DATA HUB Қазақша
203 subscribers
719 photos
1 video
404 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Мінеки, уәде еткеніміздей, қандай қалалардың халқы азайып бара жатқаны жайлы алдыңғы жазбаға қатысты толығырақ мәліметтерді жарияладық.

@DataHub_KZ
1
БЖЗҚ қаражатына «Отбасы» облигациялары қосымша сатып алынды

БЖЗҚ-ның өзінің деректерінен алынған ақпарат сәйкес, 2025 жылдың сәуір айында ҚР ҰБ басқаруымен зейнетақы активтерінің портфелі үшін 35 млрд теңгеге жуық сомаға банктің облигациялары сатып алынды.

Сатып алудан бұрын, 1 сәуірдегі деректерге сәйкес, портфельде номиналды құны 50,5 млрд теңге болатын басқа да «Отбасы» қағаздары — екі шығарылымның облигациялары болған. Жаңа инвестициялармен номиналды құн 1 мамырға қарай тиісінше 85,5 млрд теңгеге дейін жетті; осы айдың басындағы ағымдағы құн 92,4 млрд теңгеге бағаланды, бұл жиынтығында инвестициялық портфельдің жалпы көлемінің шамамен 0,52%-на баламалы болды.

Айта кетейік, бұл жолы зейнетақы қаражаты инвестицияланған шығарылым аясында «Отбасының» өзі сәуір айында орналастыру кезінде жалпы сомасы 50 млрд теңге тарта алды. Банктің өзі сол күні KASE-де тартылған қаражат «Наурыз» бағдарламасы бойынша кредиттеу үшін қажет екенін айтты. Жалпы, одан кейінгі транштармен бағдарламаны қаржыландыру үшін шамамен 200 млрд теңге алу жоспарлануда.

@DataHub_KZ
1
🧻🏆Қазақстан рекордтық көп дәретхана қағазын импорттады

Қаңтар-наурыз айларында шетелден әкелінген дәретхана қағазының жалпы салмағы 8,1 мың тоннаны құрады. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш бірден екі есе өсті және кем дегенде 2020 жылдың басынан бері кез келген тоқсан үшін ең жоғары деңгейге жетті.

Сонымен қатар, ішкі өндіріс тұрып қалды, бірақ салыстырмалы қарқынмен емес — «небәрі» 7%-ға, 7,2 мың тоннаға дейін. Яғни, долбарлап айтқанда, оның көлемі іс жүзінде өзгерген жоқ (дәретхана қағазы экспортқа кетпейді дерлік).

Мұндай динамика сұраныстың ауытқуын білдіреді ме? Мүмкін қазақстандықтардың қажеттіліктері өскен шығар немесе олар кенеттен артығымен сатып алуға қызығушылық танытты ма? 🙃

Бұл сұраққа тек сыртқы сауда мен өндіріс туралы мәліметтер негізінде объективті жауап беру қиын: импорттаушылар тауарларды сатып алуды басқа факторлардың әсерінен де күрт арттыруы мүмкін. Дәретхана қағазы ұзақ мерзім сақтауға болатын тауар екені түсінікті, демек, оны әртүрлі себептермен артығымен сатып алуы мүмкін: нақты тиімді ұсыныстарға байланысты немесе, керісінше, болашақта қымбаттауынан қорқуға байланысты.

Дәретхана қағазына қатысты физикалық импорттың секірістері бұрын да байқалған. Соңғысы 2023 жылдың II тоқсанында, көрсеткіш ж/ж 74%-ға, 7,5 мың тоннаға дейін көтерілген кезде орын алды. Ол кезде өндіріс те, айтпақшы, қатты өзгере қойған жоқ. Сонымен қатар, бұрын секірістерден кейін кенттен төмендеу болмағанына назар аударған жөн — олардан кейін импорт әдеттегі деңгейде тұрақтанды (графикті қараңыз).

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
Дәретхана қағазын импорттаудың өсуі туралы алдыңғы жарияланымға қосымша иллюстрация.

@DataHub_KZ
📱Қазақстандықтар маркетплейстер арқылы белсенді түрде тауар сатып ала бастады

2024 жылы ҚР-дағы электрондық коммерция платформалары арқылы 152,5 млн тауарға тапсырыс тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 28%-ға көп. Сонда әр қазақстандыққа шаққанда (жасына қарамастан) 2023 жылы 6 тапсырыс келсе, өткен жылы 7,6 тапсырыс тиесілі болып отыр.

Қанша тауар сатып алынғаны бізге белгісіз, бірақ төлем сомасын білеміз - 2,7 трлн тг. Жылдан жылға көлемі номиналды түрде жарты есеге өскен, ал жалпы инфляцияны ескерсек, 39%-ға артқан. Орташа чек те өскен: 2024 жылы бір тапсырысқа орта есеппен 17,6 мың жұмсалған болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 14,8 мың болған еді.

🧐2024 жылы маркетплейстердегі тапсырыстардың негізгі үлесі телефондар мен гаджеттерге тиесілі болды - жалпы көлемнің 27%-ы немесе шамамен 735 млрд тг (+51% номиналды өсім). Ал ең жоғары өсім қарқынын киім/аяқ киім/спорт тауарлары санаты көрсетті, мұнда сомасы номиналды түрде 4 есеге өсті. Ал төлемдердің жалпы көлеміндегі үлесі 2023 жылғы 4%-дан өткен жылы 10%-ға дейін көтерілген (277,4 млрд тг).

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
📡Қазақстанда спутниктік интернет абоненттерінің саны бірнеше есе өсті

Бір жыл ішінде, 2024 жылдың 1 қаңтарынан 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін спутниктік желілерді пайдаланатын сымсыз кең жолақты интернет абоненттерінің саны 2,5 есеге өсті. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес, нәтижесінде көрсеткіш кем дегенде сегіз жылдағы ең жоғары деңгейді көрсетті – 4,8 мың бірлік.

Өсудің себебі ауылдық жерлерде спутниктік интернеттің кең таралуы болды. Мұнда абоненттер саны ж/ж жеті есеге жуық, 2,7 мың бірлікке дейін секірді. Осылайша, жалпы көрсеткіштің абсолютті өсуіне ауылдық жерлердің қосқан үлесі 80%-ды немесе 2,9 мың бірліктің 2,3 мың бірлігін құрады.

Ауылдық мектептерді Starlink спутниктік интернетіне қосу бойынша пилоттық жобаның іске қосылуы абоненттер санының динамикасына әсер еткен сияқты. 2024 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында жоба 1,8 мың орта білім беру ұйымдарын қамтыды. Қызметінің негізгі түріне (спутниктік телекоммуникациялар, ЭҚЖЖ коды 61303) сүйенсек, есеп берген респонденттер қатарында болуға тиіс «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ қызмет көрсетуші болды. Жалпы, спутниктік интернет сымды интернетті қосуда қиындықтар туындайтын аудандар үшін оңтайлы шешім бола алатындығын атап өту маңызды.

Сонымен қатар, спутниктік интернет абоненттерінің қанша гигабайт тұтынғаны туралы ақпарат статистикалық есептерде бөлек берілмейді. Тиісті мән сымсыз кең жолақты интернет трафигінің жалпы көлемінің бөлігі ретінде көрсетіледі. Бір қызығы, соңғы көрсеткіш жағдайында да өсім тіркеледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ол бірден сегіз есеге өсіп, 211,9 млн Гбайтқа жетті.

Алайда бұл мән сонда да сымды кең жолақты интернет трафигінің жалпы көлемімен, 6,6 млрд Гбайтпен (-2,9% ж/ж) салыстыруға келмейді. Бұл мобильді интернетке де қатысты, 5,9 млрд Гб (+16,2% ж/ж). Қызықты факт: 2024 жылы бір абонентке шаққанда мобильді интернетті орташа айлық тұтыну 20,2 Гбайтты құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 5,2%-ға өсті.

@DataHub_KZ
2
Көрнекі болу үшін біз спутниктік байланыс абоненттері санының өсуі туралы жоғарыдағы постқа иллюстрациялар ұсынамыз.

@DataHub_KZ
Айдың аяқталуына аз қалды, демек, несиелеу нарығындағы өзгерістерге көз жүгіртетін сәт келді. Бүгінгі шолуда - сәуірдегі үрдістер.

Алдымен жекелеген несиелерге тоқталайық.

📈 Наурызбен салыстырғанда жеке тұлғаларға берілген несиелердің жалпы сомасы номиналды мәнде 13,3%-ға артқан. Мұндай екі таңбалы өсім жиі бола бермейді. Алдын ала айта кетейік, қазіргі серпінге ипотекалық несиелеудің жандануы едәуір әсер етуде.

🏘 Сәуірде ипотекалық несиелердің жалпы көлемі 247,1 млрд тг жетіп, өткен айға қарағанда бір жарым есе өскен. Бұл өсімді бұрынғы сұраныстың кешіктіріліп жүзеге асуымен байланыстыруға болады: Ұлттық Банк тұрғын үй жинақ салымдары бойынша мемлекеттік сыйақының кешігіп төленуі І тоқсанда сұранысты тежегенін атап өтеді.

Бұл жорамал қарыз алушылар санының айтарлықтай өсуімен жанама түрде расталып отыр - айдан айға +54,1%, 13 мың адамға дейін. Осылайша, бір айда бір қарыз алушыға шаққандағы орташа сома өзгеріссіз қалды - 19 млн тг. Жалпы алғанда, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шегерілген берешекті қоспағандағы ипотекалық несие портфелі 6,7 трлн тг жетті, наурыз қарағанда 1,6%-ға өскен. Аталған несие өнімі бойынша қарыз міндеттемелерін 610,4 мың адам (айдан айға +0,9%) иеленді, ал несиенің жалпы саны 638,6 мың болды (айдан айға +1%).

‼️ Атап өтейік: «шегерілген берешекті есептемегенде» - бұл әдістемелік тұрғыдан ескеретін маңызды жайт. Біз бұған дейінгі жазбаларымызда жеке және заңды тұлғалардың несие портфельдері бойынша шегерілген берешекті қоса есептеген деректерді пайдаланған едік.

🚗 Автонесиелер де өсіп келеді, бірақ ипотекаға қарағанда қарқыны сәл баяулау: наурызға қарағанда берілген автонесиелер көлемі 21,3%-ға өсіп, қазіргі деңгейі 238,5 млрд тг болып тұр. Бұл ретте көрсеткіш қатарынан үшінші ай екі таңбалы санмен өсіп отыр. Сәуірдегі серпін қарыз алушылар санының өсуімен (+11,9%, 24,8 мың адамға дейін) және бір қарыз алушының алған орташа сомасының ұлғаюымен(+8,4%, 9,6 млн тг дейін) байланысты.

🛒 Ипотека мен автонесиеге қарағанда кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсімі бәсеңдеу. Сәуірде жалпы берілген сома 5%-ға артып, 889,8 млрд тг жетті (жалпы инфляция деңгейі 1,2% болғанда). Ал қарыз алушылар саны 3,3%-ға өссе, олар рәсімдеген орташа несие сомасы 1,6%-ға өскен.

Енді кәсіпорындарды несиелеу жағдайына тоқталайық.

🆙 Сәуірде заңды тұлғалар мен ЖК 2 трлн тг астам сомаға несие берілген. Наурызбен салыстырғанда өсім 35%-ды, ал 2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда 29,4%-ды құрап отыр (айта кетейік, бір жылда тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасы 10,7%-ға артты.

💼 Берілген несие сомасының 91%-ы заңды тұлғаларға тиесілі, яғни 1,8 трлн тг. Бір айда абсолютті көрсеткіш 36,3%-ға, ал бір жылда 30,8%-ға артқан. Сәйкесінше, ЖК үлесі 9%-ды құрап, 191,8 млрд тг тең болып отыр. Соңғы аталған сегментте өсім де байқалады: айдан айға +23,6%, жылдан жылға +18,6%.

Толығырақ төмендегі инфографикада көрсетілген👇

Бірінші кредиттік бюро деректері


@DataHub_KZ
Несие нарығындағы соңғы үрдістерге қатысты жазбаға уәде етілген толық ақпаратты жарияладық.

@DataHub_KZ
Қолма-қол долларға деген таза сұраныс 2022 жылдың жазынан бергі минимумға дейін төмендеді

Сәуір айында айырбастау пунктеріндегі американдық валютаның таза сатылымы 66,9 млрд. тг құрады, бұл номиналды түрде наурыздағы деңгейден 9%-ға және 2024 жылғы сәуірдегіден 54%-ға төмен. Теңгедегі өзекті мән – 2022 жылғы маусымнан бергі ең төменгі, оның ішінде инфляцияға түзетілген есеп айырысулар кезінде де.

Еуро бойынша айырбастау пункттеріндегі таза сұраныс көрсеткіші де айлық (-58%) және жылдық көріністе (-85%) төмендеуде, сәуір айындағы деңгей – 4,9 млрд теңге. Бұл жерде айта кету керек, сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда теңге қатты валюталарға қатысты әлсіз болды: доллардың орташа бағамы 3,3%, ал еуро бірден 7,5% қосты.

Қолма-қол рубльге келетін болсақ, айырбастау пункттерінің клиенттері олардан әлі де құтылуды жалғастыруда. Пункттер сатқаннан гөрі ресейлік валютаны көбірек сатып алды және бірден 30,8 млрд теңгеге – бұл кем дегенде 2020 жылдың басынан бергі кезекті антирекорд. Теңге рубльге қатысты да әлсіреді: сәуір айында Ресей валютасының орташа бағамы наурызбен салыстырғанда 6,7% қосты.

ҚРҰБ деректері

@DataHub_KZ
Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер ғасырдың басынан бергі максимумға оралды

Сәуір айында жеке тұлғалардың теңгемен тартылған депозиттері бойынша ЕДБ сыйақысының орташа өлшенген мөлшерлемесі 0,4 п.п.-ға, 14%-ға дейін өсті. Қазіргі деңгей – 2001 жылдың қаңтар айынан бергі ең жоғары көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды ҚР ҰБ.

Соңғы төрт айдың үшеуі ақша-кредит саясатын қатаңдатудың жаңа циклі аясында көтерілуде. Естеріңізге сала кетейік, соңғы уақытта базалық мөлшерлеме екі рет көтерілді – желтоқсанда (+1 п.п.) және наурызда (+1,25 п.п.), қазір ол 16,5% құрайды.

Бұған дейін ұқсас деңгей, 14%, басқа айлардың қорытындылары бойынша да тіркелгенін атап өтеміз. 2024 жылы бұл бір рет (қаңтар), ал 2023 жылы – бірден үш рет (маусым, қыркүйек, қазан) болды. Бұл ретте 2023 жылы базалық мөлшерлеме ұзақ уақыт бойы одан да жоғары деңгейде сақталды - 16,75%.

Шамасы, сәуір айында жеке тұлғаларға теңгелік салымдарды бір айдан үш айға дейінгі мерзімге ашу тиімді болған болуы мүмкін: бұл жағдайда ЕДБ-нің орташа өлшенген мөлшерлемесі ең жоғары мәнге ие болды - 15,9%. Сонымен қатар үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге салымдар бойынша сыйақы 14%-ды, бір жылдан бес жылға дейін 13,9%-ды құрады.

Айтпақшы, сәуір айында заңды тұлғалардың тартылған депозиттері бойынша ЕДБ сыйақысының орташа өлшенген мөлшерлемесі де өсті (а/а 0,4 п.п.) және 2016 жылғы қаңтардан бергі максимумға жетті – 15,4%.

ЕДБ берген теңгелік кредиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлемелерге келетін болсақ, сәуір айында айтарлықтай өзгерістер байқалмады. Көрсеткіш жеке тұлғалар (ЖК қоса алғанда) үшін де, заңды тұлғалар үшін де 0,1 п.п. өсті, тиісінше 21,5% және 19,1% дейін.

@DataHub_KZ
1
Депозиттер мен кредиттер бойынша мөлшерлемелердің динамикасы туралы жарияланымды графиктермен толықтырамыз.

@DataHub_KZ
Статистика бойынша жолаушылардың агрегаторлар арқылы рәсімделген сапарларға жұмсаған қаражаты артқан

2024 жылы электронды сауда платформалары арқылы жолаушылар тасымалы қызметтері 606,2 млрд тг жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда номиналды түрде шамамен төрттен біріне көп. Яғни агрегаторлар арқылы рәсімделген сапарларға жан басына шаққанда, орта есеппен, жылына 30 мың тг көлемінде қаражат жұмсалған. Ал 2023 жылы бұл сома 24,5 мың тг құраған еді.

Жалпы алғанда, электронды платформарлар арқылы рәсімделген түрлі қызметтердің ішінде жолаушылар тасымалының үлесі 2024 жылы 29%-ды құрады. 2023 жылы бұл көрсеткіш одан жоғары болған еді - 37%.

Бұл үлестің төмендеуі 2024 жылғы мәліметтерде агрегаторлар арқылы тапсырыс берілген жүк тасымалы қызметтері көлемінің айтарлықтай өсуімен байланысты.

2024 жылы жүк тасымалы бойынша 610,2 млрд тг қызмет көрсетілген болса, одан бір жыл бұрын бұл көрсеткіш ҚР СЖРА ҰСБ деректерінде әлдеқайда төмен болған.

Нәтижесінде, өткен жылы агрегаторлар арқылы рәсімделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметтерінің жалпы көлемі 1,2 трлн тг асты. Бұл сома нақты қай платформалар мен ұйымдар арқылы өткенін ресми статистика ашып көрсетпейді.

Дегенмен мынаны атап өткен жөн: деректердің егжей-тегжейлі бөлініп көрсетілуі қазақстандық пайдаланушыларға қолжетімді барлық агрегаторлар өз көлемдерін толық ашып көрсетпеуі мүмкін деген болжам жасауға мүмкіндік береді.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
💐📈Қазақстанда гүлдердің жалпы шығарылымы күрт өсті

2024 жылдың қорытындысы бойынша өсірілген гүлдердің жалпы құны 15,3 млрд теңгені құрады, инфляцияға түзетусіз ж/ж бірден 2,6 есе өсті. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес, нәтижесінде кем дегенде 15 жылдағы номиналды максимумға қол жеткізілді.

Байқалып отырған өсуде басты рөлді Алматы облысы атқарды, оның көлемдері 2023 жылмен салыстырғанда 50 есеге жуық өсті (динамика қолданыстағы бағамен есептелген). Өңірдің қазіргі көрсеткіші — 10,2 млрд теңге — шын мәнінде жоғары деп аталуға лайық. Ол 2010 жылдан бергі бақылау тарихындағы басқа номиналды деңгейлерден айтарлықтай алда. Мысалы, 2022 жылмен салыстырғанда айырмашылық бес есе.

Бірақ Алматы облысы 67% үлесімен Қазақстанның гүл өндірісінің орталығына қалай айналды? 🤔


Өңір бойынша егжей-тегжейлі деректердің көрсетуінше, жаңа өндірістердің іске қосылуы немесе қолданыстағы өндірістердің кеңеюі күшті секіріске әкелуі мүмкін. Қазір Алматы облысының көлемдері салыстырмалы пропорцияда екі аудан - Қарасай (5,8 млрд теңге) және Іле (4,4 млрд теңге) аудандары арасында бөлінген. Бірақ әрдайым олай болған жоқ, 2023 жылы өңірде өндіріс іс жүзінде болмаған, ал 2022 жылы гүлдер негізінен Қарасай ауданында өсірілді (1,9 млрд теңге).

‼️Маңызды мәселе: ақиқатында, жалпы шығарылым гүл өсіретін кәсіпорындардың кірістерін көрсетпейді. Өйткені, өндірушілер нақты көлемдер туралы есеп бермейді. Статистикалық орган көрсеткіштің мәндерін арифметикалық әдіспен анықтайды, кесілген гүлшанақтардың санын бір гүлшанақтың орташа жылдық бағасына көбейтеді. Бұл ретте есептеулерде ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өнімді әртүрлі өткізу арналары арқылы өткізетін бағаларды пайдаланады. Басқаша айтқанда, көрсеткіш түпкі тұтынушылардың гүлдерге жұмсаған шығындарын бағалауға да мүмкіндік бермейді. Тағы бір айта кететін жайт, гүл өсірумен халықтың өзі де айналысады — оның көлемдері де гүлдердің жалпы шығарылымын құрайды.

Гүлшанақтардың өздері 2024 жылы 40,3 миллион дана өсірді, 2023 жылмен салыстырғанда номиналды өсімі 3,7 есе. Сонымен қатар, шетелден гүлдердің 202,1 миллион гүлшанағы (+47% ж/ж) әкелінді. Құны бойынша импорт $90,5 млн* құрады, бұл орташа жылдық айырбас бағамы бойынша қайта есептегенде 42,5 млрд теңгеге тең. 2023 жылы $58,7 млн (26,8 млрд теңге) болды.

Гүлдерге сұраныс артып келе жатқан сияқты. 💡

* 060311-060315 аралығында ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары бойынша жиынтық мән

@DataHub_KZ