DATA HUB Қазақша
202 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
💸💸💸Бөтен адамдардың ақшасын санайық: айына 10 миллион теңгеден жоғары жалақыны қайдан табуға болады?

ҚР СЖРА ҰСБ жүргізген биылғы жылғы жалақылар бойынша үлкен зерттеуді* зерделеуді жалғастырамыз: жаңа деректер жекелеген кәсіптер мен лауазымдар бойынша көрсеткіштерді бөлуге қатысты. Оларды экономика секторлары бөлінісінде зерттейміз – бөлініп берілген көрініс қазір ең егжей-тегжейлі болмаса да, айтарлықтай толық.

Әрине әр қызметкер бойынша жалақылар белгілі емес, тек әр кіші топ ішіндегі орташа жалақылар – яғни белгілі бір қызмет сегментіндегі компаниялардағы белгілі бір лауазымдағы адамдардың жалақысы белгілі. Бірақ мұндағы жағдай түсінікті: егер кіші топтың орташа мәні 10 миллионнан асса, онда жалақысы осы белгіден төмен емес кем дегенде бір адам болады. Ал егжей-тегжейлі көріністі одан әрі арттыру үшін ерлер мен әйелдерді бөлек қарастырамыз.

Сонымен, жалақысы 10 миллион теңгеден асатын мамандарды қайдан іздеуге болады?

🧮 Бірден бірнеше мысал – қаржы және сақтандыруда. «Қаржы қызметтері және сақтандыру саласындағы көмекші қызмет» сегментінде компанияны дамыту жөніндегі басқарма басшыларының осы лауазымды әйелдер атқаратын ұйымдардағы орташа жалақысы 16,9 млн теңгені құрайды. Ұқсас лауазымдардағы сол сегменттегі ер адамдар орташа есеппен "небәрі" 2,7 миллион жалақы алады, ал кез келген жыныстағы мамандар үшін жалпы мәні – 6,3 млн.

Осыған ұқсас жағдай – «Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан басқа қаржылық делдалдық» саласының ұйымдары, онда басқарма төрағасы қызметін әйелдер атқарады. Олардың бұл лауазымдағы орташа жалақысы – 11 млн тг, ал ерлердің көрсеткіші 3,7 млн тг және екі жыныстың жалпы мәні 5,8 млн тг.

Ал үштікті қорытындылайтын «Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру» секторының ұйымдары, мұнда қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы лауазымын ер адамдар атқарады: олардың орташа жалақысы 14,9 млн тг (сол лауазымдарды әйелдер атқаратын ұйымдар бойынша – 2,9 млн тг, жалпы екі жыныс бойынша – 8,9 млн тг).

🏗 Бір-екі мысалы бар тағы бір сала – құрылыс. «Мамандандырылған құрылыс жұмыстары» сегментінде тау-кен инженері қызметін атқаратын ерлердің орташа жалақысы 12 млн теңгені құрайды. «Ғимараттар құрылысы» сегментінде іздестіру/конструкторлық/жобалау ұйымының директоры қызметін атқаратын ер адамдар үшін көрсеткіш 11,5 млн теңгені құрайды. Бұл лауазымдарда әйелдер қызмет атқаратын ұйымдар іріктемеде жоқ.

✈️Сондай-ақ, қорытындылай келе, әуе көлігі ұйымдарының бас директорларының орташа жалақысы жақсы көрінеді –10,4 млн тг. Бұл жерде де әңгіме ерлер туралы – бұл лауазымда әйелдер жоқ.

* Зерттеу 2025 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша жүргізілді, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда (тиісті нысан бойынша есептілікпен) толығымен ірі және іріктеп алғанда – шағын және орта кәсіпорындарды қамтиды.

@DataHub_KZ
Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер ХХІ ғасырдың рекордын тағы да жаңартты

2025 жылдың қыркүйегінде азаматтардың теңгелік депозиттері бойынша ЕДБ депозиттерінің орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 14,3%-дан 14,4%-ға дейін өсіп, осы ғасырдың басынан бергі ең жоғары көрсеткішті жаңартты. Барлық қолжетімді статистикада ең жоғары көрсеткіш - 16,7%, 1996 жылдың желтоқсанында болған, бұл әзірге қолжетпестей көрінеді. Алайда, айта кету керек, қыркүйектегі өсім базалық мөлшерлеме көтерілмей тұрып болған еді.

Қыркүйекте ең елеулісі 1 айдан 3 айға дейінгі мерзімге арналған депозиттер сегменті болды (орташа мәні - 16,4%, бұл деңгейде екінші ай қатарынан сақталып тұр).
Бұл орайда заңды тұлғалардың депозиттері бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме сәуірден бері өзгеріссіз қалып тұр - 15,4%.

👀Теңгедегі несиелердің жайы қалай?

🔸Жеке тұлғалар мен ЖК үшін орташа өлшенген деңгей тамыздағы 21%-дан кейін 21,4%-ды құрады. Бұл сегментте мұндай ауытқулар - әдеттегі құбылыс (графикке қараңыз), себебі ол ай сайын пайызсыз бөліп төлеу үлесінің өзгерісіне қарай құбылып отырады.
🔸Заңды тұлғалар бойынша қыркүйектегі орташа көрсеткіш - 19,1%, тамызға қарағанда +0,1 п.т.

ҚР Ұлттық Банкі деректері

@DataHub_KZ
1
🇰🇿✈️🇰🇬Қазақстан Қырғызстаннан рекордтық көп авиакеросин әкелді

ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес, тамыз айында импорт кем дегенде 3,5 жылдағы айлық максимумға – 17,8 мың тоннаға жетті. Айдан айға көрсеткіш 3,6 есе ұлғайды. Бұл ретте жылдан жылға динамиканы есептеу мүмкін емес – 2024 жылдың тамызында импорт болған жоқ.

Нәтижесінде Қырғызстанның авиакеросиннің шетелдік жеткізушісі ретіндегі маңызы күрт өсті – оның көлемі ресейлік көлеммен теңесті дерлік (19,7 мың т). Ресей Федерациясы дәстүрлі түрде отынның осы түрінің негізгі шетелдік сатушысы болып табылады, ал Қырғызстан оны отандық нарыққа анда-санда жібереді. Мысалы, 2024 жылдың тамызынан 2025 жылдың наурызына дейін – сегіз ай қатарынан – ол жерден импорт мүлдем болмады. Сол арада ресейлік жеткізілімдердің тұрақтылығы ресми түрде бекітілген – Қазақстан жыл сайын Ресей Федерациясымен 300 мың тоннаға дейінгі көлемде авиаотын импортының жоспарын келіседі.

🤔Неліктен мұндай келісімдер қажет? Соңғы жылдары Қазақстанда өз авиакеросинінің тапшылығы байқалады және ол күшейе түсуде. Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, қаңтар-тамызда ресурстардағы импорт үлесі* 27,9%-ды құрап, бір жыл ішінде 8,4 п.п. ұлғайды. Ал жекелей алынған тамызға келетін болсақ, оның қорытындысы бойынша импортқа тәуелділік одан да жоғары деңгейде қалыптасады – 42,4% (ж/ж +29,2 п.п.).

Биліктің мәлімдеуінше, өз авиакеросиніміздің тапшылығы өсіп келе жатқан сұраныспен байланысты, оны отандық өндіріс жаба алмауда – қуат жеткіліксіз. Мәселен, ресми статистикалық деректерге сәйкес, қаңтар-тамыз айларында авиакеросин өндірісі 485 мың тоннаға сәйкес келді, ж/ж есептегенде 2% құлдырау орын алды, ал импорт – 188 мың тонна, ж/ж 56,8%-ға өсті.

☝️Авиакеросинге сұраныс бірнеше себептер бойынша өсуде, олардың ішінде – Қазақстан мен үшінші елдер арасында тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шетелдік авиакомпанияларға әуе еркіндігінің бесінші дәрежесінің берілуі. Сондай-ақ биліктің мәлімдемелеріне сәйкес, жергілікті авиатасымалдаушылардың (Air Astana, SCAT) қажеттіліктері толығымен өтеледі. Импортталатын отынды негізінен шетелдік авиакомпаниялар тұтынады. Демек Ресей Федерациясы негізінен соларды жабдықтап отыр.

Сонымен қатар, Ресейдің өзі де қазір ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығына тап болуда, оны жинақталған қалдықтармен өтеп отыр. Отын тапшылығы маусымдық фактордан басқа (қыркүйек-қазан айларында шиеленісті тепе-теңдік байқалады) украин әскери күштерінің шабуылынан кейін Ресейдің бірқатар мұнай өңдеу зауыттарының істен шығуына байланысты болуы мүмкін, деп жазады қазақстандық салалық БАҚ.

Олар сондай-ақ 2026 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге ЕАЭО-да отын импортына баж салығын алып тастауды Ресей өкілдері қолпаштағанын жоққа шығармайды. ЕЭК кеңесі мұндай шешімді 2025 жылғы 30 қыркүйекте жариялады. Ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кейін күшіне енеді деп хабарланды.

Айта кетейік, Ресей Қазақстандағы авиакеросинге сұраныстың бір бөлігін ғана қамтып қоймай, сонымен қатар тиісті өндірісі жоқ Қырғызстанның қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырады. Осыған сүйене отырып, тамыз айында Қырғызстан Қазақстанға ресейлік авиакеросиннің сақталған қалдықтарын сатты деп болжауға болады.

Неліктен өзіміздің авиакеросинмен қамтамасыз етілу мәселесі маңызды? Жергілікті отын импортталғанға қарағанда авиакомпанияларға арзанырақ түседі деп саналады. Көлік министрлігінің мәліметінше, авиабилеттің өзіндік құнының құрылымында авиаотынға жұмсалатын шығыстардың үлесі 35%-ды құрайды.

*Өндіріс пен импортты қосу арқылы қалыптасатын статистикалық көрсеткіш

@DataHub_KZ
🍽😋🏆Қазақстанда мейрамхана құрылысы қарқын алды — пайдалануға берілген нысандар саны рекордтық деңгейге жетті

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 55 мейрамхана пайдалануға берілді* — бұл жеті жыл ішіндегі, яғни бүкіл қолжетімді статистика тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Жылдан жылға бірден 1,8 есеге өскен. ҚР СЖРА ҰСБ есебіне сүйенсек, бұл көрсеткіш аталған кезең ішіндегі ең үлкен серпіліс болып тұр.

Сонымен қатар жалпы орын саны бойынша деректер он жыл аралығын қамтиды. 2025 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіш 16,2 мың, бұл 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларынан бергі ең жоғары деңгей (ол кезде 19,4 мың болған). Алайда бір мейрамханаға шаққандағы орташа орын санын есептеу мүмкін емес. Себебі пайдалануға берілген мейрамханалар статистикасына тек жаңадан салынған нысандар кіреді, ал орын саны статистикасына қайта жаңғыртылған нысандар да кіреді.

🧮Дегенмен, бір орынның орташа құнын анықтауға болады. Ұлттық статистика бюросы пайдалануға берілген мейрамханалардың жалпы нақты құнын да жариялайды — жаңадан салынған және қайта жаңғыртылған нысандар бойынша. Сонымен қаңтар-қыркүйек айларында бұл көрсеткіш жылдан жылға 2,7 есе номиналды өсіммен 57 млрд теңгеге жуықтаған. Сонда пайдалануға берілген бір орынның орташа құны 3,5 млн теңгеге тең (номиналды түрде жылдан жылға +46%).

💪Айта кетерлігі, пайдалануға берілген мейрамханалар республика аумағында біркелкі бөлінбеген. Олардың 40%-дан астамы немесе 23 нысан, көшбасшы Түркістан облысына тиесілі. Екінші орында үлкен айырмашылықпен Қызылорда облысы (7 нысан), ал үшінші орында Атырау облысы тұр (5 нысан). Астанада бар болғаны бір мейрамхана пайдалануға берілген, бірақ мұндағы бір орынның нақты орташа құны ең жоғары12,3 млн теңге. Ол 200 орынға есептелген. Ал Алматыда ресми статистика бойынша жаңа мейрамхана пайдалануға берілмеген.

Тағы бір қызық дерек: пайдалануға берілген кафелер саны да рекорд жаңартуда. Тоғыз айдың ішінде 68 кафе пайдалануға берілген және де бұл соңғы алты жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Жалпы орын саны 4,9 мыңға, ал жалпы нақты құны 11,7 млрд теңгеге тең.

2025 жылдың басындағы жағдай бойынша (соңғы қолжетімді ресми деректер бойынша) Қазақстанда 2,4 мың мейрамхана бар, оларда 339,1 мың орын бар. Сондай-ақ 5,2 мың кафе бар, онда 293,4 мың орын есептелген.

*Пайдалануға беру жөніндегі статистикалық нысандарды заңды тұлғалар тікелей ҚР СЖРА ҰСБ-ға тапсырады. Жеке тұлғалар жергілікті атқарушы органдарға есеп береді. Жиналған мәліметтер біріктіріліп, нысанды пайдалануға қабылдау актілері негізінде толтырылады.

@DataHub_KZ
👍1👎1🤔1
📉🚘Қазақстанда жеңіл автокөліктерді тіркеу көрсеткіші құлдырады

Қыркүйек айында 78 мың жеңіл автокөлік есепке алынды - бұл 2022 жылдың сәуірінен бергі минимум. ҚР СЖРА ҰСБ ақпаратына сәйкес*, бір ай бұрынғы және бір жыл бұрынғы көрсеткіштерге қатысты құлдырау екі есеге жуық болып шықты.

Күрт төмендегенге дейін тіркеулер саны ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде (110 мың бірліктен астам) сақталды, ерекшеліктер – 2023 жылдың тамызы мен 2025 жылдың қаңтары. Атап айтқанда, біз 2023 жылдың қаңтарынан бергі кезең туралы айтып отырмыз – дәл сол кезде шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді заңдастыру науқаны басталды. 2024 жылға қарай науқан аяқталды, азаматтарға мұндай көліктерді Қазақстанда есепке қойғаннан кейін ғана басқаруға рұқсат етілді. Бұл, әрине, тіркеу санының төмендеуіне әкеле қойған жоқ – 2024 жылы да, 2025 жылы да мәндер көтеріңкі деңгейде қалды.

2025 жылғы сәуірден бастап Ұлттық статистика бюросы бастапқы және қайталама деп бөліп тіркеу деректерін жариялайды. Алдыңғы аймен салыстырғанда төмендеу екі жағдайда да байқалады. Бұл ретте теріс динамикаға жалпы саны басым қайталама тіркеулер ең көп үлес қосады, минус 51,5 мың, 71,4 мың бірлікке дейін. Бұл ретте бастапқы тіркеулер 15,2 мың бірлікке қысқарып, 6,6 мың бірлікті құрады. Бастапқы тіркеу автокөліктің ҚР-да алғаш рет тіркеліп отырғанын білдіреді (уақытша әкелінген машиналарды тіркеуді қоспағанда).

*ҚР ІІМ деректері негізінде дайындалған

@DataHub_KZ
1
Графикте жеңіл автокөліктерді тіркеудің төмендеу ауқымы көрсетілген

@DataHub_KZ
Қазақстандықтар ұлтын қаншалықты жиі өзгертеді?

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында, ҚР ІІМ деректері бойынша, ұлтын өзгертуге байланысты құжат (төлқұжат/жеке куәлік) беру үшін 2272 формуляр рәсімделген.

Бір формуляр бірден екі құжатқа толтырылуы мүмкін, сондықтан "бір формуляр = бір адам" деп алайық. Сәйкесінше, жыл басынан бергі 39 апта ішінде орта есеппен аптасына шамамен 58 азамат осындай шешім қабылдаған.

Қазақстандықтар нақты қандай ұлттан қандай ұлтқа ауысатыны туралы мәлімет, өкінішке қарай, анық емес. Алайда аймақтар бойынша бөлініс бар: соған қарасақ, ұлтты өзгертуге деген қызығушылық Алматы тұрғындары арасында жиірек байқалады: қаңтар-қыркүйек айлары бойынша қаланың әр 10 мың тұрғынына шаққанда 2,5 формулярдан келеді. Мысалы, Астанада бұл көрсеткіш шамамен 2-ге жуық, ал ҚР бойынша жалпы деңгей - 10 мың адамға шаққанда шамамен 1,1 формуляр.

Қазақстандықтар тағы қандай себептермен жаңа құжат алуға жүгінгенін иллюстрациядан көре аласыздар.

@DataHub_KZ
2👍1
Статистика бес жарым жылда алғаш рет ақылы қызметтердің бағасының төмендегенін көрсетті

Қазанда бұл сегменттегі бағалар қыркүйекке қарағанда 0,8%-ға төмендеді деп көрсетілген ҚР СЖРА ҰСБ деректерінде. Айлық мәнде төмендеуі 2020 жылдың мамыр айынан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

Ресми есептеулерге сәйкес. қазанда “Тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлері” сегментінде бағалар айдан айға 3,5%-ға төмендеген. Толық талдау әлі жарияланбағанымен, жалпы алғанда Алматыда судың тарифтері уақытша төмендегені белгілі (тұтыну көлеміне қарай дифференцияланған тарифтер схемасының уақытша тоқтатылуына байланысты).

Бұл ретте ақылы қызметтердің арзандауы, тиісінше, айлық жалпы инфляция көрсеткішін де төмендетті: бағалар 0,5%-ға өсті, ал қазан айы үшін мұндай төмен деңгей соңғы рет 7 жыл бұрын тіркелген еді. Сондай-ақ азық-түлік бағасы қыркүйекке қарағанда 1%-ға, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,2%-ға қымбаттаған.

Жылдық инфляцияның жайы қалай?

Мұнда да негізгі әсер тигізіп отырған сол қызметтер: бұл сегменттегі көрсеткіш қыркүйектегі 15,3%-дан 12,9%-ға дейін күрт баяулады. Бұл өз кезегінде жалпы инфляцияны жылдан жылға бір ай бұрынғы 12,9%-дан қазіргі 12,6%-ға дейін төмендетті. Ал азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар сегменттерінде керісінше жеделдеу жалғасуда (динамика төмендегі графикте көрсетілген).

@DataHub_KZ
ЕДБ жағдайы қалай? ҚР Ұлттық Банкінің жаңа деректері бойынша банк нарығындағы үшінші тоқсанның қорытындысын шығарамыз.

1 қазандағы жағдай қандай екенін көрейік. Алдымен, өткен тоқсанда ойыншылар саны көбейгенін еске саламыз: тамыз айында бұған дейін МҚҰ мәртебесінде жұмыс істеген KMF лицензия алды. Ол бойынша мәліметтер банк жүйесінің жалпы көрсеткіштерінде көрсетілген, ал тоқсандағы динамика бойынша деректер сәйкесінше жоқ.

Соңғы үш айдың қорытындылары туралы барлық мәліметтер, әдеттегідей, посттың иллюстрацияларында (бұдан әрі қараңыз), ал мынау негізгі байқағанымыз:

🔸 1 қазанға қарай жиынтық пайда 2 трлн теңгеден асты. Номиналды көрсеткіш жылдық +10,6% өсімді көрсетеді, бұл алайда жалпы инфляция қарқынынан сәл аз. "Банк БиЭнКей" (-1,2 млрд) және Фридомнан басқа (-16,1 млрд, бірақ тоқсандағы оң динамикамен), барлық ойыншылар дерлік оң көрсеткіш көрсетті.

🔸 Активтер тоқсан ішінде номиналды 3,4% қосып, 67 трлн теңгеге жетті. Несие портфелі 6,4%-ға, 41,6 трлн теңгеге дейін өсті. Жаңа ойыншының қосылуы жалпы өсімге көмектескені түсінікті, бірақ онсыз да қарқын сәйкесінше 3 және 6%-ға жақын болар еді.

🔸Жеке тұлғалардың депозиттері заңды тұлғаларға қарағанда тезірек өсті (тиісінше +4,0% және +2,8%). Бұл ретте жеке тұлғалар бойынша жиынтық көлемнің шамамен 80%-ын сегменттегі алғашқы бес ойыншы қамтамасыз етеді, ал заңды тұлғалар бойынша бірінші бестікке жалпы мәннің үштен екісінен сәл астамы тиесілі.

@DataHub_KZ
Қарашаның басына қарай доллар бағамы рекордтық деңгейден күрт төмендеді

1 қарашадағы жағдай бойынша ҚР Ұлттық банкі есептеген американдық валютаның ресми бағамы 530,47 теңге болды. 1 қазанмен салыстырғанда бұл 3,4%-ға немесе 18,59 теңгеге төмен. Қазан айындағы теңге бағамының кері серпілісі 2025 жылы көлемі жағынан екінші орында тұр. Бұдан сәл айқынырақ құлдырау ақпанда байқалған еді: ол кезде 3,7%-ға төмендеді. Ал одан да күшті динамика соңғы рет 2022 жылғы мамырда (-7,1%) тіркелген болатын.

Өткен айды, қыркүйекті, теңге тарихи ең төменгі деңгейде аяқтаған еді. Қазанда ол әлсіреуін жалғастырды. Алайда теріс динамика ұзаққа созылмады, небәрі екі күнге. 3 қазаннан бастап нығаю үрдісі байқалды. Соның нәтижесінде, ҰБ базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешімін жарияламай тұрып-ақ, 1-9 қазан аралығында теңге 1,6%-ға немесе 9 теңгеге қымбаттады.

Теңге ай бойы айтарлықтай қарқынмен нығайып отырды. Ал айдың аяғына қарай, 30 қазанда, күрт нығайды - 1,1%-ға (5,68 теңгеге). Кейбір сарапшылар мұны ҚР Қаржы министрлігінің биржада доллардың аумақты көлемін, еуробондтардан түскен $1,5 млрд, сатуымен байланыстырды (министрлік бұл жайлы 22 қазанда хабарлаған болатын).

Бір нәрсе нақты белгілі - теңгенің нығаюына Ұлттық банктің таза валюталық сатылымдары айтарлықтай әсер етті. Қыркүйекке қарағанда олардың көлемі шамамен 50%-ға, $1,54 млрд дейін өскен. Бұл өсімнің негізгі себебі теңестіру операциялары еді.

Еске сала кетейік, бұдан бір ай бұрын монетарлық билік «алтын бағасының өсуі жағдайында теңестіру операциялары аясында өтімділікті алу көлемі теңге эмиссиясының көлемінен қалып қойып жатыр» деп хабарлаған болатын. ҚР ҰБ бұл теңгерімді IV тоқсан ішінде қалпына келтіруді, яғни ай сайын орта есеппен 467 млрд теңге стерилизациялауды жоспарлаған болатын. Салыстырмалы түрде: қаңтар-қыркүйек айларында стерилизацияланған өтімділіктің орташа айлық көлемі 250 млрд теңге болды. Теңестіру механизмі 2-2025 жылдың қаңтарынан бері қолданылып келеді. Теориялық тұрғыда бұл механизм теңге эмиссиясына тең көлемдегі валютаны сату арқылы жүзеге асады, ол алдын ала отандық өндірушілерден алтын сатып алу үшін жүргізіледі.

Сонымен бірге ресми мәлімдемелерге қарағанда, ҚР ҰБ қазан айында БЖЗҚ үшін интервенцияларды немесе валюта сатып алуларын жүргізбеген. Квазимемлекеттік сектордың валюта сатуына келетін болсақ, керісінше, бұл көрсеткіш бір айда едәуір қысқарған. Дегенмен, бұл жағдайда көлем әлдеқайда аз - $279 млн $378 млн қарсы.

ҚР ҰБ деректері

@DataHub_KZ
Доллардың ресми бағамының динамикасы жайлы жазбаға қатысты толық мәліметті графиктен көре аласыздар

@DataHub_KZ
👍1
👀 👀 👀Зейнетақы қаражатын көз ауруларын емдеу мақсатында алу қарқынды түрде өсуін жалғастыруда

Қазанда офтальмологиялық қызметтер алу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану туралы 15,4 мың өтінім орындалды, бұл қыркүйектегі көрсеткіштен шамамен 10 есе, ал 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы орташа мәннен 73 есе көп. Сомасы жағынан бір айда 13,3 млрд тг болды. БЖЗҚ деректері бойынша бұл қыркүйекке қарағанда 9 есе, ал жылдың алғашқы сегіз айындағы орташа көрсеткіштен 83 есе артық.

Жалпы көріністі толық түсіну үшін айта кетейік: 2025 жылдың 1 қыркүйегіне қарай, офтальмология бағыты бойынша алғашқы серпіліске дейін, осы мақсатта барлық уақыт ішінде орындалған өтінімдердің жалпы саны бір ғана қазан айындағы қазіргі нәтижемен шамалас болған еді (15,5 мың бірлік), ал жиынтық сомасы, тіпті, төмен болды (8,8 млрд тг).

🔎Мұндай белсенділіктің себебіне тоқталсақ: қыркүйекте стоматологиялық қызметтерге зейнетақы қаражатын пайдалану тәжірибесі тоқтатылды. Емделу мақсатындағы қаражаттардың барлығы дерлік осы мақсатта жұмсалды деуге болады. Тоқтатылуының себебі — көптеген жалған жағдайлардың анықталуы. Сол себепті қазанда тіс емдеу мақсатындағы өтінімдер мүлде орындалған жоқ, бірақ бұрын берілген өтінімдер бойынша қаражатты қайта қайтару жалғасты.

Бұлай қаражатты қайта қайтару бірнеше жағдайда орындалуы мүмкін: егер өтініш беруші шешімін өзгертсе; қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе қаражатты басқа мақсатта пайдаланбақ болса. Айта кетсек, офтальмология бойынша да қайтарымдар тіркелген: қазанда 730 млн теңгеге 901 өтінім қайтарылған, бұл сол айда орындалған өтінімдердің шамамен 6%-на тең. Бұл қалыпты ма, жоқ па, әзірге айту қиын: пайыздық көрсеткіш бұдан жоғарырақ та болған, бірақ ол кезде өтінім саны аз еді.

🏠Қорытындысында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатындағы зейнетақы төлемдеріне тоқталып өтсек. Бұл сегментте де белсенділік артып келеді, бірақ шамадан тыс емес: орындалған өтінімдер саны 138,4 мың бірлікке (+7%) жетті, ал сомасы - 79,9 млрд тг (+9%). Бұрын берілген өтінімдер бойынша қайтарымдар да әдеттегі деңгейде сақталып қалған, нақты айтқанда, 16,3 мың бірлік және 12,6 млрд теңге.

Динамикасын көрнекті түрде келесі жазбадағы иллюстрацияларда көрсеттік👇🏼

Есептеулер БЖЗҚ деректері бойынша

@DataHub_KZ