DATA HUB Қазақша
203 subscribers
719 photos
1 video
404 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
📉Тау кен өндірісіндегі рентабельділік антирекорд орнатты

IV тоқсанда тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындар өндірісінің рентабельділігі т/т 5,1 п.п. және ж/ж 12,4 п.п., 20,2%-ға дейін төмендеді. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес, қазіргі деңгей – кем дегенде 2019 жылдың басынан бергі ең төменгі деңгей.

Жағдайдың нашарлау үрдісі тура үш жыл бұрын басталды. Дәл соның алдында, 2021 жылдың III тоқсанында бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі жоғары көрсеткіштерге әрең оралып, 71,2%-ға жетті. Содан бері ол 3,5 есе азайған екен!

🧮 Тау-кен өндірісіндегі рентабельділік өнімді өндіру және өткізу шығындарының өсуіне (IV тоқсанда - 5,57 трлн тг, инфляцияны есепке алмағанда +14,1% ж/ж), сондай-ақ салық салуға дейінгі пайданың азаюына (1,12 трлн тг, - 29,4%) байланысты төмендейді.

Нәтижесінде, 16 саланың ішінде тау-кен өндірісі рентабельділік деңгейі бойынша төртінші орында болып шықты (әңгіме тек сол ірі және орта бизнес туралы болып отыр).

@DataHub_KZ
🥰1
Қолма-қол рубльге деген таза сұраныс антирекорд орнатуда

Ақпан айында ҚР айырбастау пунктілеріндегі ресейлік валютаның нетто-сатылымы теріс болып, -12,5 млрд теңгені құрады. Бұл айырбастау пункттері клиенттерден тиісті сомаға сатқаннан гөрі көбірек рубль сатып алды дегенді білдіреді.

Қаңтар айында, айтпақшы, халық рубльден де құтылды, бірақ таза сұраныс тек 9,5 миллиард теңгеге ғана минуста болды. Бұл ретте ақпан айындағы көрсеткіш кем дегенде 2020 жылдың басынан бастап есептегендегі кез келген басқа аймен салыстырғанда теріс аймаққа айтарлықтай елеулі кетті (соның ішінде долларлық баламамен есептегенде).

Халықтың рубльді белсенді сатуының негізі ресейлік валютаның нығаюы болды. Ақпан айының қорытындысы бойынша орташа бағам – 5,47 тг, бұл қаңтардағыдан бірден 6%-ға жоғары.

Ал басқа қолма-қол валютаға деген таза сұраныстың жағдайы қандай болды?

💵 Айырбастау пунктілеріндегі доллардың нетто-сатылымы – 175 млрд теңге, бұл теңгемен номиналды есеп айырысу кезінде қаңтардағыдан бірден 45%-ға артық. Ақпан айында біздің ұлттық валютамыздың долларға шаққандағы орташа бағамы жылдың бірінші айына қарағанда біршама жақсы көрінді (506,03 және 524,67 тг).

💵Еуроның нетто-сатылымы – 33,1 млрд теңге, бұл қаңтармен салыстырғанда -5%, бірақ әлі де айтарлықтай көп (жылдан жылға, мысалы, +57%). Еуропалық валюта бағамы, доллар сияқты, ақпан айында қаңтарға қарағанда төмен болды (526,82 тг,-3%).

ҚР Ұлттық Банкі деректері

@DataHub_KZ
👍1
Айырбастау пунктілеріндегі қолма-қол шетел валютасымен операциялар соңғы екі жылда динамикада былайша көрінді

@DataHub_KZ
🥰1
Айдың аяғында, әдеттегідей, несиелеу нарығындағы соңғы үрдістерге тоқтала кетейік. Бүгін назарымызда – ақпан айының қорытындылары.

Жеке тұлғалардан бастайық.

📈 Жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы сомасы қаңтармен салыстырғанда 1,7%-ға өсті.

🚘 Автонесиелердің берілу көлемі айлық мәнде 36,1%-ға өсіп, 165 млрд теңгеге жетті. Өткен айдағы күрт құлдыраудан кейін қалпына келе бастаған сыңайлы. Қазіргі деңгейі алдыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, әсіресе, ақпан айларымен салыстырғанда. Жылдан жылға өсім 28,8%-ды құрады.

🏘 Ипотекалық несие көлемі қатарынан екінші ай төмендеп барады. Дегенмен, ақпандағы айдан айға төмендеуі - білінер-білінбес қана. Көрсеткіш 152,8 млрд теңгеге дейін төмендеп, небәрі 0,2%-ды жоғалтты. Теріс динамиканың бір себебі маусымдық бәсеңдеуге байланысты болуы мүмкін: жылдың ең төменгі көрсеткіштері, көбіне, алғашқы айлардың қорытындылары бойынша тіркеледі. Оған қоса 1 наурызға қарай ипотекалық несиелер бойынша жалпы қарыз көлемі 6,7 трлн теңгеге жуықтаған. Бұл сома 634 мың келісімшарт пен 606 мың қарыз алушы арасында бөлінген.

☝️Айтпақшы, қызықты ақпарат: ақпанда берілген автонесиелердің көлемі соңғы 11 айда алғаш рет ипотекалық несиелердің көлемінен асып түсті. Соңғы рет автонесие басып озғанда, айырмашылық номиналды түрде аз болған еді (8,8 млрд теңге және қазір 12,3 млрд теңге).

🛒 Өткен аймен салыстырғанда кепілсіз тұтынушылық несиелердің берілуі де азайған (жеке тұлғалар берілген несиенің 2/3 құрайды) - минус 4,1%, 838,5 млрд теңге дейін Сонымен қатар қарыз алушылар саны да қысқарғаны байқалды: ақпанда мұндай несиелерді рәсімдеген адамдардың саны қаңтармен салыстырғанда 14,6%-ға төмендеген. Ал берілген несиелердің саны одан да көбірек азайған - 21,2%-ға.

Енді кәсіпорындарға берілген несиелерге көшейік.

📊 Заңды тұлғалар мен ЖК берілген несиелердің жалпы көлемі 1,7 трлн теңгеге жуықтады. Өткен айға қарағанда өсім айтарлықтай – плюс 47,3%. Дегенмен, бұл өсім қаңтардағы төмен базаға байланысты екенін ескеру керек. Жылдық есептеуде өсім 10,6%-ды құрайды (бұл көрсеткіш 9,4% деңгейіндегі жылдық инфляцияға түзетусіз есептелген).

💼 Барлық берілген несиелердің жалпы сомасының 92%-ын заңды тұлғалар құрайды. Абсолюттік мәні – 1,5 трлн теңге, бұл айдан айға 49,3%-ға, жылдан жылға 12,7%-ға өсім көрсетті. Тиісінше, ЖК берілген несиелердің үлесі – 8%, яғни 132,2 млрд теңге. Салыстырылып отырған кезеңге қарағанда мұнда динамика әртүрлі: айлық мәнде 28%-ға өсім байқалса, жылдық мәнде 8,4%-ға төмендеу тіркелді.

Қосымша мәліметтерді келесі посттағы суреттерден таба аласыз

Бірінші кредиттік бюро деректері

@DataHub_KZ
🥰1
Уәде еткеніміздей, несие нарығындағы соңғы үрдістер бойынша толық мәліметтерді жариялаймыз.

@DataHub_KZ
🥰1
Заңды тұлғалардың кредиттері бойынша мөлшерлемелер өсуін жалғастырды

Ұлттық Банктің деректеріне сәйкес ақпан айында ЕДБ берген заңды тұлғалардың теңгелік кредиттері бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме 0,4 п.п. ұлғайып, 18,3%-ға жақындады.

Бұл бір жылдан астам уақыттағы - 2024 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары көрсеткіш, жалпы базалық мөлшерлеменің динамикасына сәйкес келеді: 2025 жылдың ақпан айының басында ол 2024 жылдың ақпан айының басымен бірдей деңгейде болды. Бір жыл бұрын Ұлттық Банк ақша-несие саясатын жеңілдеткен болатын, ал 2024 жылдың аяғынан бастап, керісінше, оны инфляциялық тәуекелдердің қысымымен қатайта бастады. Қазірдің өзінде, наурыз айында базалық мөлшерлеме 2023 жылдың жазындағы -- 16,5% деңгейіне оралды.

Айтпақшы, ақпан айында жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің кредиттері бойынша мөлшерлемелер қаңтарға қарағанда төмен болды: орташа өлшенген деңгей қаңтардағы 21,8%-дан кейін 20,5%-ды құрады. Бұл көрсеткіш пайызсыз бөліп төлеудің әсеріне сезімтал екенін және оның кредиттердің жалпы берілу көлеміндегі үлесіне байланысты өзгеретінін еске сала кету керек.

Ақпан айында депозиттердің жағдайы не болды? Мұндағы жағдай да ұқсас болып шықты: заңды тұлғалардың теңгелік депозиттері бойынша мөлшерлемелер жоғарылады (қаңтардағы 14,1%-дан кейін 14,2%, бұл де бір жылдан астам уақыттағы ең үздік деңгей), ал жеке тұлғаларда, керісінше, 13,5%-дан 13,3%-ға дейін төмендеді, бірақ желтоқсанда тіркелгеннен жоғары болып қалуда.

@DataHub_KZ
1
Бала туудың жалпы коэффициенті үшінші жыл қатарынан төмендеп келеді

2024 жылы бала туудың жалпы коэффициенті (ТЖК) 0,16-ға азайып, 2,8-ге дейін төмендеп кетті. Бұл көрсеткіш бір әйел өзінің репродуктивті кезеңінде (15 пен 49 жас аралығы) әрбір бес жылдық жас интервалы бойынша туу деңгейі қазіргі деңгейде сақталған жағдайда орта есеппен қанша бала туа алатынын көрсетеді. Оны есептеу барысында жас ерекшелігіне байланысты туу коэффициенттерін өзара қосып, 1000-ға бөледі.

ТЖК 2022 жылдан бері тұрақты түрде төмендеп келеді. Әрине, бұған дейін, 2021 жылы ол соңғы 22 жылдағы ең жоғары деңгейге жеткенін ескере кету керек – 3,32. Алайда бұл төмендеуді COVID-19 пандемиясынан кейінгі қалыпқа келу процесі деп түсіндіру қиынға соғады. Себебі қазіргі көрсеткіш соңғы жеті жылдағы, яғни 2017 жылдан бергі ең төменгі деңгейде.

👩 Сәйкесінше, 2021 жылғы шарықтау шегімен салыстырғанда ТЖК айтарлықтай азайған - 0,52-ге. Бұған, әсіресе, 20-29 жас аралығындағы жас әйелдер айтарлықтай әсер еткен сияқты: дәл осы жас тобында туу коэффициенттері өте қатты төмендегені байқалады (графикті қараңыз).

Атап айтқанда, 20-24 жас аралығында туу деңгейі (1000 әйелге шаққандағы тірі туылғандар саны) үш жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 45,18-ге, ал 25-29 жас аралығында 30,88-ге азайған. Ал жалпы барлық жас аралығын алғанда (15-49 жас), 20,33-ке төмендеген.

‼️ Дегенмен, ТЖК-ның төмендеуі жағдайды тым нашар деп бағалауға болатынын білдірмейді. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, Қазақстандағы жағдай әлемдік орташа деңгеймен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Алайда бұл мәселені елемеуге болмайды.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
ТЖК динамикасы туралы алдыңғы жазбаға қосымша ретінде графиктерді жариялаймыз

@DataHub_KZ
1