ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
16.1K photos
1.09K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
2022 жылдың 4 айында жылжымалы медициналық кешендер қызметтерімен шалғайдағы ауылдардың 323 мыңнан астам тұрғыны қамтылды

Ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шалғай ауылдарда тұратын халыққа медициналық қызмет көрсету және қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Негізгі элементтердің бірі - көлік медицинасын енгізу және дамыту.

Қазіргі таңда жылжымалы медициналық кешендер саны 149 дананы құрайды.

"2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша ЖМК қызметтерімен 550 шалғай ауылдың 323 798 тұрғыны қамтылды, медициналық қызмет көрсету кезінде 16 615 науқас анықталды, 3386 адам динамикалық бақылауға алынды", - деді Гүлнар Сәрсенбаева.

Сонымен қатар, 2021 жылы ЖМК медициналық қызметтерімен 2542 шалғай ауылдың 1,8 млн тұрғыны қамтылды, оның ішінде 413 853 бала, 2020 жылмен салыстырғанда қамту 1,8 есеге артты.
За 4 месяца 2022 года услугами передвижных медкомплексов охвачено более 323 тыс. жителей отдаленных сел

Она подчеркнула, что Министерством здравоохранения РК на постоянной основе проводится работа по обеспечению доступности и предоставления медицинских услуг населению, проживающему в отдаленных селах.

Одним из ключевых элементов является внедрение и развитие транспортной медицины.

Так, количество передвижных медицинских комплексов на сегодняшний день составляет 149 штук.

«По итогам 1 квартала 2022 года услугами ПМК охвачено 323 798 жителей 550 отдаленных сел, при оказании медицинских услуг выявлено 16 615 больных, 3386 лиц взяты на динамическое наблюдение», - сообщила Гульнар Сарсенбаева.

При этом в 2021 году медицинскими услугами ПМК было охвачено порядка 1,8 млн жителей 2542 отдаленных сел, в том числе 413 853 детей, в сравнении с 2020 годом отмечается увеличение охвата в 1,8 раза.
2030 жылға дейін Қазақстанда 972 МСАК нысаны мен 35 аурухана салу жоспарлануда

Ескірген инфрақұрылыммен және әсіресе ауылдық деңгейдегі медициналық-санитарлық алғашқы көмекке қол жетімділікпен байланысты негізгі проблемалық мәселелерді Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік жоспарларын іске асыру шеңберінде кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отыр.

"2030 жылға дейін Өңірлік даму жоспарлары аясында 972 МСАК нысанын, аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде 35 жаңа аурухана салу және ашу, сондай – ақ жұмыс істеп тұрған 1 033 аурухана мен емхананы күрделі жөндеу жоспарланған", - деді А.Жемакишева.

Ол салынған нысандар барлық өңірлердегі халыққа жоғары технологиялық, білікті, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
До 2030 года в Казахстане планируется построить 972 объекта ПМСП и 35 больниц

Основные проблемные вопросы, связанные с устаревшей инфраструктурой и доступностью первичной медико-санитарной помощью особенно на сельском уровне, планируется поэтапно решать в рамках реализации региональных планов развития инфраструктуры здравоохранения.

«До 2030 годав рамках региональных планов развития запланировано строительство и открытие 972 объектов ПМСП, 35 новых больниц на районном, городском и областном уровнях, а также капитальный ремонт – порядка 1 033 действующих больниц и поликлиник», - сказала А.Жемакишева.

Она отметила, что построенные объекты позволят повысить доступность, эффективность и качество оказания населению всех регионов высокотехнологичной, квалифицированной, специализированной и неотложной медицинской помощи.
2,5 млн-ға жуық қазақстандық ТМККК аясында дәрі-дәрмек алуда

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте "СК-Фармация" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Омарова мәлімдеді.

"Мемлекеттік тапсырыс аясында 31 отандық өндіруші шамамен 116 млрд теңге сомаға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 928 атауын шығарады. 2022 жылға сатып алу бойынша жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша қазақстандық өнім бойынша сатып алу үнемделуі 3,3 млрд теңгені құрады", - деді Г.Омарова.

Біздің өндірушілерді қолдау шеңберінде мемлекет 10 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігін қарастырады. Қазірдің өзінде қазақстандық 36 өндірушімен 5 009-нан астам ДЗ және МБ атауын жеткізуге жасалған 96 ұзақ мерзімді шарт жұмыс істейді, оның ішінде 43 ұзақ мерзімді шарт ДЗ-ға және 53 ұзақ мерзімді шарт МБ-ға жасалды.
Около 2,5 млн казахстанцев получают лексредства в рамках ГОБМП

«В рамках государственного заказа 31 отечественный производитель производит 928 наименований лекарственных средств и медицинских изделий на сумму порядка 116 млрд тенге. По итогам проведенных переговоров по закупу на 2022 год экономия закупа составила более 3,3 млрд тенге по продукции казахстанского производства», - сообщила Г.Омарова.

Уже сегодня действует 96 долгосрочных договоров, заключенных с 36 казахстанскими производителями на поставку более 5 009 наименований ЛС и МИ, из них 43 долгосрочных договора заключены на ЛС и 53 долгосрочных договора заключены на МИ.

«На 2022 год подлежат закупу 1719 наименований лекарственных средств и медицинских изделий, которые предназначены для оказания стационарной помощи населению и из них, для амбулаторного лекарственного обеспечения закупаются 677 наименований. В рамках амбулаторного обеспечения бесплатные препараты получают около 2,5 миллиона казахстанцев», - отметила запред «СК-Фармации».
ҚР-да дәрігерлік персоналмен қамтамасыз етуді ЕО елдерінің көрсеткіштерімен салыстыруға болады - ҚР ДСМ

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары Гүлнафис Жүсіпалиева хабарлады.

Денсаулық сақтау жүйесінде барлық ведомстволарды ескере отырып, медицина қызметкерлерінің саны шамамен 270 мыңды құрайды, оның 78 мыңнан астамы – дәрігерлер және 189 мыңға жуығы – орта медициналық персонал. Өткен жылмен салыстырғанда дәрігер кадрларының + 2.3% - ға және орта медицина қызметкерлерінің +1.6% - ға өсуі байқалады.

10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлік персоналмен қамтамасыз етілу 40,9, орта медициналық персонал – 98,7 құрады, бұл Еуроодақ елдерінің көрсеткіштерімен салыстыруға келеді.

Сонымен қатар, елдің денсаулық сақтау жүйесінде қаламен салыстырғанда ауылдық жерлерде кадрлық ресурстардың дисбалансы байқалады. Ауылдық жерлерді 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету - 17, ал қалада дәрігерлермен қамтамасыз ету 10 мың тұрғынға шаққанда 57-ге жуық", - деп атап өтті Г. Жүсіпалиева

Осы проблемаларды шешу үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігердің жалақысы орта есеппен 30% - ға өседі. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру жөніндегі шаралар заңнамалық түрде енгізілуде.

Отандық медицина мектебінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде медициналық жоғары оқу орындарының шетелдік университеттермен стратегиялық әріптестік жобасы іске асырылды; шетелдік университеттердің тәжірибесіне сәйкес мамандарды даярлау стандарттары қайта қаралды және жаңартылды. Медициналық жоғары оқу орындарының, колледждердің білім алушылары мен түлектерін тәуелсіз бағалау заңнамалық түрде бекітілді және енгізілді.

2019 жылдан бастап түлектерді дербес бөлу жөніндегі республикалық комиссия жұмыс істейді. 2021 жылы 3160 түлек – жас маман жұмысқа орналастырылды. Келу пайызы 96% құрайды.

Ауылдық денсаулық сақтауды жасақтау мақсатында жас мамандарды әлеуметтік қолдау және тұрғын үй беру шараларын көрсете отырып, ауылдық елді мекендер мен моноқалаларда орналасқан ұйымдарға бөлу басымдық болып табылады, бұл жас мамандар мен олардың жас отбасылары үшін аса маңызды.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша жас мамандардың тек 40% - ы ғана көтерме, жалға берілетін тұрғын үй және т. б. түрінде әлеуметтік қолдау алады.
👍2
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ МЕН ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР-дағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канесспен кездесу өткізді.

Тараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық ниеттері туралы декларацияны іске асыруды және онкология, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық алғашқы көмек саласындағы ынтымақтастық перспективаларын қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы қазақстан–француз ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуді ашқан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 2021 жылы қабылданған денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық ниеті туралы декларация Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты қатынастарға қосымша серпін бергенін атап өтті.

А. Ғиният COVID-19-ды толық жеңу үшін бүкіл әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық күш-жігері қажет екенін хабарлады.
"Біздің елдерімізде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыруда жүргізіліп жатқан шараларға тұрақты ақпарат алмасу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру маңызды деп санаймыз", - деді министр.
Ол елшіні Egov mobile мобильді қосымшасымен интеграцияланған және 35 ел мойындаған электрондық вакцинация паспортының жұмысы мен қолданылуы туралы хабардар етті.
"Осыған байланысты ҚР мен ЕО арасында вакциналау паспорттарын тану мәселесі бойынша бірлескен жұмыс жүргізуді ұсынамыз. Бұл біздің экономикамызды, бизнес-ортамызды қалпына келтіруді жеделдетуге, азаматтардың қозғалысын жеңілдетуге және жалпы өзара іс - қимылды күшейтуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті А.Ғиният.
Кездесу соңында министр Денсаулық сақтау саласында Француз технологияларын пайдалануға назар аудара отырып, өзара тиімді ынтымақтастық векторын жалғастыруға дайын екендігін білдірді.
ГЛАВА МИНЗДРАВА И ПОСОЛ ФРАНЦИИ В РК ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ ДВУСТОРОННЕГО СОТРУДНИЧЕСТВА

Министр здравоохранения РК Ажар Гиният провела встречу с Чрезвычайным и Полномочным Послом Французской Республики в РК Дидье Канессомn.

Стороны обсудили вопросы дальнейшего развития казахстанско–французского сотрудничества в сфере здравоохранения, включая реализацию Декларации о намерениях по сотрудничеству в области здравоохранения и перспективы сотрудничества в области онкологии, общественного здравоохранения, первичной медицинской помощи.
Открывая встречу, глава Минздрава РК отметила, что принятая в 2021 году Декларация о намерениях по сотрудничеству в области здравоохранения придала дополнительный импульс двусторонним отношениям между Казахстаном и Францией.

А. Гиният подчеркнула, что для полной победы над COVID-19 требуются коллективные усилия всего мирового сообщества.

«Считаем важным продолжить совместную работу по постоянному обмену информацией по санитарно-эпидемиологической ситуации и проводимым мерам по ее стабилизации в наших странах», - сказала министр.

Она информировала посла о работе и использовании электронного паспорта вакцинации, интегрированного с мобильным приложением Egov mobile и признанного 35-ю странами.
«В этой связи, предлагаем провести совместную работу по вопросу признания паспортов вакцинации между РК и ЕС. Это позволит ускорить восстановление наших экономик, бизнес-среды, облегчит передвижение граждан и позволит в целом усилить взаимодействие», - отметила А. Гиният.

В заключение встречи министр выразила готовность продолжать вектор взаимовыгодного сотрудничества, акцентируя внимание на использовании французских технологий в сфере здравоохранения.
Қазақстанда неонаталдық хирургия жаңа даму бағытында

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі неонаталды хирургияны дамытуға ерекше көңіл бөлуде

Неонаталдық хирургиялық көмек 2015 жылы белсенді дамыды және бүгінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде көп бейінді балалар стационарлары деңгейінде де, елдің жетекші республикалық орталықтары деңгейінде де жүргізілуде.

Хирургиялық араласудың сәттілігі көбінесе неонатальды хирург, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог, жаңа туған нәрестелерге күтім жасайтын медбике кіретін көп салалы команданың үйлесімді жұмысына байланысты.

Жаңа туған нәрестені емдеудің сәттілігін анықтайтын тағы бір маңызды фактор - бұл ұрықтың ақауларын анықтау, осы мақсатта жүктілік кезіндегі әрбір болашақ ана міндетті түрде пренатальды тексеруден өтеді.
👍1
Неонатальная хирургия в Казахстане получает новое развитие

Министерство здравоохранения РК уделяет особое внимание развитию неонатальной хирургии.

Неонатальная хирургическая помощь активное развитие получила в 2015 году и сегодня проводится во всех регионах Республики Казахстан как на уровне детских многопрофильных стационаров, так и на уровне ведущих республиканских центров страны.

Успех оперативного вмешательства во многом зависит от слаженной работы мультидисциплинарной команды в которую входят: неонатальный хиург, анестезиолог-реаниматолог, неонаталог, медицинская сестра по уходу за новорожденными.

Еще одним ключевым фактором определяющим успех лечения новорожденного, является внутриутробное выявление порока развития, с этой целью каждой будущей маме в периоде беременности обязательно проводится пренатальный скрининг.
👍1
А. Ғиният азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Бірінші жүгінген азамат Қарағанды облысының тұрғыны, мүгедектік тобын анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамадан ұзақ өту рәсіміне шағымданды. 

С. азаматының өзі еңбекке уақытша жарамсыздық парағында 167 күн болған, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығын бұзу болып табылады.

Пациент тіркелген учаскелік дәрігерге және емхана меңгерушісіне МӘС-ке 031 нысанын ұзақ ресімдегені үшін тәртіптік жазалау шаралары қабылданды.

Министр Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымға бұл жағдайды анықтап, МӘС-ке шығару үшін құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңға, мерзімдерді бұзуға жол бермеуге тапсырма берді.

Сондай-ақ, қабылдауда Ж.азаматшаның мүгедектігі бар баласын шетелде емдеуді ұйымдастыру мүмкіндігі туралы өтініші қаралды.
Аталған мәселе бойынша ҚР ДСМ 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес баланың "Крон ауруы" шетелде емделуге жататын диагноздар тізіміне кірмейді.
Министр Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының басшылығына құрамында хирург, педиатр, гастроэнтеролог бар консилиум ұйымдастыруды және баланы жүргізу мен емдеудің одан арғы тактикасын айқындауды тапсырды.

Өтініш білдіргендердің бірі Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына және ҚР азаматтарын шетелге емделуге жіберу мәселесін шешуге жедел көмек көрсеткені үшін ҚР азаматтарын жіберу мәселелері жөніндегі комиссия мүшелеріне үлкен алғысын білдірді.

"Баланың жағдайы ауыр болған, қазір бізде қалпына келтіру процесі жүріп жатыр, донорлық жасушалар ағзаны қалпына келтіруде. Баршаңызға еңбек пен көмек үшін алғыс айтамын!"- деді әйел.

Өз кезегінде Ажар Ғиният ата-анасына да алғыс айтып, баласына ремиссияға сәтті жетуін тіледі.

Әр қабылдау сайын министр азаматтардың мәселелерін шешуге уақытылы қолдау көрсету үшін әрбір өтініш берушінің мәселелерін егжей-тегжейлі зерделейді. Мұқият зерделеуді талап ететін мәселелерді министр жеке бақылауға алады.
👍1
А.ГИНИЯТ ПРОВЕЛА ПРИЁМ ГРАЖДАН ПО ЛИЧНЫМ ВОПРОСАМ

Сегодня министр здравоохранения Ажар Гиният провела приём граждан по личным вопросам.

Первой обратившейся была супруга гражданина С. с Карагандинской области, которая жаловалась на длительную процедуру прохождения медико-социальной экспертизы для установления группы инвалидности.

Сам гражданин С. находился на листе временной нетрудоспособности 167 дней, что является нарушением приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-198/2020 «Об утверждении правил проведения экспертизы временной нетрудоспособности, а также выдачи листа или справки о временной нетрудоспособности».
Участковому врачу и заведующей поликлиники, к которой прикреплен пациент, приняты меры дисциплинарного взыскания за длительное оформление формы 031 на МСЭ.

Министр дала поручение разобраться в данной ситуации Управлению здравоохранению и медицинской организации, и не допускать впредь волокиты, нарушения сроков при оформлении документов для вынесения на МСЭ.

Также на приеме был рассмотрено обращение гражданки Ж. по поводу возможности организации лечения за рубежом ее ребенка, имеющего инвалидность.

По данному вопросу следует пояснить, что согласно приказу МЗ РК от 26 мая 2021 года № ҚР ДСМ-45 «Об утверждении правил направления граждан Республики Казахстан на лечение за рубеж и (или) привлечения зарубежных специалистов для проведения лечения в отечественных медицинских организациях в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи» диагноз ребенка «Болезнь Крона» не входит в перечень диагнозов, подлежащих лечению за рубежом.

Министр поручила руководству Национальному научному центру материнства и детства организовать консилиум в составе хирурга, педиатра, гастроэнтеролога и определить дальнейшую тактику ведения и лечения ребенка.

Одна из обратившихся, выразила большую благодарность главе Минздрава и членам Комиссии по вопросам направления граждан РК за оказанную оперативную помощь в решение вопроса по направлению ее больного ребенка на лечение за рубеж.

«Ребенок был в тяжелом состоянии, сейчас у нас идет процесс восстановления, донорские клетки восстанавливают организм. Спасибо всем большое за труд и помощь!»- сказала женщина.

В свою очередь, Ажар Гиният также поблагодарила родительницу и пожелала ее ребенку благополучного достижения ремиссии.
На каждом приеме граждан министр детально изучает проблемы каждого заявителя, чтобы оказать своевременную поддержку в решении проблем граждан. Вопросы, требующие более тщательного изучения, министр берет под личный контроль.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Балалар жылы аясында қолға алынған "Сіз білесіз бе?" бағдарламасының қонағы болды.

Жобада екі бала елімізге танымал, білім, ғылым, әлеумет, саясат, медицина және т.б. салаларда жемісті еңбек етіп жүрген тұлғалармен сұхбаттасып, жұмыс орнымен танысады.

Дәрігерлер ұлт саулығы жолында ғұмырын арнап жүр, дертті жанның үмітін жалғап жүр! Елдiң бiрiншi байлығы - денсаулық саласының қазіргі жай-күйін Сіз білесіз бе?

https://m.youtube.com/watch?v=606qbloPIAw
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ШЫМКЕНТ ПЕРЗЕНТХАНАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАУДА

Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың жанында орналасқан жеке дәріхана ғимаратында жарылыс болды.

Өкінішке қарай, 1979 жылы туған күзетші Б., 1980 жылы туған жұмысшы Ш. және 18 күн бұрын туған 1 сәби қайғылы оқиғаның құрбаны болды. Тағы 8 адам зардап шекті, олардың барлығы қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды.
Оқиға кезінде перинаталдық орталықта 189 науқас пен 65 қызметкер болған. Олардың барлығы Шымкенттің басқа медициналық ұйымдарына көшірілді.

Психологтар тобының жұмысы ұйымдастырылды.
Бұдан басқа, Түркістан облысы бойынша жүкті және жаңа туған нәрестелерді бағыттауды ұйымдастыру және өзгерту бойынша жұмыстар шұғыл түрде жүзеге асырылуда.

Медициналық қызметкерлер бригадалары ауылда перинаталдық көмек көрсету үшін аудандық ауруханаларға жіберіледі, себебі, №1 ОПО 3-ші деңгейдегі функцияларды орындап, облыстың 7 ауданынан жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді емдеуге жатқызуды жүзеге асырды.

Зардап шеккендерге А.Сызғанов атындағы ҰҒХО дәрігерлері кеңес беруде. 
Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасын уақытша өңірлендіру туралы тиісті бұйрық дайындалып, өңір әкімінің орынбасары бастаған облыстық клиникалық ауруханада жұмыс штабы құрылды.
Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында тұр, оқиға орнына ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің басшысы барды.

Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Зардап шеккендерге көмек көрсету және осы қайғылы оқиғаны тергеу үшін ведомство барлық қажетті шараларды қабылдайды.
👍1
МИНЗДРАВ РК ДЕРЖИТ НА КОНТРОЛЕ СИТУАЦИЮ В ШЫМКЕНТСКОМ РОДДОМЕ

В г. Шымкент в здании частной аптеки, расположенной рядом с областным перинатальным центром №1, произошел взрыв.

К сожалению, жертвами трагического происшествия стали охранник Б. 1979 года рождения, рабочий Ш., 1980 г.р. и 1 новорожденный ребенок, которому было 18 дней. Еще пострадали 8 человек, все они госпитализированы в медучреждения города.

На момент происшествия в перинатальном центре находились 189 пациентов и 65 сотрудников. Все они передислоцированы также в другие медорганизации Шымкента.

Организована работа группы психологов.

Кроме того, в экстренном порядке осуществляется работа по организации и изменению маршрутизации беременных и новорождённых по Туркестанской области.
Бригады медработников направляются в районные больницы для оказания перинатальный помощи на селе, так как ОПЦ№1 выполнял функции 3-го уровня и осуществлял госпитализацию беременных и новорождённых из 7 районов области.
Консультацию пострадавшим оказывает врачи ННЦ хирургии им. А.Сызганова.
Готовится соответствующий приказ о временной регионализации Управления здравоохранения Туркестанской области, создан рабочий штаб в областной клинической больнице во главе с заместителем акима региона.

Ситуация находится на контроле Министерства здравоохранения РК, на место происшествия выехал руководитель Департамента охраны здоровья матери и ребенка МЗ РК.

Выражаем глубокие соболезнования семьям погибших. Для помощи пострадавшим и расследования этой трагедии ведомством будут приняты все необходимые меры.
👍2