DATA HUB Қазақша
203 subscribers
721 photos
1 video
406 links
DATA HUB Powered by FCBK

Қаржылық, қаржыға жақын және әлеуметтік тақырыптар бойынша ең өзекті деректері бар аналитикалық арна.
Осында барлық нарықтық талдаулар бар.

Иесі – Бірінші кредиттік бюро.

Байланысу үшін - @DataHubFCBK_bot
Download Telegram
Ет пен құс еті бір айда 2011 жылдан бергі ең жылдам қарқынмен қымбаттады

ҚР СЖРА ҰСБ-ның инфляция бойынша жаңа деректерін толығырақ қарап шығуды жалғастырайық. Тамызда “Ет пен құс еті” категориясындағы тауарлар бағасы шілдемен салыстырғанда орта есеппен ҚР бойынша 3,2%-ға өскен және бұл 14 жылдай уақыт ішіндегі, 2011 жылдың қарашасынан бергі, кез келген ай үшін ең жоғары қарқын болып тұр. 3%-дық психологиялық межеге осы уақыт аралығында тек бір рет жеткен болатын - 2022 жылдың наурызында, сондай-ақ бір рет сәл жақындады (2017 жылдың ақпанында +2,8%).

Бұл орайда өңделмеген еттің әртүрлі түрлері кіретін (сиыр еті, қой еті, жылқы еті, шошқа еті; қой етінен басқаларының барлығы бірнеше түр бойынша қаралады), субөнімдерден сиыр бауыры, ал құстан тауық және тауық бөліктері кіретін өнім сегменті жайлы сөз болып отыр.

🥩Толығырақ бөліп қарастырғанда, ең жоғары қарқын сиыр еті бойынша тіркелген: сүйекті ет +3,7%, сүйексіз +3,6%. Жая да қалыс қалмаған (+3,5%, алайда қазының көрсеткіші төмендеу). Сонымен қатар қарқыны осы шамалас, статистикада көрсетілген қой етінің жалғыз түрі - сүйекті қой еті (+3,3%).

Бұл ретте биыл сиыр еті бойынша айтарлықтай серпілістер бұрын да тіркелген еді. АШМ бұл жағдайды бірнеше рет түсіндірді әрі жақында ғана да айта кеткен еді: ведомствода экспорттың күрт өсуін, сонымен қатар өндіріс құнына әсер ететін тарифтердің өсуін атап өтуде. Сала өкілдері бұған қоса тағы келесі тезистерді айтып отыр: мал шаруашылығындағы жүйелі мәселелерді жайлы, мысалы, кадр мәселесі.

Ал статистикаға қайта оралсақ, тамыздың қорытындысы бойынша сиыр еті жылдық мәнде шамамен төрттен бірге қымбаттады: сүйекті ет 23,2%-ға, сүйексіз 24,8%-ға. Басқа түрлерден жылдық өсім көрсеткіші шамалас қой еті ғана: сүйекті қой еті +23,3%. Қой етінің қымбаттауы сарапшылар тарапынан аса қатты талқыланбады, бірақ экспорт факторы бұл жерде де өзекті сыңайлы. Мәселен, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қой етін шетелге жеткізу жылдан жылға физикалық тұрғыда 2,6 есе артқан.

@DataHub_KZ
Ал иллюстрация үшін "Ет пен құс еті" санаты бойынша жалпы баға динамикасын және негізгі өнімдер бағасын бөліп-бөліп қарастырайық (нақты ет түрлеріне бөлмей).

@DataHub_KZ
Алтынның құны 60 мың теңгелік межеден жоғары деңгейге тұрақтады

1 грамының құны, Ұлттық банк* индикативті түрде есептеген, 4 қыркүйекте 61,4 мың тг деңгейінде тұр. Көрсеткіш 60 мың теңгелік психологиялық межеден үшінші күн қатарынан жоғары деңгейде сақталып тұр.

2025 ж. басынан бері алтынның теңгедегі құны номиналды түрде 37%-ға өсіп үлгерген. Ал тұтынушылық инфляцияны ескерер болсақ, онда шамамен төрттен біріне өскен. Бұл ретте валюта бағамы айтарлықтай әсер етіп отырған жоқ: доллар қазіргі таңда жыл басындағы деңгейден сәл ғана жоғары.

Сондықтан өсім негізінен алтынның қымбаттауы әсерінен болып отыр. Қымбат металлдың нарықтағы құны жаһандық белгісіздікке байланысты (алтын – қорғаныс активі) рекордтарды жаңартып жатыр. Сонымен қатар бағалардың өсуіне АҚШ ФРЖ мөлшерлемесін төмендету жөніндегі күтулер мен әлсіз доллар әсер етуде.

*Анықтама: ҚР ҰБ 1 грамм алтынның құнын сол күнгі ресми теңге бағамы мен алдыңғы күннің таңертеңгі LBMA Gold Price (әлемдік бенчмарк) мәндері негізінде есептейді.

@DataHub_KZ
Тұрғын үйге төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің саны 100 мыңнан асады

Тамыз айында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы қаражатын алуға 104,3 мың өтініш орындалды. Шілдемен салыстырғанда шамалы төмендегеніне қарамастан, қазіргі мән бұрынғы деректерге қарағанда сонда да жоғары, тіпті зейнетақы қаражатын шешіп алудың соңғы жылғы жалғасып жатқан бумы кезінде тіркелген деректерден де. Мысалы, 2025 жылдың I жартысында әңгіме орташа айлық көрсеткіш 61 мың бірлік туралы болды.

Тұрғын үйге зейнетақы қаражатын шешіп алу сомасы 60,9 млрд теңгеге жетті, бұл шілде айындағы мәндерден артық (+8%). Бұл желтоқсан айындағы серпіннен бері ең жоғарғы деңгей.

💉Ал емделу мақсатында ақша алумен не болып жатыр?
Өтініштер саны 72,4 мың бірлікке жетті (+8%), сома 15%-ға, 59,8 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл мәндер де тіпті соңғы жыл контекстінде де жоғары болып көрінеді. Бұл жерде естеріңізге сала кетейік, сәуір айының соңынан бастап емделуге жинақтарды алу шарттары бір жағынан қатаңдай түсті, ал екінші жағынан, қаражатты кәмелетке толмаған балалардың мүддесі үшін пайдалануға мүмкіндік туды.

БЖЗҚ деректері, есептеулер ЖТС қоспағандағы сомалар бойынша

@DataHub_KZ
Қазақстандықтар арасында этносаралық некелерге жиі тұру үрдісі байқалуда

2024 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген некелердің жалпы санының 18,2%-ын аралас некелер құраған - 123,6 мыңның ішінен 22,4 мыңы. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда өсім 0,5 п.т. құрады. Бұл оң динамика ҚР СЖРА ҰСБ шығарған «Қазақстанның демографиялық жылнамасында» қатарынан төртінші жыл байқалып отыр деп көрсетілген.

Соңғы рет пайыздық қатынас дәл осындай жоғары деңгейде 2007 жылы тіркелген болатын. Ал қолжетімді 21 жылдық деректер ішінде ең жоғары көрсеткіш екі жыл бұрын байқалған - 18,8%.

Айта кету керек, 2004 жылдан 2020 жылға дейін аралас некелер үлесінің төмендеу үрдісі байқалған еді. Жалпы айтқанда, осы кезеңде көрсеткіш 4,5 п.т. азайып, 14,2%-ға жеткен (21 жылдағы ең төменгі көрсеткіш).

Сондықтан соңғы төрт жылда көрсеткіштің жай ғана тұрақты өсімі емес, бұрынғы үрдісінің кері оралуы байқалады. Жалпы алғанда, “сәтсіз” 2020 жылмен салыстырғанда оң динамика айқын көрінеді, +4 п.т.

Өзге ұлт өкілдерінен ең сирек қыз алатындар - күйеужігіттердің ең көп этникалық тобы болып табылатын қазақ жігіттері. 2024 жылы мұндай некелердің үлесі 6,9%-ды құрады (85,8 мыңның ішінен 5,9 мыңы). Ал келесі екі ірі этникалық топқа, орыстар мен өзбектер, келер болсақ, пайыздық қатынас теңесіп қалған - тиісінше 30,7% (18,6 мыңның ішінен 5,7 мыңы) және 15,7% (4,9 мыңның ішінен 0,8 мыңы).

Әйелдер арасындағы жағдай да ұқсас. Саны жағынан басым болып келетін қазақ қыздары да 2024 жылы аралас некеге бәрінен азырақ түскен - жалпы қалыңдықтардың 5,7%-ы жайлы ғана сөз болып отыр (84,7 мыңның ішінен 4,8 мыңы). Ал орыс қыздары қалыңдықтарының 35,6%-ы (20 мыңның ішінен 7,1 мыңы), өзбек қыздары қалыңдықтарының 17,2%-ы (5 мыңның ішінен 0,9 мыңы) өмірлік жары ретінде өзге ұлт өкілін таңдаған.

Айта кеткен жөн, бұл сандардың өзі бір этностың өкілдері үшін өз ұлтынан шынайы қарым-қатынас құратын адамды кездестіру ықтималдығы қаншалықты жоғары екенін де көрсетеді. Басқаша айтқанда, этнос қаншалықты кең таралған болса, оның өкілдері үшін аралас емес некеге түсу соғұрлым оңай.

@DataHub_KZ
Алаяқтардың «банктерден» жалған қоңыраулары мен хабарламаларының тіркелген эпизодтарының саны күрт өсті

2025 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша интернет-алаяқтық анықтамасына сәйкес келетін және банктік ұйымдардан іспетті қоңыраулар/СМС арқылы жасалған 4,3 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді.

Өзекті көрсеткіш 2024 жылдың ұқсас кезеңінің қорытындысы бойынша атап өтілгеннен 2,1 есе жоғары. Ең жоғары мәндер Астанада, Қарағанды және Павлодар облыстарында байқалады: үш өңірге ҚР бойынша жиынтық эпизодтардың үштен бір бөлігі тиесілі.

Бұл ретте интернет-алаяқтықтың тіркелген эпизодтарының жалпы саны да бірнеше есе болмаса да, жалпы өсуде. 2025 жылдың 8 айындағы көрсеткіш – 17,2 мың бірлік, өткен жылдың сәйкес кезеңіне +22%. Жағдайлардың шамамен 16%-ы Астанаға тиесілі, оған қоса Алматы және сол Қарағанды және Павлодар облыстары ерекше көзге түседі. Соңғысына сонымен қатар 10 мың тұрғынға шаққандағы интернет-алаяқтық санының ең жоғары көрсеткіші тиесілі.

ҚР БП ҚСжАЕК деректері

@DataHub_KZ
Қазақстан өзін азық-түлікпен қалай қамтамасыз етіп отыр?

Кеше ҚР Президенті өзінің халыққа Жолдауында ұлттық азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін «ұят жағдай» деп атады. Оның айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер ЕАЭО елдеріндегі бәсекелестері сияқты қажетті көлемде мемлекеттік қолдау ала алмайды, сол себепті өз нарығынан да айырылып отыр. Бірден-бір мысал — сүт өндірушілер. Үкіметке Қасым-Жомарт Тоқаев импортқа тәуелділікті барынша азайтуды тапсырды, бірақ толығымен 100% қамтамасыз ету мүмкін еместігін ескертті.

Сандардың өзі-ақ мәселенің шын мәнінде бар екенін көрсетеді. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сәйкес қаңтар-маусым аралығында азық-түлік өнеркәсібінің 18 негізгі өнімінен қамтамасыз ету деңгейі 90%-дан төмен деңгейде 8-і ғана тіркелген. Бұл орайда сұранысқа ие келесі азық-түлік тауарлары жайлы сөз болып отыр: қант — 31%, ірімшік пен сүзбе — 53%, құс еті — 75%, макарон — 77%, сары май — 85%, күнбағыс майы — 85%, шошқа еті — 87%, күріш — 87%.

Екінші жағынан, 100%-ға жақын немесе тең көрсеткіш қой мен ешкі еті, қарақұмық, бидай наны, бидай ұны, жылқы еті, айран, тауық жұмыртқасы, ірі қара еті бойынша тіркелген.

Қамтамасыз ету деңгейі дегенде өндіріс көлемі мен импортты қосу арқылы қалыптасқан ресурстардың ішіндегі өндірістің үлесі жайлы айтылатынын түсінген жөн. Айта кетейік: мұнда дайын өнім өндірісі ғана ескеріледі, есепте шикізат импортының үлесі, мысалы, қант өндірісіне арналған шикізат есепке алынбайды.

Сонымен қатар Ұлттық банк есептерінде соңғы 5 жылда азық-түлік импортының тұтынудағы үлесі (ресурстардан экспортты шегеру арқылы есептелетін көрсеткіш) 21-25%* шамасында болып отыр. Бұл орайда импорттың негізгі көлемін Ресей қамтамасыз етіп отыр, 2024-2025 жылдары 46%. Мұндай жағдай «ішкі бағалардың рубльдің құбылуына және Ресей нарығындағы баға динамикасына байланысты өзгеріп отыруына әсер етеді» деп көрсетілген. Сарапшылардың пікірінше, бұл тұрғыда ең осал өнімдер — қант, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, алкогольді сусындар. Айта кетейік, ҚР ҰБ талдауына азық-түлік өнеркәсібінің бірнеше ондаған атауларын қамтитын кеңірек тізім енгізілген.

Азық-түлік импортына тәуелділікті азайту мәселесі Президенттің кезекті Жолдауына дейін-ақ үкіметте талқыланғанын атап өтейік. Негізгі азық-түлік өнімдері бойынша толық өзін-өзі қамтамасыз етуге Қазақстан жоспарға сәйкес 2028 жылға дейін көшуі тиіс.

*Есептер ҚР СЖРА ҰСБ-ның «Қазақстан Республикасында өнімдер (тауарлар) мен шикізаттың жекелеген түрлерін пайдалану мен ресурстар» жайлы деректері мен тұтыну бағалары индексінің салмағы негізінде жасалды. 2025 жылды қамтиды (қаңтар-сәуір)

@DataHub_KZ
Қазақстанның 18 негізгі азық-түлік өнімімен қамтамасыз етілу көрсеткішін графикте көрсетеміз.

@DataHub_KZ
Қазақстандық мегаполистердің тұрғындары қызу талқылап жатқан самокаттар мәселесі президенттік деңгейге жетті. Кеше Мемлекет басшысы осы көлік құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне назар аударды.

ЖКО статистикасы негізінде самокаттармен байланысты тәуекелдер туралы не айта алатынымызды қарастырайық:

🔸 Қаңтар-тамыз айларында электрлі самокаттың жүргізушісінің кінәсінен болған (оның қатысуымен ғана емес) тіркелген апаттар саны 93 бірлікке жетті. Осы жерде және бұдан әрі нәтижесінде адамдар зардап шеккен немесе қаза тапқан оқиғалар туралы әңгіме қозғалып отыр.

🔸 Электрлі самокаттарды жүргізушілердің кінәсінен болған апаттардан 101 адам жарақат алды; бір адам қаза тапты.

🔸 Мұндай ЖКО ең көп тараған себебі – самокат жүргізушілерінің маневр жасау ережелерін сақтамауы (жағдайлардың 28%-ы).

🔸 Апатқа кінәлі самокат жүргізушілерінің үштен біріне жуығы жаяу жүргіншіге соқтығысқан, эпизодтардың тағы төрттен бірінде бетпе-бет қақтығыс болды

🚲 Алайда көріністің толықтығы үшін, мысалы, велосипедшілердің кінәсінен болған ауыр апаттардың саны самокат жүргізушілердің көрсеткіштерінен асып түсетінін атап өткен жөн (кем дегенде зардап шеккендермен тіркелген жағдайларға қатысты).

Мәселен, биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында ҚР-да велосипедшілердің кінәсінен болған 198 ЖКО тіркелді. Алайда олардың жаяу жүргіншілермен қақтығысуының ауыр зардаптарға әкелуі сирек кездеседі (тіркелген жағдайлардың 14%-ы).

🏍Мопед жүргізушілерінің кінәсінен болған апаттардың саны да күтілгендей жоғары (оның ішінде аспалы қозғалтқыштары бар велосипедтер, мокиктер, скутерлер). 2025 жылдың 8 айындағы көрсеткіш – 689 эпизод, 15% жағдайда жаяу жүргіншіге соқтығысу орын алған. Алайда бұл жерде мопедтермен байланысты тәуекелдерді реттеу белсенді түрде қолға алынғанын айта кету керек: осы жылдың сәуірінен бастап оларды ең болмағанда тіркеу қажет. Самокаттар жағдайында мұндай міндеттеме әзірге жоқ, дегенмен көктемде ІІМ мұндай сценарийді жоққа шығармады. Ал қазір айта кету керек, олар белсенді түрде бақылауға алынуда.

ҚР БП ҚСжАЕК деректері

@DataHub_KZ
1
Астанадағы жаңа тұрғын үй бағасы соңғы үш жарым жылдағы ең қарқынды өсім көрсетті

Тамызда бастапқы нарықтағы пәтер бағасы шілдемен салыстырғанда 3,9%-ға қымбаттады. Бұл серпіліс - 2022 жылдың наурызынан бергі ең жоғары көрсеткіш, ал 2015 жылдан бері бұдан да жоғары айлық қарқын тек үш рет қана тіркелген.

Екінші нарықтағы тұрғын үй бойынша да өсім байқалады, айдан айға +1,7%. Соңғы рет бұдан қарқынды динамика 2024 жылдың желтоқсанында болған еді. Жалға алу бағасы айдан айға 3,1%-ға көтерілнен, бірақ биыл бұдан да айқын серпілістер болған. Өткен жылдың тамызымен салыстырсақ, жаңа оқу жылының қарсаңында қарқын сәл төмен болғанымен, шілдеде айтарлықтай қымбаттау байқалған еді.

Ал Алматыда жағдай қалай?

🔸Жаңа тұрғын үй бағасы екінші ай қатарынан өзгеріссіз қалып отыр. Ал екінші нарықта аздап өсім бар: айдан айға +0,6% (айтпақшы, бұл қатарынан сегізінші айлық өсім).
🔸Жалға алу бойынша шілдеге қарағанда 1,7%-ға артқан. Сонымен қатар биыл бұдан сәл жоғары өсім де тіркелген еді. Салыстыру үшін, өткен жылы жаңа оқу жылының алдында жалға алу бағасы осы шамалас қарқынмен көтерілген - 1,5%.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
Қазақстандықтар тыйым салынған жерлерде темекі шегу жағдайларына жиі ұшырай бастады

Сегіз айдың қорытындысы бойынша тыйым салу белгіленген жерлерде темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзудың 24,1 мың жағдайы тіркелген (ҚР ӘҚБтК 441-бабы). Бір жыл ішінде мұндай жағдайлардың тіркелуі бірден 43%-ға өсті. Көрсеткіш қатарынан екінші рет осылайша тез өсуде — 2024 жылдың қаңтар-тамызында қарқын ж/ж +41% тең болды. Бұл туралы ҚР БП ҚСжАЕК деректері куәландырады.

Қазақстанда темекі шегуге көптеген жерлерде заң жүзінде тыйым салынған. Олардың ішінде мектептер мен ауруханалардың үй-жайлары мен аумақтары, тамақтану пункттері, әуежайлар мен вокзалдар ғимараттары, қоғамдық көлік, жұмыс орындары, үйлердің кіреберістері, балалар алаңдары, түнгі клубтар бар. Толық тізбемен сілтеме бойынша танысуға болады (ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 110-бабының 5-бөлігі).

Әуе кемесінің бортын қоспағанда, барлық тыйым салынған жерлерде темекі шеккені үшін айыппұл - бірінші рет бұзған кезде ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-бөлігінде көзделген және 15 АЕК (2025 жылы 60 мың теңге) құрайды. Дәл осы 1-бөлімде темекі шегуге тыйым салуды бұзу жағдайларының негізгі бөлігі тіркеледі — қаңтар-тамызда 18,9 мың немесе жалпы санның 78%-ы. Тыйым салу қайта бұзылған жағдайда айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке дейін (ҚР ӘҚБтК 441-бабының 2-бөлігі) ұлғаятынын атап өтеміз, бұл 78,6 мың теңгеге тең. Жыл басынан бері осындай 3,4 мың жағдай анықталды.

Жоғарыда айтылған ерекшелік — әуе кемесінің бортында темекі шегу туралы не деуге болады? Мұнда жауапкершілік кез келген басқа тыйым салынған орындарға қарағанда қатаңырақ — 50 АЕК (196,6 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Мұндай құқық бұзушылықтар жоғарыда аталған баптың 1-2-бөлігі бойынша бөлек тіркеледі. Талданған уақыт аралығында оларды тіркеу 109 бірлікті құрады.

Қаңтар-тамыз айларында ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша анықталған құқық бұзушылықтардың елеулі қабаты 3-бөлімге жатады — 1,7 мың. Біз темекі шегу үшін арнайы бөлінбеген орындарда темекі бұйымдарын тұтынатын қызметкерлерге шаралар қолданбау туралы айтып отырмыз. Мұнда айыппұл 40 АЕК-тен (157,3 мың теңге) 60 АЕК-ке (235,9 мың теңге) дейін түрленеді.

Барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша сегіз айдың қорытындысы бойынша 23,8 мың құқық бұзушы жауапқа тартылды, оның 18-і – заңды тұлғалар. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы ағымдағы бағалармен 52%-ға өсе отырып, шамамен 1 млрд теңгені құрады. Алайда, іс жүзінде әлдеқайда аз өндірілді – 0,6 млрд теңге.

*Қыздырылатын темекі бұйымдары, кальянға арналған темекі, кальян қоспасы, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, электронды тұтыну жүйелері және олар үшін сұйықтықтар

@DataHub_KZ
Темекі шегуге тыйым салумен байланысты құқық бұзушылықтардың өсуі туралы постқа иллюстрация

@DataHub_KZ
Астананың тұрғын үй бойынша жасалған мәмілердегі үлесі белсенділіктің артуы аясында көпжылдық ең жоғары деңгейге жетті

Тамызда елордада 9457 тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілесі тіркелді, бұл ҚР бойынша көрсеткіштің 23%-ын құрайды. Шілдеге қарағанда үлесінің өсуі аса үлкен емес (+1,2 п.т.), дегенмен бұл көрсеткіш кем дегенде 2019 жылдың басынан бергі ең жоғары деңгей болып отыр.

Айта кетейік, мәмілелер санының өзі де жоғары: 9 мыңдық психологиялық межеден көрсеткіш аталған жылдар аралығында екінші рет қана асып отыр. Бірінші рет 2024 жылдың рекордтық желтоқсанында болған еді.

Астанада өсім қарқыны айдан айға +10%, жылдан жылға +15%. Ал ҚР бойынша жалпы мәмілелер саны (41,4 мың бірлік) аса қатты өсе қоймаған: шілдеге қарағанда +4%, 2024 жылдың тамызымен салыстырғанда - бар болғаны 1%.

Астанадағы жағдайға қайта оралсақ, дәстүрлі түрде мәмілелердің басым бөлігі көпқабатты үйлерге тиесілі, оның ішінде ең көбі - бір және екі бөлмелі пәтерлер. Тамызда барлық мәмілелердің 10-нан 8-і осы екеуіне тиесілі болып отыр. Ал жалпы ҚР бойынша көпқабатты үйлердегі бір және екі бөлмелі пәтерлерге мәмілелердің 10-нан 6-уы тиесілі болған.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ
Статистика айран бағасының бір жарым жылда айтарлықтай қымбаттағанын көрсетті

ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, 3-9 қыркүйек аралығында 2,5% майлылығы бар өнімнің бағасы ҚР бойынша орта есеппен 1,2%-ға өскен. Бұл - 2024 жылдың наурызының басынан бергі ең елеулі апталық өсім. Мысалға, 2022 жылдың басынан бері бұдан да жоғары қарқын тек алты аптаның қорытындысы бойынша ғана тіркелген еді, яғни барлық кезеңнің 3%-ында.

❗️Айта кетейік, барлық қалада бірдей қымбаттады деуге болмайды: мысалы, Астана мен Алматыда бір аптада баға өзгермеген. Ал Шымкентте болса +3,2%-ға, Қарағандыда +4,2%-ға, Таразда бірден +6,3%-ға өскен.

Жыл басынан бергі динамиканы қарасақ, аталған қалалардың ішінде айранның айрықша қымбаттауы Қарағандыда байқалады: мұнда баға 17,5%-ға өскен, ал ҚР бойынша орташа өсім +5,6%. Сонда бұл қаладағы баға еліміз бойынша орташа деңгейден жоғары болып шықты, бірнеше пайыз ғана болса да: литрі 476 тг болып тұр.

📈Қоса кетсек, жалпы Қарағанды облысында айранды айтарлықтай көп өндіреді. Қоспасыз, кез келген майлылықтағы айранды алар болсақ, қолжетімді соңғы деректерде 7 айдың қорытындысы бойынша аталмыш аймақ елімізде өнім көлемінен екінші орында тұр. Өндіріс жылдық мәнде аздап өскен.

Дегенмен, өндіріс көлемінің артуы өнімнің өзіндік құнына әсер ете қоймайтынын да ескерген жөн. Өзіндік құнға тек жаңа сүттің ғана емес, сонымен қатар көбіне айранды дайындарда қолданылуы мүмкін импортталатын құрғақ сүттің бағасы да кіруі мүмкін.

@DataHub_KZ
Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзудың автофиксациясы күрт секірді

Қаңтар-тамыз айларында арнайы техникалық құралдар мен аспаптар (фото және бейнетіркеу кешендері, автоматты салмақ кешендері, радарлар және т.б.) 7,2 млн әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді, барлығы көлік пен жол шаруашылығына жатады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл 25%-ға артық. Секіріс жоғары базаға қатысты байқалады — бір жыл бұрын көрсеткіш ж/ж 62%-ға артқан, ҚР БП ҚСжАЕК деректері осындай.

Инспектордың тікелей қатысуынсыз жылдамдық режимінен асып кету (ҚР ӘҚБтК 592-бабы) және жол белгілері мен таңбалау талаптарын сақтамау (ҚР ӘҚБтК 601-бабы) сияқты ЖҚЕ бұзушылықтары жиі анықталады. Бір қызығы, сегіз айдың қорытындысы бойынша автофиксация тек екінші жағдайда (ж/ж +46%, 2 миллионға дейін) айтарлықтай жанданды, ал біріншісінде оның өсуі айтарлықтай қалыпты болды (ж/ж +7%, 4,3 миллионға дейін). Құқыққа қайшы әрекеттердің екі түрі де автоматты режимде тіркелген құқық бұзушылықтардың аз кем 89%-ын қамтамасыз етті.

Маңызды ескерту: арнайы техникалық құралдар мен құрылғылар жол қозғалысы ережелерін бұзудың барлық түрлерін тіркей бермейді. Жоғарыда айтылғандарды қоса алғанда, ҚР ӘҚБтК-нің жеті бабы туралы ғана айтып отырмыз. Қалған бес баптың екеуі салыстырмалы түрде "өтімді" болып табылады – 597 "Көлік құралын тоқтату немесе тұрақ ережелерін бұзу", 599 "Бағдаршамның тыйым салу сигналына өту". Мұнда 2024 жылдың қаңтар-тамызына қарай күрт өсу бірден екеуінде де жүреді, сәйкесінше +128% (447,2 мыңға дейін) және +183% (360,7 мыңға дейін). Жалпы, бұл барлық автофиксацияның қосымша 11%-ын құрайды.

Тағы үш бапқа жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің жағдайлары онша көп тиесілі емес екенін оңай болжауға болады, небәрі 0,2%. Бұл 571 "Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу", 596 "Көлік құралының жолдың жүретін бөлігінде орналасуын, қарсы разъезд немесе басып озу ережелерін бұзу", 600 "Жаяу жүргіншілерге қозғалыста артықшылық бермеу" ҚР ӘҚБтК баптары.

571-бап ерекше назар аударуға лайық. Қаңтар-тамыз айларында ол бойынша автоматты режимде 5,3 мың құқық бұзушылық тіркелді, бұл ретте барлық жағдайларда "Салмақ параметрлерінен асатын ауыр салмақты КҚ-ның өтуі" 6-бөлігі қолданылды. Бір жыл бұрын автофиксация толығымен болмады. Мұның бәрі 2024 жылдың 4 желтоқсанында күшіне енген заңнамалық түзетулердің салдары. Түзетулердің мақсаты шамадан тыс жүктелген өзітүсіргіштерді бақылауды күшейту болды, олардың салмағымен асфальт жол жабыны мерзімінен бұрын тозады. Билік аталған мақсатқа автоматты салмақ кешендерінің көмегімен қол жеткізуді жоспарлап отыр. 2026 жылға дейін олардың саны қазіргі 50-ден 220-ға дейін артуы керек.

Жалпы ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы бойынша 20,2 мың құқық бұзушылық тіркелді. Яғни, осы нақты жағдайда автофиксация арқылы анықтау деңгейі 27%-ды құрады. Аталған жеті баптың барлығы үшін жалпы пайыздық көрсеткіш — 93% (7,7 млн-нан 7,2 млн).

Құқық бұзушылықтарды тіркеудің автоматты әдісі арқылы 2024 жылдың қаңтар-тамызында 5,6 млн-нан кейін 7 млн жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды. Оларға жиынтық мөлшерде 82,8 млрд теңге (бір жыл бұрын 63,3 млрд) айыппұл салынды. Іс жүзінде 70,2 млрд теңге өндірілді.

@DataHub_KZ
🚕Такси саласындағы ЖК саны бір жылда төрт есеге жуық өсті

1 қыркүйекке қарай осы негізгі қызмет түрімен айналысатын жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны 93,8 мыңнан асты. Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 3,7 есе көп. 1 тамызбен салыстырғанда көрсеткіш 6,1%-ға артқан, ал 2024 жылғы қыркүйектен бері бастап қарасақ, орта есеппен ай сайын 11,8%-ға өсіп отырған.

Осындай қарқынды өсімнің арқасында такси жолаушылары санының ресми көрсеткіші де күрт артқан: ҚР СЖРА ҰСБ-ның жаңа бағалауы бойынша тамызда 16,2 мың адамды құрады. Жылдық мәнде көрсеткіш 3,9 есеге өскен. Бұл динамика соңғы айларда ресми жұмыс істеп жатқан ЖК-таксилер санының көбеюімен тікелей байланысты.

Бұл ретте жолаушылар саны туралы мәліметтер жеке кәсіпкерлерді іріктеп зерттеу нәтижесінде қалыптасады. Кейін алынған деректер жалпы көрсеткішке, яғни белгілі бір күндегі барлық ЖК-ға қатысты қолданылады. Тамыз есебінде көрсеткіштер 1 тамызға сәйкес алынған, 1 қыркүйекке емес, бірақ сол кезде де ЖК саны жылдық есепте айтарлықтай, шамамен 260%-ға, өскен болатын.

Бұл өсім қайдан пайда болды?

2023 жылдың соңынан бастап платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Алғашқы келісім «Яндекс»-пен жасалды. Мақсат - жүргізушілерді әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне тарту. Қатысу үшін таксистер арнайы салық режимін қолданып, ЖК ретінде тіркелуі керек болды. Артықшылықтары - төмендетілген салық мөлшерлемелері мен төлемдерді есептеуді жеңілдету. 2024 жылғы қыркүйектен бастап мөлшерлемелерді төмендетіп, платформалық операторларды салық агенттері деп санайтын өзгерістер заң жүзінде бекітілді. Бұған қоса, ЖК мәртебесіндегі жүргізушілер платформадан да белгілі бір артықшылыққа ие болуы мүмкін.

Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер санының күрт көбеюі айқын байқалады. Қазір шамамен әрбір 220-шы қазақстандықтың (жасына қарамастан) такси саласында ресми ЖК-сы бар болып отыр.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

@DataHub_KZ