DATA HUB Қазақша
203 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Доллар наурыз айының соңынан бері алғаш рет 500 теңгеден арзандады

5 желтоқсанда белгіленген американдық валютаның ресми бағамы 499,65 теңгені құрады. ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 500 теңгеден төмен деңгей соңғы рет 28 наурызда, сегіз айдан астам уақыт бұрын белгіленген.

Психологиялық шекараны еңсермес бұрын, доллар бағамы күніне орта есеппен 0,9%-ға үш күн қатарынан тез әлсіреді. Нәтижесінде, 2 желтоқсанмен салыстырғанда, ол осындай азғантай уақыт аралығы үшін 2,7% (13,8 тг) төмендеді. Бұл ретте, егер бағамның серпінін неғұрлым кең көкжиекте қарастыратын болсақ, теңге позицияларының күшею тренді 3 қазанда басталғанын атап өтуге болады. 2 қазанда қол жеткізілген қазіргі тарихи максимумға қатысты (549,15 тг) американдық валюта 9%-ға немесе 49,5 теңгеге арзандады.

Теңгенің ағымдағы нығаюына әсер еткен негізгі факторлардың ішінде Ұлттық Банк "орташа қатаң ақша-кредит саясатының жүргізілуі" туралы айтады. Оның айтуынша, таңдалған стратегия инфляциялық күтулерге, сондай-ақ теңгелік құралдардың нақты кірістілігінің серпініне оң әсерін тигізді — олар, оның ішінде резидент еместер үшін де тартымды бола бастады. Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады (+1,5 п.п.). 28 қарашадағы келесі шешіммен ол оны сол деңгейде ұстады.

Сонымен қатар, қазан және қараша айларында теңгенің нығаюы үшін Ұлттық Банктің айналандыру операциялары шеңберінде долларларды сатуының артуы негіз болды. Осылайша, реттеуші айналысқа шығарылған өтімділік көлемінен шығарылып алынған өтімділік көлемінің қалып қоюын жоюға тырысты. Айналандыру механизмі валютаның отандық өндірушілерден алтын сатып алу үшін алдын ала жүзеге асырылатын теңге эмиссиясының баламасында сатылатынын білдіреді. Алайда, осы жылдың басында өтімділікті алу эмиссиядан артта қалды.

Ұлттық банктің бұрынғы хабарламаларына сәйкес, теңгеге күшейтілген қолдауды айналандыру операциялары желтоқсан айында да көрсетілуі тиіс.

Ал қалған валюталарға қатысты теңгенің құны қалай өзгереді?

Соңғы үш күнде теңге еуроға қатысты да айтарлықтай нығайды. 5 желтоқсандағы еуроның ресми құны 582,89 тг құрайды, бұл 2 желтоқсандағы деңгейден 2,4%-ға (14,1 тг) төмен. Еуропалық валюта 2 қазанда американдық валютамен бір мезгілде әлсірей бастады, тіпті ұқсас қарқынмен (1 қазанда белгіленген тарихи максимуммен салыстырғанда -9,6%). Ал рубльге қатысты айқын әлсіреу тренді байқалмайды — динамика өзгермелі болып қалуда. 5 желтоқсандағы Ресей валютасының бағамы 6,47 тг деңгейінде белгіленді, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда -0,2%.

@DataHub_KZ
Графикте 2025 жылдағы доллардың ресми бағамының теңгеге қатысты динамикасы көрсетілген

@DataHub_KZ
🏠🏃‍♂️🇨🇳Қазақстан қонақ үйлеріне қытайлықтардың келуі күшейіп келеді

III тоқсан қорытындысы бойынша орналастыру орындары* 2024 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда Қытай азаматтарын 43%-ға көп қабылдаған. Бұл, ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, 2010 жылдан бергі қолжетімді статистикадағы ең жоғары көрсеткіш — 84,5 мың адам (бір адам = бір рет келуі).

📈Алдыңғы төрт жылдың аталмыш кезеңі де жылдан жылға айтарлықтай өсіммен аяқталған еді. Бұдан шығатын қорытынды, 2025 жылдың шілде-қыркүйек айларындағы жоғары өсім қонақ үйлерге келетін шетелдік меймандар құрылымында Қытайдың маңыздылығы жылдам артып келе жатқанын көрсетеді.

Соңғы жылдардағы Қытайдан келетін қонақтар ағынын, бірінші кезекте, пандемиядан кейінгі қалпына келу өсімімен, сондай-ақ 2022 жылдың ортасында ҚХР азаматтарына
визасыз кіру режимінің енгізілуімен түсіндіруге болады. 2020 жылдың III тоқсанында қонақ үйлерде қызмет көрсетілген қытайлықтардың саны нөлге жуық болған (1,4 мың адам), бірақ бір жылдан кейін бірден 2,2 есеге өсті. Кейін өсім тіпті қарқын алды: 2022 жылдың шілде-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша көрсеткіш жылдан жылға 3,2 есеге, ал 2023 жылдың шілде-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша жылдан жылға 3,6 есеге артты. 2024 жылдың III тоқсанында өсім 58% болды.

Жалпы көрініс үшін айта кетейік: тоғыз ай қорытындысында да Қытайдан келген қонақтар саны айтарлықтай артып келеді — жылдан жылға +44% (2024 жылы +69%, 2023 жылы +102%, 2022 жылы +422%). 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі деңгей — 182,8 мың адам.

🥈Өсімнің осылай серпілуінің арқасында Қытай 2023 жылдың II тоқсанынан бері қазақстандық қонақ үйлерге келетін шетелдіктер тізімінде екінші орынды ұстап тұр. Сонымен бірге Қытайдың рейтинг көшбасшысы Ресеймен арадағы алшақтығы қысқарып келеді. Егер 2023 жылдың II тоқсанында қонақ үйлердегі РФ азаматтарының үлесі барлық резидент емес қонақтардың 42%-ын құраса, қазіргі деңгейі - 31%, 11 п.т. төмендеген. Ал Қытайдың үлесі, керісінше, 9 п.т., 18%-ға дейін өскен.

🇮🇳Ал үздік бестікке кіретін елдер ішінде ҚХР III тоқсан және тоғыз ай қорытындысы бойынша жылдық өсімнің ең жоғары қарқынын көрсетіп отыр. Ал өткен жылы жоғары өсім көрсеткен Үндістанның көрсеткіштері қазір нашарлап кеткен — Қытай мен Үндістан үшін визасыз режим бір уақытта енгізілген еді. Бұл ел Үздік-5 ішінде үшінші орынды сақтап тұрғанымен, динамикасы мәз емес: III тоқсанда жылдан жылға -14%, тоғыз айда жылдан жылға + 3%.

Қазақстан қонақ үйлерінде орналастырылған резидент емес тұлғалардың жалпы саны шілде-қыркүйек айларында жылдық мәнде 15%-ға өсіп, 463,9 мың адамға жетті. Қаңтар-қыркүйек қорытындысы да ұқсас: +12%, 1,1 млн адамға дейін.

🌏Қорытындылай келе, қонақ үйлерде орналастырылған резидент еместер жөніндегі статистика елге келетін туристердің толық картинасын көрсетпейтінін айта кету керек. Себебі түсінікті: Қазақстан шекарасын кесіп өтіп, елде бір күннен немесе одан көп уақытқа (іскерлік/жеке немесе туристік сапар) қалатын шетелдіктердің барлығы қонақ үйлерде тоқтамайды. Кіріс туризмі жөніндегі деректер жылдық кезеңді қамтиды және айтарлықтай кеш жарияланады. Қазіргі таңда ең соңғы деректер 2024 жылға қатысты. Ол кезде Қазақстанға 10,4 млн турист келген. Олардың басым бөлігі, 81%, Өзбекстаннан (4,1 млн), Ресейден (2,7 млн) және Қырғызстаннан (1,6 млн) келген. Қытай Тәжікстаннан кейін (530,6 мың) бесінші орынға (449,6 мың) тұрақтаған.

*Орналастыру орындары дегеніміз қонақ үйлер ғана емес, сондай-ақ қонақ үй/пәтерлер, демалыс базалары және т.б. нысандар. Дегенмен резидент емес қонақтардың 95%-дан астамы, әдетте, қонақ үйлерде тұрақтайды.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері, негізгі және қосымша қызмет түрі «Уақытша тұру қызметтерін көрсету» болып саналатын заңды тұлғалар мен ЖК деректерін қамтиды

@DataHub_KZ
Соңғы уақытта азаматтары қазақстандық қонақ үйлерда тұрақтайтын мемлекеттер құрылымында Қытайдың маңыздылығы қарқынды түрде артып келеді

@DataHub_KZ
1
Зейнетақы қаражатын ем алу мақсатында шешіп алу бағытында аномалды өсімнің жаңа түрі анықталды

2025 жылдың қарашасында реконструктивтік және қалпына келтіру операцияларына, басқаша айтқанда, пластикалық операцияларға төлем жасау үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін шешіп алуға арналған 2 277 өтініш орындалды. Орындалған өтініштердің жалпы сомасы шамамен 2,1 млрд тг құрады.

Өткен аймен салыстырғанда бұл көрсеткіштер, тиісінше, шамамен 33 және 39 есеге өсті - зейнетақы қаражатын алу мақсаттарының ішінде пластикалық операциялар осы уақытқа дейін осыншалықты көп сұралатын себеп болмаған еді. Масштабты түсіну үшін айта кетейік: бағдарлама басталғалы бері және 1 қарашаға дейін жалпы орындалған өтініштер саны 1 631 бірлікке жеткен. Ал сомасы 1,6 млрд тг жетпеген, яғни барлық уақыттағы жиынтық көлем бір ғана өткен айдағыдан аз болып тұр.

Жалпы ем алу мақсатында алынатын төлемдердегі күрт өсімнің жаңа арналары қыркүйекте бұған дейін негізгі бағыттың бірі болған стоматология бойынша өтініш қабылдау тоқтатылғаннан кейін байқала бастады. Себебі - көптеген жалған өтініштердің анықталуы.

«Тіс» бағытына тыйым салынғаннан кейін офтальмология бойынша көрсеткіштердің өсуі тіркеле бастады. Бұл туралы біз қыркүйек және қазан айларының қорытындыcы бойынша жазғанбыз. Алайда офтальмологияда да бәрі бірдей дұрыс болмай шықты: желтоқсанның басында «Отбасы» банк «көзге» байланысты өтініштер қабылдауды да тоқтататынын хабарлады. Себебі түсінікті: күмәнді өтініштер қайта анықталған.

Соған қарамастан, қарашада офтальмология бойынша шамамен 9,8 мың өтініш орындалған, жалпы сомасы 8,4 млрд тг болды. Алайда бұл көрсеткіштер қазанмен салыстырғанда шамамен үштен бірге төмен болды, оның есесіне орындалған өтініштер бойынша қайтарулар өсе бастады. Мұндай қайтарулардың бір себебі қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуы болуы мүмкін.

Айтпақшы, жаңа өтініштер екі ай бойы орындалмай жатқан стоматологияда да қайтарулар жалғасуда. Ал пластикалық операциялар бойынша қайтару көрсеткіштері әзірге төмен деңгейде қалып отыр.

Аталған бағыттар бойынша емге арналған зейнетақы төлемдерінің «оқиғаларын» төмендегі графиктен көре аласыздар. Сонымен қатар тұрғын үй үшін зейнетақы қаражатын алу динамикасымен де танысуға болады - бұл көрсеткіштер жоғары деңгейді ұстап тұр.

Есептеулер БЖЗҚ деректері бойынша жасалған

@DataHub_KZ
Мінеки, уәде етілген графиктер

@DataHub_KZ
1
Астанадағы қайталама нарық бір айда шамамен 5%-ға қымбаттады

ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес, қараша айында сегменттегі пәтерлердің бағасы қазан айымен салыстырғанда 4,8%-ға өсті, бұл 2024 жылдың ақпанынан бергі ең елеулі өсу қарқыны болды.

Бастапқы нарықта да айтарлықтай секіріс бар (+3,2%), бірақ жақында одан да көп болды (қыркүйекте+5,1%). Жалға алу қалыспауда: а/а +4%. Соңғы рет одан да елеулі қарқындар 2024 жылдың желтоқсанында байқалды, бірақ сонымен бірге айта кетейік соңғы жылдары қаладағы жалдамалы тұрғын үй нарығындағы мұндай динамика қараша айына тән емес.

Алматыдағы жағдай қалай?

Мұнда бастапқы нарық бағасының айтарлықтай өсуі байқалады: қазан айымен салыстырғанда +3,5%, екі жылдан астам уақыттағы - 2023 жылдың қыркүйегінен бері - ең елеулі секіріс, осы сегментте бір ай бұрын да айтарлықтай өзгерістер тіркелгенін еске сала кету керек. Қайталама нарықтағы секіріс +2,1% және бұл мән екінші ай қатарынан тіркелуде. Алматыда жалға алу қазан айымен салыстырғанда +2,6% көрсетеді. Қыркүйек айында бұдан да қарқынды қымбаттау болды, бірақ қараша айы үшін қазіргідегідей көрсеткіштер үйреншікті емес.

@DataHub_KZ
Қазақстанда тіркелмеген жалға алушылар үшін үй иелерін жазалау жағдайлары жиілеп барады

Қаңтар-қараша айларында ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы 5-бөлігі бойынша құқықбұзушылықтарды тіркеу жылдан жылға 40%-ға жуық, 4,4 мың бірлікке дейін өскен. Бұл орайда жалға берушілер жалдаушыларды тұратын мекенжайы* бойынша тіркемеген жағдайлар жайлы сөз болып отыр.

Жалға берілетін тұрғын үйде тұратын адамдарды тіркеу міндетін жалға берушілерге "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР заңы (23, 24-баптар) жүктейді. Мұнда жалға беруші ретінде тек тұрғын үйдің меншік иесі ғана емес, оның өкілі немесе кейін оны қайта жалға беру үшін өзі жалға алған тұлға да бола алады.

Аталған міндет жалға берушілерге 2017 жылдың басында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға қатысты заңнамалық өзгерістер күшіне енген кезде енгізілген еді. Айтпақшы, осы өзгерістер аталған міндетті орындамағаны үшін жауапкершілікті де бекітті — ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабына тиісті түзетулер енгізілді. Алайда 2017 жылдан бері 493-баптың 5-бөлігі бойынша қанша құқықбұзушылық тіркелгенін қадағалау мүмкін емес. Себебі ең ерте қолжетімді деректер 2023 жылдан басталады (бұрын баптар бөлінбей, біріктіріліп түрде жарияланатын). Дегенмен айта кетейік: 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша да өсім айтарлықтай — 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда +30%.

Жалпы айтқанда, қаңтар-қараша айларында ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы 5-бөлігі бойынша 4 367 жеке тұлға және 7 заңды тұлға айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 94,4 млн теңгені құрады (номиналды түрде жылдан жылға +45%), өндірілгені - 84,1 млн теңге (+48%). Бірқатар істер бойынша өндіріске тоқтату туралы шешім қабылданды, бірақ олардың саны көп емес — 28. Бір ғана іс болмаса, қалғанының барлығын ішкі істер министрлігінің органдары қарастырған.

Екінші жағынан, тіркеусіз жалға алынған тұрғын үйде тұратын жалға алушыларға да жауапкершілік қарастырылған — ол ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабымен реттеледі (бұл бапқа да 493-бап сияқты 2017 жылдың басында жоғарыда аталған өзгерістер енгізілген). Осы орайда 492-бап бойынша құқықбұзушылықтарды тіркеу 2024 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 21%-ға өсіп, 356,3 мың бірлікке жеткенін атап өтейік. Бұл ретте маңызды бір жайтты естен шығармаған жөн: бұл бап тек Қазақстан Республикасында уақытша тұратын жері бойынша тіркеусіз тұруды ғана емес, басқа құқықбұзушылықтарды да қамтиды — тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру; жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен тұру.

*Бастапқы тұжырым былай жазылады: "Меншік иесіне тиесілі немесе басқа тұлғалардың қарамағындағы тұрғын үйлерде, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда жалға берушінің жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол беруі" (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 5-бөлігі).

ҚР БП ҚСжАЕК деректері

@DataHub_KZ
Жаңа жылдық мәзірді жоспарлап жүрсіз бе? Есіңізде болсын, қызыл уылдырық айтарлықтай қымбаттауда ☝️

Қараша айында қызыл уылдырықтың бағасы 2024 жылдың сол айымен салыстырғанда 23,4%-ға өсті — бұл 2023 жылдың наурызынан бергі, яғни 2,5 жылдан астам уақыттағы, ең жоғары жылдық өсу қарқыны. Мұндай деректерді ҚР СЖРА ҰСБ келтірді.

Бағаның жылдық өсуіне негізгі үлесті соңғы екі ай қосты. Нақты қазан айында деликатестің бағасы а/а 9,8%-ға өсті, қараша айында — 4,1%. Бұл ретте қазан айының мәні кем дегенде соңғы 15 жылдағы максималды мән болды, ал қараша айындағы мән — сол кезеңдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

🇷🇺🇺🇸Қызыл уылдырықтың әлемдік өндірісі негізінен Ресей мен АҚШ-та шоғырланған. Екі ел де Тынық мұхитының солтүстік бөлігіне шығады, онда албырт балықтарының жабайы түрлері (құнысбалық, кета, келмен балық) мекендейді, олардан қызыл уылдырық алынады. Тиісінше, деликатес отандық нарыққа толығымен шетелден келеді. Ресми мәліметтерге сәйкес, Ресей оның жалғыз дерлік жеткізушісі болып табылады — импорттың жалпы көлеміндегі бұл елдің үлесі шамамен 90%-ды құрайды.

Қаңтар-қыркүйек айларында (қазіргі уақыттағы ең жаңа сыртқы сауда деректері) Қазақстанға 67,2 т қызыл уылдырық әкелінді, бұл өткен жылғы деңгейден 17,4%-ға төмен. Алайда, жыл ішіндегі импорт біркелкі бөлінбейтінін ескеру қажет — жылдық көлемнің жартысынан көбі дәстүрлі түрде соңғы үш айға — қазан-желтоқсан айларына тиесілі.

🙅Шамасы, қазақстандықтар қызыл уылдырықты аз тұтынады. Соңғы алты жылдағы таза импорттың орташа мәні (экспортты шегергенде) 114,4 тоннаны құрайды. Еліміздің әрбір тұрғынына есептегенде жылына 6 г құрайды, бұл 2019 жылға дейін жарияланған тұтынушылық жөніндегі сауалнама деректеріне өте жақын.

@DataHub_KZ
Қолма-қол ақшасыз карточкамен төлемдер көрсеткіші екі рекордты жаңартты

2025 жылдың қазанында ҚР-да өзіміздің және шетелдік эмитенттердің карталары арқылы 1,2 млрд астам қолма-қол ақшасыз операция жасалған. Бұл - бүкіл бақылау тарихындағы ең жоғары деңгей, дегенмен күрт өсім байқалмайды: көрсеткіш айдан айға 4%-ға, жылдан жылға 8%-ға ғана артқан.

Ал сомасы бойынша, шыны керек, ең жоғары көрсеткіш жоқ: бір айда 16,8 трлн теңге. Бұл номиналды түрде айдан айға +7% және жылдан жылға +9%, соңғысы инфляциядан төмен болғандықтан, нақты мәнде -3% болып шығады.

Оның есесіне тағы бір рекорд қазақстандық карталардың шетелде қолданылуында тіркелді (статистика 2019 жылғы қазаннан бастап жүргізіледі, ол кезде көрсеткіштер әлдеқайда төмен болған еді). Қазір елімізден тыс жерлерде 25,3 млн қолма-қол ақшасыз операция жасалған, мұнда да өсім айтарлықтай: бұл айдан айға +13%, жылдан жылға +15%. Шетелде жасалған трансакциялар сомасы 425,4 млрд тг жетіп, теңгемен де, доллармен де өткен аймен салыстырғанда 11%-ға жоғары болды. Жылдық өсім номиналды түрде теңгемен 19%, ал теңгенің долларға қатысты әлсіреуін ескергенде 7% болып тұр.

ҚР Ұлттық Банкі деректері

@DataHub_KZ
🛠Қазақстанға рекордтық сомаға автобөлшектер әкелінді

2025 жылдың қаңтар-қазан айларында әртүрлі көлік құралдары* – жеңіл және жүк машиналары, арнайы техника, тракторлар үшін бөлшектер мен керек-жарақтар импортының көлемі жылдық мәнде төрттен бірге көбейіп, $1,1 млрд-тан асты және кем дегенде соңғы онжылдықта максимумға жетті.

Шанақ бөліктері мен керек-жарақтарының (кабиналарды қоса алғанда) ішкі санаттарының бірі өсімге ерекше елеулі үлес қосты. Әңгіме қауіпсіздік белдіктері мен әйнектер/терезелердің кіші топтарына кірмейтін, «басқалар»** сөзімен қорытылатын өнім түрлері туралы болып отыр.

Дәл осы шанаққа арналған «басқа» бөлшектер бізге ақшалай түрде автобөлшектердің барлық импортының шамамен 20%-ын берді, олардың өздері доллармен есептегенде жылына 1,9 есе өсім көрсетті. Ашық дереккөздерге сүйенсек, тиісті код бойынша кабина панельдерінен бастап шашыратқыштарға дейін, соның ішінде жеңіл автокөліктерді құрастыруға арналған жиынтықтауыштар ретінде әртүрлі тауарлармен сауда жасалуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ҚР-да екі жаңа автозауыт ашылды. Мәселен, қыркүйек айында бірнеше қытайлық маркалы машиналар жиналатын алаң іске қосылды, қазан айының соңында кореялық KIA кәсіпорны толыққанды жұмысын бастады. Айтпақшы, Қытайға қазір көлік құралдарына арналған бөлшектер мен керек-жарақтардың жалпы көлемінің шамамен 33%-ы, Кореяға – шамамен 37%-ы тиесілі.

* Жиынтық көлемдер СЭҚ ТН 8708, «8701 – 8705 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарының бөліктері мен керек-жарақтары» коды бойынша бағаланды

** СЭҚ ТН 8708299009 коды, «Шанақтардың (кабиналарды қоса алғанда) өзге де бөліктері мен керек-жарақтары; 8701-ден 8705-ке дейінгі тауар позицияларында жіктелетін моторлы көлік құралдары үшін»


ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
1
DATA HUB Қазақша
🛠Қазақстанға рекордтық сомаға автобөлшектер әкелінді 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында әртүрлі көлік құралдары* – жеңіл және жүк машиналары, арнайы техника, тракторлар үшін бөлшектер мен керек-жарақтар импортының көлемі жылдық мәнде төрттен бірге көбейіп…
🚗Автокөлік тақырыбын жалғастырсақ: жеңіл автокөлік өндірісі ең жоғары деңгейге жетті

2025 жылдың қарашасында ҚР-да 20 730 жеңіл автокөлік шығарылған. Бұл қазанмен салыстырғанда 59%-ға, ал 2024 жылғы қарашамен салыстырғанда 23%-ға көп.

Аталған көрсеткіш ҚР-да жеңіл автокөлік өндірісі басталғалы бері, яғни 2003 жылдан бері, кез келген айдағы ең жоғары деңгей болып отыр. Алайда 2024 жылдың желтоқсанынан небәрі 1%-ға ғана озып отыр.

Бұл нәтижеге бұған дейін біз автокөлік бөлшектерінің импортының өсуі аясында атап өткен, қыркүйек пен қазан айының соңында іске қосылған екі зауыттың әсер еткені анық. Зауыттардың бірінде қытай маркасының автокөліктері, ал екіншісінде кәрістің KIA көліктері жасалуда.

Қарашадағы серпілістің арқасында жыл басынан бергі 11 айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі де ең жоғары деңгейге көтерілді. Ал қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша 2025 жылғы көрсеткіштер 2023 жылдың сәйкес кезеңдерінен төмен болып тұрған еді. Енді қаңтар-қараша аралығындағы жалпы өндіріс көлемі 132,7 мың данаға жуықтап, толық бір жылдағы тарихи рекордқа жақындай түсті - 2023 жылғы 134,1 мың данаға.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ