DATA HUB Қазақша
202 subscribers
718 photos
1 video
403 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Алкоголь мен темекіні заңсыз түрде сатқаны үшін кімдерді әкімшілік жауапкершілікке тартатынын графикте көрсеттік

@DataHub_KZ
👁Стоматологтардың қызметтеріне зейнетақы жинақтарын шешіп алуға қойылған тыйымның аясында офтальмология бойынша көрсеткіштер шарықтай түсті

Қыркүйек айында офтальмологиялық қызметтерге ақы төлеу мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған сомасы 1,4 млрд теңгені құраған 1611 өтініш орындалды. Тамыз айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда әңгіме тиісінше 5,8 және 7 есе өсім туралы болып отыр. Мәселе төмен базада емес – алдыңғы 12 айдағы орташа айлық мәндермен салыстырғанда тіпті 7,9 және 9,3 есе қомақты өсу болып шығады.

💡 Қыркүйек айында не болғанын еске түсірейік: «Отбасы» банкінде айдың 15-ші жұлдызынан бастап емделу мақсатында ақшаны шешіп алудың ең көп қолданылатын мақсаты – тістерді емдеуге арналған зейнетақы артығын пайдалану бойынша өтінімдер қабылданбайтынын хабарлады. Банк осы бағыттағы көптеген жалғандық фактілеріне назар аударды. Биылғы көктем мезгілінде бұл көрініспен күресу үшін енгізілген қосымша шаралардың да көмегі тимеген болып шықты.

Айдың 15-ші жұлдызына қарай Денсаулық сақтау министрлігінің «Зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалану жағдайларын анықтауға байланысты» стоматологиялық қызметтерге төлемдер бойынша норманы алып тастау жөніндегі түзетулер жобасы пайда болды (онлайн-талқылау алдыңгүні аяқталды). Бұл эпизодтар бөлігінде тіпті күдіктілерді іздеу жүргізілуде.

Айдың ортасында қабылданған шаралар «тістерге» қаражат алуға ниеттілердің белсенділігіне сонымен қалай әсер етті?

Бір жағынан, орындалған өтініштердің саны (67,5 мың бірлік) және олардың сомасы (56,9 млрд) тамыз айымен салыстырғанда азғантай ғана азайды, 6 және 4%-ға. Бұл ретте өтінімнің орындалуы қаражаттың өтініш берушінің арнайы шотына аударылуын білдіреді, сондықтан оған қоса тағы бір нәрсе орын алғаны маңызды.

❗️Өткен айда қаражатты БЖЗҚ-ға қайта қайтару жағдайлары күрт өсе түсті. Әңгіме «тістерге» арналған 27,3 мың өтініш бойынша 21,8 млрд теңге туралы болып отыр. Салыстыру үшін, тамыз айында стоматология бойынша 6,3 мың өтініш бойынша 3,7 млрд теңге қайтып келді, айта кететіні қайтарылу жағдайларының көтеріңкі мәндері өтініштердің өздерінің көтеріңкі санымен бірге бірнеше ай бойы онсыз да сақталуда. Тағы бір айта кететіні, қаражатты қайтарудың өзі заң бойынша бірқатар уақытты алуы мүмкін, яғни нақты айдағы қайтарылымдардың статистикасына бұдан бұрынғы өтініштер бойынша деректер түсуі мүмкін.

Қандай сценарий бойынша ақша қайтарылуы мүмкін? Не өтініш беруші өз бетінше мақсатынан айнып қалса, не ол растаушы құжаттарды уақтылы ұсынбаса немесе қаражатты мақсатына сай емес тәсілмен пайдаланғысы келсе. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, соңғы тармақ перспективалы көрінеді...

Бұл ретте шолуымыздың бастауы болған офтальмологиялық қызметтер санаты бойынша зейнетақы жинақтарын нормадан тыс қайтару саны байқалмайды: қыркүйек айында тамыз айына қатысты ерекше динамикасыз сомасы 48 млн теңгені құраған 83 өтініш туралы әңгіме болып отыр.

🏠 Қосымша ретінде: заңсыз схемалар туралы мәселе қозғалмаған тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған төлемдердің жағдайы не болып жатыр? Көрсеткіштер өсуде. 73,3 млрд теңге сомасына 128,9 мың өтініш орындалды, екі жағдайда да тамыз айымен салыстырғанда 20%-дық өсім. БЖЗҚ-ға қаражаттың қайтарылуы бойынша өсім де жоқ: өткен аймен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріссіз 14,2 мың өтініш бойынша 10,8 млрд теңге қайтарылды.

БЖЗҚ деректері бойынша есептеулер

@DataHub_KZ
Астанада жаңа пәтерлердің қымбаттауы соңғы он жылдағы ең айқын үш жағдайдың бірі болды

Қыркүйекте бастапқы нарықтағы бағалар тамыздағы айтарлықтай өсімнен кейін айдан айға бірден 5,1%-ға артты. 2015 жылдың басынан бері Астанада бұл сегменттегі тұрғын үй бұдан да жоғары қарқынмен тек екі рет қымбаттаған еді: 2015 жылдың қарашасында және 2022 жылдың наурызында.

Екінші нарықта бағалар 2,2%-ға өсті, бұл 2025 жылғы ең айқын серпіліс, дегенмен өткен жылдары мұндай қарқын бірнеше рет тіркелген болатын. Ал жалдау ақысының қымбаттауы тамыздағы 3,1%-дан 1,8%-ға дейін баяулады.

Астанада пәтер жалдау құнының орташа бағасы (1 шаршы метрге шаққанда) әлі де Алматыдан төмен, әсіресе бұл жолы оңтүстік астанада жалдау бағасы тезірек өсіп келеді. Қыркүйекте айдан айға +2,7% - бұл 2023 жылғы тамыздан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Ал Алматыда пәтерді сатып алу бағасы бойынша рекорд байқалмайды. Бастапқы нарықта тыныштық, +0,1%, соңғы екі айда баға өзгеріссіз қалды. Қайта сату нарығында +1,2%.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
👨🏻‍💻👩🏻‍💻IT-компаниялардағы жас қазақстандықтар орташа статистикалық құрдастарынан екі есе көп жалақы алады

24 жасқа дейінгі «Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер» секторы қызметкерлерінің орташа жалақысы 637 мың теңгені құрайды. Бұл мән бүкіл экономика бойынша осы жастағы қызметкерлер үшін көрсеткіштен 2,3 есе көп (280 мың теңге).

2025 жылғы жағдай бойынша тиісті тұжырымдар шағын бизнесті қоспағанда, ірі және кейбір орта және шағын ұйымдарды зерттеуден туындайды. Тексеруді жылына бір рет ҚР СЖРА ҰСБ жүргізеді, онда барлығы 3,3 млн қызметкер (кез келген жастағы) бойынша деректер бар.

Айтидегі жас қызметкерлерімізді толығырақ қарастырайық: бұл сектордағы жігіттер қыздарға қарағанда көбірек ақша табады. Мәселен, ер қызметкерлер үшін қарастырылып отырған сектордағы орташа жалақы 690 мың теңгені құрайды – бұл тағы да ер жыныс үшін орташадан 2,3 есе артық. Ал қыздарда сегменттегі көрсеткіш 558 мың теңгені құрайды, бұл, тиісінше, ұлдардың көрсеткішінен 20%-ға аз, бірақ өздеріне құрдас болып келетін орташа статистикалық қыздардан 2,3 есе көп.

Алайда IT ұйымдарындағы жас әйелдер енді өз жынысы үшін ең жоғары орташа жалақымен мақтана алмайтынын атап өткен жөн. Ең егжей-тегжейлі қолжетімді бөлініске сәйкес, оларды 583 мың теңге көрсеткішімен «Кино, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламалар өндірісі, дыбыс жазу және музыкалық шығармалар шығару саласындағы қызмет» сегментінің қызметкерлері басып озады. Айтпақшы, 24 жасқа дейінгі ер адамдарда әңгіме небәрі 400 мың теңге туралы болып отыр.

@DataHub_KZ
Ал ендеше біз жастардың табысы туралы айтып бастағандықтан, сол үлкен зерттеу бойынша өңірлік бөліністі де тез зерттеп көрейік.

@DataHub_KZ
❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерді

@DataHub_KZ
DATA HUB Қазақша
❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерді @DataHub_KZ
Неліктен мөлшерлеме қатты көтерілді - бұрын соңды болмаған деңгейге дейін?

Инфляция қыркүйекте, реттеуші еске салғандай, Ұлттық банк болжамнан асып түсті: жылдан жылға 12,9%. Айлық көрсеткіштер, соның ішінде маусымдық түзетілген инфляция да айтарлықтай өсті. Қазіргі динамикасы баға өсімінің тұрақты сипатын көрсетеді.

Проинфляциялық тәуекелдердің ішінде Ұлттық банк негізінен ішкі факторларды атап өтеді: тұрақты сұраныс, сондай-ақ тарифтік реформаның және ЖЖМ нарығын либерализациялаудың жанама әсерлері. Сонымен қатар салық реформасының, соның ішінде ҚҚС бойынша өзгерістердің инфляцияға әсері де көрсетілген.

Бұдан бөлек, реттеуші экономикалық өсімнің жеделдеуін атап өтті: қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша жылдан жылға 6,5%, ал 2024 жылдың осын кезеңінде 3,7% болған. Алайда бұл өсімнің басым бөлігі бюджет шығынына тәуелді салаларда орын алған...

Мөлшерлеме тағы да өсуі мүмкін бе? Иә. «Ағымдағы қатаңдық деңгейі инфляцияны тұрақтандыру үшін жеткіліксіз болып шықса, қосымша қатаңдату шараларын қолданудың ойға қонымдылығы қарастырылады». Келесі отырысты 28 қарашада күтеміз.

Базалық мөлшерлеме деген не?


@DataHub_KZ
Алматы метросының жолаушылары жаңа рекорд орнатты

2025 ж. қыркүйегінде метрополитен 3,1 млн астам жолаушыға қызмет көрсеткен - бұл 2024 ж. дәл осы айындағы көрсеткіштен 21%-ға көп. Бұл ретте ҚР СЖРА ҰСБ-ның қолжетімді статистикасындағы кез келген ай үшін рекорд жайлы сөз болып отыр.

Шыны керек, метро туралы деректер барлық кезең бойынша емес, алайда метро кіріп тұрған “транспорттың басқа түрлері” санатын бойынша көрсеткіштер әрдайым төмен болатын. 2019 ж. кейбір айларында бұл мәндер конфиденциалды, бірақ метроның өз деректерін пайдалана отырып, олар аз болған деп қорытынды жасауға болады.

Жалпы алғанда, 2025 ж. 9 айында көрсеткіш жылдық мәнде 14%-дық орташа айлық қарқынмен өсіп отырды деуге болады. Ал 2024 ж. сол кезеңінде, төрт рет төмендегенін есепке алғанда, орташа айлық қарқын небәрі 1%-ды құрады.

Айта кетерлігі, метрополитен дәл қыркүйек айында тәуліктік рекордтарды жаңартқанын хабарлады: айдың басында бір рет, айдың соңында бір рет - «Қайрат» пен «Реал» матч күні (143 мың адам).

@DataHub_KZ
1
🇨🇳💼Қазақстанда қытайлық бизнес өсуде

1 қыркүйектен 1 қазанға дейін қытайлық меншік иелерімен тіркелген заңды тұлғалар/филиалдар саны 307 бірлікке артып, 7,1 мыңға жетті. Бұл кем дегенде 2022 жылдың қаңтарынан бергі, яғни 3,5 жылдан астам уақыт ішіндегі ең жоғары айлық өсім.

Қазіргі рекорд қытайлық бизнестің Қазақстандағы өз ауқымын кеңейту бойынша қарқын алып келе жатқан белсенділігімен тікелей байланысты — тиісті тамыры бар компаниялардың жалпы санының өсуі төрт ай қатарынан жеделдеп келеді. Жалпы алғанда, абсолютті өсім 100 бірліктен жоғары деңгейде бір жарым жылға жуық сақталуда (ерекшелік — 2025 жылғы қаңтар, ол кезде +98 бірлік болған).

🛍Шамасы, қыркүйектегі өсімді толығымен шағын ұйымдар қамтамасыз етті — есебі бірлікке кететін ірі және орта ұйымдар саны айдың қорытындысы бойынша өзгерген жоқ. Бұл ретте байқалған динамикада негізгі рөлді үш сала атқарды: сауда (+123 бірлік), өңдеу өнеркәсібі (+34) және басқа да қызметтер (+31). Олар бірге жиынтық өсімнің 2/3 бөлігін құрады.

💪Бір қызығы, қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қытай барлық елдер арасында ең күрт динамиканы көрсетті. Тіркелген заңды тұлғалардың/филиалдардың абсолютті өсімі бойынша оған ең жақын Өзбекстан болып шықты, +167 бірлік. Алайда осыған қарамастан, жалпы рейтингте Қытай үшінші орында қалды, ал Өзбекстан 7,4 мың тіркелген заңды тұлға/филиалмен екінші орынды сақтап қалды. Сонымен қатар әлі де көшбасшы болып табылатын Ресейдің нәтижесі теріс болып шықты. Бір айда Ресей Федерациясының көрсеткіші 22 бірлікке, 23,1 мыңға дейін қысқарды.

Көріністің толықтығы үшін 1 қазандағы жағдай бойынша құрылтайшылары Қытайдағы 5,3 мың заңды тұлға/филиал немесе тіркелгендердің жалпы санының 74%-ы қазір әрекет етуші мәртебесіне ие болғанын атап өтеміз. Бұл ретте әрекет етуші заңды тұлғалар жағдайында өсім бірдей болды, +306 бірлік.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
«Әлеуметтік маңызы бар» сиыр еті жарты жылдан бері алғаш рет қымбаттамады

7-14 қазан аралығында ҚР бойынша орта есеппен жауырын-төс бөлігінің бағасы өзгеріссіз қалды. Бұл туралы ҚР СЖРА ҰСБ-ның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша мәліметтерінде көрсетілген. Бұған дейін баға мамыр айының басынан бері 23 апта қатарынан өсіп келген еді.

Осы өсім кезеңіне дейін баға бір рет 0,1%-ға төмендеген, ал бұған дейін осы 2025 жылы тек қаңтар айында ғана өзгеріссіз қалған еді.

Қазір сиыр етінің қымбаттауы жиі талқылануда, себебі жыл басынан бері, мысалы, жауырын-төс бөлігі 25%-дан астамға қымбаттады. Ведомство өкілдері бағаның өсуін бірнеше рет экспорттың белсенділігімен байланыстырды, ал осы сектор өкілдері салада жүйелі мәселелердің бар екенін айтып келеді.

Бағаның өсуі аясында Сауда министрлігі қыркүйектің аяғында «сиыр етіне қатысты жедел желі» іске қосылғанын хабарлады. Сонымен қатар соңғы уақытта министрлік фермерлерден тікелей жеткізілетін, «нарықтық бағадан төмен» ет сатылатын ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін жиі өткізіп жатқанын айтып отырады. Бұл шаралар баға динамикасын қаншалықты тежейтіні тек уақыттың еншісінде.

@DataHub_KZ
Қазақстанға бір айдың ішінде жел генераторлары әдеттен тыс көп әкелінді

Тамызда елімізге шамамен 4 мың дана жел энергиясына арналған электрогенераторлық қондырғылар импортталған. Бұл 2022-2024 жылдар аралығындағы үш толық жылда әкелінген көлемнен де көп. Жыл басынан бергі 8 айдағы жалпы нәтиже 6,4 мыңға жетіп, соңғы бес толық жылдың (2020-2024) жиынтық көрсеткішімен теңесті.

Мұндай күрт өсуді, ең болмағанда, ішінара осы генераторлардың түрімен түсіндіруге болады. Деректерде олардың қуаты жөнінде қандай да бір нақты мәлімет жоқ, алайда импорттың едәуір бөлігін шағын әрі арзан құрылғылар құрайтыны анық.

Бұл жағдай бір данасының орташа салмағы мен құнын салыстырғанда көрінеді. Мысалы, тамызда әкелінген 4 мың қондырғының әрқайсысының орташа салмағы - шамамен 1 т, орташа бағасы - $5,9 мың; барлығы Қытайдан әкелінген. Ал бір ай бұрын, мысалы, небәрі 468 дана ғана әкелініпті. Олардың да көбі Қытайдан, бірақ орташа салмағы - 13 т, ал орташа бағасы - $63 мың.

Нәтижесінде, 2025 жылдың алғашқы 8 айындағы орташа көрсеткіш 6,4 т және $31,5 мың деңгейінде қалыптасты. Бұл 2024 жылдың дәл сол айларымен салыстырғанда тиісінше 54% және 40%-ға, ал 2023 жылдың сол айларымен салыстырғанда бірден 84% және 87%-ға төмен. Қалай болғанда да, тамыз айы әкелінген құрылғылар саны бойынша рекорд орнатты: мұндай нәтиже соңғы онжылдықта бір жылда да тіркелмеген. Ең жақын көрсеткіш 2019 жылы болған еді: 3,9 мың дана, орташа салмағы - 1,7 т, орташа бағасы - $8 мың шамасында.

Айтпақшы, осы жел генераторларын қайта сатып жатырмыз ба? Жоқ деуге болады. Биыл шетелге (РФ), әзірге, бар болғаны бір ғана генератор жөнелтілген. Тұрмыстық түрі сияқты, себебі өте шағын әрі арзан. Ресми деректерге сүйенсек, салмағы бар болғаны 23 кг және бағасы $300-дан төмен.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
💸💸💸Бөтен адамдардың ақшасын санайық: айына 10 миллион теңгеден жоғары жалақыны қайдан табуға болады?

ҚР СЖРА ҰСБ жүргізген биылғы жылғы жалақылар бойынша үлкен зерттеуді* зерделеуді жалғастырамыз: жаңа деректер жекелеген кәсіптер мен лауазымдар бойынша көрсеткіштерді бөлуге қатысты. Оларды экономика секторлары бөлінісінде зерттейміз – бөлініп берілген көрініс қазір ең егжей-тегжейлі болмаса да, айтарлықтай толық.

Әрине әр қызметкер бойынша жалақылар белгілі емес, тек әр кіші топ ішіндегі орташа жалақылар – яғни белгілі бір қызмет сегментіндегі компаниялардағы белгілі бір лауазымдағы адамдардың жалақысы белгілі. Бірақ мұндағы жағдай түсінікті: егер кіші топтың орташа мәні 10 миллионнан асса, онда жалақысы осы белгіден төмен емес кем дегенде бір адам болады. Ал егжей-тегжейлі көріністі одан әрі арттыру үшін ерлер мен әйелдерді бөлек қарастырамыз.

Сонымен, жалақысы 10 миллион теңгеден асатын мамандарды қайдан іздеуге болады?

🧮 Бірден бірнеше мысал – қаржы және сақтандыруда. «Қаржы қызметтері және сақтандыру саласындағы көмекші қызмет» сегментінде компанияны дамыту жөніндегі басқарма басшыларының осы лауазымды әйелдер атқаратын ұйымдардағы орташа жалақысы 16,9 млн теңгені құрайды. Ұқсас лауазымдардағы сол сегменттегі ер адамдар орташа есеппен "небәрі" 2,7 миллион жалақы алады, ал кез келген жыныстағы мамандар үшін жалпы мәні – 6,3 млн.

Осыған ұқсас жағдай – «Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан басқа қаржылық делдалдық» саласының ұйымдары, онда басқарма төрағасы қызметін әйелдер атқарады. Олардың бұл лауазымдағы орташа жалақысы – 11 млн тг, ал ерлердің көрсеткіші 3,7 млн тг және екі жыныстың жалпы мәні 5,8 млн тг.

Ал үштікті қорытындылайтын «Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру» секторының ұйымдары, мұнда қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы лауазымын ер адамдар атқарады: олардың орташа жалақысы 14,9 млн тг (сол лауазымдарды әйелдер атқаратын ұйымдар бойынша – 2,9 млн тг, жалпы екі жыныс бойынша – 8,9 млн тг).

🏗 Бір-екі мысалы бар тағы бір сала – құрылыс. «Мамандандырылған құрылыс жұмыстары» сегментінде тау-кен инженері қызметін атқаратын ерлердің орташа жалақысы 12 млн теңгені құрайды. «Ғимараттар құрылысы» сегментінде іздестіру/конструкторлық/жобалау ұйымының директоры қызметін атқаратын ер адамдар үшін көрсеткіш 11,5 млн теңгені құрайды. Бұл лауазымдарда әйелдер қызмет атқаратын ұйымдар іріктемеде жоқ.

✈️Сондай-ақ, қорытындылай келе, әуе көлігі ұйымдарының бас директорларының орташа жалақысы жақсы көрінеді –10,4 млн тг. Бұл жерде де әңгіме ерлер туралы – бұл лауазымда әйелдер жоқ.

* Зерттеу 2025 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша жүргізілді, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда (тиісті нысан бойынша есептілікпен) толығымен ірі және іріктеп алғанда – шағын және орта кәсіпорындарды қамтиды.

@DataHub_KZ
Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мөлшерлемелер ХХІ ғасырдың рекордын тағы да жаңартты

2025 жылдың қыркүйегінде азаматтардың теңгелік депозиттері бойынша ЕДБ депозиттерінің орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 14,3%-дан 14,4%-ға дейін өсіп, осы ғасырдың басынан бергі ең жоғары көрсеткішті жаңартты. Барлық қолжетімді статистикада ең жоғары көрсеткіш - 16,7%, 1996 жылдың желтоқсанында болған, бұл әзірге қолжетпестей көрінеді. Алайда, айта кету керек, қыркүйектегі өсім базалық мөлшерлеме көтерілмей тұрып болған еді.

Қыркүйекте ең елеулісі 1 айдан 3 айға дейінгі мерзімге арналған депозиттер сегменті болды (орташа мәні - 16,4%, бұл деңгейде екінші ай қатарынан сақталып тұр).
Бұл орайда заңды тұлғалардың депозиттері бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме сәуірден бері өзгеріссіз қалып тұр - 15,4%.

👀Теңгедегі несиелердің жайы қалай?

🔸Жеке тұлғалар мен ЖК үшін орташа өлшенген деңгей тамыздағы 21%-дан кейін 21,4%-ды құрады. Бұл сегментте мұндай ауытқулар - әдеттегі құбылыс (графикке қараңыз), себебі ол ай сайын пайызсыз бөліп төлеу үлесінің өзгерісіне қарай құбылып отырады.
🔸Заңды тұлғалар бойынша қыркүйектегі орташа көрсеткіш - 19,1%, тамызға қарағанда +0,1 п.т.

ҚР Ұлттық Банкі деректері

@DataHub_KZ
1