ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
15.9K photos
1.04K videos
28 files
3.33K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
1 ЖЕЛТОҚСАН-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕВРОПАТОЛОГ КҮНІ

Жыл сайын қыстың бірінші күні - 1 желтоқсанда кәсіби медициналық мерекелердің бірі - халықаралық невропатолог күні (Neurologist Day) атап өтіледі.

Ол дәрігерлердің, мамандардың, ғалымдардың жұмысына арналған, олардың жұмысы адамның орталық және перифериялық нерв жүйесінің ауруларының профилактикасына және емдеуге бағытталған.

Бұрын мұндай мамандар «невропатолог» деп аталды, бірақ бұл атау бүгінде ескірген болып саналады. Бұл медицинаның ең күрделі салаларының бірі.

Көбінесе бұл маманға бас ауруы, арқа ауруы, эпилепсия ұстамалары, цереброваскулярлық бұзылулар, энцефалитке күдік болса, жұлын мен мидың қатерлі, қатерсіз ісіктері, ұйқының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі және басқалар кезінде жүгінеді.

Нерв жүйесі организмнің барлық басқа элементтерімен белсенді түрде жұмыс істейді, гомеостаз құралдарының бірі болып табылады, барлық тіндермен өзара әрекеттеседі және рефлекстерді анықтайды, ал оның жұмыс механизмдері бұзылған кезде нерв жүйесінің немесе соматикалық патологияның неврологиялық көріністері пайда болады, және бұл күрделі жағдайды түсіну өте қиын, аурумен күресуге көмектесе алатын невропатолог дәрігерге бару қажет.

Қазақстанда неврологияның басталуы 1934 жылы Алматы қаласында Қазақ медицина институтының нерв аурулары кафедрасының ұйымдастырылуымен байланысты. Кафедрада 20 жылдан астам уақыт бойы талантты ұйымдастырушы және жетекші, профессор Евсей Моисеевич Стеблов қызмет атқарды. Ол бір көмекшімен және бір зертханашымен жұмыс істей бастады. Бірінші неврологиялық бөлімше 1896 жылы құрылған Алматы қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының тарихымен тығыз байланысты. Ол Жетісу уезінің Верный қаласында 15 төсектік Қызыл Крест қоғамының ауруханасы ретінде ашылды.

Осы уақытқа дейін неврология негізгі саланың бірі болып саналады, өйткені бұл мінсіз білімді, зейінді, дәлдікті қажет ететін медицинаның өте күрделі саласы. Осы уақытқа дейін ғалымдар неврологиядағы көптеген проблеманы мойындайды, көптеген науқастар тиімді емдеу әдістерін, неврологиялық аурулармен күресуге арналған препараттарды күтуде.

Бүгін біз еліміздің барлық невропатологтарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз денсаулық сақтау жүйесінде өте маңызды, мыңдаған пациенттер Сіздің ұсыныстарыңыз бен көмегіңізге мұқтаж, әрбір дәрігерге үлкен кәсіби және жеке жетістіктер тілейміз!
1 ДЕКАБРЯ - МЕЖДУНАРОДНЫЙ ДЕНЬ НЕВРОЛОГА

Ежегодно в первый день зимы - 1 декабря отмечают один из профессиональных медицинских праздников - Международный день невролога (Neurologist Day).

Он посвящён работе врачей, специалистов, учёных, чей труд направлен на профилактику и лечение заболеваний центральной и периферической нервной системы человека.

Раньше таких специалистов называли «невропатолог», но такое название сегодня считается устаревшим. Это одна из самых сложных отраслей медицины.

Часто к этому специалисту обращаются при головной боли, боли в спине, при приступах эпилепсии, нарушении мозгового кровообращения, при подозрении на энцефалит, со злокачественными, доброкачественными опухолями спинного и головного мозга, при нарушениях сна, снижении памяти и так далее.

Нервная система активно сотрудничает со всеми остальными элементами организма, является одним из средств гомеостаза, взаимодействует со всеми тканями и определяет рефлексы, а когда механизмы её работы нарушаются – следовательно, возникает заболевание либо самой нервной системы, либо неврологические проявления соматической патологии, и разобраться в этих хитросплетениях крайне сложно, пора идти к доктору неврологу, способному помочь в борьбе с недугом.

Начало неврологии в Казахстане связано с организацией кафедры нервных болезней Казахского медицинского института в г. Алматы в далеком 1934 году. У истоков кафедры на протяжжении 20 с лишним лет стоял талантливый организатор и руководитель, профессор Евсей Моисеевич Стеблов. Работать он начал с одним ассистентом и одним лаборантом. Первое неврологическое отделение неразрывно связано с историей Больницы скорой неотложной помощи города Алматы, основанной в 1896 году. Она была открыта как больница Общества красного креста в городе Верном Семиреченского уезда на 15 коек.

До сих пор неврология считается уделом избранных, ведь это весьма сложная отрасль медицины, требующая безукоризненных знаний, внимательности, аккуратности. До сих пор ученые признают множество белых пятен в неврологии, многие больные в ожидании эффективных методов лечения, препаратов, позволяющих бороться с неврологическими болезнями.

Сегодня мы поздравляем всех неврологов страны с профессиональным праздником! Ваш труд очень важен в системе здравоохранения, тысячи пациентов нуждаются в ваших рекомендациях и помощи, желаем каждому врачу больших профессиональных и личных достижений!
👍2
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қоғамның инфекцияға қарсы күш-жігерін біріктіруге бағытталған

1 желтоқсанда бүкіл халықаралық қауымдастық Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнін денсаулық сақтау саласындағы теңсіздікті жоюға және ауруды тоқтату жолында бұдан да үлкен жетістіктерге жетуге шақырумен атап өтеді.

1994 жылы БҰҰ қолдауымен ЮНЭЙДС (Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС бойынша Біріккен бағдарламасы) құрылды. ЮНЭЙДСТІҢ мақсаты - АИТВ-ға қарсы ауқымды іс-шараларды нығайту және қолдау, сондай-ақ қоғамның әртүрлі топтарының осы инфекцияға қарсы күш-жігерін біріктіру. АИТВ-ның таралуына қарсы іс-қимылды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізеді.

2021 жылғы 8 маусымда БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші отырысында АИТВ және ЖИТС бойынша Саяси декларация қабылданды: теңсіздікті жою және орнықты жолға қою, ол 2030 жылға қарай ЖИТС-ті жоюға мүмкіндік беретін жол (165 ел қатысты).
2021 жылы Қазақстан АИТВ – инфекциясымен байланысты стигма мен кемсітушіліктің барлық түрлерін жою жөніндегі жаһандық әріптестік бастамасына қосылды.

Қойылған міндеттерге қол жеткізу эпидемияның дамуын басқарылатын деңгейге дейін шектеуге мүмкіндік береді және эпидемияны жою кезеңіне өтуге мүмкіндік береді.
ҚР-да АИТВ-инфекциясының эпидемиясын тежеуге, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың (АӨА) денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ АИТВ стигмасы мен кемсітушілікке қарсы түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Қазақстанда ДДҰ ұсынымдары бойынша мінез-құлық, биомедициналық және сындарлы стратегиялардың үйлесуі есебінен АИТВ-инфекциясының алдын алу жоспарында барынша ықпалға қол жеткізуге бағытталған кешенді профилактикалық тәсіл енгізілді. Бұл бағдарламаларды АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары іске асырады, 130 сенім пункті мен 28 достық кабинеті жұмыс істейді.

Қоғамдастық деңгейінде жұмыс негізінен үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүргізіледі, олардың ішінде ҚР-да 30-дан астамы бар. "Тең - тең" қағидатын қолдана отырып, тұлғааралық коммуникацияларды ҚР әр өңірінде 480 аутрич - қызметкер жүргізеді.
👍1
День борьбы со СПИДом призван объединить усилия общества против инфекции

1 декабря все международное сообщество отмечает День борьбы со СПИДом, вынося на повестку главный призыв к устранению неравенства в получении медицинской помощи и еще большему прогрессу в искоренении болезни.

В 1994 году под эгидой ООН была создана организация ЮНЭЙДС (Объединённая программа Организации Объединённых Наций по ВИЧ/СПИД). Целью ЮНЭЙДС является укрепление и поддержка масштабных мероприятий по борьбе с ВИЧ, а также объединение усилий различных слоев общества против этой инфекции.
Активные действия по противодействию распространения ВИЧ ведет Всемирная организация здравоохранения.

8 июня 2021 года на 74-м заседании Генеральной Ассамблеи ООН была принята Политическая декларация по ВИЧ и СПИДу: Искоренение неравенства и становление на путь, позволяющий искоренить СПИД к 2030 году (участвовало 165 стран).

В 2021 году Казахстан присоединился к инициативе: Глобальное партнерство по ликвидации всех форм стигмы и дискриминации, связанных с ВИЧ – инфекцией.

Достижение поставленных задач позволит ограничить развитие эпидемии до управляемых уровней и даст возможность перейти к фазе искоренения эпидемии.

В РК проводятся различные мероприятия, направленные на сдерживание эпидемии ВИЧ-инфекции, улучшения здоровья и качества жизни людей, живущих с ВИЧ (ЛЖВ), а также против стигмы и дискриминации ЛЖВ.

В Казахстане по рекомендациям ВОЗ внедрен комплексный профилактический подход, направленный на достижение максимального воздействия в плане предотвращения ВИЧ-инфекции за счёт сочетания поведенческих, биомедицинских и конструктивных стратегий. Данные программы реализуются государственными организациями здравоохранения, осуществляющими деятельность в сфере профилактики ВИЧ-инфекции, действуют 130 пунктов доверия и 28 дружественных кабинетов.

На уровне сообществ, работа проводится в основном через неправительственные организации, которых в РК насчитывается более 30. Межличностные коммуникации с применением принципа «равный - равному» проводят 480 аутрич – работников в каждом регионе страны.
👍2
А. ҒИНИЯТ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫН 65 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Ақтөбеде «Марата Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ-ның 65 жылдығына арналған «Медициналық білім берудегі инновациялар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
А. Ғиният мерейтойлық форумға қатысушыларға өзінің құттықтау сөзінде студенттік жылдары медицинаға деген сүйіспеншілігін және білімге деген үлкен құштарлығын оята алған, «өмірге жолдама» берген өзінің alma mater-леріне, оқытушылары мен тәлімгерлеріне алғыс сөздерінен бастады.

«Бүгінде Батыс Қазақстан медицина университеті бакалавриат, резидентура, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша медицина кадрларын даярлауды қамтамасыз етеді, халықаралық жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтасады, диагностика мен емдеуде инновациялық технологияларды әзірлейді және енгізеді. ЖОО-ның өткен жарты ғасырдан астам уақыты - бұл Қазақстаннан тыс жерлерде белгілі ғылыми мектептерді қалыптастыру, практикалық денсаулық сақтау үшін әртүрлі мамандықтағы мыңдаған сұранысқа ие дәрігерлерді даярлау. Уақыт реформалық рухты және білім беру үдерісіне жаңа технологияларды енгізуді талап ететін жаңа сын-тегеуіріндер мен міндеттерді алға жылжытуда», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі өзінің құттықтау сөзінде.

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының тарихы 1957 жылы «емдеу ісі» жалғыз факультетінен басталады. Білім беру қызметі жылдарында БҚОМУ білікті медицина кадрларын даярлаудың қуатты орталығына айналды, жүздеген мың адамның өмірін сақтап қалған атақты зерттеушілер, ғалымдар, талантты денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, дәрігерлер топтамасын шығарды.

Конференция шеңберінде клиникалық базаларда Ресейдің, Қазақстанның жетекші мамандарының қатысуымен капсулалық эндоскопияны қолдана отырып, бейнеэндоскопиялық хирургия және диагностика бойынша мастер-кластар өткізілді, олардың барысында неғұрлым күрделі патологиялық жағдайларда 30-дан астам операциялық араласулар орындалды.
Форумға қатысушылар «Батыс Қазақстандағы медицинаны дамыту» мұражайына, «Жастар Арена» спорт кешеніне, анатомиялық мұражайға, «Smart anatomy» орталығына, морфологиялық зертханаға, кадавер орталығына (жас микрохирург ғалымдар клубының тұсаукесерімен) бара алады.
А.ГИНИЯТ ПОЗДРАВИЛА КОЛЛЕКТИВ ЗКМУ С 65-ЛЕТИЕМ

Сегодня министр здравоохранения Ажар Гиният приняла участие в открытии Международной научно-практической конференции на тему «Инновации в медицинском образовании», посвященной 65-летию НАО «Западно-Казахстанский университет им. Марата Оспанова».

А.Гиният в своем приветственном слове к участникам юбилейного форума, начала со слов благодарности в адрес родной alma mater, своих преподавателей и наставников, которые сумели привить ей в студенческие годы любовь к медицине и огромную тягу к знаниям, дали «путевку в жизнь».

«Сегодня Западно-Казахстанский медицинский университет обеспечивает подготовку медицинских кадров по образовательным программам бакалавриата, резидентуры, магистратуры и докторантуры, активно сотрудничает с международными вузами, разрабатывает и внедряет инновационные технологии в диагностике и лечении. Пройденные вузом больше полвека - это большой путь, это формирование научных школ, известных за пределами Казахстана, подготовка тысяч востребованных врачей различных специальностей для практического здравоохранения. И время неуклонно движется вперед, выдвигая новые вызовы и задачи, требующих реформаторского духа и внедрения новых технологий в образовательный процесс», - отметила в своем приветственном слове министр здравоохранения.

История Актюбинского государственного медицинского института начинается с далекого 1957 года с одного единственного факультета «Лечебное дело». За годы образовательной деятельности ЗКМУ превратился в мощный центр подготовки квалифицированных медицинских кадров, выпустив целую плеяду известных исследователей, ученых, талантливых организаторов здравоохранения, врачей, спасших сотни тысяч человеческих жизней.

В рамках конференции на клинических базах состоялись мастер-классы по видеоэндоскопической хирургии и диагностике с применением капсульной эндоскопии с участием ведущих специалистов России, Казахстана, в ходе которых выполнено более 30 оперативных вмешательств при наиболее сложных патологических состояниях.

Участники форума смогут посетить музей «Развитие медицины в Западном Казахстане», спортивный комплекс «Жастар Арена», анатомический музей, центр «Smart anatomy», морфологическую лабораторию, кадаверный центр (с презентацией клуба молодых ученых микрохирургов).
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 2 желтоқсандағы ақпарат

2 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 205 адам коронавирус инфекциясынан (–1 023+ және 182 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 172 пациент стационарда, 1 033 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 2.12.2022г.

На 2 декабря лечение от КВИ продолжают получать 1 205 человек (–1 023+ и 182 КВИ-), из них в стационарах находится – 172 пациент, на амбулаторном уровне – 1 033 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 8 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 2 пациента,
• на аппарате ИВЛ – 2 пациентa.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША БҰҰ ОРНЫҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІНДЕГІ ПОЗИЦИЯСЫН ЖАҚСАРТТЫ

Парламент Сенатында денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері бойынша Үкіметтік сағат өтті, оның барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халыққа медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы баяндама жасады.

Денсаулық сақтаудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң динамикасын бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы үкіметтік сағат барысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният атап өтті.

«Республика азаматтарының денсаулығын нығайту Үкіметтің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Біз Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде кешенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жоғарыда аталған тапсырмаларды іске асыру нәтижесінде елімізде денсаулық сақтаудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады», - деп атап өтті Ажар Ғиният  депутаттық корпустың алдында сөйлеген сөзінде.

Ажар Ғинияттың айтуынша, еліміздің халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсаруы халықаралық рейтингтерде де көрініс табады.

Қазіргі уақытта елімізде 5 мыңнан астам МСАК медициналық ұйымдары жұмыс істейді. 2021 жылы қосымша 30 медициналық объекті пайдалануға берілді, ал ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 92 объекті ашу жоспарлануда.

«МСАК ұйымдарының кадрлық әлеуеті 90 мыңға жуық медицина қызметкерін құрайды. Қазіргі уақытта бір жалпы практика дәрігеріне жүктеме орташа есеппен 1 830 адамды құрайды. Сонымен қатар, медициналық көмектің тиімділігін арттыру үшін учаскелік дәрігерден басқа үш орта медицина қызметкерін, әлеуметтік қызметкерді, медициналық психологты, сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа да бейінді мамандарды қамтитын учаскелік МСАК көпбейінді бригадасы құрылады», - деді А.Ғиният.

Ведомство басшысы ауыл тұрғындарын профилактикалық қарап-тексеру бөлігінде жаңа тәсілдерге ерекше назар аударды.

«Бүгінгі таңда зерттеліп-қаралған 44 мың ауыл тұрғынынан 11 мыңнан астам адам динамикалық бақылауға алынды, оларда жоғары қан қысымы, қант диабеті, бүйрек патологиясы белгілері байқалды», - деп хабарлады А.Ғиният.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін дәрігерлердің жалақысын жыл сайын арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін және медицина қызметкерлерінің мәртебесін сақтандыру жүйесін енгізуді қамтамасыз ету үшін тиісті заң жобасы әзірленді, ол қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде қаралуда»", - деп хабарлады ведомство басшысы.

Ажар Ғиният денсаулық сақтау жүйесінің алдында нақты ауқымды міндеттер тұрғанын, олардың сапалы іске асырылуы жүйенің ағымдағы және болашақ жаһандық сын-тегеуіріндерді жоюға дайындығын нығайтуға, сондай-ақ халықтың қажеттіліктеріне сәйкес келетін пациентке бағдарланған денсаулық сақтау моделін қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
👍1
КАЗАХСТАН ПО ПОКАЗАТЕЛЯМ ЗДОРОВЬЯ НАСЕЛЕНИЯ УЛУЧШИЛ ПОЗИЦИИ В РЕЙТИНГЕ ЦЕЛЕЙ УСТОЙЧИВОГО РАЗВИТИЯ ООН

В Сенате Парламента состоялся Правительственный час по вопросам развития системы здравоохранения, в ходе которого Министр здравоохранения РК Ажар Гиният представила доклад о мерах по повышению эффективности оказания медицинской помощи населению.
Положительную динамику основных медико-демографических показателей здравоохранения озвучила сегодня в ходе Правительственного часа в Сенате Парламента РК министр здравоохранения Ажар Гиният.

«Укрепление здоровья граждан республики является одной из важнейших задач Правительства. Нами проводится комплексная работа в рамках поручений Главы государства по повышению эффективности оказания медицинской помощи населению. В результате реализации вышеуказанных поручений в стране отмечается положительная динамика основных медико-демографических показателей здравоохранения», - отметила Ажар Гиният в своем выступлении перед депутатским корпусом.

По словам Ажар Гиният, улучшение показателей здоровья населения нашей страны отражается и на международных рейтингах.
В настоящее время в стране функционирует более 5 тысяч медицинских организаций ПМСП. В 2021 году дополнительно введены в эксплуатацию 30 медицинских объектов, а до конца текущего года планируется открыть еще 92 объекта.

«Кадровый потенциал организаций ПМСП составляет около 90 тысяч медицинских работников. В настоящее время нагрузка на одного врача общей практики составляет в среднем 1 830 человек. Наряду с этим, для повышения эффективности медицинской помощи, создается участковая мультидисциплинарная бригада ПМСП, включающая помимо участкового врача, трех средних медицинских работников, социального работника, медицинского психолога, а также при необходимости других профильных специалистов», - проинформировала А. Гиният.

Особый акцент глава ведомства сделала на новых подходах в части профилактических осмотров сельских жителей.

«На сегодня из обследованных 44 тыс. жителей сел, взяты на динамическое наблюдение более 11 тыс. человек, у которых обнаружены признаки повышенного артериального давления, сахарного диабета, почечных патологий», - сообщила А. Гиният.