ҚР Ақпарат орталығы (Центр информации РК)
692 subscribers
678 photos
244 videos
782 links
Ақпарат — сенімді дерек көзі. Ел жаңалықтары, ресми мәліметтер және маңызды оқиғалар.
Download Telegram
🇰🇿🇯🇵Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

🟦Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру жайын қарастырды.

🟦Мемлекет басшысы қаланы басқару ісіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша екі ел астаналары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне тоқталды.

🟦Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды, шаһарды басқару тиімділігін арттыруды және орнықты даму үшін озық технологияларды пайдалануды көздейді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇯🇵Глава государства провел встречу с губернатором Токио Юрико Коикэ

🟦Собеседники обсудили вопросы сотрудничества в сфере цифровизации, развития технологий Smart city, искусственного интеллекта, устойчивого развития города, внедрения инновационных решений в городское управление.

🟦Также были рассмотрены вопросы создания более комфортной, экологичной, безопасной и инклюзивной среды для жителей и гостей мегаполисов.

🟦Глава государства подчеркнул, что видит большой потенциал в сотрудничестве двух столиц по интеграции искусственного интеллекта в городское управление.

🟦В ходе встречи Касым-Жомарту Токаеву была представлена концепция Smart city города Токио, которая подразумевает использование передовых технологий для повышения качества жизни, эффективности управления и устойчивого развития.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇯🇵Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапарының алғашқы күні

****

🇰🇿🇯🇵Первый день официального визита Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Японию

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан және Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

t.me/aqorda_resmi
✍️ В присутствии Президента аким Астаны Женис Касымбек и губернатор Токио Юрико Коикэ подписали Меморандум о взаимопонимании между столицами Казахстана и Японии.

t.me/aqorda_resmi
Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап көрді

✔️Бұл азаматтық қорғаныс пен қаладағы қауіп-қатерлердің алдын алудың негізгі жүйесі саналады.

✔️Орталықтың басты міндеті – қаладағы ахуалға ұдайы мониторинг жүргізу, төтенше жағдай кезінде билік органдарының іс-әрекетін үйлестіру, ықтимал қатер мен орын алған апаттар (жер сілкінісі, тайфун, су тасқыны, ірі техногендік апаттар, лаңкестік актілер) туралы ақпараттарды талдау.

✔️БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттың таралуына қарсы іс-қимылға баса көңіл бөлінеді. Бұл жұмыспен тәулік бойы мониторинг жүргізетін арнайы бөлімше шұғылданады.

✔️Ал күнделікті өмірде кешен дағдарыс жағдайларын басқару жүйелерін жоспарлау және жетілдіру, азаматтық қорғаныстың өңірлік жоспарын әзірлеу, оқу-жаттығу жиындарын дайындау және өткізу, халықты құлақтандыруға, апаттардың салдарын жоюға арналған ақпараттық жүйелерді дамыту ісімен айналысады.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям

✔️Данный комплекс является центральным звеном системы гражданской защиты и управления кризисами города.

✔️Основная задача центра – обеспечение непрерывного мониторинга обстановки и координации действий органов власти в условиях чрезвычайных ситуаций, анализ данных о возможных и происходящих бедствиях (землетрясения, тайфуны и наводнения, крупные техногенные аварии, террористические акты).

✔️Большое внимание в работе уделяется противодействию распространению фейковой информации в СМИ и социальных сетях. Этим занимается специальное подразделение, осуществляющее круглосуточный мониторинг.

✔️В обычное время центр занимается планированием и совершенствованием системы управления кризисами, разработкой региональных планов гражданской защиты, подготовкой и проведением учений, а также развитием информационных ресурсов по предупреждению и ликвидации последствий стихийных бедствий для населения.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Токио губернаторы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қош келдіңіз!» деп қазақ тілінде жылы шырай таныта қарсы алды

***

«Қош келдіңіз!» – губернатор Токио поприветствовала Президента Касым-Жомарта Токаева на казахском языке

🎦 t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорацияларының бірі саналатын Sumitomo жетекшісімен кездесті.

🟦Қазақстан Президенті еліміз Sumitomo корпорациясының орнықты даму мен бизнестің жауапкершілігін арттыруға бейілдігін жоғары бағалайтынын, сондай-ақ компанияны ұзақ мерзімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

🟦Шинго Уэно Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясымен бірлескен жобаны іске асыру жайында мәлімет берді. Аталған жоба ядролық медицина саласында уран өнімдерінен ем-шараға қолдануға арналған радий изотоптар алудың ғылыми-негіздемелік әдістерін әзірлеуді қарастырады.

🟦Кездесуде көлік-логистика, энергетика, атом өнеркәсібі, металлургия және геологиялық барлау салаларында бірлескен инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства принял президента компании Sumitomo Шинго Уэно

🟦В Токио состоялась встреча Касым-Жомарта Токаева с руководителем одной из крупнейших и влиятельных японских торгово-инвестиционных корпораций Sumitomo.

🟦Президент Казахстана отметил, что наша страна высоко ценит приверженность Sumitomo устойчивому росту и ответственному ведению бизнеса, а также рассматривает компанию как долгосрочного стратегического партнера.

🟦Шинго Уэно проинформировал Главу государства о подготовке совместного проекта с национальной компанией «Казатомпром» в сфере ядерной медицины по выработке научно обоснованных подходов к получению радиоизотопов медицинского назначения из продуктов уранового производства.

🟦Собеседники также обсудили перспективы реализации совместных инвестиционных проектов в сферах транспорта и логистики, энергетики, атомной промышленности, металлургии и геологоразведки.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы Ичиро Такахаруды қабылдады

✔️Кездесуде геологиялық барлау, аса маңызды минералдарды өндіру және өңдеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды орнықты басқару бағыттарындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

✔️Мемлекет басшысы JOGMEC компаниясының Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отырғанын жоғары бағалады.

✔️Сонымен қатар әңгімелесу барысында ұйымның еліміздегі геологиялық барлау жобаларына қатысу және өкілдік ашу мүмкіндіктері қарастырылды. Президенттің пікірінше, бұл бірлескен жобаларды тиімді үйлестіруге, сондай-ақ Жапонияның өндірістік және технологиялық компанияларының Қазақстан нарығына көптеп келуіне ықпал етеді.

✔️JOGMEC – Жапонияның энергетикалық және минералды шикізат қауіпсіздігіне жауапты негізгі мемлекеттік институты. Ұйым мұнай, газ, сутегі, аммиак және сирек кездесетін металдардың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ететін мемлекеттік оператор міндетін атқарады.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства принял председателя Японской организации по металлам и энергетической безопасности (JOGMEC) Ичиро Такахару

✔️В ходе встречи были обсуждены перспективы развития сотрудничества в сфере геологоразведки, добычи и переработки критически важных минералов, а также устойчивого управления природными ресурсами.

✔️Глава государства отметил высокую заинтересованность JOGMEC к реализации проектов в нашей стране.

✔️Также была рассмотрена возможность расширения участия организации в геологоразведочных проектах на территории Казахстана, в том числе открытие ее представительства. По мнению Президента, это будет способствовать более эффективной координации совместных проектов и активному участию японских промышленных и технологических компаний на казахстанском рынке.

✔️JOGMEC – ключевой государственный институт Японии, ответственный за энергетическую и минерально-сырьевую безопасность страны. Организация выполняет функции государственного оператора в области обеспечения стабильными поставками нефти, газа, водорода, аммиака и редкоземельных металлов.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Президенті Mitsui компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тацуо Ясунагамен кездесті

🟦Президент Қазақстандағы белсенді қызметі және Жапониямен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Mitsui басшылығына ризашылығын білдірді.

🟦Қазіргі уақытта кәсіпорын халықаралық жеткізу тізбегін қалыптастыруда, инфрақұрылымды дамытуда, энергетика мен өнеркәсіп салаларын өрістетуде маңызды рөл атқарады.

🟦Мемлекет басшысы Қазақстан экономиканың негізгі секторларында Mitsui компаниясының қызмет аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Атап айтқанда, компанияның Астанада күрделі жөндеу және құрал-жабдықтарды қайта қалпына келтіру бойынша өндірістік кешен құрылысына қатысу жоспарын мақұлдады.

🟦Сондай-ақ өзара қызығушылық танытқан салалар қатарында аса маңызды минералдар, көлік-логистика, табиғи апаттардың алдын алуға арналған технологияны енгізу бағыттары бар.

🟦Қазақстан Президентінің Токиоға сапары аясында Mitsui компаниясымен бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қою жоспарланған.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Казахстана провел встречу с председателем совета директоров компании Mitsui Тацуо Ясунагой

🟦Глава государства поблагодарил руководство Mitsui за активную деятельность в Казахстане и вклад в укрепление экономического сотрудничества с Японией.

🟦В настоящее время компания играет важную роль в формировании международных цепочек поставок, развитии инфраструктуры, энергетики и промышленности.

🟦Президент заявил о заинтересованности в расширении присутствия Mitsui в ключевых секторах экономики Казахстана. В частности, он одобрил планы компании участвовать в строительстве производственного комплекса по капитальному ремонту и восстановлению оборудования в Астане.

🟦Областями, представляющими взаимный интерес, также являются критически важные минералы, транспорт и логистика, внедрение технологий, направленных на предотвращение стихийных бедствий.

🟦В рамках визита Президента Казахстана в Токио запланировано подписание меморандумов по реализации в Казахстане ряда совместных проектов с компанией Mitsui.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Hitachi Construction Machinery компаниясының президенті Масафуми Сэнзакиді қабылдады

🟦Кездесу барысында қазақстандық тау-кен кәсіпорындарының жапондық компаниямен ынтымақтастығын кеңейту перспективасы қаралды.

🟦Мемлекет басшысы Hitachi Construction Machinery компаниясының өңірдегі басты серіктесі саналатын Қазақстан өзара тиімді байланыстарды тереңдетуге дайын екенін атап өтті.

🟦Президенттің пікірінше, алдағы уақытта кен орындарының қажеттілігі үшін өндіріс локализациясы мен құрал-жабдықтарды жөндеу ісіне басымдық беру маңызды.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру, «жасыл» технологияларды енгізу және дербес көлік жүйесі бірлескен жұмыстың перспективті бағыттары бола алады деп санайды.

🟦Масафуми Сэнзакидің айтуынша, компанияның басты мақсаты – жаһандық деңгейдегі, сонымен бірге Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыру аясында жоғары технологиялы, төмен көміртекті, қауіпсіз шешімдер әзірлеу әрі оны өндірісте қолдану.

🟦Hitachi Construction Machinery – құрылыс және тау-кен техникаларын шығаратын әлемдегі жетекші кәсіпорындардың бірі. Компанияның экскаваторлары, карьерге арналған жүк көліктері және басқа да техникалары 150-ден аса елде, соның ішінде Қазақстандағы ірі кен орындарында жұмыс істейді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев принял президента компании Hitachi Construction Machinery Масафуми Сэнзаки

🟦В ходе встречи были рассмотрены перспективы расширения сотрудничества горнорудных предприятий Казахстана с японской компанией.

🟦Глава государства подчеркнул, что Казахстан, являющийся ключевым партнером Hitachi Construction Machinery в регионе, готов углублять взаимовыгодные контакты.

🟦По мнению Президента, важно сосредоточить дальнейшие усилия на локализации производства и ремонте оборудования для разработки рудных месторождений.

🟦Как полагает Касым-Жомарт Токаев, перспективными направлениями в совместной работе также могут стать цифровизация, внедрение «зеленых» технологий и автономных транспортных систем.

🟦Как сообщил Масафуми Сэнзаки, разработка и применение высокотехнологичных, низкоуглеродных и безопасных решений является одной из приоритетных целей HСМ как на глобальном уровне, так и в рамках реализации проектов в Казахстане.

🟦Hitachi Construction Machinery – один из ведущих мировых производителей строительной и горнодобывающей техники. Изготовленные компанией экскаваторы, карьерные самосвалы и другая техника используются в более чем 150 странах, в том числе на крупных месторождениях Казахстана.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді»

🟦Мемлекет басшысы Қазақстанның беделді әрі сенімді серіктес ретінде кеңінен мойындалғанын айтты.

– Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді. Біз бұл тату көршілікті Қазақстанның тұтас Еуразиядағы сенім мен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін стратегиялық артықшылығы деп білеміз. Сондай-ақ Америка Құрама Штаттарымен және Еуропа Одағымен ұзақ мерзімді ықпалдастықты кеңейтіп, Таяу Шығыспен, Азия және Жаһандық Оңтүстік елдерімен байланысты күшейтеміз. Жапонияның Қазақстан үшін маңызы зор. Сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктеріне жол ашу мақсатында достығымыз бен қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Геосаяси тұрғыдан жікке бөлінген әлемде Қазақстанның мұндай теңгерімді әрі тура ұстанымы конструктивті дипломатияны қуаттай түседі, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства: «Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями»

🟦Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что Казахстан пользуется широким признанием в качестве авторитетного и надежного партнера.

– Казахстан развивает всеобъемлющее стратегическое партнерство с ближайшими соседями – Россией, Китаем и странами Центральной Азии. Мы рассматриваем это соседство как стратегическое преимущество, позволяющее Казахстану продвигать доверие и взаимосвязанность по всей Евразии. Мы также расширяем долгосрочное взаимодействие с Соединенными Штатами и Европейским Союзом, усиливаем наши контакты на Ближнем Востоке, в Азии и странах Глобального Юга. Япония имеет огромное значение для Казахстана, мы и далее будем стремиться углубить нашу дружбу и взаимодействие для раскрытия новых возможностей в торгово-инвестиционных связях. Такой сбалансированный и беспристрастный подход укрепляет конструктивную дипломатию Казахстана в условиях все более геополитически фрагментированного мира, – продолжил Глава государства.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇳Қазақстан Президенті БҰҰ университетінде дәріс оқыды

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетіне барып, «Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы» тақырыбында дәріс оқыды.

– Осы айтулы оқу орнында аймақтағы елдер арасынан алғашқы дәріс оқыған Мемлекет басшысы атану – мен үшін зор мәртебе. Мұны халықаралық аренадағы рөлі артып келе жатқан Қазақстанға шынайы құрмет деп қабылдаймын. Сондай-ақ біздің мультилатерализмді ілгерілетуге әрі жаһандық қауіпсіздікті қолдауға бағытталған табанды еңбегімізді мойындаудың белгісі ретінде қарастырамын. Біріккен Ұлттар Ұйымы менің өмірімде ерекше орын алады. Өйткені осы Ұйымда Бас хатшының орынбасары және Женевадағы өкілдіктің Бас директоры, Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымдарын атқару бақытына ие болдым, – деді Президент.


🟦Мемлекет басшысы Университет ұжымын оқу орнының құрылғанына 50 жыл толуымен құттықтап, БҰҰУ-дың бүкіл халықаралық қоғамдастықтың игілігі үшін нақты шешімдер әзірлеуге қосқан үлесін атап өтті.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев өзі ұстанатын қағидаттар мен жапон этикасы арасындағы үндестікке тоқталды. Яғни үйлесімділік, даналық және жауапты көшбасшылық – шынайы күш-қуаттың қайнары.

– Ханзада Сётоку VII ғасырда «үйлесімділік бәрінен биік бағалануға тиіс» деп жазды. Бүгінде бұл қағидат мемлекеттік басқаруда және халықаралық қатынастарда басты рөл атқарып, Қазақстанның сыртқы саясатында айқын көрініс тауып отыр, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇳Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН

🟦Касым-Жомарт Токаев посетил Университет Организации Объединенных Наций в Токио, где прочитал лекцию на тему «Восстановление стратегического доверия в эпоху турбулентности: каким Казахстан видит более справедливый и стабильный мир».

– Для меня высокая честь в качестве первого Главы государства из нашего региона выступать в стенах этого выдающегося учреждения. Рассматриваю эту возможность как знак подлинного доверия к растущей международной роли Казахстана и как признание наших неустанных усилий, направленных на продвижение мультилатерализма и поддержание глобальной стабильности. Организация Объединенных Наций имеет для меня особое личное значение, поскольку я был удостоен возможности занимать должность заместителя Генерального секретаря и Генерального директора ее представительства в Женеве, а также Генерального секретаря Конференции по разоружению, – сказал Президент.


🟦Глава государства поздравил коллектив Университета с юбилеем – 50-летием с начала деятельности и отметил вклад УООН в выработку практических решений во благо всего международного сообщества.

🟦Касым-Жомарт Токаев отметил созвучие его убеждениям принципов японской этики, согласно которым истинная сила заключается в гармонии, мудрости и ответственном лидерстве.

– Как писал принц Сётоку в VII веке, «гармония должна цениться превыше всего». Сегодня этот принцип остается центральным в государственном управлении и международных отношениях и находит свое яркое воплощение во внешней политике Казахстана, – отметил Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Президенті әлемде қақтығыстардың өршуіне алаңдаушылық білдірді

🟦Мемлекет басшысы дағдарыс белең алған және көпжақты ынтымақтастық тетіктері айтарлықтай әлсіреген қазіргі кезде әділетті әрі тұрақты әлем құру жөніндегі ой-пікірімен бөлісті.

– Соңғы он жылда жер жүзінде қарулы қақтығыстар көбейіп, ушығып кетті. Әлемдегі әскери шығындар былтыр 2,7 триллион долларды құраған. Бұрын-соңды мұндай болмаған. Сонымен қатар алпауыт елдер арасындағы стратегиялық бақталастық шырқау шегіне жетті. Соның салдарынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қандай да бір ірі халықаралық қақтығыстарды шеше алмайтын дәрменсіз күйге түсті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM