ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.94K subscribers
16.2K photos
1.09K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
А. Ғиният қоғам өкілдерімен кездесу өткізді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният азаматтық белсенділермен кездесу өткізді, олардың қатарында "Qamqor аnа" қоғамдық қорының жетекшісі Аида Букаева, Ирина Исабекова, Әсет Оңалбаев, Галина Арзамасова болды.

Қоғамдық белсенділермен кездесу барысында мүгедектікті тағайындау үшін медициналық қорытынды алу, өңірлерде медициналық көмек көрсету сапасы, сондай-ақ ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері көтерілді.

Аида Букаева мүгедектігі бар адамдардың медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуіндегі бірқатар проблемаларды, процедураның созылуын, бұл мәселеде ведомствоаралық үйлестірудің төмендігін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы осы мәселе бойынша толық түсініктеме беріп, жалпы мүгедектікті тағайындаудың қазіргі рәсімі халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін хабарлады.

Өңірлердегі медициналық қызметтердің сапасына қатысты Ажар Ғиният кемшіліктерге қарамастан, қызмет көрсету сапасын бақылау департаменттері медициналық көмек көрсету стандарттарының сақталуын қатаң бақылауда ұстайтынын және пациенттерге олардың құқықтарын қорғауда әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
А. Гиният провела встречу с представителями общественности

Министр здравоохранения Ажар Гиният провела встречу с гражданскими активистами, в числе которых были руководитель общественного фонда «Qamqor аna» Аида Букаева, Ирина Исабекова, Асет Оналбаев, Галина Арзамасова.

В ходе встречи с общественниками поднимались вопросы получения медицинского заключения на присвоение инвалидности, качества оказания медицинской помощи в регионах, также вопросы охраны здоровья матери и ребенка.

Ряд проблем с прохождением медико-социальной экспертизы лиц с инвалидностью, затягивание процедуры, низкую межведомственную координацию в этом вопросе озвучила Аида Букаева.

Глава Минздрава дала подробные разъяснения по этому поводу, в целом отметив, что существующая процедура присвоения инвалидности соответствует международным стандартам.