DATA HUB Қазақша
202 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
✍️Әрбір үшінші жұмыс істейтін зейнеткер білім беру саласында жұмыс істейді – кәсіпорындарды зерттеу нәтижелері

2024 жылдың соңында мұнда 51,4 мың жұмыс істейтін зейнеткерлер болды, бұл олардың жалпы санының 31%-на тең. ҚР СЖРА ҰСБ мұндай деректерді кәсіпорындарды жыл сайынғы тексеру қорытындысы бойынша іріктемелі негізде алды.

Бір қызығы, мұндай жұмысшылар білім берудің нақты кезеңдері арасында біркелкі бөлінбеген. Атап айтқанда, олардың едәуір бөлігі орта білім беру саласына тартылған – 27,6 мың адам, ал бастауыш білім беру саласында олар кездеспейді дерлік.

Жұмыс істейтін зейнеткерлер саны бойынша екінші сала – денсаулық сақтау саласы – 26 мың адам немесе 16%. Көшбасшылардың үштігін өнеркәсіп саласы тұйықтайды, онда 19,1 мың жұмысшы бар, олар формалды түрде лайықты демалыста болуы керек (12%).

Егер үңіліп қарайтын болсақ, жұмыс істейтін зейнеткерлердің аталған үш салада ең көптігі таңқаларлық жағдай емес. Өйткені статистикаға іліккен барлық қызметкерлердің 60%-ы осы салаларда жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, олар саны ең көбі болып табылады.

Жұмыс істейтін зейнеткерлердің ең көбі қай салада шоғырланған екен? 🤔

2024 жылдың аяғындағы жағдай бойынша жұмыскерлердің жалпы тізімдік санынан жұмыс істейтін зейнеткерлердің ең көп үлесі ресми атауы «Қызметтердің басқа түрлерін ұсыну» деп аталатын салада байқалды - 11% немесе 52 мың адамның 5,7 мыңы. Бұл ретте осы тұрғыда басқа қызметтер деп ең алдымен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне қатысты қызметтерді түсіну керек.

Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында жұмыс істейтін зейнеткерлердің шоғырлануы айтарлықтай жоғары болып табылады – 9,6% (2,1 мың адам), сондай-ақ әкімшілік және көмекші қызмет көрсету саласында – 8% (10,9 мың адам).

🖇Қорытындылай келе, жоғарыда сипатталған барлық жағдайларда біз қызметкерлердің тізімдік саны туралы айтып отырғанымызды нақтылай кету керек. Яғни, еңбек шарты бойынша ресімделген барлық қызметкерлер, оның ішінде жүктілікке, бала күтіміне және басқа да себептерге байланысты уақытша жоқ қызметкерлер туралы. Түсінікті болуы үшін екінші маңызды сәт: ҚР СЖРА ҰСБ іріктемесі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда, барлық кәсіпорындарды қамтиды.


@DataHub_KZ
Ипотека бойынша шекті ЖТСМ-ді төмендету кейінге қалдырылуы мүмкін

Бүгін ҚНРДА сайтында шекті жылдық мөлшерлемені 20% деңгейінде енгізуді кейінге қалдыру туралы қаулы жобасы жарияланды. Құжат әлі қол қойылмағанымен, онда 25% деңгейі әлі бірнеше ай, 1 қарашаға дейін, күшінде қалатыны көрсетілген.

Неліктен кейінге қалдырып жатыр?

Агенттік түсіндірме жазбасында банктерге жаңа талаптарға дайындалуға уақыт беруді ұйғарғанын айтқан: яғни банктер өз жүйелерін жаңа параметрлерге сай бейімдеп, қолданыстағы және жаңа өнімдер бойынша шарттарды қайта қарастыруы тиіс.

Ал алғашқы нұсқада ипотека бойынша шекті ЖТСМ-ді 25%-дан 20%-ға дейін төмендету туралы қаулы кеше күшіне енуі тиіс болатын. Бұл өзгеріс нарыққа қалай әсер етуі мүмкін екені жөнінде бұған дейін осы жерде жазып өттік.

@DataHub_KZ
🥔Бір ғана сәуір айындағы картоп импорты көлемі бойынша жылдық деңгейге жақындады

Сәуір айында Қазақстанға 52,6 мың тонна картоп әкелінді, бұл бір жыл бұрынғы осындай кезеңмен салыстырғанда 8,5 есе көп. Бір айдағы өзекті көрсеткіш алдыңғы онжылдықтың орташа жылдық көлемінен 9%-ға ғана аз (2015-2024 жылдары орташа есеппен 12 айдың қорытындысы бойынша 58,2 мың тонна).

🇨🇳🇵🇰2025 жылдың басынан бергі барлық кезеңде (қаңтар-сәуір) картопты әкелу көлемі 98,2 мың тоннаға жетті, бұл көрсетілген орташа жылдық көрсеткіштен шамамен 70%-ға артық. Бұл ретте 2025 жылдағы импорттың барлығы дерлік екі елге тиесілі: Қытай (жиынтық көлемнің 58%-ы) және Пәкістан (35%). Контраст үшін: 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында бұл жеткізушілерге жалпы импорттың тек 3%-ы тиесілі болды, ал әкелінетін картоптың 90%-ы Ресейден келді. Алайда биылғы жылы Ресей Федерациясында да картоптың жағдайы мәз емес және Ресейдің өзі де картопты ҚХР-да сатып алуды бірнеше есе арттырды.

💲Импорттың ақшалай көріністегі көлеміне келетін болсақ, сәуір айында ол 14,5 млн долларға бағаланады, жылдың басынан бергі барлық кезеңде 25,1 млн долларға бағаланады. Салыстыру үшін 2024 жылдың 12 айындағы сома $5,7 млн құрады.

🖇 Жалпы картоп импортының жандануының өзі күтілгенін айта кетеміз. Мәселен, 2024 жылдың аяғы мен 2025 жылдың басында өнімнің қымбаттауы айтарлықтай жеделдеді, мұны Ауыл шаруашылығы министрлігі көрші елдердің, соның ішінде Өзбекстанның осының алдындағы белсенді сұранысымен түсіндірді. Қаңтар айының соңынан бастап біздің картоптың экспорты шектеулі болды. Ал наурыз айында Үкімет Пәкістан мен Қытайдан импорттың жанданғаны туралы хабарлады (сонымен бірге өңірлерге өздерінің өнім қорлары туралы дұрыс емес мәліметтері үшін сөгіс жариялады).

Осылайша импорт өскенін көріп отырмыз... Нәтижесінде бізде картоп бағасының жағдайы не болды? Сәуір айының қорытындысы бойынша бағаның өсуі ж/ж 79%-ға жетті – бұл кем дегенде 2011 жылдың басынан бергі кез келген ай үшін өсудің ең жоғары жылдық көрсеткіштері болды. Мамыр айының қорытындысы бойынша өсім 66,9%-ға дейін аздап баяулады. 10 маусымдағы жағдай бойынша жедел деректер ж/ж +61,6% қосымша баяулауды көрсетеді.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері тұқымдық картопты қоса алғанда, барлық жас және салқындатылған картопты қамтиды

@DataHub_KZ
1
Қазақстанда сауда және қызмет көрсету нысандарының рекордты саны пайдалануға берілді

Бес айдың қорытындысы бойынша өткен жылға қарағанда биыл екі есе көп нысан пайдалануға берілген. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, көрсеткіш соңғы алты жылдағы ең жоғары деңгейге жетті - 344 бірлік.

Негізгі өсімді сауда ғимараттары қамтамасыз етті - 245 нысан, жылдық өсім бұл жерде де екі есе. Бұл орайда аталған нысандар арасында жоғары қарқынды өсімді мамандандырылған дүкендер (68 бірлік, жылдан жылға +300%) мен супермаркеттер (45 нысан, +165%) көрсетті.
Сауда нысандары бойынша басқаларының жағдайы төмендегідей:

🔸 автоорталықтар - 10 бірлік, +100%;
🔸 сауда үйлері - 41 бірлік, +95%;
🔸 шағын маркеттер - 113 бірлік, +64%;
🔸 дәріханалар - 4 бірлік, (өзгеріссіз);
🔸 жабық базарлар мен павильондар - 5 бірлік (бір жыл бұрын 0 болған).

Қызмет көрсету ғимараттарының пайдалануға берілуі бір жылда 86%-ға, 67 бірлікке дейін артқан. Бір қызығы, ең тез өскен сегмент моншалар (21 бірлік, жылдан жылға +133%) мен көлік жуу орындары (17 бірлік, +89%) болды.

Сонымен қатар ресми статистика аралас санатты бөліп көрсеткен - сауда және қызмет көрсетудің басқа да нысандары. Бұл санатта 32 нысан пайдалануға беріліп, көрсеткіш 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларына қарағанда 129%-ға өскен. Оның ішінде көбісі - сауда ойын-сауық орталықтары: 14 бірлік, +367%.

‼️Маңызды бір жайтқа назар аударалық: пайдалануға берілген ғимараттар бойынша сандық есеп тек жаңадан салынған нысандарға ғана жүргізіледі. Қайта жөндеуден өткен ғимараттар мұндай статистикаға енгізілмейді.

@DataHub_KZ
Мінеки, сауда және қызмет көрсету нысандарының пайдалануға берілу динамикасының айқын көрінісі.

@DataHub_KZ
🍯Еліміздің ең «тәтті» өңірі қант пен десерттерге деген сүйіспеншілігінің көшбасшылығын нығайтты

2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдерді тұтынудың ең үлкен көлемі – жан басына шаққанда тоқсанына 14,5 кг-ға жуықҰлытау облысына тиесілі болды.

Елімізде бұл өңір бірінші орынды үнемі алып отырады, тіпті ол бойынша жеке статистика да бар. Ұлытау алдағы қатарды 12 тоқсан бойы немесе толық үш жыл иемденуде*. Тәтті жеуден көшбасшылықтың мұндай ұзақ сериясымен кем дегенде 2010 ж. басынан бері бірде-бір өңір мақтана алмайды.

Бұл жолы Ұлытау көрсеткіші 10,8 кг болатын жалпы республикалық деңгейді бірден 35%-ға басып озды, облыстың басқа өңірлерден үлкен алшақтығы тұрақты түрде сақталуда (өткен жылдардың орташа тоқсандық деңгейі – 38%).

Ал бұл жолы көшбасшы басқа өңірлермен салыстырғанда қалай көрінетінін графиктен қараңыз. Атырауға кәмпит береміз🍬

* 2022 ж. II тоқсанында өңір үшін көрсеткіштер бағалау негізінде жүргізілді

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
💸👨‍⚕️Қазақстандықтардың денсаулық сақтау қызметтеріне жұмсайтын шығыны күрт артты

I тоқсанның қорытындысы бойынша, инфляцияны есептемегенде, жылдан жылға 28,3%-ға өскен - жан басына шаққандағы орташа шығын 3,6 мың теңгеден 4,6 мың теңгеге дейін өсті. Бұл - жалпы номиналды ақшалай шығындардың жылдық өсімінен үш есе көп әрі соңғы екі жылдағы рекорд. Бұл деректерді ҚР СЖРА ҰСБ халық арасында сауалнама жүргізу нәтижесінде алды.

Нақты мәнде көрсеткіш 14,9%-ға артқан. Айта кету керек, бұл есептеулерде денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтеріне арналған баға индексі пайдаланылды, себебі барлық медициналық қызметтер бойынша бөлек индекс жарияланбайды.

Жан басына шаққандағы денсаулық сақтау қызметтеріне жұмсалатын орташа шығынның негізгі бөлігін стоматологиялық қызметтер құрайды - 2,4 мың теңге, инфляцияны есептемегенде жылдан жылға +26%, ал есептегенде - жылдан жылға +11,8%. Мұнда да қысқаша түсіндірме қажет болып тұр👇

Мұндағы сандар аз көрінуі мүмкін, бірақ бұл есептеулер еліміздегі барлық тұрғындар бойынша жүргізілетінін есте сақтау керек, ал есеп беру кезеңінде олардың бәрі бірдей аталмыш қызметке жүгінбеген. Дегенмен, ресми статистиканың іріктеуіне 12 мың үй шаруашылығы кіргізілген, олардың деректері негізгі жиынтық көрсеткіште қамтылған.

Басты тақырыпқа оралайық. Денсаулық сақтау қызметтерінің ішінде шығыны ең жылдам өсіп жатқан санат ауруханалар қызметі (оның ішінде күндізгі стационар және шипажайлар қызметі бар) болып тұр. Орташа жан басына шаққанда - 946 теңге, номиналды өсім жылдан жылға 54,1%, ал нақты өсім - 39,8%.

Сонымен қатар дәрігер мамандар мен алғашқы қабылдауды қамтитын медициналық қызметтер бойынша жан басына шаққандағы орташа шығын инфляцияны есептемегенде бір жылда 5,7%-ға өскен, бірақ нақты мәнде 5,1%-ға төмендеген. Қазіргі деңгейі - 559 теңге.

Ал парамедициналық қызметтерге жұмсалған (медициналық зертханалар, рентген кабинеттері, медбикелер мен акушерлер қызметі) жан басына шаққандағы орташа шығынға тоқталар болсақ, мұнда өсім бірден номиналды түрде де (+27,6%), нақты түрде де (+11,2%) байқалып тұр - 568 теңге.

Бір қызығы, ресми статистикада азаматтардың бейресми медициналық шығындары да көрсетілген (гүл, сыйлық сатып алу және т.б.). Жан басына шаққандағы орташа көрсеткіші - 121 теңге, ноиманалды өсім жылдан жылға +39,1%.

🖇Түсінікті болу үшін айта кетейік, I тоқсанның қорытындысы бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы табысы, бағаның өсуін ескермегенде, 10,1%-ға, 350,4 мың теңгеге дейін өскен. Ал инфляцияны ескергенде өзгеріссіз деуге де болады, +0,7%.

@DataHub_KZ
1
🧮 Әдеттегідей, сіздер үшін несиелеу нарығы бойынша жаңа ақпараттарды дайындадық. Сонымен, мамыр айының қорытындысы қандай?

Жекелеген несиелерде аса бір қатты өзгерістер байқалмайды:

🟰Жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы көлемі сәуірмен шамалас болып тұр - 1,6 трлн тг жуық (айдан айға -0,7%). Негізгі бөлігін, әдеттегідей, кепілсіз тұтынушылық несие құрап отыр (шамамен 890 млрд). Мұндағы көлем өткен айдың көрсеткішімен бірдей деуге болады. Қарыз алушылардың саны да аса қатты азая қойған жоқ - 0,8%-ға.

🚙 Сәуір көрсеткіштерімен салыстырғанда бірқалыпты динамика автонесиеде де байқалады (-1,9%, 234 млрд тг дейін). Ал қарыз алушылар саны сәл ғана елеулі өзгеріспен қысқарған: -4,8%, 23,6 мың адамға дейін.

🔑Ипотека да өткен айдың деңгейінде сақталып тұр: берілген несие сомасы 1,9%-ға артып, 252 млрд тг жеткен. Қарыз алушылар саны 12,8 мың адамды құрап, сәуірге қарағанда сәл төмен болды (-2,1%). Тиісінше, бір қарыз алушыға шаққанда рәсімделген несиенің орташа сомасы өсті: 19 млн теңгеден 19,7 млн теңгеге дейін. Айтпақшы, нәтижесінде, 1 маусымдағы жағдай бойынша ипотека портфелі 6,8 трлн тг жуықтады, бұл сома 617 мың қарыз алушыға және 645 мың несиеге тиесілі болып отыр.

Кәсіпкерлердің жағдайы қалай?

💼Заңды тұлғалар мен ЖК берілген жалпы несие көлемі, екеуін қоса алғанда, сәуірдегі деңгейге қарағанда төмендеген: 14,6%-ға, шамамен 1,9 трлн тг дейін. Әдеттегідей, жалпы соманың негізгі бөлігін заңды тұлғаларға берілген несиелер (1,7 трлн тг) құрап отыр, көлемі 14,4%-ға азайған.

Қосымша мәліметтерді төмендегі иллюстрациялардан таба аласыздар, бірақ ескеріңіз: бұл жолы біз портфельдің ай сайынғы динамикасын көрсеткен жоқпыз. Себебі жақында деректеріміз жаңа жеткізушімен толықты және оны толық есепке алмай тұрып алдыңғы деректермен салыстыру дұрыс болмас еді. Портфель бойынша өзгерістер қарқынын бақылауға келесі айлық жазбаларымызда қайта оралатын боламыз.

Бірінші кредиттік бюро деректері, портфель бойынша көрсеткіштерде есептен шығарылған келісімшарттар есепке алынбаған

@DataHub_KZ
Қазақстаннан төсемтастар мен жиектастардың экспорты рекордтар жаңартты

Төрт айдың қорытындысы бойынша шетелге 15,9 мың тонна ұқсас өнім сатылды* — өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. ҚР СЖРА ҰСБ мәліметтері бойынша, әңгіме кем дегенде алты жылдағы қаңтар-сәуір айларының ең жоғары деңгейі туралы болып отыр.

Бұл ретте сыртқы нарықтарға жеткізілімдер құндық мәнде де айтарлықтай өсті — 2,7 есеге, $1,9 млн-ға дейін. Ресми бағам бойынша қайта есептегенде бұл 950,8 млн теңгеге тең.

Төсемтастар мен жиектастардың экспорты өткен жылдан бері қарқынды өсіп келеді. Жалпы, 2024 жылы оның физикалық көлемі ж/ж 12 есе, 40,2 мың тоннаға дейін секірді. Ақшалай көлем жағдайында секіріс он есе, $5,4 млн (2,5 млрд теңге) дейін болды. Бұл жерде мәселе алдыңғы кезеңнің төмен базасында емес. Салыстырыңыз: 2020-2023 жылдардағы орташа деңгейлер сәйкесінше 2 мың тоннаны және 312,1 мың долларды құрайды.

Қазақстандық төсемтастар мен жиектастарды шетелде кім сатып алады? Негізінде, сатып алушы тек біреу ғана — көрші Ресей. Қаңтар-сәуір айларында тоннамен есептегенде экспорттың 97%-ы және ақшамен есептегенде 95%-ы Ресейге тиесілі болды. Қалғанын Қырғызстан қамтамасыз етті.

Төсемтастар мен жиектастар экспортының өсуі ішкі өндірістің жандануымен қатар байқалады. 2024 жылдың алғашқы төрт айымен салыстырғанда тиісті тауарларды шығару 56%-ға, 39,8 мың тоннаға дейін ұлғайды. Толық 2024 жылға келетін болсақ, оның қорытындысы бойынша ж/ж өсімі салыстырмалы түрде қарапайым болды, +17%, 95,2 мың тоннаға дейін.

Айтпақшы, Қазақстан өзін төсемтастармен және жиектастармен айтарлықтай жақсы деңгейде қамтамасыз етеді. Мәселен, қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша өндіріс импорттан 27 есе асып түсті (!). Мұның бәрін төсемтастар мен жиектастардың негізгі сатып алушысы болып табылатын мемлекет отандық жеткізушілерге басымдық беретіндігімен түсіндіруге болады.

Алайда жоғарыда айтылғандарға қарамастан, үшінші елдерден төсемтастар мен жиектастарды импорттауға уақытша тыйым салу ойда бар. Тиісті НҚА-ны жария талқылау 10 маусымда аяқталды.

*ЕАЭО СЭҚ ТН коды 6801 "Табиғи тастан (сланецтен басқа) төсеніш төсеуге арналған төсемтас, жиектастар мен плиталар"

@DataHub_KZ
Графиктің көмегімен төсемтастар мен жиектастардың тоннамен экспортының өсу ауқымын бағалауға болады.

@DataHub_KZ
Алматыдағы теңсіздік бойынша ресми көрсеткіштер соңғы жеті жылдағы ең жақсы нәтижені көрсетті

2025 жылдың I тоқсанында қаладағы тұрғындардың ең ауқатты 10%-ның жиынтық табысы ең аз қамтылған 10%-ның жиынтық табысынан 5,7 есе көп болды. Яғни, жалпақ тілмен айтқанда, біріншісінің табысы екіншісінен алғаш рет жоғарырақ болып тұр.

🛒Алайда бұл жерде "табыс" деп нені меңзеп тұрғанын түсіну керек. Бұл орайда тұтынуға кеткен қаражат туралы сөз болып отыр: бұл ақпараттар респонденттерден үй шаруашылықтарын ауқымды зерттеу аясында жиналады. Жалпы айтқанда, адамның қанша табыс табатыны оның қаншалықты көп жұмсай алатыны арқылы бағаланады. Қарапайым логика: егер сен көп жұмсасаң, демек, соған мүмкіндігің бар.

Тиісінше, "кедейлер" тобына ақшалай тұрғыда басқаларынан ең аз тұтынатындар, ал "байлар" тобына, керісінше, ең көп тұтынатындар жатады. Осы екі топтың арасындағы 5,7 есе айырмашылық үлкен болып көрінеді, бірақ статистикада қор коэффициенті деп аталатын бұл айырмашылық Алматыда 2017 жылдың IV тоқсанынан бергі ең төменгі деңгейде болып тұр. Расында, бұл көрсеткіш бұған дейін де 6 еселік психологиялық межеден төмен түскен кездер болған, бірақ дәл қазір "кедейлер" мен "байлар" арасындағы алшақтық бұрын-соңды болмаған ең аз деңгейге жетті.

❗️Сонымен қатар теңсіздікті өлшейтін тағы бір көрсеткіш те, Джини коэффициенті, төмендеді. Бұл жолы 10%-дық топтар бойынша есептегенде ол 0,279 болды, бұл да аталған кезеңдегі ең төменгі мән болып тұр. Бұл сан нені білдіреді? Неғұрлым төмен болса, соғұрлым жақсы: коэффициент 0 мен 1 арасында болуы мүмкін. Егер 0 болса, табыстың анағұрлым теңдей бөлінгенін білдіреді, ал 1 табыстың біркелкі емес бөлінгенін біодіреді (барлық табыс бір топқа тиесілі). Демек, көрсеткіш неғұрлым кіші болса, табыстың нақты бөлінуі тең дәрежеге соғұрлым жақын деген сөз.

📉Салыстыра кетсек: бір жыл бұрын, 2024 жылдың I тоқсанында, Алматыда Джини коэффициенті еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі болса (0,311), қор коэффициенті ең жоғары көрсеткіш (6,84) болды. Қазіргі таңда бірінші көрсеткіш бойынша қала рейтингтің ортасында, ал екіншісі бойынша төртінші орында. Өткен жылмен салыстырғанда не өзгерді?

Қолжетімді деректерге сүйенсек, биыл ең кедей 10% топтың жағдайы номиналды түрде сәл жақсарған, ал ең бай 10% топтың жағдайы керісінше сияқты.

Жан басына шаққанда, яғни үй шаруашылығна емес, кез келген жастағы бір адамға шаққанда, 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында бірінші топтың орташа айлық табысы 47,5 мың тг құрады (номиналды түрде жылдан жылға +8%, бірақ инфляция 9,4% құрады), ал екіншісінікі 306,8 мың тг болды (тіпті номиналды түрде де -7%). Сонымен қатар ең ауқатты алматылықтардың қазіргі шығындары екі жыл бұрынғы аталған кезеңдегі деңгейімен, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары, шамалас болып тұр. Ал сол уақыттан бері инфляция 20% шамасында өскен еді. Сонда 2025 жылдың басында ең ауқатты алматылықтар салыстырмалы түрде үнемшіл болғаны ма? 🤔

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
Қазақстандық айырбастау пунктерінің клиенттері рубльден құтылуда жаңа рекорд орнатты

2025 жылдың мамырында айырбастау пунктеріндегі ресейлік қолма-қол валютаға деген таза сұраныс тағы да теріс жаққа ығысты - 35,7 млрд теңгеге. Бұл айырбастау пункттері клиенттерге сатқан рубльден гөрі өздері сатып алған көлем осы сомаға артық болғанын білдіреді.

Қазіргі көлемі 2020 жылдың басынан бері тіркелген ең елеулі мән болды, оның ішінде долларлық баламада есептегенде де. Жалпы алғанда, ресей рубліне таза сұраныс қатарынан алтыншы ай теріс нәтиже көрсетіп отыр. Айырбастау пунктері тарапынан таза нетто-сатып алымдардың дәл осындай жағдайда ұзаққа созылуы сол 2020 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

Осы уақыт ішінде рубль нығайып келеді: әр айдағы орташа айырбас бағамы алдыңғы аймен салыстырғанда жоғары болған. Мамырда ресейлік валютаның орташа көрсеткіші 6,35 тг жетті, ал сәуірде ол 6,18 тг болған.

Ал басқа валюталардың жағдайы қалай?

💵 АҚШ долларына деген таза сұраныс 161,5 млрд тг құрап, сәуірдегі әлсіз көрсеткіштерден кейін қалпына келуде. Айдан айға өсім - 2,4 есе, бірақ жылдық мәнде номиналды түрде бар болғаны 6% болып тұр. Айтпақшы, доллардың мамырдағы бағамы сәуірмен салыстырғанда аса қатты өзгере қоймаған: 0,6%-ға, 511,77 тг дейін әлсіреген.

💶 Еуроға деген таза сұраныс та сәуірдегі 4,9 млрд тг деңгейден 13,8 млрд тг дейін күрт көтерілді. Алайда жылдық мәнде номиналды түрде -22%-ға төмендеген. Еуроның мамырдағы орташа бағамы сәуірдегімен шамалас болды: 577,21 теңге, +0,1%.

ҚР Ұлттық банкі деректері

@DataHub_KZ
Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер 28 жылдық рекордты жаңартты

2025 жылғы мамырда жеке тұлғалардың теңгемен тартылған депозиттері бойынша ЕДБ сыйақысының орташа өлшенген мөлшерлемесі 14%-дан 14,3%-ға дейін өсті. Қазіргіден жоғары деңгейде көрсеткіш соңғы рет 1996 жылғы желтоқсанда, ҚР Ұлттық Банкінің бүгінгі қолжетімді статистикасындағы бақылаулардың бірінші айында болды.

Мамыр айында 1 айдан 3 айға дейінгі депозиттер ең тартымды болды, 16,4% мөлшерлемемен, ол сәуір айымен салыстырғанда бірден 0,5 п.т. өсті.

Бұл ретте заңды тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер өзгерген жоқ – мамыр айында, сәуірдегідей, орташа деңгей 15,4% мөлшерінде қалды.

Ал ЕДБ кредиттерінің жағдайы не болып жатыр?

🔸 Мамыр айында жеке тұлғалар мен ЖК үшін орташа өлшенген деңгей өзгеріссіз, 21,5%
🔸Ал заңды тұлғалар үшін көрсеткіш сәуір айындағы 19,1%-дан 18,8%-ға дейін төмендеді. Бұл жағдайда деңгейлер бірден бірнеше сегменттерде төмендеді: 1-3 айлық кредиттер үшін де, 3 айдан бір жылға дейінгі кредиттер үшін де. 5 жылдан асатын ұзақ қарыздар мөлшерлемелері де төмендеді.

Мәнмәтін үшін: базалық мөлшерлеме наурыздан бері 16,5% болып қалуда.

ҚР Ұлттық банкі деректері

@DataHub_KZ
2