ҚР Ақпарат орталығы (Центр информации РК)
729 subscribers
670 photos
229 videos
782 links
Ақпарат — сенімді дерек көзі. Ел жаңалықтары, ресми мәліметтер және маңызды оқиғалар.
Download Telegram
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан JICA агенттігінің Орталық Азиядағы күрделі су проблемасын шешуге қосқан үлесін бағалайды»

«Ауыл шаруашылығының дамуы су қауіпсіздігімен тікелей байланысты.

Орталық Азия қазірдің өзінде су тапшылығын сезініп отыр. Соңғы жиырма жылда өңірде жан басына шаққанда сумен қамту көлемі шамамен 30 пайызға төмендеді. Оның үстіне су ресурстарының 70 пайызға жуығы – трансшекаралық.

Каспий теңізінің тартылуы алаңдаушылық туғызады, ал Арал экологиялық апаты су ресурстарын ретсіз пайдаланудың салдары қандай қайғылы болатынын көрсетті.

Қазақстан Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) Орталық Азиядағы күрделі су проблемасын шешуге қосқан үлесін бағалайды әрі аталған беделді институтпен ықпалдастықты жалғастыруға ниетті».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Казахстан ценит вклад агентства JICA в решение сложных водных проблем Центральной Азии»

«Развитие сельского хозяйства непосредственно связано с обеспечением водной безопасности.

Центральная Азия уже ощущает дефицит водных ресурсов. За последние 20 лет обеспеченность водой на душу населения в регионе снизилась почти на 30%. При этом около 70% водных ресурсов являются трансграничными.

Продолжающееся обмеление Каспийского моря вызывает большую обеспокоенность, а экологическая катастрофа Арала стала трагическим примером нерационального использования водных ресурсов.

Казахстан ценит вклад Японского агентства международного сотрудничества JICA в решение сложных водных проблем Центральной Азии и заинтересован в дальнейшем укреплении взаимодействия с этим авторитетным институтом».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Жапонияның су саласын автоматтандыру және цифрландыру тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытамыз»

«Су үнемдеудің озық технологияларын алмасу, ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және Жерді қашықтан зондтау секілді аса маңызды шаралар қамтылатын Бірлескен су шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеуге болар еді.

Қазақстан БҰҰ аясында жаңадан UN Water халықаралық ұйымын құруды ұсынды. Бұл су проблематикасымен айналысатын басқа да құрылымдардың күш-жігерін бір арнаға тоғыстырады.

Жапондық саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерін, кәсіпкерлер мен сарапшыларды келесі жылы сәуір айында Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырамыз».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Особый интерес для нас представляет японский опыт автоматизации и цифровизации водной отрасли»

«Можно было бы разработать совместную программу по развитию водного хозяйства с включением таких критически важных мер, как обмен передовыми технологиями водосбережения, совместные научные исследования и сотрудничество в сфере дистанционного зондирования Земли.

Казахстан предлагает создать новую международную организацию под эгидой ООН – UN Water International Organization, которая могла бы объединить разрозненные мандаты других организаций по водной проблематике.

Приглашаем японских политиков, общественных деятелей, предпринимателей, экспертов принять участие в Региональном экологическом саммите, который состоится в Астане в апреле следующего года».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы Токионың Орталық Азия елдерімен жасанды интеллект саласы бойынша тың серіктестік орнату жөніндегі бастамасына қолдау білдірді

«Цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні дамыту саласында ынтымақтастық орнату өте өзекті.

Жапондық инновациялар сапа, сенімділік және жоғары технология тұрғысынан кеңінен танымал.

Қазақстан цифрлық мемлекетке айналу жолына түсті. Осы мақсатта Аlem.ai. халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды.

Биыл еліміз америкалық технологиялар базасында екі суперкомпьютерді іске қосты.

Келесі жылы өнеркәсіп, мемлекеттік сектор, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру салаларын цифрландыруға бағытталған Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыруды бастаймыз.

Осылайша, Қазақстанда жасанды интеллекті мен цифрлық технологияларды одан әрі дамыту үшін оңтайлы жағдай жасалады.

Бұл ретте біз Токионың Орталық Азия елдері мен Жапония арасында жасанды интеллект саласы бойынша тың серіктестік орнату жөніндегі бастамасын қолдаймыз.

Аталған платформаны Орталық Азиядағы ең ірі ІТ-стартап «Astana Hub» және қажетті инфрақұрылымы мен халықаралық экожүйесі бар Аlem.ai орталығының базасына орналастыруды ұсынамыз».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства поддержал Токийскую инициативу, направленную на развитие партнерства в области ИИ со странами ЦА

«Отдельно хочу отметить исключительную важность сотрудничества в сфере цифровой трансформации и развития искусственного интеллекта.

Японские инновации широко известны своим качеством, надежностью и высоким уровнем технологичности.

Казахстан вступил на путь превращения в цифровое государство.
Для этого открыт Международный центр искусственного интеллекта Аlem.ai.

В этом году Казахстан запустил два суперкомпьютера на базе американских технологий.

В следующем году начнется реализация стратегии Digital Qazaqstan, направленной на цифровизацию промышленности, государственного сектора, социальной сферы и образования.

Таким образом, в Казахстане формируются надлежащие условия для дальнейшего развития искусственного интеллекта и цифровых технологий.

В этой связи мы приветствуем Токийскую инициативу, включая запуск нового формата партнерства в области искусственного интеллекта между странами Центральной Азии и Японией.

Предлагаем разместить эту платформу на базе крупнейшего в Центральной Азии технопарка IT-стартапов Astana Hub и Международного центра Аlem.ai, обладающих необходимой инфраструктурой и международной экосистемой».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды

«Адам капиталы – дамудың басты қозғаушы күші. Жапония бұл формуланың дұрыстығын нақты дәлелдеді.

Адам, еңбекке құрмет көрсету, ұдайы жетілуге ұмтылу, өмір бойы оқу, өскелең ұрпаққа білім беру – Сіздің мемлекетіңіздің артықшылығы.

Қазақстан білім саласын белсенді дамытып жатыр. Әсіресе, шетелдік серіктестерімізбен бірге осы бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда. Елімізде шет мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары табысты қызмет етуде.

Жапонияға Қазақстанда университеттер мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев предложил открыть в нашей стране представительства японских университетов и образовательных центров

«Человеческий капитал – это главный двигатель развития. Япония убедительно доказала правильность данной формулы.

Сила Вашего государства – в людях, в уважении к труду, в стремлении к совершенству, в умении учиться всю жизнь, щедро делиться знаниями со следующими поколениями.

Казахстан активно развивает сферу образования, в том числе в сотрудничестве с зарубежными партнерами. В стране успешно функционируют филиалы ведущих зарубежных вузов.

Приглашаем Японию рассмотреть возможность открытия в Казахстане представительств японских университетов и образовательных центров».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Бірыңғай туристік маршрут әзірлеу, виза рәсімдерін жеңілдету – Мемлекет басшысы Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады

«Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдени мұрасы бай, табиғаты әсем.

Бұл жапон туристерін қызықтырары сөзсіз. Қазақстан Жапониямен туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.

Жапониялық туристер үшін Орта Азияның бірыңғай туристік маршрутын әзірлеген жөн деп есептеймін. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің халқына визалық рәсімдерді жеңілдеткен дұрыс.

Бұл жапондық туристердің бір сапарда бірнеше елді аралап шығуына мүмкіндік береді. Ал біздің азаматтарымыз Күншығыс елімен етене таныса алады.

Жапонияны Осака қаласында ЭКСПО 2025 көрмесін табысты өткізуімен тағы да құттықтаймын.

«Көрме тақырыбын жан-жақты көрсету» номинациясы бойынша алтын жүлде иеленгендеріңізге қуаныштымыз».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Разработка единого туристического маршрута, упрощение визовых процедур – Глава государства отметил приоритетные направления взамодействия с Японией в туристической сфере

«Все страны Центральной Азии обладают богатой историей, самобытным культурным наследием и красивейшей природой, которые, несомненно, могут быть интересны японским туристам.

Казахстан заинтересован в расширении сотрудничества с Японией в туристической сфере.

Полезной видится разработка единого Центрально-Азиатского туристического маршрута для японских туристов, а также упрощение визовых процедур для граждан Центральной Азии.

Это позволит туристам из Японии в рамках одного путешествия посетить сразу несколько стран региона, а нашим гражданам – прикоснуться к красоте и гармонии Страны восходящего солнца.

Хочу вновь поздравить Японию с успешным проведением ЭКСПО 2025 в Осаке.

Рады получению золотой награды в номинации «Раскрытие темы выставки».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды»

«Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз.

Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды.

Бұрнағы күні мен қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) таныстым.

Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Казахстан удостоился чести проведения в 2027 году чемпионата мира по дзюдо»

«Мы заинтересованы в развитии сотрудничества в сфере спорта, прежде всего в популяризации традиционных японских видов единоборств – дзюдо, сумо и кэндо

Казахстан удостоился чести проведения в 2027 году Чемпионата мира по дзюдо.

Позавчера с удовольствием познакомился с известным японским сумоистом казахского происхождения Кимбозан Харуки (Ерсин Балтагул).

Уверен, наши тесные культурно-гуманитарные связи будут и впредь служить прочной основой для укрепления взаимопонимания и дружбы между нашими народами».

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы: «Биыл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жиынтық ІЖӨ көлемі 2 пайызға ұлғаймақ»

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдардағы жаһандық дүрбелеңдерге қарамастан, ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық даму қарқыны бәсеңдемегеніне тоқталды.

– Биыл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жиынтық ІЖӨ көлемі 2 пайызға ұлғаймақ. Алдағы екі жылда ІЖӨ өсімі тұрақты болады деп болжанып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері ұйым елдерінің бір-біріне салған тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты. Қазақстанға келген инвестиция жеті еседей өсті (2015 жылы 600 миллион доллар, 2024 жылы – 4 миллиард доллар). Өнеркәсіп өнімі 29 пайыз артып, 1,5 триллион долларды құрады, – деді Мемлекет басшысы.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства: «Ожидается, что совокупный ВВП стран ЕАЭС в 2025 году увеличится на 2 %»

🟦Касым-Жомарт Токаев отметил, что несмотря на глобальные потрясения последних лет удалось сохранить позитивную экономическую динамику.

– Ожидается, что совокупный ВВП стран ЕАЭС в 2025 году увеличится на 2 %. Согласно прогнозам, в ближайшие два года рост ВВП приобретет устойчивый характер. За время функционирования Евразийского экономического союза накопленный объем взаимных прямых инвестиций в объединении превысил 20 млрд долларов. Приток инвестиций в Казахстан увеличился почти в семь раз (в 2015 году – 600 млн долл., в 2024 году – 4 млрд долл.). Промышленное производство выросло на 29% и составило 1,5 трлн долларов, – сказал Глава государства.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысында сөз сөйледі.

🟦Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Президент Владимир Путинге ризашылығын білдірді.

🟦Сондай-ақ Жаңа жыл қарсаңында Петербургтегі дәстүрлі кездесу жылды қортындылап, алдағы күнге жоспар құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

🟦Президент биыл Еуразиялық экономикалық одақ үшін мерейлі жыл болғанын еске салды. Ұйым дамудың екінші онжылдығына батыл қадам басты.

🟦Осы кезең ішінде өзара сауда-cаттық тұрақты түрде өсіп, ірі инфрақұрылым жобалары табысты жүзеге асты және өнеркәсіп кооперациясының аясы кеңейе түсті.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства принял участие в заседании Высшего Евразийского экономического совета

🟦Касым-Жомарт Токаев принял участие в очередном заседании Высшего Евразийского экономического совета (ВЕЭС), которое состоялось в Санкт-Петербурге.

🟦В своем выступлении Глава нашего государства выразил признательность Президенту Владимиру Путину за теплый прием и высокий уровень организации мероприятия.

🟦Он отметил, что предновогодние петербургские встречи, ставшие доброй традицией, дают хорошую возможность подвести итоги года и наметить планы на перспективу.

🟦Президент напомнил, что уходящий год является юбилейным для Евразийского экономического союза, который уверенно вступил во второе десятилетие своего развития.

🟦Он подчеркнул, что за этот период обеспечен устойчивый рост взаимной торговли, успешно реализуются инфраструктурные проекты, расширяется промышленная кооперация.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент предложил внедрить технологию ИИ в основные сферы деятельности ЕАЭС

🟦Глава государства подчеркнул необходимость последовательного укрепления экономического потенциала ЕАЭС и обозначил приоритетные направления дальнейшего развития интеграционного объединения.

– Мир вступил в эпоху тотальной цифровой трансформации и искусственного интеллекта. Считаю, что мы должны идти в ногу со временем и обеспечить внедрение современных технологий во все сферы экономик стран – участниц ЕАЭС. Предлагаем начать работу над внедрением технологии искусственного интеллекта в сферы деятельности ЕАЭС. В частности, такие системы уже сейчас могут использоваться для прогнозирования торговых потоков и оценки влияния таможенных пошлин. В следующем году Казахстан в рамках председательства в органах ЕАЭС будет принимать ежегодный Евразийский экономический форум. На полях форума можно было бы принять Совместное заявление об ответственном развитии искусственного интеллекта на пространстве нашего объединения, – заявил он.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ЕАЭО әлемдегі маңызды көлік-логистика торабы бола алады

– Бірлестік құрамындағы мемлекеттердің аумағы арқылы Батыс Қытай – Батыс Еуропа, Солтүстік – Оңтүстік, Транскаспий халықаралық көлік бағдары секілді негізгі дәліздер өтеді. Қазақстан шетелдік серіктестермен бірге (Ресей Федерациясында, Қытайда, Әзербайжанда және басқа да елдерде) халықаралық мультимодальды логистика орталықтары мен терминалдар желісін (Румыния мен Мажарстанда) дамытуды белсенді қолға алды. Серіктестерімізді сауда-саттықты жандандырып, жүк тасымалы шығынын азайту үшін ұйымға мүше өзге мемлекеттерді де осы іске атсалысуға шақырамыз, – деді Президент.


🟦Мемлекет басшысы Қазақстанның Каспий жағалауындағы теңіз инфрақұрылымы арқылы ынтымақтастықтың тың мүмкіндіктеріне жол ашылатынын жеткізді.

🟦Президенттің айтуынша, Каспий теңізіндегі негізгі порттарда орналасқан заманауи контейнер хабтары ұдайы ұлғайып келе жатқан жүк тасымалына қызмет көрсете алады. Бұл ретте ол ұйымға мүше елдердің транзит әлеуетін нығайтуға серпін беретін Кеме қатынасы туралы келісімнің күшіне енуін жеделдетуге шақырды.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әлемде сұранысқа ие, қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағдарланған жаңа өндіріс орындарын дамытуға баса мән берген жөн.

– Еуразия даму банкі сарапшыларының есебіне сәйкес, ЕАЭО елдерінің өнеркәсіп тауарларын шығару және экспорттау бойынша қосымша мүмкіндігі 67 миллиард долларға бағаланады. Осы әлеуетімізді толық пайдалансақ, түпкі нәтижесі 500 миллиард долларға жетуі ықтимал. Аталған мақсатқа жету үшін өнеркәсіп кооперациясын күшейту қажет. Бұл орайда серпінді инновациялық жобаларға инвестиция құйған жөн, – деді Қазақстан Президенті.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев считает, что ЕАЭС способен претендовать на роль мирового транспортно-логистического узла

– Через территории наших государств пролегают важнейшие международные коридоры, такие как Западная Европа – Западный Китай, Север – Юг, Транскаспийский международный транспортный маршрут. Совместно с зарубежными партнерами Казахстан активно развивает сеть международных мультимодальных логистических центров (в РФ, КНР, Азербайджане и др.) и терминалов (в Румынии и Венгрии). Предлагаем нашим партнерам присоединиться к этой работе в целях оптимизации торговых потоков, сокращения издержек на перевозку грузов, – отметил Глава государства.


🟦Президент сообщил, что широкие перспективы для дальнейшего сотрудничества открывает развитие морской инфраструктуры Казахстана на каспийском побережье.

🟦По его словам, современные контейнерные хабы в основных портах Каспийского моря способны обслуживать растущие объемы грузоперевозок. В связи с этим Касым-Жомарт Токаев призвал ускорить вступление в силу Соглашения о судоходстве, которое придаст импульс укреплению транзитного потенциала всех участников союза.

🟦Глава государства считает важным сосредоточиться на развитии новых промышленных производств, ориентированных на выпуск востребованной на мировом рынке продукции с высокой добавленной стоимостью.

– По расчетам аналитиков ЕАБР, дополнительные возможности производства и экспорта промышленных товаров в странах ЕАЭС оцениваются в 67 млрд долларов. При полной реализации этого потенциала совокупный эффект роста может достичь 500 млрд долларов. Для достижения этой цели важно усилить и промышленную кооперацию. Здесь необходимы инвестиции в прорывные инновационные проекты, – считает Касым-Жомарт Токаев.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент жасанды интеллект технологиясын ЕАЭО қызметіне енгізуді ұсынды

🟦Мемлекет басшысы ЕАЭО-ның экономикалық әлеуетін одан әрі нығайту қажет екеніне назар аударып, интеграциялық бірлестікті дамытудың басым бағыттарын айқындады.

– Әлем жаппай цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріне қадам басты. Уақыт ағымынан қалмай, заманауи технологияларды ЕАЭО-ға мүше елдер экономикасының барлық саласына енгізу қажет деп санаймын. Жасанды интеллект технологиясын ЕАЭО қызметіне енгізе бастауды ұсынамыз. Атап айтқанда, мұндай жүйелерді сауда ағынын жоспарлауға және кедендік баж салығының ықпалын бағалауға қазірдің өзінде пайдалануға болады. Келесі жылы Қазақстан ұйымға төрағалығы аясында дәстүрлі Еуразия экономикалық форумын өткізеді. Осы жиында Экономикалық одақ кеңістігінде Жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану туралы бірлескен мәлімдеме қабылдауға болар еді, – деді Мемлекет басшысы.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтетінін жеткізді

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, мемлекеттер алдында салмақты шешім мен үйлесімді әрекетті талап ететін күрделі міндеттер тұрғанына назар аударды.

🟦Президент келесі жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ету миссиясы Қазақстан Республикасына өтетінін еске салды. Мемлекет басшысы еліміз жаңа табысқа қол жеткізіп, бірлестік елдерінің игілігін еселеу үшін нәтижелі жұмыс жүргізуге ниетті екенін жеткізді.

🟦Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтетінін жеткізді.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым төрағасы міндетін табысты атқарғаны үшін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкоға алғыс айтты.

✍️Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM