Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді»
🟦 Мемлекет басшысы Қазақстанның беделді әрі сенімді серіктес ретінде кеңінен мойындалғанын айтты.
t.me/aqorda_resmi
– Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді. Біз бұл тату көршілікті Қазақстанның тұтас Еуразиядағы сенім мен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін стратегиялық артықшылығы деп білеміз. Сондай-ақ Америка Құрама Штаттарымен және Еуропа Одағымен ұзақ мерзімді ықпалдастықты кеңейтіп, Таяу Шығыспен, Азия және Жаһандық Оңтүстік елдерімен байланысты күшейтеміз. Жапонияның Қазақстан үшін маңызы зор. Сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктеріне жол ашу мақсатында достығымыз бен қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Геосаяси тұрғыдан жікке бөлінген әлемде Қазақстанның мұндай теңгерімді әрі тура ұстанымы конструктивті дипломатияны қуаттай түседі, – деді Президент.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства: «Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями»
🟦 Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что Казахстан пользуется широким признанием в качестве авторитетного и надежного партнера.
t.me/aqorda_resmi
– Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем и странами Центральной Азии. Мы рассматриваем это соседство как стратегическое преимущество, позволяющее Казахстану продвигать доверие и взаимосвязанность по всей Евразии. Мы также расширяем долгосрочное взаимодействие с Соединенными Штатами и Европейским Союзом, усиливаем наши контакты на Ближнем Востоке, в Азии и странах Глобального Юга. Япония имеет огромное значение для Казахстана, мы и далее будем стремиться углубить нашу дружбу и взаимодействие для раскрытия новых возможностей в торгово-инвестиционных связях. Такой сбалансированный и беспристрастный подход укрепляет конструктивную дипломатию Казахстана в условиях все более геополитически фрагментированного мира, – продолжил Глава государства.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
– Осы айтулы оқу орнында аймақтағы елдер арасынан алғашқы дәріс оқыған Мемлекет басшысы атану – мен үшін зор мәртебе. Мұны халықаралық аренадағы рөлі артып келе жатқан Қазақстанға шынайы құрмет деп қабылдаймын. Сондай-ақ біздің мультилатерализмді ілгерілетуге әрі жаһандық қауіпсіздікті қолдауға бағытталған табанды еңбегімізді мойындаудың белгісі ретінде қарастырамын. Біріккен Ұлттар Ұйымы менің өмірімде ерекше орын алады. Өйткені осы Ұйымда Бас хатшының орынбасары және Женевадағы өкілдіктің Бас директоры, Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымдарын атқару бақытына ие болдым, – деді Президент.
– Ханзада Сётоку VII ғасырда «үйлесімділік бәрінен биік бағалануға тиіс» деп жазды. Бүгінде бұл қағидат мемлекеттік басқаруда және халықаралық қатынастарда басты рөл атқарып, Қазақстанның сыртқы саясатында айқын көрініс тауып отыр, – деді Президент.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
– Для меня высокая честь в качестве первого Главы государства из нашего региона выступать в стенах этого выдающегося учреждения. Рассматриваю эту возможность как знак подлинного доверия к растущей международной роли Казахстана и как признание наших неустанных усилий, направленных на продвижение мультилатерализма и поддержание глобальной стабильности. Организация Объединенных Наций имеет для меня особое личное значение, поскольку я был удостоен возможности занимать должность заместителя Генерального секретаря и Генерального директора ее представительства в Женеве, а также Генерального секретаря Конференции по разоружению, – сказал Президент.
– Как писал принц Сётоку в VII веке, «гармония должна цениться превыше всего». Сегодня этот принцип остается центральным в государственном управлении и международных отношениях и находит свое яркое воплощение во внешней политике Казахстана, – отметил Президент.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Президенті әлемде қақтығыстардың өршуіне алаңдаушылық білдірді
🟦 Мемлекет басшысы дағдарыс белең алған және көпжақты ынтымақтастық тетіктері айтарлықтай әлсіреген қазіргі кезде әділетті әрі тұрақты әлем құру жөніндегі ой-пікірімен бөлісті.
t.me/aqorda_resmi
– Соңғы он жылда жер жүзінде қарулы қақтығыстар көбейіп, ушығып кетті. Әлемдегі әскери шығындар былтыр 2,7 триллион долларды құраған. Бұрын-соңды мұндай болмаған. Сонымен қатар алпауыт елдер арасындағы стратегиялық бақталастық шырқау шегіне жетті. Соның салдарынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қандай да бір ірі халықаралық қақтығыстарды шеше алмайтын дәрменсіз күйге түсті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Казахстана выразил обеспокоенность ростом конфликтов в мире
🟦 Далее Глава государства представил свое видение перспектив построения более справедливого и стабильного мира в условиях обострения кризисов и серьезного ослабления механизмов многостороннего сотрудничества.
t.me/aqorda_resmi
– Количество и интенсивность вооруженных конфликтов во всем мире достигли самого высокого уровня за последние десятилетия, а глобальные военные расходы в прошлом году составили рекордных 2,7 трлн долларов. В то же время соперничество между ведущими державами достигло наивысшей степени, что уже привело к неспособности Совета Безопасности Организации Объединенных Наций решать какие-либо крупномасштабные международные конфликты, – констатировал Касым-Жомарт Токаев.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Стратегиялық сенімнің жаңа мәдениеті халықаралық ынтымақтастық пен ұжымдық шешім қабылдау үдерісінің негізі болуға тиіс»
🟦 Президенттің пікірінше, халықаралық қоғамдастық институттары тиімді қызмет етуі үшін өзара сенімді қалпына келтіруі қажет.
t.me/aqorda_resmi
– Стратегиялық сенімнің жаңа мәдениеті халықаралық ынтымақтастық пен ұжымдық шешім қабылдау үдерісінің негізі болуға тиіс. Осы ретте Қазақстан аталған қағидаттарды Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді алаңдар арқылы үнемі ілгерілетіп келеді. Бүгінгі сын-қатерлерге бірде-бір мемлекет жалғыз өзі төтеп бере алмайтыны рас. Тек түбегейлі және тиімді ұжымдық іс-қимыл ғана ұзақ мерзімді нәтиже береді. Бұл орайда БҰҰ халықаралық қатынастарды реттейтін әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым рөлін атқаруды жалғастыра беруі керек, – деді Қазақстан Президенті.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев: «Обновленная культура стратегического доверия должна стать основой международного сотрудничества и процесса коллективного принятия решений»
🟦 По его мнению, для эффективного функционирования институтов международное сообщество остро нуждается в восстановлении взаимного доверия и предсказуемости.
t.me/aqorda_resmi
– Обновленная культура стратегического доверия должна стать основой международного сотрудничества и процесса коллективного принятия решений. В этом ключе Казахстан последовательно продвигает данные принципы через такие инициативы, как Совещание по взаимодействию и мерам доверия в Азии и Съезд лидеров мировых и традиционных религий. Нет сомнений в том, что ни одно государство не сможет в одиночку справиться с сегодняшними вызовами. Только принципиальные и эффективные совместные действия могут дать долгосрочные результаты. В этом контексте ООН должна и в дальнейшем играть центральную роль в международных отношениях как универсальная и безальтернативная организация, – убежден Президент Казахстана.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент: «БҰҰ-ны жан-жақты реформалау жай әңгіме күйінде қалмай, ортақ басымдыққа және стратегиялық қажеттілікке айналуға тиіс»
🟦 Мемлекет басшысы геосаяси тұрғыдан жікке бөлінудің күшеюі мен ірі державалар арасындағы сенімнің төмендеуі салдарынан БҰҰ мүмкіндіктері барған сайын шектеле түскеніне назар аударды.
🟦 Сол себепті Ұйымды жан-жақты реформалау жай әңгіме күйінде қалмай, ортақ басымдыққа және стратегиялық қажеттілікке айналуға тиіс.
t.me/aqorda_resmi
– Кез келген маңызды реформа БҰҰ Жарғысына сай іске асырылуы керек. Егемендік, аумақтық тұтастық және дау-дамайды бейбіт жолмен реттеу секілді негізгі қағидаттар мүлтіксіз сақталуға тиіс, ешкімге артықшылық берілмеуі қажет. Сонымен бірге Жарғының кейбір ережелері ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес келмейді. Соның ішінде Ұйымға айтарлықтай қолдау көрсетіп келе жатқан Жапонияға және басқа да елдерге қатысты әділетсіздік бар. Әлем өзгерді, ал Жарғы осы өзгерістердің соңынан ілесе алмай отыр. Жауапты диалогқа көшіп, келешекте құжаттың сенімділігі мен өзектілігін қамтамасыз етудің уақыты келді деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент: «Всеобъемлющая реформа ООН становится не риторическим вопросом, а общим приоритетом и стратегической необходимостью»
🟦 Вместе с тем он обратил внимание на то, что возможности ООН все больше сдерживаются вследствие растущей геополитической поляризации и снижения доверия между крупными державами.
🟦 Поэтому, как было сказано далее, всеобъемлющая реформа ООН становится не риторическим вопросом, а общим приоритетом и стратегической необходимостью.
t.me/aqorda_resmi
– Любая значимая реформа должна начинаться с подтверждения приверженности Уставу ООН. Его основные принципы – суверенитет, территориальная целостность и мирное урегулирование споров – должны соблюдаться неукоснительно и без каких-либо исключений. Однако отдельные положения Устава уже не отражают реалии XXI века, в том числе те, которые несправедливы по отношению к Японии и другим странам, оказывающим значительную поддержку Организации. Мир изменился, а Устав не поспевает за этими изменениями. Считаю, что настало время для ответственного диалога о том, как обеспечить его надежность и актуальность в будущем, – считает Касым-Жомарт Токаев.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент орта державаларды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кеңінен қатыстыруға шақырды
🟦 Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесін реформалау кейінге ысыруға болмайтын өте маңызды міндет екеніне тоқталды.
🟦 Президент аталған орган қызметіне орта державаларды, Азия, Африка және Латын Америкасы елдерін кеңінен қатыстыруға шақырды.
🟦 Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдаланып, елдеріміз арасындағы байланысты жолға қоюға зор үлес қосқан Жапонияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Ёрико Кавагучи ханымға ризашылығын білдірді. Президент оның «Орталық Азия және Жапония» саммитіне бастамашы болғанын еске салды.
t.me/aqorda_resmi
– Қауіпсіздік Кеңесінде жауапты орта державалардың үні анық естілуге тиіс. Олар ірі ойыншылар арасында қайшылықтар болған жағдайда араағайындық жасап, шешімдерді ілгерілетуге септігін тигізе алады. Қазақстан сыртқы саясаттағы миссиясын осы бағытпен байланыстырады. Біз берік ұстанымға негізделген теңгерімді, сындарлы, көпвекторлы дипломатия жүргіземіз. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келеді әрі ұдайы БҰҰ Жарғысына сүйенетін дамушы орта держава ретіндегі болмысымызды көрсетеді, – деді Президент.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев призвал к обеспечению более широкого участия в СБ ООН ответственных средних держав
🟦 Глава нашего государства считает реформу Совета Безопасности крайне важной и безотлагательной задачей.
🟦 Он призвал к обеспечению более широкого участия в данном органе средних держав, представляющих Азию, Африку и Латинскую Амерку.
🟦 Касым-Жомарт Токаев, пользуясь возможностью, выразил искреннюю признательность бывшему министру иностранных дел Японии Ёрико Кавагучи, внесшей огромный вклад в налаживание связей между нашими странами. Президент напомнил, что именно она является инициатором формата саммита «Центральная Азия и Япония».
t.me/aqorda_resmi
– Голоса ответственных средних держав должны звучать более весомо в Совете Безопасности, где они могут выступать в качестве конструктивных посредников и способствовать продвижению решений в условиях противоречий между более крупными игроками. Именно в этой роли Казахстан видит свою внешнеполитическую миссию. Мы проводим принципиальную, сбалансированную, конструктивную многовекторную дипломатию, которая отражает наши национальные интересы и идентичность как развивающейся средней державы, неизменно придерживающейся Устава ООН, – заявил Президент.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді»
🟦 Мемлекет басшысы Қазақстанның беделді әрі сенімді серіктес ретінде кеңінен мойындалғанын айтты.
t.me/aqorda_resmi
– Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді. Біз бұл тату көршілікті Қазақстанның тұтас Еуразиядағы сенім мен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін стратегиялық артықшылығы деп білеміз. Сондай-ақ Америка Құрама Штаттарымен және Еуропа Одағымен ұзақ мерзімді ықпалдастықты кеңейтіп, Таяу Шығыспен, Азия және Жаһандық Оңтүстік елдерімен байланысты күшейтеміз. Жапонияның Қазақстан үшін маңызы зор. Сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктеріне жол ашу мақсатында достығымыз бен қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Геосаяси тұрғыдан жікке бөлінген әлемде Қазақстанның мұндай теңгерімді әрі тура ұстанымы конструктивті дипломатияны қуаттай түседі, – деді Президент.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства: «Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями»
🟦 Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что Казахстан пользуется широким признанием в качестве авторитетного и надежного партнера.
t.me/aqorda_resmi
– Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем и странами Центральной Азии. Мы рассматриваем это соседство как стратегическое преимущество, позволяющее Казахстану продвигать доверие и взаимосвязанность по всей Евразии. Мы также расширяем долгосрочное взаимодействие с Соединенными Штатами и Европейским Союзом, усиливаем наши контакты на Ближнем Востоке, в Азии и странах Глобального Юга. Япония имеет огромное значение для Казахстана, мы и далее будем стремиться углубить нашу дружбу и взаимодействие для раскрытия новых возможностей в торгово-инвестиционных связях. Такой сбалансированный и беспристрастный подход укрепляет конструктивную дипломатию Казахстана в условиях все более геополитически фрагментированного мира, – продолжил Глава государства.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы: «Жаһандық қауіпсіздік жүйесін ядролық қарумен ұстап тұруға болмайды»
🟦 Ушыға бастаған ядролық қатер проблематикасына дәріс барысында айрықша назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев адамзаттың ядролық қарудан тартқан зардабын Қазақстан мен Жапония сияқты терең түсінетін ел кемде-кем екенін айтты.
t.me/aqorda_resmi
– Хиросима, Нагасаки және Семей қасіреті ядролық қаруға жауапкершілікпен қарап, ұстамдылық танытудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Семей ядролық полигонын жабу және әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тарту туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл біздің осалдығымыз емес. Керісінше, стратегиялық көрегендік танытып, осы арқылы бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі маңызды екенін көрсеттік. Арада отыз жылдан аса уақыт өтсе де, осы ұстанымнан айныған жоқпыз: жаһандық қауіпсіздік жүйесін ядролық қарумен ұстап тұруға болмайды. Халықаралық қоғамдастық жаппай ядролық қарусыздану бағытында белсенді әрекет етіп, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне үлес қосуға тиіс. Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруы бар алпауыт елдер арасындағы жоғары деңгейлі диалогты қайта бастауға үндейді. Сондай-ақ ядролық қаруды қолдану немесе сынау қаупін жою үшін анағұрлым батыл әрі көпжақты әрекетке шақырады. Қазақстан мен Жапонияның бұл тұрғыда әлем алдында жүзі жарқын. Елдеріміз ядролық алпауыт мемлекеттер мәмілеге келе алмай жатқан кезде қарама-қайшылықтарды реттеп, прагматикалық тұрғыдан көшбасшы екенін көрсете алар еді, – деді Президент.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»
🟦 Особое место в выступлении заняла проблематика, связанная с нарастающей ядерной угрозой. Касым-Жомарт Токаев напомнил, что немногие страны могут так глубоко, как Казахстан и Япония, осознать цену, которую заплатило человечество за ядерное оружие.
t.me/aqorda_resmi
– Хиросима, Нагасаки и Семипалатинск служат напоминанием о высокой цене ядерной ответственности и сдержанности. После обретения независимости Казахстан принял историческое решение о закрытии Семипалатинского ядерного полигона и отказе от четвертого по величине ядерного арсенала в мире. Это было не проявлением слабости, а отражением стратегической дальновидности и твердой приверженности миру и безопасности человечества. Три десятилетия спустя наша позиция остается неизменной: глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание. Международное сообщество должно активизировать усилия, направленные на полное ядерное разоружение, и обеспечить вступление в силу Договора о всеобъемлющем запрещении ядерных испытаний. Казахстан призывает к возобновлению диалога на высоком уровне между ядерными державами и более решительным многосторонним действиям по устранению угрозы применения и испытаний ядерного оружия. В этих глобальных усилиях Казахстан и Япония обладают уникальным моральным авторитетом. Наши страны сообща могли бы сглаживать разногласия и демонстрировать прагматичное лидерство в тех случаях, когда ядерные державы испытывают трудности в достижении консенсуса, – заявил Президент.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университеті ЖИ саласындағы халықаралық зерттеулерді ілгерілетуде бірегей мүмкіндікке ие екенін айтты
🟦 Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастама көтергенін еске салды. Сондай-ақ БҰҰ университетіне осы ізгі істі қолдап, ғылыми зерттеулерге белсенді атсалысуды ұсынды.
🟦 Келешек туралы ой қозғаған Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні қазіргі заман келбетін қалыптастыратын шешуші күштің бірі деп атады.
🟦 Әйтсе де, оның пікірінше, ЖИ-дің қаупі де жоқ емес. Оған жұртшылықтың теңдей қол жеткізе алмауы және теріс пиғылда, соның ішінде әскери мақсатта қолдануы себеп болуы ықтимал.
t.me/aqorda_resmi
– Біріккен Ұлттар Ұйымы кезінде ядролық қауіпсіздік пен азаматтық авиация салаларында жалпыға бірдей нормаларды қалыптастырды. Сол секілді енді бұл істе де негізгі үйлестіруші рөлін атқаруға тиіс. Әлемнің жетекші технологиялық орталықтарының бірінде орналасқан жаһандық оқу орны ретінде БҰҰ университеті ЖИ-дің әлеуетіне, қауіп-қатеріне және оны басқаруға қатысты халықаралық зерттеулерді ілгерілетуде бірегей мүмкіндікке ие, – деді Президент.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Telegram
Aqorda 🇰🇿
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan
Касым-Жомарт Токаев подчеркнул уникальное положение Университета ООН для продвижения международных исследований в области ИИ
🟦 В продолжение темы Глава государства напомнил о выдвинутой Казахстаном инициативе по учреждению Международной водной организации под эгидой ООН. Он предложил Университету ООН принять активное участие в проведении научных исследований в поддержку этих усилий.
🟦 Говоря о будущем, Касым-Жомарт Токаев назвал искусственный интеллект одной из решающих сил, формирующих современный мир.
🟦 Вместе с тем, по его мнению, возникают и риски, связанные с неравным доступом к ИИ и его неправомерным использованием, в том числе в военных целях.
t.me/aqorda_resmi
– Организация Объединенных Наций должна играть центральную координирующую роль – так же, как она когда-то сформировала универсальные нормы в области ядерной безопасности или гражданской авиации. Как глобальный университет, расположенный в одном из ведущих технологических центров мира, Университет ООН занимает уникальное положение для продвижения международных исследований в области возможностей, рисков и управления ИИ, – отметил Президент.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Telegram
Aqorda 🇰🇿
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan
Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды
🟦 Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройы ел ішіндегі жетістіктерімен тікелей байланысты екенін мәлімдеді.
🟦 Президенттің пайымдауынша, тиімді дипломатияның өзегінде дәл осы жауапты ішкі саясат жатыр.
🟦 Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Қазақстанның БҰҰ университеті мен еліміздегі жетекші жоғары оқу орындары арасында бірлескен зерттеу жүргізу, академиялық тәжірибе алмасу және маман даярлау бойынша институционалдық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
🟦 Біріккен Ұлттар Ұйымының университеті – БҰҰ Бас Ассамблеясы құрған жаһандық зерттеу және білім беру орталығы. Штаб-пәтері Токиода орналасқан университет құрамына әлемнің 12 еліндегі 13 институт кіреді.
t.me/aqorda_resmi
– Мен білімнің және халықаралық деңгейдегі академиялық ықпалдастықтың дамуына айрықша мән беремін. Әсіресе, әлемнің өзгеруін жеделдететін бастамаларды қолдаймын. Бұл басымдықтар БҰҰ университетінің миссиясына толық сай келеді. Биыл Қазақстанда Орталық Азия және Ауғанстанға арналған БҰҰ орнықты даму орталығы ашылды. Қазақстан осы алаңның негізінде Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруға әзір. Оның қызметін, ең алдымен, су және климат қауіпсіздігі, қақтығыстарды реттеу, бітімгерлік, орнықты даму мен жасанды интеллектіні басқару мәселелеріне бағыттауға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Telegram
Aqorda 🇰🇿
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan
Президент предложил создать в Алматы региональный филиал Университета ООН
🟦 Глава государства подчеркнул, что авторитет Казахстана на международной арене напрямую опирается на прогресс, достигнутый внутри страны.
🟦 По его мнению, именно ответственная внутренняя политика лежит в основе эффективной дипломатии.
🟦 В завершение Глава государства заявил о заинтересованности Казахстана в дальнейшем укреплении институционального партнерства между Университетом ООН и ведущими казахстанскими вузами в области совместных исследований, академических обменов и программ подготовки выпускников.
🟦 Университет Организации Объединенных Наций – глобальный исследовательский и образовательный центр со штаб-квартирой в Токио, учрежденный Генеральной Ассамблеей ООН. Университет объединяет 13 институтов, расположенных в 12 странах мира.
t.me/aqorda_resmi
– Я придаю особое значение развитию образования и международного академического сотрудничества, особенно в сферах, которые могут обеспечить ускорение глобальных преобразований. Эти приоритеты полностью соответствуют миссии Университета ООН. В этом году в Казахстане открыт Региональный центр ООН по целям устойчивого развития для Центральной Азии и Афганистана. Опираясь на этот фундамент, Казахстан готов создать в Алматы региональный филиал Университета ООН. Его деятельность могла бы быть сосредоточена в первую очередь на вопросах, связанных с водной и климатической безопасностью, предотвращением конфликтов и миротворчеством, устойчивым развитием и управлением искусственным интеллектом, – предложил Касым-Жомарт Токаев.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Telegram
Aqorda 🇰🇿
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мемлекет басшысы: «Жаһандағы тұрақтылықты қалыптастыруға алпауыт елдер ғана емес, жауапты орта державалар да үлес қоса алатынына тарихтың өзі куә»
****
⚡️Глава государства: «История показывает, что глобальная стабильность формируется не только ведущими государствами, но и ответственными средними державами»
🎦 t.me/aqorda_resmi
****
⚡️Глава государства: «История показывает, что глобальная стабильность формируется не только ведущими государствами, но и ответственными средними державами»
🎦 t.me/aqorda_resmi