DATA HUB Қазақша
202 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
💸👨‍⚕️Қазақстандықтардың денсаулық сақтау қызметтеріне жұмсайтын шығыны күрт артты

I тоқсанның қорытындысы бойынша, инфляцияны есептемегенде, жылдан жылға 28,3%-ға өскен - жан басына шаққандағы орташа шығын 3,6 мың теңгеден 4,6 мың теңгеге дейін өсті. Бұл - жалпы номиналды ақшалай шығындардың жылдық өсімінен үш есе көп әрі соңғы екі жылдағы рекорд. Бұл деректерді ҚР СЖРА ҰСБ халық арасында сауалнама жүргізу нәтижесінде алды.

Нақты мәнде көрсеткіш 14,9%-ға артқан. Айта кету керек, бұл есептеулерде денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтеріне арналған баға индексі пайдаланылды, себебі барлық медициналық қызметтер бойынша бөлек индекс жарияланбайды.

Жан басына шаққандағы денсаулық сақтау қызметтеріне жұмсалатын орташа шығынның негізгі бөлігін стоматологиялық қызметтер құрайды - 2,4 мың теңге, инфляцияны есептемегенде жылдан жылға +26%, ал есептегенде - жылдан жылға +11,8%. Мұнда да қысқаша түсіндірме қажет болып тұр👇

Мұндағы сандар аз көрінуі мүмкін, бірақ бұл есептеулер еліміздегі барлық тұрғындар бойынша жүргізілетінін есте сақтау керек, ал есеп беру кезеңінде олардың бәрі бірдей аталмыш қызметке жүгінбеген. Дегенмен, ресми статистиканың іріктеуіне 12 мың үй шаруашылығы кіргізілген, олардың деректері негізгі жиынтық көрсеткіште қамтылған.

Басты тақырыпқа оралайық. Денсаулық сақтау қызметтерінің ішінде шығыны ең жылдам өсіп жатқан санат ауруханалар қызметі (оның ішінде күндізгі стационар және шипажайлар қызметі бар) болып тұр. Орташа жан басына шаққанда - 946 теңге, номиналды өсім жылдан жылға 54,1%, ал нақты өсім - 39,8%.

Сонымен қатар дәрігер мамандар мен алғашқы қабылдауды қамтитын медициналық қызметтер бойынша жан басына шаққандағы орташа шығын инфляцияны есептемегенде бір жылда 5,7%-ға өскен, бірақ нақты мәнде 5,1%-ға төмендеген. Қазіргі деңгейі - 559 теңге.

Ал парамедициналық қызметтерге жұмсалған (медициналық зертханалар, рентген кабинеттері, медбикелер мен акушерлер қызметі) жан басына шаққандағы орташа шығынға тоқталар болсақ, мұнда өсім бірден номиналды түрде де (+27,6%), нақты түрде де (+11,2%) байқалып тұр - 568 теңге.

Бір қызығы, ресми статистикада азаматтардың бейресми медициналық шығындары да көрсетілген (гүл, сыйлық сатып алу және т.б.). Жан басына шаққандағы орташа көрсеткіші - 121 теңге, ноиманалды өсім жылдан жылға +39,1%.

🖇Түсінікті болу үшін айта кетейік, I тоқсанның қорытындысы бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы табысы, бағаның өсуін ескермегенде, 10,1%-ға, 350,4 мың теңгеге дейін өскен. Ал инфляцияны ескергенде өзгеріссіз деуге де болады, +0,7%.

@DataHub_KZ
1
🧮 Әдеттегідей, сіздер үшін несиелеу нарығы бойынша жаңа ақпараттарды дайындадық. Сонымен, мамыр айының қорытындысы қандай?

Жекелеген несиелерде аса бір қатты өзгерістер байқалмайды:

🟰Жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы көлемі сәуірмен шамалас болып тұр - 1,6 трлн тг жуық (айдан айға -0,7%). Негізгі бөлігін, әдеттегідей, кепілсіз тұтынушылық несие құрап отыр (шамамен 890 млрд). Мұндағы көлем өткен айдың көрсеткішімен бірдей деуге болады. Қарыз алушылардың саны да аса қатты азая қойған жоқ - 0,8%-ға.

🚙 Сәуір көрсеткіштерімен салыстырғанда бірқалыпты динамика автонесиеде де байқалады (-1,9%, 234 млрд тг дейін). Ал қарыз алушылар саны сәл ғана елеулі өзгеріспен қысқарған: -4,8%, 23,6 мың адамға дейін.

🔑Ипотека да өткен айдың деңгейінде сақталып тұр: берілген несие сомасы 1,9%-ға артып, 252 млрд тг жеткен. Қарыз алушылар саны 12,8 мың адамды құрап, сәуірге қарағанда сәл төмен болды (-2,1%). Тиісінше, бір қарыз алушыға шаққанда рәсімделген несиенің орташа сомасы өсті: 19 млн теңгеден 19,7 млн теңгеге дейін. Айтпақшы, нәтижесінде, 1 маусымдағы жағдай бойынша ипотека портфелі 6,8 трлн тг жуықтады, бұл сома 617 мың қарыз алушыға және 645 мың несиеге тиесілі болып отыр.

Кәсіпкерлердің жағдайы қалай?

💼Заңды тұлғалар мен ЖК берілген жалпы несие көлемі, екеуін қоса алғанда, сәуірдегі деңгейге қарағанда төмендеген: 14,6%-ға, шамамен 1,9 трлн тг дейін. Әдеттегідей, жалпы соманың негізгі бөлігін заңды тұлғаларға берілген несиелер (1,7 трлн тг) құрап отыр, көлемі 14,4%-ға азайған.

Қосымша мәліметтерді төмендегі иллюстрациялардан таба аласыздар, бірақ ескеріңіз: бұл жолы біз портфельдің ай сайынғы динамикасын көрсеткен жоқпыз. Себебі жақында деректеріміз жаңа жеткізушімен толықты және оны толық есепке алмай тұрып алдыңғы деректермен салыстыру дұрыс болмас еді. Портфель бойынша өзгерістер қарқынын бақылауға келесі айлық жазбаларымызда қайта оралатын боламыз.

Бірінші кредиттік бюро деректері, портфель бойынша көрсеткіштерде есептен шығарылған келісімшарттар есепке алынбаған

@DataHub_KZ
Қазақстаннан төсемтастар мен жиектастардың экспорты рекордтар жаңартты

Төрт айдың қорытындысы бойынша шетелге 15,9 мың тонна ұқсас өнім сатылды* — өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. ҚР СЖРА ҰСБ мәліметтері бойынша, әңгіме кем дегенде алты жылдағы қаңтар-сәуір айларының ең жоғары деңгейі туралы болып отыр.

Бұл ретте сыртқы нарықтарға жеткізілімдер құндық мәнде де айтарлықтай өсті — 2,7 есеге, $1,9 млн-ға дейін. Ресми бағам бойынша қайта есептегенде бұл 950,8 млн теңгеге тең.

Төсемтастар мен жиектастардың экспорты өткен жылдан бері қарқынды өсіп келеді. Жалпы, 2024 жылы оның физикалық көлемі ж/ж 12 есе, 40,2 мың тоннаға дейін секірді. Ақшалай көлем жағдайында секіріс он есе, $5,4 млн (2,5 млрд теңге) дейін болды. Бұл жерде мәселе алдыңғы кезеңнің төмен базасында емес. Салыстырыңыз: 2020-2023 жылдардағы орташа деңгейлер сәйкесінше 2 мың тоннаны және 312,1 мың долларды құрайды.

Қазақстандық төсемтастар мен жиектастарды шетелде кім сатып алады? Негізінде, сатып алушы тек біреу ғана — көрші Ресей. Қаңтар-сәуір айларында тоннамен есептегенде экспорттың 97%-ы және ақшамен есептегенде 95%-ы Ресейге тиесілі болды. Қалғанын Қырғызстан қамтамасыз етті.

Төсемтастар мен жиектастар экспортының өсуі ішкі өндірістің жандануымен қатар байқалады. 2024 жылдың алғашқы төрт айымен салыстырғанда тиісті тауарларды шығару 56%-ға, 39,8 мың тоннаға дейін ұлғайды. Толық 2024 жылға келетін болсақ, оның қорытындысы бойынша ж/ж өсімі салыстырмалы түрде қарапайым болды, +17%, 95,2 мың тоннаға дейін.

Айтпақшы, Қазақстан өзін төсемтастармен және жиектастармен айтарлықтай жақсы деңгейде қамтамасыз етеді. Мәселен, қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша өндіріс импорттан 27 есе асып түсті (!). Мұның бәрін төсемтастар мен жиектастардың негізгі сатып алушысы болып табылатын мемлекет отандық жеткізушілерге басымдық беретіндігімен түсіндіруге болады.

Алайда жоғарыда айтылғандарға қарамастан, үшінші елдерден төсемтастар мен жиектастарды импорттауға уақытша тыйым салу ойда бар. Тиісті НҚА-ны жария талқылау 10 маусымда аяқталды.

*ЕАЭО СЭҚ ТН коды 6801 "Табиғи тастан (сланецтен басқа) төсеніш төсеуге арналған төсемтас, жиектастар мен плиталар"

@DataHub_KZ
Графиктің көмегімен төсемтастар мен жиектастардың тоннамен экспортының өсу ауқымын бағалауға болады.

@DataHub_KZ
Алматыдағы теңсіздік бойынша ресми көрсеткіштер соңғы жеті жылдағы ең жақсы нәтижені көрсетті

2025 жылдың I тоқсанында қаладағы тұрғындардың ең ауқатты 10%-ның жиынтық табысы ең аз қамтылған 10%-ның жиынтық табысынан 5,7 есе көп болды. Яғни, жалпақ тілмен айтқанда, біріншісінің табысы екіншісінен алғаш рет жоғарырақ болып тұр.

🛒Алайда бұл жерде "табыс" деп нені меңзеп тұрғанын түсіну керек. Бұл орайда тұтынуға кеткен қаражат туралы сөз болып отыр: бұл ақпараттар респонденттерден үй шаруашылықтарын ауқымды зерттеу аясында жиналады. Жалпы айтқанда, адамның қанша табыс табатыны оның қаншалықты көп жұмсай алатыны арқылы бағаланады. Қарапайым логика: егер сен көп жұмсасаң, демек, соған мүмкіндігің бар.

Тиісінше, "кедейлер" тобына ақшалай тұрғыда басқаларынан ең аз тұтынатындар, ал "байлар" тобына, керісінше, ең көп тұтынатындар жатады. Осы екі топтың арасындағы 5,7 есе айырмашылық үлкен болып көрінеді, бірақ статистикада қор коэффициенті деп аталатын бұл айырмашылық Алматыда 2017 жылдың IV тоқсанынан бергі ең төменгі деңгейде болып тұр. Расында, бұл көрсеткіш бұған дейін де 6 еселік психологиялық межеден төмен түскен кездер болған, бірақ дәл қазір "кедейлер" мен "байлар" арасындағы алшақтық бұрын-соңды болмаған ең аз деңгейге жетті.

❗️Сонымен қатар теңсіздікті өлшейтін тағы бір көрсеткіш те, Джини коэффициенті, төмендеді. Бұл жолы 10%-дық топтар бойынша есептегенде ол 0,279 болды, бұл да аталған кезеңдегі ең төменгі мән болып тұр. Бұл сан нені білдіреді? Неғұрлым төмен болса, соғұрлым жақсы: коэффициент 0 мен 1 арасында болуы мүмкін. Егер 0 болса, табыстың анағұрлым теңдей бөлінгенін білдіреді, ал 1 табыстың біркелкі емес бөлінгенін біодіреді (барлық табыс бір топқа тиесілі). Демек, көрсеткіш неғұрлым кіші болса, табыстың нақты бөлінуі тең дәрежеге соғұрлым жақын деген сөз.

📉Салыстыра кетсек: бір жыл бұрын, 2024 жылдың I тоқсанында, Алматыда Джини коэффициенті еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі болса (0,311), қор коэффициенті ең жоғары көрсеткіш (6,84) болды. Қазіргі таңда бірінші көрсеткіш бойынша қала рейтингтің ортасында, ал екіншісі бойынша төртінші орында. Өткен жылмен салыстырғанда не өзгерді?

Қолжетімді деректерге сүйенсек, биыл ең кедей 10% топтың жағдайы номиналды түрде сәл жақсарған, ал ең бай 10% топтың жағдайы керісінше сияқты.

Жан басына шаққанда, яғни үй шаруашылығна емес, кез келген жастағы бір адамға шаққанда, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында бірінші топтың орташа айлық табысы 47,5 мың тг құрады (номиналды түрде жылдан жылға +8%, бірақ инфляция 9,4% құрады), ал екіншісінікі 306,8 мың тг болды (тіпті номиналды түрде де -7%). Сонымен қатар ең ауқатты алматылықтардың қазіргі шығындары екі жыл бұрынғы аталған кезеңдегі деңгейімен, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары, шамалас болып тұр. Ал сол уақыттан бері инфляция 20% шамасында өскен еді. Сонда 2025 жылдың басында ең ауқатты алматылықтар салыстырмалы түрде үнемшіл болғаны ма? 🤔

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
Қазақстандық айырбастау пунктерінің клиенттері рубльден құтылуда жаңа рекорд орнатты

2025 жылдың мамырында айырбастау пунктеріндегі ресейлік қолма-қол валютаға деген таза сұраныс тағы да теріс жаққа ығысты - 35,7 млрд теңгеге. Бұл айырбастау пункттері клиенттерге сатқан рубльден гөрі өздері сатып алған көлем осы сомаға артық болғанын білдіреді.

Қазіргі көлемі 2020 жылдың басынан бері тіркелген ең елеулі мән болды, оның ішінде долларлық баламада есептегенде де. Жалпы алғанда, ресей рубліне таза сұраныс қатарынан алтыншы ай теріс нәтиже көрсетіп отыр. Айырбастау пунктері тарапынан таза нетто-сатып алымдардың дәл осындай жағдайда ұзаққа созылуы сол 2020 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

Осы уақыт ішінде рубль нығайып келеді: әр айдағы орташа айырбас бағамы алдыңғы аймен салыстырғанда жоғары болған. Мамырда ресейлік валютаның орташа көрсеткіші 6,35 тг жетті, ал сәуірде ол 6,18 тг болған.

Ал басқа валюталардың жағдайы қалай?

💵 АҚШ долларына деген таза сұраныс 161,5 млрд тг құрап, сәуірдегі әлсіз көрсеткіштерден кейін қалпына келуде. Айдан айға өсім - 2,4 есе, бірақ жылдық мәнде номиналды түрде бар болғаны 6% болып тұр. Айтпақшы, доллардың мамырдағы бағамы сәуірмен салыстырғанда аса қатты өзгере қоймаған: 0,6%-ға, 511,77 тг дейін әлсіреген.

💶 Еуроға деген таза сұраныс та сәуірдегі 4,9 млрд тг деңгейден 13,8 млрд тг дейін күрт көтерілді. Алайда жылдық мәнде номиналды түрде -22%-ға төмендеген. Еуроның мамырдағы орташа бағамы сәуірдегімен шамалас болды: 577,21 теңге, +0,1%.

ҚР Ұлттық банкі деректері

@DataHub_KZ
Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер 28 жылдық рекордты жаңартты

2025 жылғы мамырда жеке тұлғалардың теңгемен тартылған депозиттері бойынша ЕДБ сыйақысының орташа өлшенген мөлшерлемесі 14%-дан 14,3%-ға дейін өсті. Қазіргіден жоғары деңгейде көрсеткіш соңғы рет 1996 жылғы желтоқсанда, ҚР Ұлттық Банкінің бүгінгі қолжетімді статистикасындағы бақылаулардың бірінші айында болды.

Мамыр айында 1 айдан 3 айға дейінгі депозиттер ең тартымды болды, 16,4% мөлшерлемемен, ол сәуір айымен салыстырғанда бірден 0,5 п.т. өсті.

Бұл ретте заңды тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер өзгерген жоқ – мамыр айында, сәуірдегідей, орташа деңгей 15,4% мөлшерінде қалды.

Ал ЕДБ кредиттерінің жағдайы не болып жатыр?

🔸 Мамыр айында жеке тұлғалар мен ЖК үшін орташа өлшенген деңгей өзгеріссіз, 21,5%
🔸Ал заңды тұлғалар үшін көрсеткіш сәуір айындағы 19,1%-дан 18,8%-ға дейін төмендеді. Бұл жағдайда деңгейлер бірден бірнеше сегменттерде төмендеді: 1-3 айлық кредиттер үшін де, 3 айдан бір жылға дейінгі кредиттер үшін де. 5 жылдан асатын ұзақ қарыздар мөлшерлемелері де төмендеді.

Мәнмәтін үшін: базалық мөлшерлеме наурыздан бері 16,5% болып қалуда.

ҚР Ұлттық банкі деректері

@DataHub_KZ
2
💊Статистика ББҚ саудасының қарқынды өсуін көрсетті

2024 жылы биологиялық белсенді қоспалардың бөлшек сауда көлемі 152,1 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрын белгіленгеннен бірден 5 есе көп. Тиісті деректерді сауда саласындағы кәсіпорындар мен ЖК іріктеп байқау негізінде ҚР СЖРА ҰСБ ұсынады.

ББҚ санаты бойынша жекелеген мәліметтер 2019 жылдан бергі ресми деректерде бар және бұрын салыстырмалы секірістер байқалмады: бірнеше есе өсу немесе құлдырау ешқашан болған жоқ. Бір қызығы, өзекті жиынтық көлемнің негізгі бөлігі туралы Алматыдағы сауда кәсіпорындары есеп берді – біз бірден 118,5 млрд теңге туралы айтып отырмыз.

🖇Айтпақшы: ББҚ саудасының көлемі өсіп жатқан шақта, басқа фармацевтикалық тауарлар саудасының көлемі ерекше динамиканы көрсетпейді. 2024 жылы 534,7 млрд теңге есептелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда номиналды түрде 19%-ға артық. Ал фармацевтикалық өнімдердің бағасы өсті – тұтастай алғанда бүкіл санат бойынша +11,3% болып шықты.

@DataHub_KZ
🇬🇧 Ұлыбританиядан Қазақстанға жіберілген ақша аударымдарының белсенділігі ерекше нәтиже көрсетті

2025 жылдың мамырында халықаралық ақша аудару жүйелері (ХААЖ) арқылы ҚР-ға аталған елден 3,6 млрд тг көлемінде қаражат келіп түскен. Аударым көлемі кем дегенде 2017 жылдан бері алғаш рет жоғары деңгейге жетіп, бұл мемлекет ҚР Ұлттық банкінің статистикасында үздік 10 аударым жасаушы елдің қатарына еніп, ерекше орын алған.

Қазір Ұлыбритания ХААЖ арқылы ҚР-ға аударылған жалпы қаражаттың 19%-ын құрап отыр. Жалпы рейтингте аударым сомасы бойынша бұл ел бірден екінші орынға көтерілді, бірінші орында - РФ, бұл елден 4,6 млрд тг түскен. Үшінші орынға жайғасқан мемлекетпен Британияның арасындағы айырмашылық та едәуір: Өзбекстаннан шамамен 2 млрд тг аударылған.

Сонымен қатар Ұлыбританиядан келген қаражат едәуір көп трансакция санынан құралды - 9,9 мың операция. Бұл көрсеткіш бойынша да екінші орынға орнықты. Бірінші орында - РФ (16,5 мың), үшінші орында - Германия (4,7 мың).

@DataHub_KZ
📱💰Ресми статистика алғаш рет SMM қызметтері нарығы туралы мәліметтерді ұсынды

Кәсіпорындар өз өнімдерін әлеуметтік желілерде ілгерілету үшін миллиардтаған теңге төлейді — жарияланатын деректерді қызметтің жаңа түрімен байытқан ҚР СЖРА ҰСБ есебінен осындай тұжырымдар туындайды. Мәселен, 2024 жылы коммерциялық қызметтер саласындағы заңды тұлғалар мен ЖК-ны іріктеп тексеру 5,9 млрд теңге сомасын көрсетті*: эсэмэмшілерге бейіндік қызмет осыншама табыс әкелді.

Сауалнама бизнес субъектілерінің барлығын емес, тек бір бөлігін ғана қамтығандықтан, келтірілген бағалау тиісті нарықтың көлемін қаншалықты көрсететінін айту қиын. Бұл ретте статистикалық ведомство алдында нақты қанша шартты SMM-агенттіктер есеп бергені нақтыланбайды — іріктемені қамту жөніндегі мәліметтер егжей-тегжейлі берілмейді.

Алайда, шамасы, мыңдаған кәсіпорын қамтылмаған. SMM-ілгерілету де жататын "Офистік әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету" (ЭҚЖЖ коды 82) негізгі қызмет түрі болып табылатын бақыланатын компаниялардың жалпы саны 2,7 мың бірлікті құрады. Бұл келіп түсетін телефон қоңырауларын өңдеуден конференцияларды ұйымдастыруға дейінгі мамандықтардың кең диапазоны.

💼Қолда бар деректерге сәйкес, әлеуметтік желілерде жылжыту жөніндегі қызметтерге негізгі сұранысты кәсіпорындар (ЖК қоса алғанда) қалыптастырады – 5,9 млрд теңгенің 5,5 млрд теңгесі (93%). Халыққа тиісінше қалған 0,4 млрд теңге немесе 7% тиесілі.

Өңірлік аспектке келетін болсақ, ресми статистика көрсеткен SMM-қызметтердің жалпы көлемінің үштен бірінен астамы Алматыға тиесілі – 2 млрд теңге. 21%-ды Атырау облысы қосымша қамтамасыз етті (1,3 млрд теңге). Үшінші орынды 16%-бен Қарағанды облысы иеленді, 0,9 млрд теңге. Қалған екі ірі мегаполис - Астана мен Шымкент барлық соманың төрттен бір бөлігін (1,4 млрд теңге) тең пропорцияда құрады.

Айтпақшы, SMM қызметтері бойынша деректер 2024 жылдың қорытындысы бойынша ресми статистика есебінде алғаш рет пайда болған жалғыз қызметтер емес. Бұдан басқа, онда мобилографтар қызметін көрсететін компаниялардың қанша ақша тапқанын көруге болады – 267,1 млн теңге, сондай-ақ блогерлер – 767,3 мың теңге. Алайда, әлі де бизнестің барлық субъектілерін қамтымайтын іріктеп зерттеу нәтижелері туралы айтып отырғанымызды ұмытпауымыз керек.

*Экономиканың бақыланбайтын секторы қызметтерінің көлемінсіз; көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығынсыз ағымдағы бағаларда ескеріледі


@DataHub_KZ
SMM-жылжыту бойынша көрсетілген қызметтердің өңірлік бөлінуі графикте көрсетілген.

@DataHub_KZ
Жаңа көпқабатты тұрғын үйлер саны рекордтық деңгейге жетті

2024 ж. Қазақстанда 20 қабатты және одан да көп 35 жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. 2023 ж. салыстырғанда айырмашылық - небәрі екі нысан ғана, дегенмен бұл көрсеткіш - кем дегенде соңғы 20 жылдағы ең жоғары деңгей.

Дәл осы 20 қабат және одан көп қабатты ғимараттар статистикада 2008 ж. бері көрсетіліп келеді. Осы уақыт ішінде бір жылда осынша көпқабатты үйдің салынуы бар болғаны үш рет тіркелген. Жоғарыда атап өткендей, 2023 ж. болса, одан бөлек соған жақын көрсеткіш 2020 ж. тіркелген, ал қалған жылдары саны жиырмаға да жетпеген.

Айта кетерлігі, 20 және одан да көп қабаты бар тұрғын үйлер жалпы пайдалануға берілетін тұрғын үй нысандарының (үйлер мен жатақханалар) небәрі 0,1%-ын ғана құрайды. Ал жаңа салынған тұрғын үйлердің 10-нан 8-і - бірқабатты. Салыстырмалы түрде, пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйлердің көрсеткіші тек Астана қаласында көбірек: 426 тұрғын үйдің 24-і 20 қабатты және одан да жоғары.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ