ҚР Ақпарат орталығы (Центр информации РК)
692 subscribers
680 photos
245 videos
797 links
Ақпарат — сенімді дерек көзі. Ел жаңалықтары, ресми мәліметтер және маңызды оқиғалар.
Download Telegram
Президент салада таяу жылдары атқарылатын нақты жұмыс бағыттарын атап өтті

– Қазақстанның энергетикалық әлеуетін нығайту – басымдыққа ие міндет. Биыл батыс аймақтардың электр желісін күшейтетін бірегей жоба аяқталады. Бұл жоба Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының энергетикалық тораптарын біріктіреді. Енді осы тораптарды бірыңғай ұлттық энергетика жүйесіне жалғау қажет. Елімізде басқа да ірі жобалар қолға алынып жатыр. Атап айтқанда, Екібастұздағы екінші ГРЭС-те жаңа энергоблоктар салынады. Сондай-ақ үшінші ГРЭС-тің құрылысы басталмақ. Бұл нысандар еліміздегі энергетика жетіспеушілігін жоюға тиіс. 2026 жылы Алматыдағы электр станцияларын жаңғырту – Үкімет пен әкімдік алдында тұрған маңызды мақсат. Сол арқылы ауаның ластану деңгейін төмендетіп, қаланың экологиялық ахуалын жақсарту қажет. Бұған қоса, келесі жылы Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ қондырғысы бар электр станцияларын толық іске қосу керек. Біз 2035 жылға дейін 26 гигаваттан астам қуат көзін өндіретін нысандарды іске қосуды жоспарлап отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.


t.me/aqorda_resmi
Президент обозначил ряд задач развития энергетической отрасли на ближайшую перспективу

– Укрепление энергетического потенциала Казахстана – приоритетная задача. В этом году завершится уникальный проект по усилению электросетей западных регионов. Этот проект объединит энергетические сети Западно-Казахстанской, Атырауской и Мангистауской областей. Теперь эти узлы необходимо подключить к единой национальной энергетической системе. В нашей стране реализуются и крупные проекты. В частности, на Экибастузской ГРЭС-2 будут построены новые энергоблоки. Кроме того, начнется строительство третьей ГРЭС. Введение этих объектов позволит устранить дефицит электроэнергии в стране. Важная задача, стоящая перед Правительством и акиматом, – модернизация электростанций в Алматы в 2026 году. Это позволит снизить уровень загрязнения воздуха и значительно улучшить экологическую обстановку в городе. Помимо этого, в следующем году необходимо полностью ввести в эксплуатацию электростанции с парогазовыми установками в Кызылординской и Туркестанской областях. К 2035 году будут сданы объекты, обеспечивающие производство в общей сложности более 26 гигаватт электроэнергии, – сказал Касым-Жомарт Токаев.


t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы: «Қазақстан – көмірге бай ел. Осы стратегиялық артықшылықты дұрыс пайдаланған жөн»

🟦Президенттің пікірінше, Қазақстанның табиғи ресурстарын және өндірістік әлеуетін ескерсек, біз электр қуатын басқа елдерден сатып алмауымыз керек.

– Түптеп келгенде, бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Бұдан бөлек, еліміздің зор энергетикалық мүмкіндігін тиімді қолдану қажет. Мысалы, Қазақстан – көмірге бай ел. Жыл сайын 110 миллион тоннадан астам көмір өндіріледі. Осы стратегиялық артықшылықты дұрыс пайдаланған жөн. Біз заманауи үлгідегі «таза көмір» технологиясына тезірек көшуіміз керек. Сол арқылы көмір станцияларының тиімділігін арттыра түсеміз. Бұдан бөлек, Курчатов қаласында жылу электр станциясын, Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын салу қажет. Осы нысандардың барлығына «таза көмір» технологиясын енгізу керек. Шындығын айтсақ, бұл жобалардың жүзеге асуы әбден созылып кетті. Енді ары қарай күтуге болмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев: «Казахстан обладает значительными запасами угля. Крайне важно эффективно использовать это стратегическое преимущество»

🟦Президент отметил, что мы не должны покупать электроэнергию у других стран, учитывая природные ресурсы и производственный потенциал Казахстана.

– В конечном счете, это вопрос национальной безопасности. Необходимо эффективно задействовать огромные энергетические возможности страны. Казахстан обладает значительными запасами угля, объем добычи которого ежегодно превышает 110 млн тонн. Крайне важно эффективно использовать это стратегическое преимущество. Мы должны ускорить переход на современные технологии «чистого угля», позволяющие существенно повысить эффективность работы угольных электростанций. Кроме того, необходимо построить тепловую электростанцию в городе Курчатове и теплоэлектроцентрали в Кокшетау, Семее и Усть-Каменогорске. Все эти объекты должны работать на технологии «чистого угля». Однако реализация данных проектов затягивается, считаю это неприемлемым, – отметил он.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент: «Энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты»

🟦Мемлекет жаңартылатын энергия көздерін дамытуға да тиісті көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.

– Еліміздегі көмір қоры – шамамен 33 миллиард тонна. Соған қарамастан, біз жаңартылатын қуат көздерін дамытуға баса назар аударып отырмыз. Соңғы 5 жылда осы салаға 2,5 миллиард долларға жуық инвестиция салынды. Соның нәтижесінде энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты. Экологиялық тұрғыдан таза энергия өндірісін одан әрі дамыту үшін әлемдік ең үздік компаниялармен әріптестік орнаттық, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент: «Доля возобновляемых источников в общем энергобалансе превысила 7%»

🟦По словам Главы государства, развитию возобновляемых источников энергии уделяется соответствующее внимание.

– Запасы Казахстана составляют около 33 млрд тонн угля. Тем не менее мы уделяем приоритетное внимание развитию возобновляемых источников энергии. За последние пять лет в этот сектор было инвестировано порядка 2,5 млрд долларов, благодаря чему доля возобновляемых источников в общем энергобалансе превысила 7%. Для дальнейшего наращивания производства экологически чистой энергии мы наладили сотрудничество с ведущими мировыми компаниями, – сказал Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы ел экономикасының жаңа әрі сапалы деңгейге көшкенін білдіреді»

🟦Мемлекет басшысы қазір бүкіл әлем түбегейлі бетбұрыс кезеңін бастан өткеріп жатқанын алға тартып, атом станциясының құрылысын бастау туралы стратегиялық шешімнің маңызына назар аударды. Президенттің пайымдауынша, бұл болашақта еліміздің энергетикалық келбетін түбегейлі өзгертіп, экономикамызды қайта құруға ықпал етеді.

– Балқаш атом электр станциясының құрылысы, одан кейінгі салынатын екінші АЭС Қазақстанның энергетикалық әлеуетін арттыратыны сөзсіз. Сондай-ақ ядролық энергетика сияқты маңызды салада жаңа бағыттардың дамуына септігін тигізетін болады. Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы ел экономикасының жаңа әрі сапалы деңгейге көшкенін білдіреді. Жалпы, дүние жүзінде болып жатқан ауқымды өзгерістердің энергетика саласына ықпал ететіні сөзсіз. Әлемде қуат көздеріне қызу тартыс жүріп жатыр десек, артық болмайды. Бұған сақадай сай дайын болғанымыз жөн. Мемлекет энергетика мамандарының жаңа буынын даярлап, осы саланың әлеуетін арттыра береді, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев: «Появление на энергетической карте Казахстана атомных станций будет означать переход нашей страны на качественно новый уровень экономического развития»

🟦Президент акцентировал внимание на том, что в настоящее время весь мир переживает период кардинальных перемен. Он указал на стратегическую значимость решения о начале строительства атомной станции, отметив, что в перспективе это коренным образом изменит энергетический облик страны и переформатирует национальную экономику.

– Строительство Балхашской АЭС, а затем второй атомной станции, безусловно, усилит энергетический потенциал Казахстана, в то же время будет способствовать возникновению новых компетенций в такой важной сфере, как ядерная энергетика. Появление на энергетической карте Казахстана атомных станций будет означать переход нашей страны на качественно новый уровень экономического развития. Очевидно, что масштабные глобальные преобразования окажут влияние на энергетическую отрасль. В мире разворачивается острая конкуренция за энергетические ресурсы. Мы должны соответствовать новым требованиям. Государству предстоит подготовить новое поколение специалистов-энергетиков и наращивать потенциал отрасли, – отметил Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

🟦Президенттің айтуынша, азаматтарымыз да бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауы керек.

– Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Соның бәрін үнемдеп, ақылмен пайдаланған абзал. Жалпы, бұл – тұтас экономикаға ортақ талап. Ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Халқымыз «Үнемшілдік – ырыстың кілті» деп бекер айтпаған. Біз осы қасиетті ұлттық дағдымыз етіп, қоғамда мүлдем жаңа мәдениет қалыптастыруымыз керек. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз – еліміздің энергетикалық дербестігінің мызғымас кепілі. Әділетті, Таза, Қуатты Қазақстанда өздеріңіз сияқты еңбек адамдары ең жоғары сый-құрметке лайық, – деді Мемлекет басшысы.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства призвал использовать ресурсы рационально

🟦Касым-Жомарт Токаев отметил, что наши граждане тоже должны проявлять ответственность.

– Электричество, тепло и вода – жизненно важные ресурсы, которые следует использовать рационально. Это общее требование к экономике в целом. Расточительство недопустимо. Как говорится, «бережливость – ключ к процветанию». Бережливость должна стать чертой национального характера и частью новой культуры нашего общества. Ваш самоотверженный труд – незыблемая гарантия энергетической независимости Казахстана. В Справедливом, Чистом и Сильном Казахстане такие настоящие люди труда, как вы, заслуживают самого высокого признания, – заявил Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев вручил группе граждан государственные награды за значительный вклад в развитие энергетической отрасли страны

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы энергетика саласының қызметкерлерімен суретке түсті

*****

Совместное фото Главы государства с работниками энергетической отр
асли

📸 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Президент салада таяу жылдары атқарылатын нақты жұмыс бағыттарын атап өтті

****

⚡️Президент обозначил ряд задач развития энергетической отрасли на ближайшую перспективу


🎦 t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

🟦Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

– Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства поздравил работников энергетической отрасли с профессиональным праздником

🟦На торжественном мероприятии в Акорде Касым-Жомарт Токаев поздравил работников энергетической отрасли с профессиональным праздником и отметил, что в рамках Года рабочих профессий трудящимся уделяется особое внимание.

– Для нашей страны энергетика – это отрасль стратегической важности. Невозможно построить сильное государство без стабильных источников энергии. Работа в энергетическом секторе вносит значительную лепту в развитие нашей страны, поскольку плоды вашего труда ощущает каждая семья, каждый человек. Обеспечить светом и теплом наши дома – задача не из легких. Я высоко ценю ваш самоотверженный труд и выражаю всем вам искреннюю признательность, – сказал Президент.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев вручил группе граждан государственные награды за значительный вклад в развитие энергетической отрасли страны

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы энергетика саласының қызметкерлерімен суретке түсті

*****

Совместное фото Главы государства с работниками энергетической отр
асли

📸 t.me/aqorda_resmi
🔶Алматы әкімі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қабылданатын шаралар туралы айтты

2026 жылдың соңына дейін ЖЭО-2-ні табиғи газға ауыстыру жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар ЖЭО-3-ті бу-газ технологиясына көшіру арқылы жаңғырту жүзеге асырылуда. Бұл жылу көздерінен тараған шығарындылардың 92%-ға азаюына мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды хабарлады. Бұдан басқа, 2027 жылға қарай жеке сектор газбен 100% қамту, ал 2028 жылға қарай қалалық маршруттарды экологиялық таза қоғамдық көлікке көшіру жоспарланып отыр.
«Біз қалдықтарды көму тәжірибесінен бас тартып, оларды терең өңдеу және энергетикалық кәдеге жарату арқылы қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіреміз. Қуаттылығы жылына шамамен 80 мың тонна пластик және қуаттылығы 150 мың тонна макулатура өңдейтін зауыттар салынады. Қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтар жағуға жіберіледі. Ол үшін тәулігіне 2 мың тонна қоқыс өртейтін зауыт салу жоспарланған», - деді спикер.

Оның айтуынша, бұл 2030 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату үлесін қазіргі 17,3%-дан 37%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

🔶Что планируется сделать для улучшения экологической ситуации в Алматы, рассказал аким города

До конца 2026 года завершится перевод ТЭЦ-2 на природный газ. Одновременно осуществляется реконструкция ТЭЦ-3 с переходом на парогазовую технологию, что в совокупности обеспечит снижение выбросов от теплоисточников на 92%. Об этом сообщил аким Алматы Дархан Сатыбалды на выездной пресс-конференции СЦК. Кроме того, к 2027 году частный сектор будет обеспечен газоснабжением на 100%, а к 2028 году планируется переход городских маршрутов на экологически чистый общественный транспорт.
«Мы будем совершенствовать систему управления отходами, переходя от захоронения на полигонах к глубокой переработке и энергетической утилизации отходов. Планируется строительство заводов по переработке пластика мощностью до 80 тыс. тонн в год,по переработке макулатуры мощностью 150 тыс. тонн. Отходы, не подлежащие вторичной переработке, планируется направлять на сжигание. Для этого планируется строительство завода по мусоросжиганию мощностью 2 тыс. тонн в сутки», - сказал спикер.

По его словам, это позволит увеличить переработку и утилизацию коммунальных отходов в 2030 году до 37 % с текущих 17,3 % .


@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔶Мердігер ұйымдарға алдын ала төлем берілмейді: Алматы әкімі қабылдаған шешімін түсіндірді

Дархан Сатыбалдының айтуынша, қаланың проблемалық нысандарын тексеру кезінде конкурсқа қатысатын көптеген мердігерлік ұйымдар алдын ала төлем алып, жұмыстарды 100% қосалқы мердігерлікке беретіні анықталды.
«Көп жағдайда олар басқа өңірлерде орналасады, мұнда келмейді. Олар РБЖ (рейтингтік-баллдық жүйе) арқылы өтетін барлық конкурстардың бәрінде 30% алдын ала төлем жасалатынын біледі. Осындай жосықсыз мердігерлер бар, олар алдын ла төлем алу үшін ғана келеді. Оны түгел алады да жұмысты 100% қосалқы мердігерге тапсырады. Біз құрылтайшыны іздеп, шақырамыз. Ол болса, басқа қалада. Жұмыс өте қиын. Бұған жол бермеу үшін мен алдымен жұмыс орындалсын, содан кейін ғана төлем жасаймыз деп шештім. Алдын ала төлемсіз», - деді әкім ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында журналистің сұрағына жауап бере отырып.


🔶Подрядным организациям не будет выплачиваться аванс: аким Алматы пояснил принятое решение

По словам Дархана Сатыбалды, во время осмотра проблемных объектов города было выявлено, что многие подрядные организации, которые участвуют в конкурсе, получают аванс, а затем практически 100% передают в субподряд.
«В большинстве случаев они находятся в других регионах, практически не приезжают. Они видят, что все конкурсы, которые проходят через РБС (рейтингово-балльную систему), сто процентов получают 30% аванса. У нас есть такие недобросовестные подрядчики, которые приходят только за авансом. Они аванс получают, потом 100% оставляют на субподрядчика. А потом мы ищем, приглашаем учредителя. А он находится в другом городе. Очень сложно ведется работа. В целях того, чтобы больше такого не случилось, я принял решение, чтобы сначала они работу сделают, а потом мы будем оплачивать. Без аванса», - пояснил аким на выездной пресс-конференции СЦК, отвечая на вопрос журналистов.


@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM