DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
... Жылжымайтын мүлік туралы тағы бірнеше сөз: Астанада тұрғын үй сатып алу бағасы күрт өсімді көрсетпесе де, жалдамалы тұрғын үйдің құны болса бірден өсті

Желтоқсан айында елордада жалға алу қараша айымен салыстырғанда бірден 6,1%-ға қымбаттады. Бұл секіріс 2022 жылдың қыркүйегінен бері ең елеулі болды.

Енді Астанадағы жалдамалы пәтердің 1 шаршы метрі орта есеппен 5 мың теңгеге жуық тұрады, бұл ҚР бойынша орташа көрсеткіштен 9%-ға жоғары, бірақ әлі де Алматыға қарағанда 7%-ға төмен. Оңтүстік мегаполисте жалға алу екі жарым жылдан астам уақыт бойы қымбатырақ тұрады, бірақ қазір бұл алшақтық 2022 жылдың тамызынан бергі ең қарапайым болып шықты.

Алматыда желтоқсан айында жалдамалы тұрғын үйдің құны 0,9%-ға төмендеді, қатарынан екінші рет құлдырау. Жалпы, өткен жылы қалада жалға алу құны айдың қорытындысы бойынша бес рет арзандады, ал 2024 жылдың желтоқсанында оның құны 2023 жылдың желтоқсанына қарағанда 0,3%-ға аз болды.

Астанада бүкіл 2024-ші жылы жағдай басқаша болды: бағаның төмендеуі бір рет қана тіркелді, нәтижесінде желтоқсанға қарай құны өткен жылмен салыстырғанда 25,8%-ға жоғары болды.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
🥰1
Колледждерге тегін оқуға түсу жеңілдеп барады, десе де, жастардың колледждерге қызығушылығы бәрібір де артар емес

2024/2025 оқу жылында техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына түскендердің жалпы санының 73%-ы бюджеттік бөлімге қабылданған. Бұл - кем дегенде 14 жылдағы ең жоғары көрсеткіш!

Сәйкесінше үлесі осы аталған уақыт аралығында үнемі өсіп отырған және нәтижесінде 30 п.т. артты. Басқаша айтқанда, 2011/2012 оқу жылынан бері колледжге ақысыз оқуға түсу мүмкіндігі 1,7 есеге өскен. Бұрын тек бес студенттің үшеуі ғана тегін оқуға түсе алса, қазір төртеуінен үшеуі осы мүмкіндікке ие бола алады.

Жалпы алғанда, байқалып отырған динамика мемлекеттік саясаттың сұранысқа ие техникалық және кәсіби мамандықтар бойынша жастарды тегін біліммен қамтуды арттыруға бағытталғанын растайды.

Алайда соңғы кездері жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру қажеттігі туралы көп айтылып жатса да (айтпақшы, 2025 жылды толығымен осы тақырыпқа арнау жоспарлануда), мемлекет өз тапсырысын бөлу кезінде бұл мәселеге толық назар аударады деп айтуға келмейді. Мысалға, 2024/2025 оқу жылында колледждерде бюджеттік бөлімге түскен студенттердің 43%-ы классикалық түсінікте болар-болмас мәнде ғана жұмысшы мамандықтарына жататын мамандықтарға түскен. Сөз төмендегі мамандықтар жайлы:

👩‍🏫 «Білім беру» (13%);
👨‍💻 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (12%);
👩‍⚕️ «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» (8%);
👨‍⚖️ «Бизнес, басқару және құқық» (5%);
👩‍🎨 «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (4%).

Алайда, мемлекет колледждерде тегін білім алуға қол жеткізуді жеңілдетуге қанша тырысса да, жастар арасында колледждерге деген қызығушылық артпай отыр. Бұған дәлел - ағымдағы оқу жылында 9-сыныпты бітірген мектеп түлектерінің 37%-ы, ал 11-сыныпты бітіргендердің 30%-ы колледжде оқуын жалғастыруға шешім қабылдағаны. 2016/2017 оқу жылымен салыстырғанда (оған дейінгі статистикалық деректер ашық дереккөздерде жоқ) көрсеткіштер, сәйкесінше, 3 п.т. және 15 п.т. төмендеген.

Дегенмен, бұл есептеулерде аздаған қателіктер болуы мүмкін екенін ескеру керек. Біріншіден, колледждерге 9-сынып пен 11-сыныптан кейін түскендердің жалпы саны өткен жылдардағы түлектерді де қамтиды. Екіншіден, 9-сынып және 11-сынып түлектері деп өткен оқу жылының басында осы сыныптарда оқыған оқушылар есептелінеді. Есептеулердің жуық мәні статистикалық деректерді ұсыну форматына байланысты.

Ал университеттерге деген қызығушылық, керісінше, артып келеді. 2016/2017 оқу жылынан бері 11-сынып түлектерінің университеттерге түсу үлесі 3 п.т. өсіп, 73%-ға жеткен (мұнда да есептеулер белгілі бір дәрежеде жуық мәнде). Бұл орайда, бюджеттік бөлімге түсу мүмкіндігі әлдеқайда төмен екендігін атап өткен жөн. Алайда, әділдік үшін айту керек, ол да артып келеді (төмендегі графикті қараңыз).

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
🥰1
Айтып өткеніміздей, алдыңғы постқа қосымша ретінде колледждерде тегін білім алудың мүмкіндіктері жайлы графикті жариялап отырмыз.

@DataHub_KZ
1🥰1
⚖️ Соттарға тауар белгілеріне қатысты талап-арыздардың рекордтық саны келіп түсті

2024 жылы бірінші сатыдағы азаматтық соттар тауар белгілерін тіркеуге, пайдалануға және тоқтатуға байланысты барлығы 447 талап арыз қабылдады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7 есе және кем дегенде 10 жылдағы максимум.

Қазіргі серпінді аномальды деп санауға болады - қаралып отырған кезеңде мұндай талаптарды тіркеу әлі де өспеген болатын. Жалпы 2023 жылға дейін көрсеткіштің динамикасы айтарлықтай бірқалыпты болып көрінді. Үш есе өскен 2016 жылды ғана ерекшелік деуге болар. Алайда іс жүзінде нәтиже бәрібір де мардымсыз болды - 36 бірлік. Бірақ қазіргі деңгей де объективті түрде жоғары болып көрінбейді. Әсіресе, Қазақстанда барлығы 67,4 мың тауар таңбасы қорғалатынын ескерсек.

🖇 Жалпы мәлімет үшін: заң бойынша тауар белгілерімен және өнеркәсіптік меншік объектілерімен байланысты азаматтық дауларды алдымен ҚР Әділет министрлігінің апелляциялық кеңесі қарауы тиіс. Осы орган қараған өтініштердің статистикасын ашық қолжетімділікте анықтау мүмкін болмады. Сонымен қатар оның шағымданбаған шешімдерінің орта есеппен 22%-ы сотқа түсетіні белгілі. Демек 2024 жылы тиісті шағымдардың жалпы саны шамамен 2 мың болуы мүмкін. Бұл да мойындау керек, онша көп емес.

Сонымен қатар авторлық құқықты қорғау туралы талаптарды тіркеу оң динамиканы көрсетеді. 2023 жылмен салыстырғанда өсім 32% құрады. Алайда ағымдағы мән алдыңғы жылдардағы көрсеткіштер аясында да қарапайым болып көрінеді – 343 бірлік. Барлық басқа зияткерлік меншік объектілеріне келетін болсақ, қабылданған талаптардың саны айтарлықтай өсті, 220%-ға. Алайда одан да қарапайым ағымдағы мән туралы айтып отырмыз – 215 бірлік.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен бөлек, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын қоса айта кету керек. Бұл жерде көрініс әртүрлі 👇

🔸ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша (Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану) құқық бұзушылықтарды тіркеу 3,4 есеге, 297 бірлікке дейін ұлғайды.

🔸Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 198-бабы (Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу) және ҚР ҚК-нің 222-бабы (Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауды, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша тіркеу өткен жылдағыдай іс жүзінде болмаған.

ҚР БП ҚСжАЕК деректері

@DataHub_KZ
👍1🥰1
Графикте зияткерлік меншік объектілерімен байланысты талап-арыздарды соттардың тіркеуі бойынша көрнекі көріністі ұсынамыз.

@DataHub_FCBK
👍1🥰1
Қоғамдық тамақтану орындарындағы әрбір екінші теңге Алматы мен Астанада "желінген"

2024 ж. қаңтар-желтоқсан айларында аталған мекемелердің тағамдар мен сусындарды сатудан түскен табысы ҚР бойынша 1,3 трлн тг жетті. Сегменттегі бағаның өсуін ескере отырып есептегенде, бұл көрсеткіш 2023 ж. осы айларына қарағанда 10%-ға көп.

Соманың жартысына жуығы елордаға тиесілі - 625 млрд тг, нақтырақ айтқанда 47%-ы. Соңғы 5 жылда көрсеткіш қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша, орта есеппен, 45% деңгейде болған еді. Ал 10 жыл бұрын тек үштен бірін ғана құрайтын.

2024 ж. Алматы мен Астана өңірлер арасында тамақтану орындарының табысы бойынша алғашқы екі орынды иеленді: тиісінше 318,5 млрд және 306,5 млрд. Ал өсу қарқыны Астанада әлдеқайда жоғары болды (инфляцияны ескергенде ж/ж +23%). Алматыда, 2023 ж. қаладағы табыс көлемі төмендегеніне қарамастан (-6%), ж/ж +8% ғана болды.

Екі астана үшін де ең табысты ай желтоқсан болды: 12 айдағы жалпы табыстың 14%-ы осы айға тиесілі.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
🥰1
🛍↗️Қазақстандық ритейл 11 жылдағы рекордтық қарқынмен көтерілді

2024 ж. бөлшек сауда көлемі 24,45 трлн теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда нақты өсім 4,6 т.т.-ға жеделдеп, 9,8%-ға жетті. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес, ағымдағы қарқын – 2013 ж. бері ең жоғары.

Өткен жылдың алғашқы жеті айында өсу салыстырмалы түрде қалыпты болды (ж/ж орташа қарқыны - 5,8%). Алайда ол одан әрі қарқын ала бастады және қазан айында 19,3%-ға жетті. Бұл соңғы 6 жылдағы ең жоғары мәндердің біріне айналды және қалғандарынан айырмашылығы төмен база әсеріне байланысты емес. Соңғы 2 ай «сәтті» болып шықты: плюс 14% (қараша) және плюс 13,3% (желтоқсан).

Ағымдағы динамикада Алматы (бөлшек сауданың жалпы көлемінде 34%) және Астана (13%) маңызды рөл атқарды. Бірінші жағдайда өсім 6,4 т.т.-ға (12,8%-ға дейін), екіншісінде – 7,8 т.т.-ға (10,5%-ға дейін) жеделдеді. Екінші жағынан, бөлшек сауданың өсуіне азық-түлік сатудан түскен түсімнің 9,1%-ға артуы оң әсер етті. Бұған дейін ол 2 жыл қатарынан құлаған болатын.

@DataHub_KZ
🥰1
Доллар бағамы тағы да тарихи рекордты жаңартты, ал юань 2022 жылдың көктемінен бергі ең жоғары деңгейде

🇺🇸Ұлттық банк 15 қаңтарға белгілеген американдық валютаның ресми бағамы 530,24 тг болды. Дәл мұндай жоғары деңгей бұрын-соңды болмаған еді. Айтпақшы, қазіргі мәні де, 14 қаңтардағы, тарихи рекорд болды. Алайда, көріп тұрғандарыңыздай, ұзақ тұрмады. Бүгінгі күнмен салыстырғанда доллардың ресми бағамы 0,3%-ға, жыл басымен салыстырғанда 1%-ға артқан.

🇨🇳Тағы да бір рекордты - тарихи емес, бірақ ұзақ мерзімді - 72,33 тг бағамымен қытайлық юань орнатты, 14 қаңтарға қарағанда +0,3%. Бұдан жоғары мән соңғы рет 2022 жылдың сәуірінде болды.

🇪🇺Еуро бағамы - 543,97 тг. Бұл жерде ешқандай рекорд болмады, соңғы апталарда бұдан да жоғары көрсеткіштер болды. Десе де, бүгінгі күнмен салыстырғанда айырмашылық баршылық, +0,9%.

🇷🇺Рубльдің ертеңгі бағамы - 5,16 тг.
Бір-екі күннен бері бағамы осы мән аясында құбылып жүр. Соңғы айда рубль тек РФ-дағы жаңа жылдық мерекелер уақытында ғана 5 тг психологиялық межеден төмен түсті.

❗️Бір қызығы, теңгенің долларға қатысты бағамының қазіргі әлсіреуі биржалық сауданың айтарлықтай көлемінің аясында орын алды. Кейбір сарапшылар мұндай күрт өсім Ұлттық Банктің валюталық интервенцияларымен байланысты болуы мүмкін деп болжайды. Алайда мұны біз тек айдың қорытындысы бойынша ғана нақты біле аламыз (немесе реттеуші бұл туралы бөлек хабарлаған жағдайда). Егер интервенциялар туралы гипотеза рас болса, онда теңге бұдан да қатты әлсіреуі мүмкін еді 😐

Алдағы уақытта не болады? Әдеттегідей, жақсы сұрақ. Бірақ қаңтарда Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы сұрастырған сарапшылардың пікірінше, бір айдан кейін доллар бағамы 527,3 тг деңгейінде болуы мүмкін. Бұл ретте өткен жылға төленетін ірі салықтық төлемдер ақпанда ұлттық валютаға аз да болса қолдау көрсетуі тиіс деген болжам бар.

Қалай болғанда да, сарапшылардың жалпы күтулері сегізінші ай қатарынан нашарлап барады: тәуекелдерді Ресейге қарсы санкциялармен, рубль бағамымен, мұнай бағасының төмендеуін күтумен, сондай-ақ дамушы елдердің экономикаларынан өтімділіктің қауіпсіз құралдарға ауысуымен байланыстыруда.

@DataHub_KZ
🥰1
🖼💸Қазақстан бір айда миллиондаған доллар тұратын коллаждарды импорттады. Мұндай әлі болмаған сияқты

Қараша айында шетелден әкелінген мерзімі жүз жылға жетпеген* коллаждар мен ұқсас сәндік суреттердің жалпы құны 5,6 миллион долларды құрады. Бұл алдыңғы сегіз жылды бірге алғандағы көрсеткішпен салыстырғанда алты есе дерлік көп (2021 жылы импорт болған жоқ).

2024 жылы мұндай өнімдердің импорты тек қараша айында жүзеге асырылды - бұл айға оның 11 айдағы құндық көлемінің 99,9%-ы және физикалық көлемінің 98,6%-ы сәйкес келеді.

☝️Бір қызығы, әкелінген коллаждардың жалпы салмағы сомасы сияқты қалыптан тыс көтерілген жоқ. Соңғы 10 жылдың көкжиегінде 2018 және 2020 жылдардың қорытындысы бойынша қарашадағыдан (10,8 т) көбірек болды - сәйкесінше 30,5 т және 16,5 т болды.

🇺🇸Тағы бір қызықты ақпарат. Қараша айындағы импорттың барлық көлемін – ақшамен де, даналармен де – бұрын негізгі жеткізушілердің қатарында болмаған АҚШ қамтамасыз етті. Бұрын мұндай рөлді негізінен Қытай атқарды – ең көп ұқсас тауарлар сол жерден әкелінді.

Импортталған коллаждардың арасында өнер туындылары болуы мүмкін деп болжауға болады – қарастырылып отырған позицияны қамтитын тауарлар тобы, кедендік статистикада дәл солай аталады - «Өнер туындылары, коллекциялық заттар және антиквариат». Жалпы мәлімет үшін: мәдени құндылығы бар өнер туындыларын Қазақстаннан әкетуге заңмен тыйым салынған, ал әкелуге тыйым салынбайды.

*СЭҚ ТН коды 9701 99 000 0

ҚР СЖРА ҰСБ деректері


@DataHub_KZ
🥰1
Графикте қараша айында коллаждар импортының әдеттен тыс өсуі анық көрсетілген.

@DataHub_KZ
🥰1
Қазақстан азаматтығын алғандар саны бойынша антирекорд орнатылды

2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің азаматтығына қабылданғандар саны 20,2 мың адамға жетті. 2023 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш бірден төрттен бірге қысқарып, кем дегенде соңғы бес жылдағы, 2020 жылдан бері, ең төменгі деңгейде тұр.

Азаматтық алушылардың басым бөлігі – қандастар. Көрсеткіштің жылдан жылға төмендеуі де, негізінен, осы санаттағы адамдардың есебінен болып отыр. 2024 жылы азаматтықты шамамен 15,7 мың қандас алса, 2023 жылы олардың саны 20,5 мыңды құраған еді. Алайда азаматтық алғандар арасындағы қандастардың үлесі сәл өсіп, 76%-дан 77%-ға жеткен.

Жаңа қазақстандықтар көбіне қай өңірлерді таңдайды десек, көш басында барлық азаматтық алғандардың ішінен 26%-дық үлесімен Алматы облысы тұр. Одан кейін Астана (9%) және Түркістан облысы (8%) орналасқан. Ал деректері бөлек қарастырылатын Байқоңыр қаласы, сонымен қатар Ұлытау және Қызылорда облыстары аса танымал емес өңірлер қатарында: бұл жерлерге, тиісінше, 19, 21 және 42 адамнан ғана келеді.

ҚР ІІМ деректері

@DataHub_KZ
🥰1
Мінеки, өткен жылы азаматтық алғандардың құрылымы және олардың соңғы жылдардағы санының динамикасы графикте осындай көрініс тауып тұр

@DataHub_KZ
1🥰1
😱↗️Ең қажетті өнімдер 2,5 жылдан астам уақыт ішінде рекордтық қарқынмен қымбаттады

8-14 қаңтар аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасы 0,5%-ға өсті. Бұдан жоғары апталық қарқын соңғы рет 2022 жылдың сәуірінде байқалды, ол кезде ӘМАТ бағасының өсуі наурыз айындағы қалыптан тыс өсуден кейін біртіндеп қалпына келді.

ӘМАТ қымбаттауы 13 апта бойы жалғасуда. Мойындау керек, бұл өте ұзақ: алдыңғы екі жылдың елеулі кезеңдерінде мұндай ұзаққа созылған сериялар байқалмады. Айтпақшы, ағымдағы секіріс – соңғы уақытта бірінші емес, алдыңғы секіріс қараша айында болды (+0,4%).

Жалпы алғанда, ең қажетті 19 өнімнің ішінде 10 өнім тұтынушыларға азырақ қолжетімді болды. Бұған қоса картоп пен күнбағыс майының жағдайы ең нашар: мұнда бағаның өсуі критикалық мәндерге дейін өсті.

🥔Мәселен, картоптың құны 4,7%-ға өсті. Мұндай қарқындар бір апта үшін ғана емес, бүкіл қаңтар айы үшін экстремалды көрінеді! Салыстырыңыз, 2015 жылдан 2024 жылға дейін бірінші айдың қорытындысы бойынша тамыр дақылдары орта есеппен 2,9%-ға қымбаттады. Ағымдағы секіріс маусымдыққа байланысты емес екенін түсіну маңызды. Картоп бағасының қатты өсуі дәстүрлі түрде мамыр мен маусымда байқалады. Бұл қажетті климаттық жабдықтармен жабдықталған көкөніс қоймаларының жетіспеушілігімен байланысты: қарапайым көкөніс қоймаларында ол көктемнің аяғында бұзыла бастайды, нәтижесінде бағаның күрт өзгеруіне әкеледі.

🌻 Өз кезегінде күнбағыс майы 1,8%-ға өсті (кем дегенде 2022 жылдың басынан бергі максимум). Көптеген тағамдардың негізгі ингредиенті 26 апта бойы тоқтаусыз қымбаттауда, ал бұған дейін 2023 жылдың ақпанынан 2024 жылдың шілдесіне дейін тұрақты түрде арзандаған. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың ақпан айында күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығы енгізілді. Осының есебінен жергілікті күнбағыс майын өндірушілер өз қуаттылықтарын жүктеп, бағаны төмендету үшін жеткілікті мөлшерде шикізат алады деп болжанған.

📎 Бір қызығы, фермерлердің наразылығына қарамастан, қазіргі уақытта баждар күшінде қалуда және сол мөлшерде есептеледі. Сол арада күнбағыс тұқымының экспорты азаюда, ал күнбағыс майының экспорты, керісінше, артуда. Нақтырақ айтсақ, 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша бірінші жағдайда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34%-ға төмендеу, екінші жағдайда - 22%-ға өсу байқалады.

Дереккөз – ҚР СЖРА ҰСБ

@DataHub_KZ
🥰1
❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде қалдырды (15,25%)

@DataHUB_KZ
🥰1👌1
DATA HUB Қазақша
❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде қалдырды (15,25%) @DataHUB_KZ
Ал енді Ұлттық банктің түсіндірме пікірін бірге оқиық

Қызықты деректер:

❗️Реттеуші экономиканың қызып кету белгілерін байқап отыр. ЖІӨ динамикасын шамамен бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш – қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2024 жылдың қорытындысы бойынша жылдан жылға 6,2%-ға дейін жеделдеді. Ең жоғары қарқын ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларында байқалады.

📈Желтоқсанда жылдық инфляция жеделдеді, әрі оның тұрақты бөлігінің өсуі сақталып отыр. Желтоқсандағы халықтың инфляциялық күтілімдері де қайтадан өсті.

🌍Сыртқы қысым ешқайда кетпеді: әлемдік азық-түлік бағалары жоғары деңгейде қалып отыр, ал біздің ірі сауда серіктесіміз Ресейде инфляция қайтадан жеделдеуде (қазіргі таңда біздің елдегі көрсеткіштен жоғары).

🔴Сыртқы инфляциялық факторлармен қатар ішкі факторлар да бар. ТКШ тарифтері бойынша реформа жалғасып жатыр, теңгенің әлсіреуі бағаға әсер етуі мүмкін, сұраныс жоғары деңгейде қалды, ал фискалдық ынталандыру тоқтаған жоқ.

Осы жағдайлардың барлығын ескере отырып Ұлттық Банк бүгін базалық мөлшерлемені көтермегенімен, болашақта осындай қадамға баруы мүмкін. Реттеуші келесі отырыс – 7 наурызға дейін «ақша-несие саясатын қосымша қатаңдатудың қажеттілігін бағалайтынын» мәлімдеді.

@DataHub_KZ
🥰1
🏘↘️ Алматыда тұрғын үйлерді пайдалануға беру 10%-дан астамға төмендеді

2024 жылы мегаполисте жалпы ауданы 2,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. ҚР СЖРА ҰСБА деректеріне сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға аз.

Атап айтарлығы, 2015 жылдан 2021 жылға дейін Алматыда пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы тұрақты түрде өсіп отырды, орташа өсімі жылына 10,7% болған еді. Соңғы он жылдағы алғашқы төмендеу 2022 жылы тіркелді (жылдан жылға минус 27,3%). Бірақ ол кездегі теріс динамика жалпы еліміз бойынша байқалған үрдістің бір бөлігі еді: жалпы еліміз бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру 7,4%-ға азайды. Мұны, ең алдымен, құрылыс материалдарының қымбаттауымен түсіндірді. Ал қазіргі төмендеуі республикалық көрсеткіштің 6,4%-ға өсуі аясында тіркеліп отыр.

Қалай болғанда да, мегаполисте ежептәуір тұрғын үй пайдалануға берілген. Мысалы, 2015 жылы бұл көрсеткіш 1,4 млн шаршы метрді құрап, қазіргі деңгейден 43%-ға төмен болған.

Алматыда салынған тұрғын үйлердің 80%-дан астамын дәстүрлі түрде көппәтерлі үйлер құрайды. Бұл сегментте 2024 жылы 12,4%-ға төмендеу байқалды (қазіргі көрсеткіші – 1,97 млн шаршы метр). Сонымен қатар салынған жеке үйлердің ауданы сәл артқан – 1,9%-ға, 417 мың шаршы метрге дейін.

Бұған дейін Алматының билік өкілдері 2024 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді беру көлемі 20%-ға қысқарады деп болжаған еді. Мұндай күрт төмендеуге жаңа құрылыс нормалары, соның ішінде сейсмикалық қауіпсіздік талаптарына байланысты қабылданған нормалар, себеп болуы тиіс деп күтілген еді.

@DataHub_KZ
🥰1
Алматыда тұрғын үйлердің берілуінің төмендеу көрінісі графикте көрсетілген.

@DataHub_KZ
🥰1
👴👵60 жастағы қазақстандықтардың өмірі қаншалықты ұзақ болады?

2023 жылы 60 жастағы халықтың өмір сүру ұзақтығы 20,85 жылды құрады. Көрсеткіштің динамикасына ковид әлі де әсер етпеген 2019 жылмен салыстырғанда бір жарым жылға өсу байқалды. Мұндай деректерді ҚР СЖРА ҰСБ жақында жарияланған «Қазақстанның аға буыны» жинағында келтіреді.

Басқаша айтқанда, екі жыл бұрын 60 жаста болған орташа статистикалық қазақстандық 81 жасқа дейін өмір сүреді. Келісеміз, бұл жасқа дейін өмір сүретін адамдардың саны көп еместігін ескерсек, бұл ақпарат шындыққа онша жанаса қоймайтын сияқты. Мұнда статистика өзі-ақ айтып тұр: 2023 жылдың соңында 81 жастағы қазақстандықтар халықтың тек 0,2%-ын (34,1 мың адам) құрады, ал 60 жастағы азаматтар - 1% (196,8 мың адам).

☝️Алайда егер сіз оның не екенін түсінсеңіз, аталған сан шындыққа жақындау көрінеді. Ол 60 жастағы қазақстандықтардың өмірінің қалған кезеңінде әрбір келесі жаста өлім-жітім деңгейі көрсеткішті есептеу жылындағыдай болып қалатын шартпен алдағы өмір сүретін жылдар санын білдіреді. Демек, болжамдардың оптимистілігі тиісті коэффициенттердің мәндерімен тікелей байланысты.

‼️Мұның мәні мынада: Қазақстан егде жастағы адамдар арасындағы өлім-жітім деңгейінің төмендеуі бойынша жалпы әлемдік трендке ілесуде. Атап айтқанда, 2023 жылы 60 жастан асқан 1000 адамға шаққанда 34 адам қайтыс болды. Салыстыру үшін, төрт жыл бұрын, ковидке дейінгі 2019 жылы, әңгіме 41 қайтыс болған адам туралы болды. Сонымен қатар 60 жастағыларға орташа есеппен қанша жыл өмір сүру қалды деген болжамдар да заңды түрде жақсаруда.

Жағдайға байланысты көрсеткіштің мәні әртүрлі болады. Мәселен, 60 жастан кейінгі өмір сүрудің күтілетін ең үлкен ұзақтығы Алматы (22,66 жас) және Астана (22,35 жас) тұрғындары үшін есептелген. Ең азы – Ұлытау (19,33 жас) және Қызылорда облыстарының (19,85 жас) тұрғындары үшін. Әрине, жыныстар арасында айтарлықтай алшақтық бар. Ерлер жағдайында бұл көрсеткіш 18,27 жасты, әйелдер үшін – 22,92 жасты құрайды. Сонымен қатар, қала мен ауыл тұрғындары үшін есептелген көрсеткіштер арасында айырмашылық бар - сәйкесінше 21,29 жыл және 20,10 жыл.

@DataHub_KZ
1🥰1
60 жастағы халықтың өмір сүруінің күтілетін ұзақтығы динамикада былайша көрінеді.

@DataHub_KZ
1🥰1