DATA HUB Қазақша
📈Алматыда қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы бір жыл ішінде төрттен бірінен астамға қымбаттады — қарқын көптеген жылдар ішіндегі максимумға жетті ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес 2025 жылдың қорытындысы бойынша (желтоқсанға желтоқсан) мегаполистегі пәтерлерді…
Жылжымайтын мүлік нарығындағы трендтерді көрсету үшін екі басты қаладағы бағаның айдан айға қалай өзгергенін еске түсірейік
@DataHub_KZ
@DataHub_KZ
🫣2025 жылы Қазақстандағы театр билеттері рекордтық деңгейде қымбаттады
Желтоқсанның қорытындысы бойынша қазақстандықтар үшін театрға бару құны орта есеппен жылдан жылған 43,3%-ға өскен - бұл соңғы 15 толық жылдың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, бір жылда бағаның өсуі 7,5 есеге жеделдеген.
🎭💸Кем дегенде 2011 жылдан бері театр билеттері күнтізбелік қорытындысы бойынша жылдан жылға бірде-бір рет арзандамаған. Алайда жалпы тұтынушылық инфляциядан озатын екі таңбалы қарқынмен баға небәрі екі рет өскен. Өткен жолы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, геосаяси жағдайдың күрт нашарлауымен сипатталған кезеңде, инфляция 20,3% болғанда театрға бару құны 22,1%-ға қымбаттады. Қазір театр билеттерінің бағасы инфляциядан 3,5 есе жоғары қарқынмен өсіп отыр.
Айта кетейік, театрға бару құнының ең белсенді өсуі 2025 жылдың соңғы үш айында байқалды - олардың әрқайсысының қорытындысы бойынша орта есеппен айдан айға +8,4% шамасында тіркелген. Ал жыл ішіндегі алғашқы айқын серпіліс маусым айында болған , айдан айға +10,1%.
📈Театр билеттері 20 өңірдің 15-інде қымбаттай түскен, тағы бес өңірде өзгеріс болмаған (Алматы облысы бойынша деректер конфиденциалды). Орташа республикалық деңгейден жоғары баға өсімі Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.
☝️Билеттердің қымбаттауын билік, өзге факторлармен қатар, олардың құрамына кіретін тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына байланысты пайдалану шығындарының өсуімен түсіндіреді. Жалпы алғанда, мемлекеттік театрлардың қызметі залалды екенін түсіну қажет. Бұл шығындарды жабу үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден жыл сайын субсидия бөлінеді. Мысалы, Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, қаңтар–қараша айларында олардың көлемі* 81,6 млрд теңгені құрады, бұл номиналды түрде жылдан жылға +20,9% (соманың құрамында концерт залдарына бөлінген қаражат та бар).
2025 жылдың басында Қазақстанда 74 театр болған**, оның 32-сі Астана мен Алматыда орналасқан. Әрбір бесінші мекеме жеке меншік нысанында жұмыс істеген. 2024 жылы өткізілген іс-шаралардың жалпы саны 16,7 мыңды құрап, оларды жалпы 3,1 млн көрермен тамашалаған. 2023 жылмен салыстырғанда бұл екі көрсеткіш те айтарлықтай өзгере қоймаған.
*Мемлекеттік бюджеттің «Театр-концерт ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» және «Театр және музыка өнерін қолдау» бағыттары бойынша шығыстары
**ҚР СЖРА ҰСБ-ға 2025 жылы есеп берген, ЭҚЖЖ 90.01.1 «Театр қызметі» коды бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер

❤1
Ресми статистика әлеуметтік маңызы бар нанның айтарлықтай қымбаттауын көрсетті. Неліктен?
Жаңа жылдың басы бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасының өсуімен ерекшеленді: 30 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында ҚР бойынша өнім бірден 1,8%-ға қымбаттады. Бұл қарқындар өнім бойынша апта сайынғы статистикадағы 2022 жылдың наурыз айының ортасынан бергі ең елеулі қарқындар болды.
Алайда келтірілген орташа көрсеткіш нан бүкіл елде бірден біркелкі қымбаттады дегенді білдірмейді. Керісінше – зерттелген 20 қаланың 18-інде динамика нөлге тең, тағы бір қалада, Семейде, бағалар 0,4%-ға өсті, оның есесіне көрсетілген күндері нан бірден 18,3%-ға қымбаттаған қала бар. Бұл Түркістан.
Бұл қалада соншама не болды? Бұл қалада нанның қымбаттауы біраз уақытқа кейінге қалдырылды деп болжауға болады. Жылдық мәнде оның бағасы жаңа жылдың басындағыдан да аз өсті, 2025 жылдың 8 қаңтарымен салыстырғанда +18%. Әңгіме мынада, бүкіл 2025 жыл бойы мұндағы бағалар аптадан аптаға өзгеріп тұрған жоқ, тіпті төмендеп отырды: желтоқсан айының соңына қарай нанның құны бір жыл бұрынғыға қарағанда 1%-ға төмен болды.
Нәтижесінде, 8 қаңтардағы жағдай бойынша Түркістандағы нанның құны бір килоға орта есеппен 252 теңгені құрайды – бұл ҚР бойынша жалпы көрсеткіштен 13%-ға артық, бірақ елдегі ең қымбат нан сатылатын Алматыдан 18%-ға төмен.
ҚР СЖРА ҰСБ деректері

Ресми статистика әлеуметтік маңызы бар нанның айтарлықтай қымбаттауын көрсетті. Неліктен? Жаңа жылдың басы бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасының өсуімен ерекшеленді: 30 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында ҚР бойынша өнім бірден 1,8%-ға қымбаттады. Бұл…
Айтпақшы, ресми мәліметтерге сәйкес, барлық зерттелген қалаларда бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанның бағасы келесідей ☝🏼
@DataHub_KZ
@DataHub_KZ
🏡Астаналардағы жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділік рекорд көрсетуде
2025 жылдың желтоқсанында Астанада тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша шамамен 11,7 мың мәміле тіркелді. Бұл көрсеткіш қарашамен салыстырғанда 32%-ға, ал 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 18%-ға жоғары. Қазіргі мәні кем дегенде 2018 жылдың басынан бергі кез келген айдағы ең жоғары көрсеткіш болды (ал елорданың осы жылдар бойы қарқынды өскенін ескерсек, бүкіл кезеңдегі рекорд деуге болады).
2025 жылдың қорытындысы бойынша мәмілелер саны 93,5 мың бірліктен асты. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 22%-ға көп және тағы да кем дегенде 2018 жылдан бергі ең жоғары деңгей. Сонымен қатар 2025 жыл пәтер бағасының бірнеше ай қатарынан күрт өсуімен есте қалды, әсіресе, бастапқы нарықта.
Алматыда да, жыл қорытындысы бойынша бастапқы және қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасының өсуі одан да айқын болғанына қарамастан, 12 айдың нәтижесінде рекорд тіркелді. Қаңтар-желтоқсан аралығында 87,6 мың мәміле жасалды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда небәрі 5%-ға ғана көп, бірақ соған қарамастан кем дегенде 2018 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ал нақты желтоқсан айының өзінде рекорд жаңарған жоқ: ағымдағы мән - 9 мың мәміле, алайда осы жылдар ішінде бұдан жоғары көрсеткіш тек бір рет, 2021 жылдың өте белсенді желтоқсанында ғана болған.
🇰🇿Жалпы ҚР ауқымында жылдың нәтижелері мынадай: 448,6 мың мәміле. Бұл толық 2024 жылдың небәрі 4%-ы және айрықша рекорд болып саналмайды (соңғы рет бұдан жоғары көрсеткіш 2022 жылы тіркелген). Бұл өсімнің негізгі үлесі Астанаға тиесілі, Алматының үлесі әлдеқайда аз, сондай-ақ ішінара Алматы облысы мен Шымкенттің әсері бар. Елдің өңірлерінің жартысында жыл қорытындысы бойынша тұрғын үй нарығындағы белсенділік керісінше төмендеген.
Дегенмен, желтоқсан айы жалпы ел бойынша айтарлықтай белсенді өтті: 53,1 мың мәміле. Бұл 2022 жылдың наурызынан бергі ең жоғары көрсеткіш, қарашаға қарағанда +33% және 2024 жылдың желтоқсанына қарағанда 6%-ға жоғары. Алайда мұнда да динамикада шешуші рөлді, әсіресе, жылдық салыстыруда Астана атқарды.

🏡Астаналардағы жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділік рекорд көрсетуде 2025 жылдың желтоқсанында Астанада тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша шамамен 11,7 мың мәміле тіркелді. Бұл көрсеткіш қарашамен салыстырғанда 32%-ға, ал 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда…
Иллюстрацияға ең серпінді нарықты қарастырайық - Астананы. Соңғы жылдардағы айлар бойынша мәмілелер саны осындай көрініс тапты
@DataHub_KZ
@DataHub_KZ
❤1
Доллармен жүргізілетін биржадан тыс сауда үш ай бойы қалыптан тыс деңгейде сақталып келеді
💲2025 жылдың желтоқсанында қазақстандық банктер USD/KZT мәмілелері аясында 38,3 млрд доллар сатып алды - мәмілелердің орташа бағамы бойынша қайта есептегенде бұл 19,5 трлн тг тең. Сату көлемдері де өте жақын болды - $37,8 млрд немесе 19,2 трлн тг. Бұл деректер Ұлттық банк мәліметтерінен алынған.
Аталған екі көрсеткіш те (сатып алу да, сату да) кемінде 2015 жылдың басынан бергі кез келген ай үшін рекордтық деңгей болып отыр. Қарашамен салыстырғандағы өсім, шыны керек, салыстырмалы түрде қалыпты: сатып алулар бойынша шамамен 15%, сатулар бойынша 12%.
Алайда маңыздысы, өткен айдағы көрсеткіштердің өзі, қазан айындағы деңгейлер сияқты, алдыңғы кезеңдердің қалыпты мәндерімен салыстырғанда ерекше жоғары көрінеді. Мысалы, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орташа айлық сатып алу көлемі - $7,8 млрд, сату көлемі - $7,9 млрд; 2024 жыл бойы сәйкесінше $8,8 және $8,5 деңгейінде болды, ал одан да ертерек кезеңдердің көрсеткіштерін де осы шамалармен салыстыруға болады. Соған сәйкес, 2025 жылдың желтоқсанындағы көрсеткіштер соңғы уақыттағы «қалыпты» мәндерден бірнеше есе жоғары болып шықты, шамамен төрт-бес есе.
Операциялардың қазіргің көлемі мұндай жоғары деңгейге резидент емес банктермен жүргізілген сауда-саттықтың есебінен жетіп отыр. Нақты айтқанда, желтоқсанда шетелдік ұйымдардан сатып алу көлемі $32,8 млрд, сату көлемі $32,3 млрд құрады. Бұл мәндер соңғы үш ай бойы жоғары деңгейде сақталып келеді, соның ішінде желтоқсан көрсеткіштері ең жоғары деңгейде болды.
💶Бұған қоса, қыркүйек айынан бері еуро/теңге бойынша сауда көлемдерінің де жоғары деңгейде сақталып отырғанын атап өткен жөн: сатып алу мен сату көлемдері €3 млрд-тан төмен түспейді, бұл жерде сауда-саттық дерлік толығымен резиденттер арасында жүреді. Толық түсіну үшін айта кетейік: әдетте бір айдағы көрсеткіштер тіпті жүздеген емес, ондаған миллион еуромен өлшенеді, ал €1 млрд деңгейіне тек бірнеше рет қана жеткен.
🌐Сонымен бірге €1 млрд-тан асқан осындай барлық эпизодтар 2024 жылдың екінші жартысынан бастап тіркеле бастады. Алғашқы мұндай серпіліс теңге-юань жұбы бойынша саудадағы ерекше көрсеткіштермен қатар жүрді. Сол кезде бұл өзгерістерге ресейлік БАҚ назар аударып, сұхбатқа тартылған сарапшылар екі жағдай да РФ компанияларының белсенділігімен байланысты болуы мүмкін деп болжаған. Еуро жағдайында себеп ретінде Мәскеу биржасына қарсы енгізілген санкциялар, ал юань бойынша ресейлік компаниялардың Қытаймен есеп айырысу тетіктерінің өзгеруі аталды.
🇨🇳Теңге-юань жұбы бойынша биржадан тыс нарықтағы саудасы содан бері, шын мәнінде, айтарлықтай өсімді тек бір рет көрсетті (2024 жылдың қарашасында). Алайда тағы бір жайтты ескеру керек: Bloomberg дереккөздері 2024 жылдың күзінде қазақстандық банктердің шетелдік клиенттерінің мүддесі үшін юаньмен жасалған мәмілелер теңге емес басқа валюталарда да жүргізілуі мүмкін екенін айтқан, сондықтан олар статистикада көрінбеуі ықтимал.
🇷🇺Сонымен қатар 2024 жылдың екінші жартысынан бастап рубль-теңге жұбы бойынша биржадан тыс сауда көлемдері де айтарлықтай жоғары деңгейде тұрақты түрде сақталып келеді, кей кездері жаңа серпілістермен толықты. Айтпақшы, KASE-дегі рубльмен биржалық саудада да шамамен осындай көрініс байқалады. Ал юань бойынша биржалық саудада өткен жылдың жазынан бері көлемдердің тұрақты өсіп келе жатқаны көзге түседі.

Доллармен жүргізілетін биржадан тыс сауда үш ай бойы қалыптан тыс деңгейде сақталып келеді 💲2025 жылдың желтоқсанында қазақстандық банктер USD/KZT мәмілелері аясында 38,3 млрд доллар сатып алды - мәмілелердің орташа бағамы бойынша қайта есептегенде бұл 19…
Түсініктірек болу үшін қазақстандық банктердің шетел валюталарымен жүргізген биржадан тыс операцияларының графиктерін (2025 жылдың желтоқсанына дейінгі деректер), сондай-ақ KASE-дегі рубль мен юань саудасын (әзірге 2025 жылдың қарашасына дейінгі деректер) қарастырайық
@DataHub_KZ
@DataHub_KZ
❤1
💥🛍Жеке кәсіпкерлердің бөлшек саудасындағы серпін екінші жыл қатарынан жалғасуда - ресми статистика
2025 жылы ЖК бөлшек саудада жалпы құны 9,8 трлн теңгенің тауарын сатты. Инфляцияны ескергенде көлемі жылдан жылға 10,3%-ға өскен. Екі таңбалы өсім бір жыл бұрын да тіркелген еді: ҚР СЖРА ҰСБ-ның жедел деректері бойынша +22%.
🤔Жалпы алғанда, мұндай серпілістер бұл көрсеткішке тән емес. Соңғы рет ол екі таңбалы қарқынмен 2012 жылы өскен. Одан кейін 2013-2023 жылдары* динамика тұрақсыз болды: өсім бес рет (орта есеппен +3,2%), төмендеу төрт рет (орта есеппен -3,8%) байқалды. Сонымен 2023 жылдың қорытындысы бойынша, яғни қазіргі серпіннің дәл алдында, ЖК-нің бөлшек саудасы 0,4%-ға төмендеген.
Екі жыл қатарынан ЖК өсім қарқыны бойынша саудамен айналысатын кәсіпорындарды басып озып келеді, бұл да - сирек құбылыс. 2025 жылы айырмашылық ЖК пайдасына 4,4 п.т. болды (+10,3%-ға қарсы +5,9%), ал бір жыл бұрын тіпті 18,1 п.т. (+22%-ға қарсы +3,9%).
Жалпы көлемнің үштен бірінен астамын қалыптастыратын ЖК секторындағы серпін аясында бүкіл бөлшек сауда да жоғары өсім қарқынын көрсетуде - 2025 жылы +7,5%, 2024 жылы +9,8%.
Бөлшек сауданың қазіргі өсімі бірқатар әдіснамалық жаңалықтардың енгізілуімен қатар жүріп жатыр. Бірақ оларды түсіндіруге көшпес бұрын, бір мәселеге тоқталайық.
Бөлшек сауда айналымы бойынша жедел статистика қалай қалыптасады?
💬Қысқаша айтқанда, жедел статистиканың негізі болып ай сайын белсенді саудамен айналысатын кәсіпорындарды зерттеу нәтижелері саналады (ірі және орта кәсіпорындар тұтас әдіспен, шағындары іріктемелі әдіспен зерттеледі). Ал жеке кәсіпкерлер - ерекше жағдай: оларды ай сайын зерттемейді. Оның орнына, өткен жылғы іріктемелі зерттеу деректері ағымдағы ЖК санына түзетіле отырып бағаланады. Бұл тәжірибе БҰҰ-ның халықаралық стандарттарына сай келеді. Сонымен 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда бөлшек сауда саласында әрекет етуші** 572 мың ЖК тіркелген (жылдан жылға +2,2%). Олардың барлығын тұтас зерттеумен қамту іс жүзінде қиын.
‼️Ескерте кетейік, бөлшек сауда айналымы деп тұтынушыға тікелей сатылған және кассалық чектермен расталған барлық сатылымдардың құны түсіндіріледі.
Сонымен, әдіснамалық жаңалықтар қандай?
2024 жылдың маусымынан бастап Ұлттық статистика бюросы респонденттердің жауаптарын салық органдарының деректерімен (фискалдық деректер) салыстыра алады. Ал ЖК бойынша, өткен жылғы зерттеу қорытындыларына сүйеніп жасалған бағалау өзекті салықтық ақпаратпен тексеріледі. Осылайша, жарияланатын жедел деректердің сапасы артты. 2027 жылдан бастап бөлшек сауда бойынша жедел деректер тек фискалдық деректер операторларының ақпараты негізінде қалыптастырылады деп болжануда. Мұның барлығы ҚР СЖРА ҰСБ-ның DataHub сұрауына берген жауабынан белгілі болып отыр.
Тағы не маңызды?
🕵️♂️ЖК-нің бөлшек саудасындағы серпілістер мобильді аударымдарды тексеру туралы ақпараттың белсенді таралуымен тұспа-тұс кезеңдерде тіркеліп отыр. Алғашында тексерулер барлық халықты бірден қамтиды деген қауесеттер болды, алайда салық органдары мұны бірнеше рет жоққа шығарды. Шын мәнінде, халықтың барлық категориясвн тексеру кезең-кезеңімен жүргізілді. Атап айтқанда, ЖК 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мониторингке алынды, ал толық қамтуға 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қол жеткізілді. Маңыздысы: барлық аударымдар емес, тек кәсіпкерлік қызмет белгілері бар аударымдар ғана тексеріледі. Есептік жылда алдыңғы толық жылдағы операциялар талданады (бұл қағида бұрын да сақталған).
Қорытындылай келе, қазір біз бөлшек сауда бойынша жедел деректер туралы айтып отырғанымызды атап өтейік. 2025 жылға арналған нақтыланған деректер 2026 жылдың ортасында жарияланады деп күтілуде.
Бөлшек саудадағы физикалық көлем индексінің динамикасы төмендегі графикте көрсетілген👇
*2014 және 2015 жылдардағы деректер жоқ
**Әрекет етуші субъектілерге келесі санаттар жатады: белсенділер, қайта тіркелгендер, қызметін уақытша тоқтатқандар

Балмұздақ өндірісі рекордтық деңгейге жетті
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ҚР-да аталмыш өнімнің 63,2 мың т өндірілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға көп. Бұл көрсеткіш кемінде 2000 жылдан бергі ең жоғары деңгей болып отыр.
Негізгі өндіріс көлемі «Кілегейлі балмұздақ» пен «Пломбир» санаттарының үлесіне тиесілі (екеуі бірге шамамен 80%-ды құрайды). Әсіресе пломбир жалпы өсімге айтарлықтай үлес қосты.
Сонымен қатар 2025 жылы балмұздақ экспорты да жоғары деңгейде болды. Қаңтар-қараша айларындағы соңғы деректерге сәйкес экспорт көлемі 13,6 мың т құрады - бұл бір жыл бұрын тіркелген рекордтан 39%-ға көп. Негізгі сатып алушылар болып көршілес елдер қалды: РФ, Қырғызстан, ал Өзбекстанның үлесі аздау.
Осы аталған 11 айда балмұздақ импорты экспорттан төмен болып шықты. Көлемі 6%-ға қысқарып, 11,8 мың т құраған. Балмұздақтың шамамен 90%-ы тағы да сол РФ мен Қырғызстаннан жеткізіледі.

❤3
🏆🤔Оқушы орындарын енгізу әдеттен тыс жоғары деңгейге жетті
2025 жылдың қорытындысы бойынша ж/ж өсімі 5,2 есе 221,6 мың оқушы орны* пайдалануға берілді. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес аталған сан 1980 жылдан бергі бақылау тарихындағы максимумға сәйкес келеді.
Масштабты түсіну үшін: тәуелсіздік кезеңінде оқушы орындарын енгізу тіпті жүз мыңдық шекті деңгейден асып түспеген болатын, 1992-2024 жылдардың орташа мәні 31,6 мың бірлікке тең. Сонымен қатар, 1988 жылы тіркелген алдыңғы рекорд (120,8 мың бірлік) қазіргіден айтарлықтай төмен.
Ел бойынша оқушы орындарының біркелкі бөлінбеуі айқын көрінеді. Жиынтық енгізудің 61%-ы үш мегаполиске, Түркістан және Алматы облыстарына тиесілі. Барлық бес өңір, ресми құжаттарға сәйкес, ең тапшы аймақтардың қатарына кіреді.
🏫2025 жылы тапсырылған жалпы білім беретін мектептердің саны 234-ті құрады — бұл да қолжетімді бақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Мұнда кез келген объект пайдалануға қабылдау актісін алғаннан кейін енгізілген болып саналатынын түсіндіре кету маңызды. Бұл ретте басынан бастап салынған және қайта жаңартылған объектілерді есепке алу тәсілдері әртүрлі. Бірінші жағдайда статистикаға объектінің өзі де, оның жобалық қуаты да енеді; екіншісінде — тек қуаттың өсуі. Демек, енгізілген мектептердің орташа сыйымдылығын есептеу мүмкін емес.
Назар аударарлық жайт: байқалып отырған бумда мемлекет басты рөл атқарды. Оның есебінен 202,1 мың оқушы орны (жалпы санының 91%-ы) және 199 мектеп (85%) енгізілді. Екі аномальды мән де оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру мерзімінің аяқталуымен бір мезгілде бекітіледі.
🥴Жобаның басталуы ресми түрде 2023 жылдың басында жоспарланған болатын. Бастапқыда үш жыл ішінде жалпы құны 2,6 трлн теңгені құрайтын 400 мың жаңа оқушы орны тапсырылады деп болжанған болатын. Алайда, іс жүзінде жоба бірден қиындықтарға тап болды, олар уақыт өте келе көбейе түсті. Қиындықтардың қатарында бюрократия, сыбайлас жемқорлық, әкімдіктердің сылбырлығы, мердігерлер тарапынан алаяқтық аталды.
Сайып келгенде, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының нысаналы индикаторлары түбегейлі қайта қаралды. Жоспарланған оқушы орындарының саны 230,2 мыңға дейін, қаржыландыру көлемі — 1,5 трлн теңгеге дейін төмендеді.
☹️Алайда, өзгерістер енгізілгенін ескерсек те, мемлекеттік аудиторлардың ақпараты бойынша жекелей алынған 2024 жылға арналған жоспарға (129,7 мың орны бар 111 мектепті пайдалануға беру) қол жеткізілмеді. 2024 жылы барлығы 105 мектеп салынды (жалпы жобалық қуаты 127 мың орын), оның тек 13-і ғана пайдалануға берілді. Бұл ретте пайдалануға қабылдау актісін алмаған көптеген жаңа оқу орындарында заңға қайшы оқу процесі ұйымдастырылды.
Осының бәріне сүйене отырып, 2025 жылы жаңа мектептерден басқа, 2024 жылы қабылдау актісін алуға үлгермеген жайлы мектептер жаппай енгізілді деп болжауға болады. Ай сайынғы деректер мұны растайды: 2025 жылдың он айының мәндері бұрынғы бақылаулар аясында айтарлықтай жоғары көрінеді.
*Мұнда және бұдан әрі мәтін бойынша бір ауысымда оқыту кезінде

👍2
👍2