению препаратами с редкими заболеваниями, лечения за рубежом, оказания скорой медицинской помощи.

Министр дала исчерпывающие ответы на каждое обращение жителя региона, взяв ряд вопросов на личный контроль, поручила отработать решения профильным департаментам ведомства.

На региональной площадке службы коммуникаций Ажар Гиният ответила на вопросы журналистов местных и республиканских СМИ.
Журналисты, обеспокоенные ростом онкозаболеваний среди населения, поднимали вопросы оказания эффективной медпомощи больным с таким диагнозом, их интересовали вопросы дефицита врачебных кадров и как они будут находить решение, они спрашивали об участии в системе ОСМС безработных жителей региона.
Глава Минздрава дала подробные пояснения по каждому вопросу представителей СМИ.
👍2
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 11 желтоқсандағы ақпарат

11 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 849 адам коронавирус инфекциясынан (–1 635+ және 214 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 586 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 11.12.2022г.

На 11 декабря лечение от КВИ продолжают получать 1 849 человек (–1 635+ и 214 КВИ-), из них в стационарах находится – 263 пациент, на амбулаторном – 1 586 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 7 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 4 пациентa,
• на аппарате ИВЛ – 3 пациентa.
АЛМАТЫДА «ЗАМАНАУИ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ҮРДІСТЕРІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Алматыда осы күндері Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында «Қазіргі заманғы денсаулық сақтауды дамытудың жаһандық үрдістері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілде.

Іс-шара медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген дәрігері және қайраткері Амангелді Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған.
Конференция шеңберінде медицина қызметкерлерінің құзыреттерін жетілдіру мәселелері, медициналық көмекке байланысты инфекциялардың алдын алу, іргелі зерттеулер және дәрігерлік практикада симуляциялық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін бағалау құралдары», «Дәрілік заттардың сапасы бойынша нормативтік құжатты әзірлеу» және «ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттарды тіркеуге қойылатын талаптар» тақырыптарында шеберлік сыныптары өтті.

Конференцияда шұғыл медициналық көмектің өзекті мәселелеріне, оның ішінде стационардан тыс босану, клиникалық өлім кезіндегі көмекке қатысты баяндамалар ұсынылды.
Алматы және Жетісу облыстарының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары денсаулық сақтау жүйесінің даму үрдістері, жүргізіліп жатқан реформалар және қолданылатын инновациялық технологиялар туралы баяндамалар ұсынды. Сондай-ақ, студенттерге академик М.К. Алшынбаевтың стипендиясы тапсырылады.

Конференцияға Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның шетелдік мамандары қатысады.
Амангелді Дүйсекеев – республиканың денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосқан адам, денсаулық сақтаудың көрнекті ұйымдастырушысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Ол 2015 жылғы 4 тамызда қайтыс болды.

А. Дүйсекеев Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы, Қазақстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары және бірінші орынбасары, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Екі рет Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Өмірінің соңғы жылдарында ҚазҰМУ-дың дипломнан кейінгі білім беру және өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры болды.
👍1
КОНФЕРЕНЦИЯ «ГЛОБАЛЬНЫЕ ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ СОВРЕМЕННОГО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ» СОСТОЯЛАСЬ В АЛМАТЫ

В Алматы в эти дни на базе Казахского национального медицинского университета имени Санжара Асфендиярова состоялась международная научно-практическая конференция «Глобальные тенденции развития современного здравоохранения».

Мероприятие посвящено 80-летию доктора медицинских наук, профессора, заслуженного врача и деятеля РК Амангельды Дуйсекеева.

В рамках конференции обсуждались вопросы совершенствования компетенций медицинских работников», системы по предупреждению инфекций, связанных с медицинской помощью, фундаментальных исследований и использования симуляционных технологий во врачебной практике.

Также в рамках мероприятия прошли мастер-классы на темы «Инструменты оценки эффективности системы здравоохранения», «Разработка нормативного документа по качеству лекарственных средств» и «Требования к регистрации лекарственных средств в рамках ЕАЭС».

На конференции представлены доклады, касающиеся актуальных вопросов неотложной медицинской помощи, в том числе ведение родов вне стационара, помощи при клинической смерти.

Руководители управлений здравоохранения Алматинской и Жетысуской области представили доклады о тенденциях развития системы здравоохранения, проводимых реформах и применяемых инновационных технологиях. Также состоялось вручение студентам стипендии академика М.К. Алчинбаева.

Участие в конференции принимали зарубежные специалисты из Великобритании, Турции, России, Узбекистана и Кыргызстана.

Амангельды Дуйсекеев – человек, внесший огромный вклад в развитие здравоохранения республики, выдающийся организатор здравоохранения, доктор медицинских наук, профессор. Он ушел из жизни 4 августа 2015 года. А.Дуйсекеев занимал должности руководителя Алма-Атинского городского отдела здравоохранения, заместителя и первого заместителя Министра здравоохранения Казахстана, начальника управления здравоохранения Алматинской области. Дважды избирался депутатом Мажилиса Парламента Республики Казахстан. В последние годы жизни был проректором по постдипломному образованию и межрегиональному сотрудничеству КазНМУ.