DATA HUB Қазақша
202 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
DATA HUB Қазақша
🤔Мұнай экспортынан түскен табыс 10%-ға жуық төмендейтіні рас па? Сыртқы сауда статистикасына сәйкес, қаңтар-қыркүйек айларында мұнай экспорты ақшалай көріністе ж/ж 9,5%-ға ($29,7 млрд-қа дейін) төмендеді, ал заттай көріністе — ж/ж 4,1%-ға (56,1 млн тоннаға…
Иллюстрацияда — екі нұсқада ай бойынша ақшалай және физикалық мәндегі мұнай экспортының динамикасы. Бағдар үшін тоннамен көрсетілген жеткізілімдер графигінде өндіріс бойынша мәліметтерді келтіреміз ☝️

@DataHub_KZ
📉 Қазақстан нарығына шараптың түсіп отыруы антирекорд көрсетіп отыр

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында «Сидр мен жүзім суслосын есептемегендегі шараптар» санаты бойынша ішкі нарыққа түсу көлемі 22,8 млн литр болды, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ға төмен.

Қазіргі көлемі соңғы бес жылдың орташа мәнінен де шамамен бестен бір бөлікке төмен. Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша мұндай төмен деңгей бұдан бұрын 2017 жылы тіркелген, бірақ 2021 жылғы көрсеткіштер де қазіргі деңгейге жақын болған еді.

Ішкі нарыққа өткізу деген не? Бұл — белгілі бір өнімнің өндірісі мен импортының қосындысынан экспортты шегеріп тастағандағы көлем. Жалпы айтқанда, елімізде белгілі бір кезеңде «қосылған» тауар мөлшері. Шарап бойынша шетелдерге жіберілуі әрдайым өте аз болғандықтан, динамика негізінен өзіміздің қаншалықты өндіргеніміз бен сырттан әкелгенімізге байланысты.

2025 жылы төмендеу әрі отандық өнімде, әрі импортта байқалады. Біріншісінің көрсеткіші 14,9 млн литр шамасында болды, 18%-ға төмендеген. Екіншісінің көрсеткіші 22%-ға дейін, 8 млн литрге дейін төмендеген. Формальды түрде бұл — 2017 жылдан бергі ең төменгі мән, десе де, 2019 жылы да осыған жақын деңгей болған.

🍷Шараптың жалпы өндірісі мен импортында көлемнің төрттен үші — шымырлы шарапты қоспағанда, негізінен, табиғи жүзім шарабы. Бұл санаттағы өндіріс бірден 27%-ға төмендеп, шамамен 11 млн литр болды. Құлдырауға портвейн типтес ақ және қызыл күшті шараптардың, сонымен қатар қарапайым бюджеттік ақ шараптың азаюы қатты әсер етті. Ақ шарап ресми статистикада «белгілі аймақтарда өндірілген жоғары сапалы шарапқа жатпайтын» деп көрсетіледі.

Табиғи шарап импорты да төмендеді — 18%-ға, 5,9 млн литрге дейін. Бұл орайда төмендеу белгілі бір жеткізушіден сатып алудың азайғанымен ғана байланысты емес. Өткен жылы барлық жеткізілімнің 90%-ын құраған алғашқы он серіктес елдің бәрінде көлем қысқарған: Грузия, Өзбекстан, Ресейден бастап Италия, Франция, Жаңа Зеландияға дейін.

@DataHub_KZ
Графикте барлық шарап категориясы бойынша жалпы түсім динамикасы көрсетілген

@DataHub_KZ
🇰🇿🇺🇿Қазақстан өзінің негізгі жеткізушісіне стик сатуды жолға қоя бастады

Қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстанға жалпы құны $9,7 млн болатын 321,8 тонна темекі стигі* жөнелтілді. Бір жыл бұрын бұл бағыттағы экспорт іс жүзінде болмаған еді. Мұны Қазақстанның сыртқы сауда деректері көрсетіп отыр. **

🛒Өзбекстан биыл стик экспортының 82% физикалық көлемін және 78% ақшалай көлемін қамтамасыз етіп, аталған өнімнің басты шетелдік сатып алушысына айналып отыр. Айта кетерлігі, 2022 жылдың басынан бергі қолжетімді статистикаға сәйкес, Қазақстан үш жыл қатарынан тоғыз ай қорытындысы бойынша Өзбекстанға стик сатпаған. Жалғыз ерекшеленген жыл ретінде 2024 жылды атап өтуге болады: сол кезде қаңтардан қыркүйекке дейінгі аралықта көршілес елге бар болғаны 0,3 кг стик жіберілген. Ескерте кетсек, ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық қызмет номенклатурасында стиктер жеке тауар позициясы ретінде дәл 2022 жылдың басында бөлек көрсетіле бастаған еді.

Алайда бұған дейін стик экспорты мүлде болмаған деуге келмейді. Тасымал жасалған, бірақ көлемдері өте аз болған. 2022 және 2023 жылдары қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша орта есеппен 9,5 тонна болған, ал 2024 жылдың дәл осы кезеңінде — 43 кг.

💡Стик экспортындағы күрт өсім темекі қыздыратын IQOS жүйесіне арналған Қазақстандағы алғашқы стик өндірісі желісі Philip Morris-тің іске қосылуымен байланысты сияқты. Бұл жайлы БАҚ 2025 жылдың сәуірінде хабарлаған болатын. Сәйкесінше, бұған дейін статискада көрсетілген экспорт көлемі бұрынғы статистикада көрінген реэкспорт деген тұжырым жасауға болады.

Бір қызығы, Өзбекстан Қазақстан үшін стиктің негізгі сатушысы да болып отыр. Алайда импорты бізден экспортталатын көлемнен екі есе көп: тоғыз ай қорытындысы бойынша Өзбекстан Қазақстан нарығына 606,5 тонна стикті (жылдан жылға +61%) $17,4 млн (жылдан жылға +56%) жеткізген. БАҚ мәліметінше, 2023 жылы Glo темекі қыздыру жүйесіне арналған стиктерді Өзбекстан нарығына British American Tobacco шығарған. Сонымен қатар бұл өнім түрі BAT Uzbekistan сайтындағы «Біздің өнімдер» бөлімінде көрсетілген.

📌Оңтүстік көрші соңғы екі жыл бойы басты жеткізуші атағын ұстап келеді. Бұған дейін көшбасшы Ресей болатын. Алайда 2023 жылы оның позициясы күрт әлсіреп (жылдан жылға тоннамен -74%, қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша), одан кейін жеткізілімдер мүлде тоқтады.

Жалпы көрініс үшін айта кетейік: 2022 жылы импорттың барлығы дерлік РФ-дан келген — 1,9 мың тонна (9 ай). БАҚ мәліметінше, сол жылы British American Tobacco Ресейден кету туралы шешім қабылдаған. 2022 жылдың қыркүйегінде BAT Ресей мен Беларусьтегі бизнесін ресейлік менеджерлер басқаратын консорциумға тапсырды. 2023 жылдың қарашасында компанияның ресейлік активтері Абу-Дабидегі BFI Holding компаниясына өткеннен кейін BAT толықтай құрылтайшылар қатарынан шықты.

Қазір стиктердің жалпы импорты 985 тоннаны құрап отыр, оның 62%-ын Өзбекстан құрайды. Тағы екі ірі жеткізуші - Индонезия (30%) және Польша (6%).

*ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2404 11 000 1
“Гомогенделген” немесе “қалпына келтірілген” темекі немесе темекінің “кеңейтілген” өзегі” бар жанғызбай деммен жұтуға арналған өнім”

**Сыртқы сауда статистикасы ҚР ҚМ МКК мен ҚР СЖРА ҰСБ ақпараттарының негізінде қалыптасады


@DataHub_KZ
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы темекі стиктерінің сауда динамикасы графиктерде көрсетілген

@DataHub_KZ
1
Қазақстанда марганец кендерінің өндірісі тұрып қалды

Өнеркәсіптік өндіріс бойынша ресми статистикада тиісті жолда сызықтар үш ай қатарынан – тамыз, қыркүйек және қазан айларында тұр. Бұл деректер алдын ала сипатқа ие, бірақ барлық заңды тұлғалар-өнеркәсіп өндірушілері бойынша көрініс жөнінде барабар түсінік беруі керек: негізгі ойыншылар бойынша ай сайын үздіксіз есеп жүргізіледі, кішігірім ойыншылар бойынша мәліметтер тоқсанның қорытындысы бойынша өзектендіріледі және әрі қарай есептік түрде ескеріледі.

Жалпы, кенеттен ештеңе бола қойған жоқ екенін айта кету керек. 2010-шы жылдардың басында жылына 3 миллион тонна көлеміне жақындаған елдегі марганец кендерін өндіру соңғы уақытта онша қызу жүріп жатқан жоқ. 2023 және 2024 жылдары Қарағанды облысындағы бірнеше кен орындарында өндіруді тоқтату туралы хабарланды.

2025 жылы өте төмен мәндер тіркеліп үлгерді – мамыр айында, мысалы, 0,1 мың тонна өндірілді. Бірақ ай сайынғы статистикада осы уақытқа дейін кем дегенде соңғы 15 жыл бойы қазіргідей сызықтар тіркелген жоқ (бірақ жылдық мәліметтер бойынша, тау-кен өндірісі 90-шы жылдардың басында тоқтап қалған болуы мүмкін).

Алайда кідірту Қазақстанда өндіру ешқашан қайта басталмайды дегенді білдірмейді. Кем дегенде ағымдағы жылы бірнеше жаңа кен орындарының жоспарлары жария түрде жариялануы жалғасуда.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
🇰🇿🇨🇳👗👖📉 Қазақстан Қытайдан киім импортын екі есеге қысқартты — ресми статистика

Тоғыз айда Қытайдан 35,6 мың т киім* әкелінген — бұл өткен жылмен салыстырғанда 49%-ға аз. Қазақстанның сыртқы сауда деректеріне** сүйенсек, бұдан төмен көрсеткіш аталған кезең қорытындысы бойынша соңғы рет 2020 жылы тіркелген.

Қытай киімінің физикалық импорты қатарынан екінші жыл төмендеп барады (2024 жылы жылдан жылға -19%). Алайда оның алдындағы бес жылда, 2019-2023 жылдары, көрсеткіш тұрақты түрде өсіп отырған, оның ішінде серпілістер де жиі болды. Соңғы рет 2023 жылы жоғары болды — жылдан жылға +75%. Сол кезде 2015 жылдан бергі бақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жеткен еді — 85,9 мың т (тоғыз айдың көрсеткіші). Жалпы алғанда, ресми тіркелетін динамика тұрақсыз болып келеді🤔

Екі есе төмендеуге қарамастан, Қытай әлі де Қазақстандағы киімнің шетелдік ең ірі жеткізушісі болып отыр — осы санаттағы тауарлардың жалпы импорт көлемінің 39%-ы соның үлесінде.

🇹🇷Бір қызығы, Қытайдан бөлек тағы бір ірі жеткізуші де импорттың айтарлықтай төмендеуін көрсетіп отыр — Түркия (қазіргі үлесі — 9%). Түркиядан киім импорты бір жылда 31%-ға, 8,2 мың т дейін азайған. Айтпақшы, соңғы жылдардағы түрік импортының ауытқуы жалпы алғанда қытай импортының ауытқуына ұқсайды (төмендегі графиктерді қараңыз)☝️

Осылайша, қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша киімнің жиынтық импорты жылдан жылға 28%-ға төмендеп, 91,8 мың т болды. Қытай мен Түркия қалыптастырған төмендеуді басқа елдерден импорттың өсуі аздап өтеген. Мысалы, Ресейден киім сатып алу 13%-ға, 23,4 мың т дейін, ал Бангладештен 20%-ға, 4,5 мың т дейін өскен.

Бұл ретте ақшалай импорт бойынша да төмендеу қарқыны ұқсас — барлық елдер бойынша номиналды түрде жылдан жылға -28%-ға, $1,2 млрд дейін төмендеген. Нақты Қытай бойынша төмендеу — 51% ($445,1 млн дейін), Түркия бойынша — 30% ($152,1 млн дейін).

Айта кету керек, киім импорты ішкі нарықтың қажеттілігін толық дерлік жабады — экспорт пен өндіріс оның жанында жоқтың қасы деуге болады.

*Көрсеткіш ЕАЭО СЭҚ ТН 61 және 62 кодтары бойынша жиынтық көлемді, оның ішінде қолданылмаған киім түрлерін де есепке ала отырып есептелген

**Сыртқы және өзара сауда статистикасы ҚР ҚМ МКК және ҚР СЖРА ҰСБ деректері негізінде қалыптастырылған

@DataHub_KZ
Халықтың айырбастау пункттеріндегі долларға деген таза сұранысы рекордты жаңартты

Қазан айында айырбастау пункттерінің қолма-қол ақшаны сатуы сатып алудан 232,8 млрд теңгеге асып түсті. ҚР ҰБ деректеріне сәйкес бір айда көрсеткіш номиналды түрде 2,2 есеге, бір жылда — 36,9%-ға өсті. Тұтынушылық инфляцияға түзетусіз қазан айындағы нәтиже 2023 жылғы желтоқсаннан бастап, түзетумен — 2024 жылғы қарашадан бастап ең айқын болып шықты.

Нетто-сатылымдардың күрт өсуі үшін теңгенің долларға қатысты нығаюы негіз болды. Соңғы айдың қорытындысы бойынша, 1 қазаннан 1 қарашаға дейін американдық валюта ұлттық валютаға қатысты 3,4%-ға, 530,47 теңгеге дейін арзандады. Айта кету керек, позицияларын күшейтуге теңге қазан айының ортасында немесе соңында емес, басында кірісті. Нығайту үрдісі бір ай бойы сақталды.

Долларды нетто-сатудың жалпы динамикасына дәстүрлі түрде республикалық маңызы бар үш қаладағы жағдай әсер етті — қазан айында олардың жиынтық көлемдегі үлесі 67%-ды құрады. Бұл ретте Алматы ерекше назар аударуға лайық, оның көрсеткіші ай-айға 4,1 есеге, жыл-жылға — 2,4 есеге, 92,4 млрд теңгеге дейін өсті.

Ұлттық банк айырбастау пункттерінің шетел валюталарын нетто-сату көлемін теңгелік баламада ұсынады. Демек, жоғарыда келтірілген динамика валюта бағамының өзгеруі сияқты фактордың әсерін көрсетпейтінін есте ұстаған жөн. Жалпы түсінік үшін: орташа айлық ресми бағам бойынша доллардың теңгелік нетто-сатылымын қайта есептеу кезінде қазан айында ең көп дегенде 11 ай белгіленеді.

Ал басқа валюталардың жағдайы қалай? Айлық және жылдық көкжиектерде айырбастау пункттерінің қолма-қол еуроны нетто-сатуы көп бағытты динамиканы көрсетеді — а/а +73,1% және ж/ж -22,7%, қазан айындағы деңгей 13,9 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар қолма-қол рубльге халықтың таза сұранысы әлі де жоқ — қазан айында айырбастау пункттері рубльді сатқаннан гөрі көбірек сатып алды. Бұл ретте нетто-сатылымдар өткен аймен салыстырғанда одан да қатты минусқа кетті — қыркүйек айындағы -16,7 млрд теңгеден кейін -32,1 млрд тг. Бір жыл бұрын, 2024 жылдың қазан айында рубльдің нетто-сатылымы оң болды, 8,8 млрд теңге.

@DataHub_KZ
Графикте доллардың нетто-сатылымының ауытқуы айқын көрсетілген. Сондай-ақ еуро және рубль бойынша динамика келтіріледі

@DataHub_KZ
Базалық мөлшерлеменің өсуіне ілесе отырып, депозиттер бойынша мөлшерлемелер де жаңа белестерді бағындыруын жалғастыруда

2025 жылдың қазанында, ҚР Ұлттық Банк деректеріне сүйенсек, ЕДБ-ның тартылған теңгелік депозиттері бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 14,4%-дан 14,6%-ға дейін өсті.

Ғасыр басынан бергі ең жоғары деңгей тағы да жаңартылып, тағы да қолжетімді статистикадағы тарихи рекордқа бір қадам жақындай түстік (1996 жылдың желтоқсанында 16,7%). Қазан айында ең тартымдысы мерзімі 1 айдан 3 айға дейінгі сегмент болды. Мұнда көрсеткіш 16,5%-ға дейін жеткен (2000 жылдың қыркүйегінен бергі ең жоғары деңгей).

Ал корпоративтік депозиттер сегменті базалық мөлшерлеменің өсуіне тіпті қарқынды әсер етті: заңды тұлғаларға арналған орташа алынған мөлшерлеме 15,4%-дан бірден 16,3%-ға көтерілді. Бұл - соңғы он жылдағы, 2016 жылғы ақпаннан бергі, ең жоғары деңгей.

Ал несиенің жағдайы қалай?

📂Заңды тұлағалардың өсімі - 0,5 п.т., 19,7%-ға дейін
🧍🏼🧍🏻‍♀️Жеке тұлғалардың өсімі - 21,5%-ға дейін, бірақ аса үлкен емес: екі таңбаға дейін жуықтап алғанда 0,04 п.т. Бұл көрсеткіш белгілі бір айдағы бөліп төлеу үлесіне де тәуелді.

@DataHub_KZ
❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде қалдырды –18%

@DataHub_KZ
DATA HUB Қазақша
❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде қалдырды –18% @DataHub_KZ
Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды, бірақ Ұлттық банк үшін оптимизмге себеп болатын жайттар да көбейе қойған жоқ

Реттеуші қазіргі жағдайды және өз шешімін қалай түсіндіреді?


↕️Қазанда жылдық инфляция азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар сегментінде жеделдеді, ал қызметтер сегментінде әкімшілік шаралардың әсерінен баяулаған (бұл туралы айтқан едік). Жалпы бағаның айлық өсімі де қазанда баяулаған, бірақ базалық инфляция жоғары күйінде қалды.

⚠️Динамика «ұсыныс мүмкіндігін жүйелі түрде басып озатын» тұрақты сұраныс жағдайында қалыптасып жатыр. Жағдайды фискалдық және квазифискалдық ынталандыру да күрделетуде, халықтың инфляциялық күтулері жоғары деңгейде сақталып отыр.

🌏Сыртқы қысым да сақталып тұр: әлемдік азық-түлік бағалары да жоғары деңгейде, әрі біздің ірі сауда әріптесіміз Ресейде де тұтынушылық инфляция төмендемей тұр.

😕Ағымдағы жылға инфляция болжамы нашарлап кетті - тамыздың соңында айтылған 11-12,5%-дан 12-13% деңгейіне дейін (қазан қорытындысы бойынша 12,6%). 2026 жылға арналған болжам да қайта қаралды: 9,5-11,5%-тен 9,5-12,5%-ке дейін. Болжамды түзетуге биылғы баға өсімінің жоспардан артық болуы және алдағы салық реформасына қатысты белгісіздік себеп болды.

Қорытындысы қандай?

Қазір Ұлттық банк ақша-несие саясатын жұмсартуға алғышарт көріп тұрған жоқ, кем дегенде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін. Бұған жоғары инфляциялық күтулер, баға өсімінің ағымдағы серпіні және тарифтік/салықтық реформалардың кейінге шегерілген әсері ықпал етеді.

Қатаңдату жалғаса ма? Мүмкін, егерде инфляцияның тұрақты түрде баяулау үрдісі байқалмаса. Келесі шешімді енді келер жылдың 23 қаңтарында күтеміз.

@DataHub_KZ