DATA HUB Қазақша
203 subscribers
721 photos
1 video
406 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Депозиттер мен кредиттер бойынша мөлшерлемелердің динамикасы туралы жарияланымды графиктермен толықтырамыз.

@DataHub_KZ
Статистика бойынша жолаушылардың агрегаторлар арқылы рәсімделген сапарларға жұмсаған қаражаты артқан

2024 жылы электронды сауда платформалары арқылы жолаушылар тасымалы қызметтері 606,2 млрд тг жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда номиналды түрде шамамен төрттен біріне көп. Яғни агрегаторлар арқылы рәсімделген сапарларға жан басына шаққанда, орта есеппен, жылына 30 мың тг көлемінде қаражат жұмсалған. Ал 2023 жылы бұл сома 24,5 мың тг құраған еді.

Жалпы алғанда, электронды платформарлар арқылы рәсімделген түрлі қызметтердің ішінде жолаушылар тасымалының үлесі 2024 жылы 29%-ды құрады. 2023 жылы бұл көрсеткіш одан жоғары болған еді - 37%.

Бұл үлестің төмендеуі 2024 жылғы мәліметтерде агрегаторлар арқылы тапсырыс берілген жүк тасымалы қызметтері көлемінің айтарлықтай өсуімен байланысты.

2024 жылы жүк тасымалы бойынша 610,2 млрд тг қызмет көрсетілген болса, одан бір жыл бұрын бұл көрсеткіш ҚР СЖРА ҰСБ деректерінде әлдеқайда төмен болған.

Нәтижесінде, өткен жылы агрегаторлар арқылы рәсімделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметтерінің жалпы көлемі 1,2 трлн тг асты. Бұл сома нақты қай платформалар мен ұйымдар арқылы өткенін ресми статистика ашып көрсетпейді.

Дегенмен мынаны атап өткен жөн: деректердің егжей-тегжейлі бөлініп көрсетілуі қазақстандық пайдаланушыларға қолжетімді барлық агрегаторлар өз көлемдерін толық ашып көрсетпеуі мүмкін деген болжам жасауға мүмкіндік береді.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
💐📈Қазақстанда гүлдердің жалпы шығарылымы күрт өсті

2024 жылдың қорытындысы бойынша өсірілген гүлдердің жалпы құны 15,3 млрд теңгені құрады, инфляцияға түзетусіз ж/ж бірден 2,6 есе өсті. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес, нәтижесінде кем дегенде 15 жылдағы номиналды максимумға қол жеткізілді.

Байқалып отырған өсуде басты рөлді Алматы облысы атқарды, оның көлемдері 2023 жылмен салыстырғанда 50 есеге жуық өсті (динамика қолданыстағы бағамен есептелген). Өңірдің қазіргі көрсеткіші — 10,2 млрд теңге — шын мәнінде жоғары деп аталуға лайық. Ол 2010 жылдан бергі бақылау тарихындағы басқа номиналды деңгейлерден айтарлықтай алда. Мысалы, 2022 жылмен салыстырғанда айырмашылық бес есе.

Бірақ Алматы облысы 67% үлесімен Қазақстанның гүл өндірісінің орталығына қалай айналды? 🤔


Өңір бойынша егжей-тегжейлі деректердің көрсетуінше, жаңа өндірістердің іске қосылуы немесе қолданыстағы өндірістердің кеңеюі күшті секіріске әкелуі мүмкін. Қазір Алматы облысының көлемдері салыстырмалы пропорцияда екі аудан - Қарасай (5,8 млрд теңге) және Іле (4,4 млрд теңге) аудандары арасында бөлінген. Бірақ әрдайым олай болған жоқ, 2023 жылы өңірде өндіріс іс жүзінде болмаған, ал 2022 жылы гүлдер негізінен Қарасай ауданында өсірілді (1,9 млрд теңге).

‼️Маңызды мәселе: ақиқатында, жалпы шығарылым гүл өсіретін кәсіпорындардың кірістерін көрсетпейді. Өйткені, өндірушілер нақты көлемдер туралы есеп бермейді. Статистикалық орган көрсеткіштің мәндерін арифметикалық әдіспен анықтайды, кесілген гүлшанақтардың санын бір гүлшанақтың орташа жылдық бағасына көбейтеді. Бұл ретте есептеулерде ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өнімді әртүрлі өткізу арналары арқылы өткізетін бағаларды пайдаланады. Басқаша айтқанда, көрсеткіш түпкі тұтынушылардың гүлдерге жұмсаған шығындарын бағалауға да мүмкіндік бермейді. Тағы бір айта кететін жайт, гүл өсірумен халықтың өзі де айналысады — оның көлемдері де гүлдердің жалпы шығарылымын құрайды.

Гүлшанақтардың өздері 2024 жылы 40,3 миллион дана өсірді, 2023 жылмен салыстырғанда номиналды өсімі 3,7 есе. Сонымен қатар, шетелден гүлдердің 202,1 миллион гүлшанағы (+47% ж/ж) әкелінді. Құны бойынша импорт $90,5 млн* құрады, бұл орташа жылдық айырбас бағамы бойынша қайта есептегенде 42,5 млрд теңгеге тең. 2023 жылы $58,7 млн (26,8 млрд теңге) болды.

Гүлдерге сұраныс артып келе жатқан сияқты. 💡

* 060311-060315 аралығында ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары бойынша жиынтық мән

@DataHub_KZ
Гүлдердің жалпы шығарылымы бойынша көрнекі сурет графикте көрсетілген.

@DataHub_KZ
Қолма-қол ақшасыз жасалған операциялар саны рекорд жаңартты

Сәуірде ҚР-да отандық және шетелдік эмитенттердің карталары арқылы 1,15 млрд қолма-қол ақшасыз трансакция тіркелді. Наурызға қарағанда өсім - 7%, 2024 жылғы сәуірге қарағанда - 14%. Бұл көрсеткіш ҚР Ұлттық Банкінің статистикасындағы кез келген ай үшін ең жоғары мән болды.

Ал қолма-қол емес трансакциялардың сомасы сәуірде 14,9 трлн тг жуықтады. Мұнда рекорд болмаса да, өсім бар: наурызға қарағанда - 3%, жылдық мәнде номиналды түрде - 21% (инфляцияны ескергенде 9%).

Тағы бір қызықты дерек қолма-қол ақшасыз жасалған операциялардың құрылымына қатысты. QR арқылы жасалған трансакциялар саны да (322 млн бірлік) кемінде 2023 жылғы мамырдан бері, яғни екі жылға жуық уақыт, бұл операция түрі ҚР ҰБ статистикасына енген кезден бастап, кез келген ай бойынша рекорд орнатты.

Олардың үлесі барлық қолма-қол ақшасыз жасалған трансакциялардың 28%-ына жетіп, қолжетімді кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш болды. Бірақ сомасы жағынан олардың үлесі аздау - 10%, яғни сәуірде шамамен 1,5 трлн тг төмен болды.

@DataHub_KZ
1🔥1
Мамырда теңге долларға қатысты сәл нығайды

1 мамыр мен 1 маусым аралығында доллардың ресми бағамы 0,3%-ға (1,53 теңге) төмендеп, 510,81 теңге болды. ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сүйенсек, соңғы үш айда алғаш рет төмендеп тұр.

Мамырдың бірінші онкүндігінің өзінде ұлттық валюта әлсірей түскен болатын, алайда 12 мамырдан кейін жағдай теңгенің пайдасына қарай өзгере бастады. Оған әсер еткен факторлардың бірі ішкі валюта нарығындағы белсенділік болуы мүмкін. Мамырда квазимемлекеттік сектор валюта түсімін сатуды арттырды - айдан айға +16%, $356 млн дейін. Бұл ретте Ұлттық банктің таза сатылымы сәл ғана өскен - 2%-ға, $1,15 млрд құрады.

Жалпы алғанда, мамыр айы жиі теңгенің нығаюымен аяқталады. Дәл осы кезеңде экспорттаушылар салық төлеу үшін валюта түсімін жаппай айырбастайды.

Айта кетейік, еуроға қатысты да теңге нығайып келеді, бір айда 0,6%-ға (3,48 теңге), 578,59 теңгеге дейін жетті. Ал рубль бағамына қатысты жағдай тұрақты. Теңге оған қатысты алтыншы ай қатарынан әлсіреп келеді. Нақты мамырдың қорытындысы бойынша ресейлік валюта 3,2%-ға немесе 2 теңгеге қымбаттады. 1 маусымдағы бағамы - 6,51 теңге, бұл 2023 жылдың ақпан айының басынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Мұндай динамика, бір жағынан, рубльдің долларға қатысты нығаюымен байланысты (теңгенің рубльге қатысты бағамы кросс-курс арқылы есептеледі). Ресей валютасының қымбаттауына ықпал ететін факторлар ретінде РФ ОБ жоғары негізгі мөлшерлемені, импорттаушылар белсенділігінің маусымдық баяулауын, геосаяси шиеленістің азаюына қатысты күтулерді және экспорт түсімін алудағы кідірістің қысқаруын атап өтеді.

@DataHub_KZ
↗️Ерлердің жалақысы әйелдерге қарағанда жылдамырақ өсіп келеді

2024 жылы жалпы экономика бойынша, шағын бизнесті есепке алмағанда*, ерлердің номиналды орташа айлық жалақысы 468,9 мың тг, ал әйелдердікі 344,5 мың тг болды. Ерлердің жалақысы номиналды түрде 12%-ға, ал әйелдердікі 10,7%-ға өскен. Нақты мәнде екеуінде де өсім аса көп емес: сәйкесінше 3% және 1,8%.

Ерлердің жалақысы әйелдерге қарағанда үшінші жыл қатарынан жылдамырақ өсіп келеді: сәйкесінше үшінші жыл қатарынан гендерлік алшақтықтың артуына әкеліп отыр. Қазір экономиканың барлық саласы мен қызмет түрлері бойынша жұмыскер ерлердің орташа жалақысы әйелдермен салыстырғанда 36%-ға жоғары.

💼Бұл ретте осы шамалас айырмашылық жоғары біліктілік талап етілетін қызметтерде де байқалады. «Басшылар мен мемлекеттік қызметшілер» тобында ерлердің жалақысы әйелдердікінен 38%-ға артық (сәйкесінше 776,3 мың және 561,9 мың), «кәсіби мамандар» тобында айырмашылық - 36%-ға (сәйкесінше 538,5 мың және 395,3 мың тг). Түсінікті болу үшін айта кетейік, кәсіби мамандар тобына БЖ жасаушылар мен аудармашылардан бастап дәрігерлер мен заңгерлер сияқты түрлі жоғары білікті мамандар кіреді. Ал техникалық қызметкерлер, фельдшерлер немесе әкімшілік персонал (мысалы, хатшылар) бұл санатқа жатпайды.

👩🏻‍🦱👩🏼‍🦰👨🏻Сонымен қатар кәсіби мамандар тобының ішінде әйелдер ерлерге қарағанда екі (!) есе көп
, ал жалпы статистикада қарастырылған барлық қызметкерлер арасында ерлер мен әйелдердің үлесі шамалас. Бұл орайда кәсіби маман тобына кіретін әйелдердің 75%-ы білім беру және денсаулық сақтау/халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Ерлер арасында да бұл салалардың үлесі ежептәуір, бірақ әлдеқайда төмен - 41%.

Тағы бір айта кететін жайт, бұл екі салада да ерлердің де, әйелдердің де орташа жалақысы аса жоғары емес. Білім беру саласындағы кәсіби мамандар арасында әйелдердің орташа жалақысы - 360,2 мың, ерлердікі - 370,6 мың; денсаулық сақтау/әлеуметтік қызмет көрсету саласында да осы шамалас: сәйкесінше 370,2 мың және 413,6 мың.

📉Алайда аталған барлық салаларда жалақының өсу қарқыны (2023 жылмен салыстырғанда 5-6,5%) бағаның өсу қарқынын (8,7%) қуып жете қойған жоқ. Сәйкесінше, 2024 жылы білім және денсаулық сақтау салаларындағы кәсіби мамандардың (ерлер де, әйелдер де) нақты жалақысы аздап төмендеді.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері
*көрсеткіштер тек заңды тұлғалар мен олардың бөлімшелерін қамтиды

@DataHub_KZ
❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде қалдырды –16,5%

@DataHub_KZ
👏2👍1
...Ұлттық банк мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде қалдырды, алайда инфляция бойынша болжамы қуантарлық емес

2025 жылдың қорытындысы бойынша реттеуші инфляция деңгейі 10,5-12,5% болады деп күтілде. Бұл көрсеткіш наурыздағы 10-12%-дан жоғары (бұл болжам да 2024 жылдың қарашасындағы болжаммен салыстырғанда нашарлаған еді - ол кезде 2025 жылы 6,5-8,5% болады деп күтілді).

2026 жылға қатысты болжамдардың жайы да осыған ұқсас: қазіргі болжам - 9,5–11,5%, ал наурызда 9-11% деп болжанған еді. 2027 жылы да инфляцияның нысаналы көрсеткішіне оралуы қарастырылып отырған жоқ: бұл жолы наурызбен салыстырғанда өзгермеген болжамды, 5,5–7,5% шамасында, болжап отыр.

📈Ал қазіргі жағдай туралы Ұлттық банк не дейді? Қысқаша: жағымды ештеңе айтпады.

🔸Мамырдағы 0,9% шамасындағы айлық инфляция тарихи көрсеткіштен едәуір асып түсті. Жылдық мәнде сервистік инфляцияның жоғары деңгейі ғана емес, азық-түлік бағасының жылдамырақ қымбаттап бара жатқаны да назар аудартады.

🔸Халықтың инфляциялық күтулері сәуірдегі 12,2%-дан мамырда 14,1%-ға көтерілген.

🔸Сыртқы жағдай да қысым көрсетіп отыр: негізгі сауда әріптесіміз РФ-дағы жоғары инфляцияның сақталуы, сонымен қатар “сауда қақтығыстарының ушығуы” салдарынан белгісіздіктің артуы.

Негізгі тәуекелдердің ішінде Ұлттық банк ішкі сұраныстың күшеюін, сыртқы қысымды және инфляциялық күтулердің тұрақсыздығын атап өтті. Сонымен қатар ЖЖМ бағасының өсу қарқыны мен ҚҚС-тың көтерілуінен туындайтын жанама әсерлердің қандай болары әзірге белгісіз.

Жалпы алғанда, Ұлттық банк тәуекелдер балансының инфляцияға қарай ығысқанын атап өтті. Сондықтан базалық мөлшерлеме жыл соңына дейін қазіргі деңгейінде сақталуы мүмкін, алайда оның жоғарылауы да жоққа шығарылмайды.

@DataHub_KZ
👍1
🇨🇳🚊Қытайдан Қазақстан арқылы жүк транзиті рекордты жаңартты

2024 жылы Қытайдан басқа елдерге барар жолда Қазақстан аумағын кесіп өткен жүктердің жалпы салмағы (брутто) кем дегенде 2013 жылдан бергі кезекті максимумға – 15,4 млн тоннаға жетті. ҚР ҚМ МКК деректеріне сәйкес 2023 жылмен салыстырғанда өсім 22%-ды құрады.

Көрсеткіш екі таңбалы қарқынмен үш жыл қатарынан өсіп келеді, бірақ оң динамика біртіндеп төмендеуде: 2022 жылы 37%, 2023 жылы 33% болды. Жалпы, өсу оған тән. Соңғы 12 жылды қамтитын қолжетімді бақылау тарихында төмендеу тек екі рет орын алды — 2015 және 2016 жылдары.

Жүк жөнелтуші ретінде Қытай Қазақстан аумағы арқылы тасымалданған үшінші елдерден транзиттік жүктердің негізгі бөлігін қалыптастырды — 72%,
ал жүк алушы ретінде — небәрі 2%.

Қытай Қазақстан арқылы нақты не жібергенін айту қиын. Транзиттік жүктер нақты елдердің көрсеткіштерін бөлусіз тауар топтары бойынша бөлінген. Бұл ретте ірі тауар топтарының қатарына жерүсті көлік құралдары* — 3,1 млн т, сондай-ақ электр машиналары мен жабдықтары** — 1,2 млн т кіреді.

Бір қызығы, Қытайдан жүктердің транзитін ұлғайтуда Өзбекстан (+60% ж/ж, 5,3 млн т дейін) және ЕО (+134% ж/ж, 2,3 млн т дейін) сияқты алушы елдер елеулі рөл атқарды. Ресей тағы бір маңызды бағыт бола отырып, керісінше, жалпы оң динамиканы әлсіретті (-14,7%, 3,6 миллион тоннаға дейін).

Қорытындылай келе, Қытайдан Қазақстан арқылы тасымалданатын жүктердің жалпы салмағы көліктің барлық түрлері бойынша келтіріледі. Ең алдымен, біз теміржол құрамы туралы айтып отырмыз деуге негіз бар. Қалай болғанда да, соңғылары 2024 жылы ҚР ҚМ МКК тіркеген транзиттік тасымалдардың жиынтық көлемінің 62%-ын қамтамасыз етеді (21,3 млн тоннаның 13,3 млн тоннасы).

*ЕАЭО СЭҚ ТН коды 87
**ЕАЭО СЭҚ ТН коды 85


@DataHub_KZ
👍1
Қытайдан Қазақстан аумағы бойынша жүктердің транзиті қалай өсіп жатқанын жоғарғы графикте көрсеттік. Төменгі графикте — 2024 жылғы көлемдердің жүк алушы елдер бойынша бөлінуі.

@DataHub_KZ
Сәбіздің бағасы бір аптада күрт көтеріліп кетті

27 мамыр мен 3 маусым аралығында ҚР бойынша аталмыш көкөніс орта есеппен 6,6%-ға қымбаттады, бұл - ресми түрде кем дегенде 2022 жылдың басынан бергі ең жоғары апталық өсім. Алайда жақында ғана тағы бір осындай кенеттен өсім тіркелген болатын: 6-сы мен 13 мамыр аралығында, яғни бір аптада - 6,5%.

Жалпы алғанда, сәбіз шамамен наурыздың ортасынан бері үздіксіз қымбаттап келеді. Бұл, жалпы, маусымға сай құбылыс. Алайда бұл жолы орташа қарқыны соңғы жылдарға қарағанда жоғары. Нақты айтқанда, өткен аптада Жезқазған (+16,9%) мен Көкшетауда (+115,9%) бағаның едәуір көтерілгені байқалды.

Оның есесіне, сәбіз қымбаттаған уақытта бір аптада қырыққабат арзандаған: -6,1% және бұл үрдіс бесінші апта қатарынан жалғасып жатыр. Десе де, қырыққабат жылдан жылға едәуір қымбаттаған - 56,3%-ға.

Жалпы, барлық әлеуметтік маңызы бар көкөністердің бағасы жылдан жылға айтарлықтай өскен: пияздың бағасы +80,7%-ға, экспорт белсенділігінің артуымен түсіндірілген картоптың бағасы 67%-ға қымбаттаған. Ал бүгінгі басты тақырыбымызға айналған сәбіздің өсімі әзірше мұндай көп емес - «бар болғаны» +19,1%.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
Статистика Алматыда жалдау құнының айтарлықтай төмендегенін көрсетті

Мамыр айында қаладағы жалдамалы тұрғын үй ақысы сәуірмен салыстырғанда 3,6%-ға төмендеді. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес бір айдағы мұндай құлдырау 2023 жылдың қыркүйегінен бергі ең елеулісі болды.

Бұны маусымдық тренд деп атауға болмайды: егер сәуір айымен салыстырғанда нақты мамыр айы туралы айтатын болсақ, онда соңғы онжылдықтағы тиісті құлдырау тек екінші рет тіркелуде (біріншісі 2016 жылы болды және бірден -13%).

Бұл жолы Алматыда жалға алу құнының төмендеуі бастапқы нарықта да (+1,9%), қайталама нарықта да (+1,3%) пәтер сатып алу бағасының өсуімен қатар жүретінін атап өтеміз. Әңгіме тоғызыншы және бесінші рет қатарынан қымбаттау туралы болып отыр.

Ал Астанада көрініс басқалай. Егер бастапқы нарықтағы пәтерлердің құны өзгеріссіз қалса, қайталама нарықта олардың бағасы 2,6%-ға төмендеді және бұл 2023 жылдың шілдесінен бергі ең елеулі төмендеу. Мұнда жалға алу бағасы минималды түрде өзгерді: сәуірмен салыстырғанда -0,1%.

📎Айтпақшы, нәтижесінде елордада жалға алудың орташа құны мамыр айында Алматыға қарағанда 4,6%-ға ғана төмен болды. Екі қаладағы бағалар бір-біріне қазіргіден жақын жағдай соңғы рет 2022 жылдың шілдесінде болды; Алматыда көрсеткіштер үш жыл бойы жоғары болып тұр. Егер нақты сомалар туралы айтатын болсақ, мамыр айында әңгіме Алматыда орташа есеппен 5,2 мың және Астанада 1 шаршы метр үшін 5 мың туралы болды.

@DataHub_KZ