Грыжадан операциясыз құтылдым
Өткен жылы сегізкөзім мен жамбасым сыздап ауырып, жаныма қатты батты. Тексерілгенде менде омыртқааралық грыжа бар екені анықталды. Дәрігерлер бірнеше себептерге байланысты операция жасауға тәуекел ете алмады. Маған мануалды терапевтерге баруға да болмайтын еді. Қайтерімді білмей қиналғанда Тибет медицинасын меңгерген көзтаныс апай қарапайым бір амал айтты. Мен грыжадан осылай оңай құтылдым.
Әлгі дәрігер апайдың айтуымен мен 1 грамм мумие таблеткасын 1 шай қасық жылы суда ерітіп, оны 100 грамм таза балға қостым. Жақсылап араластыру керек екен. Негізгі ем содан кейін жасалады: омыртқаның ауыратын тұсына самырсын (пихта) майын сіңдіре жағып, жеңіл массаж жасау керек деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Содан кейін мумие қосылған балды алақанға жағып, әлгі ауырған жерді сонымен шапаттайды. Бал қоюланып, теріге жабысып, аздап ашытып ауырады, оған шыдау керек. Бұған шамамен 5-7 минуттай уақыт кетеді. Одан кейін ауырған жерге «финалгон» жақпа майын жағып, дереу арқаңызды орап қойыңыз. Процедураны бір ай бойы күнде қайталау маңызды.
Грыжаның ауыруынан көлік жүргізу түгілі, түзу отыра алмай қалған мен осы амалдың арқасында бір айдан кейін бел тұсындағы аурудан құтылдым. Жиырма күн үзілістен соң емді тағы 20 күндей қайталадым. Содан кейін МРТ-ға түскенде грыжаның 6 миллиметрден 3 миллиметрге дейін кішірейгенін көрдім. Әрине таң қалдым, әрі қуандым. Енді дәрігер айтқандай, үш ай үзілістен соң тағы бір рет ем жасасам, грыжадан толық құтыламын деп үміттеніп жүрмін. Солай болса екен.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

Ел білмейтін көне ем
Бірнеше жыл бұрын Қытайдан көшіп келген бір қарт кісімен дастархандас болдым. Сол кісі ел біле бермейтін бірнеше көне ем түрлерін айтып берген еді.
«Қой ауруы» деген бар. Балаға шыр бітпей, ыстығы біресе көтеріліп, біресе түсіп, іші өтіп мазасызданады. Мұндайда қасқырдың ернін дөңгелектеп кесіп, содан баланы өткізеді, сонда ол жазылады.
Ауыздықты алып қояды. Кептіріп қойса, керек болған жағдайда суға салып жібітіппайдаланады.
Қасқырдың өңеші де ем. Қылтамақ болған адамға сол өңешпен су ішкізсе, аурудан құлан-таза құтылады.
Борсықтың да емдігі мол. Оның тоқ ішегін кептіріп, қақтап қояды. Соқырішек болған адамға қайнатып берсе, демде жазылып кетеді.
Жас балалардағы тіл-көз кезінде жылы суға қасқырдың тісін салып, сол суға шомылдырса ем болады. Қой сойған кезде оң көзін ойып алып, тұзға салып тастайсыз, көз тигеннің емі сол. Бала ауырса сол көзді суға бір шылап алып, баланың денесін сүртіп шығу керек. Немесе жаңа сойылған қойдың көзін езіп, баланың денесіне жағады. Бала содан жазылады.

ТОЛҒАҚТЫ ЖЕҢІЛ ЕТЕТІН ЖОЛ БАР
Алтын құрсақты ана - Райхан апай бізге толғақты жеңіл етудің жолдары жайлы айтып берді.
«Мен тоғыз құрсақ көтерген анамын. Екінші ұлым бес жыл бұрын жол апатынан қайтыс болды. Қалған ұл-қыздарым түгел үйлі-жайлы болып кеткен. Қазір отыздан астам немере мен шөбере сүйіп отырған бақытты әжемін.
Кезінде үлкендерден үйренген, көрген-білгендерімді келіндеріме үйретуден жалықпаймын. Тіпті келіндерім мені емші етіп алды. Кішкентайлары ауыра қалса маған қарай асығады. Іші ауырған балаға қолдың майын тұз араластырып ерітіп жағамын. Басы ауырған баланың қос самайына капуста жапырағын мыжып басамын. Осы сияқты тез көмектесетін оңай тәсілдер менде көп. Ал «Ауырмаңыз!» газетіне қоңырау шалған себебім, толғақты жеңілдетудің жолдары жайлы айтпақшы едім.
Өткенде көршіміздің келіні айы-күні жетіп перзентханаға кетіп еді. Доқтырлар баланы ішін жарып алыпты. Толғағы қатты келгеннен келін әлсіреп қалыпты. Содан күшщенуге күш таппай, бала қиналып қалған екен. Жап-жас адамның тектен-текке пышаққа түскені жақсы емес қой. Мұндай жай басқаларда қайталанбасын деп толғақты жеңіл ететін амалдар жайлы айтпақпын. Бұл амалдардың шынында да көмегі бар, оны қазір менің немере келіндерім де біледі. Өзгелердің де ойында жүргені жақсы ғой», – дейді Райхан апа.
Сонымен, Райхан апа айтқан амалдар қандай?
▪️ Босанатын келіншектің толғағы жеңіл болып, аман-есен босануы үшін басынан ұн айналдырып алып, одан жеті шелпек пісіріп таратады.
▪️ Перзентханаға босанайын деп толғатып барған келіншектің туыстары барып, қайтып кететін болса, оның толғағын өздерімен ілестіріп алып кетеді екен. Осыған байланысты жүкті келіншек босана алмай, туыстары қайта келгенше қиналып қалады. Мұндай жағдайда перзентханадан қайтатын туыстар сол маңда өсіп тұрған ағашқа бір тал жіп байлап, келіншектің толғағын өзіне тастап кетеді.
▪️ Босанатын әйел толғағы жеңіл болуы үшін үйдегі сандықтарды ашып, буылған-түйілген түйіншектердің түйінін шешеді. Одан соң сыпыраны жайып қояды. Мұнысы толғағы жеңіл болып, босанған перзентін аман-есен қолына ұстап келсін, Алла-тағала сыпыраны құры жиғызбасын деген тілектен туындаған болса керек.
▪️ Перзентханаға барарда жүкті келіншекті жайылған көрпеге жатқызып, екі шетінен екі әйел: «Оң ба? Оң!» деп ары-бері аунатып алады. Онысы сәби оңынан келсін, толғағы жеңіл болсын дегенді білдіреді.
▪️ Ұшқан құс, жүгірген аңның ішінде ең толғағы жеңіл қарлығаш екен. Егер қарлығаштың толғағындай жеңіл толғатқысы келетін болса, онда жүкті әйел пияладағы суға қарлығаштың ұясынан тырнақтай бөлігін сындырып салып, оны жақсылап шайқатып: «Толғағым қарлығаштың толғағындай жеңіл болсын» деп ниет етіп, ішіп қоюы керек.
▪️ Толғақ жеңіл болуы үшін шашы ұзын келіншектер шашының бұрымын тарқатып, шашын босатады.
...Көпті көрген әжейдің жас келіншектерге берер кеңесі осындай. Ал сіздер тағы қандай наным-сенім жайлы білесіздер? Бөлісе отырыңыздар...
«Халық емі – Целительство»
(Мақаланы көшіріп басқанда сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

Күйеу балаға неге төс еті беріледі?
Қазақ шипагерлігі мен Шығыс медицинасын терең меңгерген дәрігер Арғынбек Қабылқақ былай дейді:
⬇️ 🔽 ⬇️
"Әзіргі адамдардың киген киіміне, көп отыратындығына, өзінің дене температурасын қалыпты сақтамайтынына байланысты ер адамдарда ұрықтың тіршілігін жасатып тұратын жүйе бұзылады. Содан кейін көп адамдар ұрпақ көре алмайды. Ерлік қабілет болғанымен, ұрпақтық қабілеті жоқ. Жалдамалы сөлі азайғаннан ұрпақ жалғамалық қызмет төмендеп кетеді. Бұл мәселеге ежелден ерекше мән берілген: қазақта күйеу балаға төс етін берудің себебі мен мәні тереңде. Төстің етінде ұрпақ жалдама деген без болады. Сол көп болғандықтан күйеу балаға соны береді, ұрпағы жалғансын, қызым сол шаңырақтың ұрпағын жалғаушы болып, бағы ашылсын деген ниет. Ал енді күйеу балаға қартайған шақта асық жілікті беріп жатады. Неге? Себебі асық жіліктің еті жұмсақ болады, әрі еркектік без жеделдеткіш гормон болады. Яғни ер адамдардың әйеліне ынтықтығын тудыратын гормон болады, соны көбейтеді. Сол үшін береді".

ӨКШЕНІҢ ЖАРЫЛУЫ – АУРУ БЕЛГІСІ
(Ол қант диабеті немесе гастрит, витамин жетіспеушілігінен хабар береді)
Деректерге сенсек, өкше мен башпай терілерінің құрғап, жарғақтанып кетуі әлем халқының 80 пайызында кездесетін жағдай екен. Бірақ оның 20 пайызы ғана бұған мән береді де, қалғаны өкше пышақпен кескендей терең жарылып, инфекция түсуінен түрлі сырқаттарға ұрынбайынша аяққа күтім жасамайды. Ал негізінде аяқ – адамның бүкіл салмағын көтеріп жүретін «қара күш» болғандықтан оған ерекше күтім мен демалыс керек-ақ.
Өкшенің жарылуын екі түр¬ге бөліп қарастыруға болады. Қы¬сы-жазы жарылып жүретін өкше ағзаға витамин жетіспейтінін білдіруі мүмкін. Сондай-ақ ол гастрит дертінен хабар береді. Қант диабеті де өкшенің қысы-жазы қабыршықтана жарылуына себеп. Жылы суға жуып, тиісті ем-дом жасағанмен жазылмайтын мұндай жарылу байқалса дәрігерлік тексеруден өткен абзал.
Өкшенің жарылуы көп жағдайда суды аз ішетін адамдарда кездеседі. Адам күніне орта есеппен 2-2,5 литр су ішуі керек. Дегенмен бұл «тәртіпті» ешкім қадағалай бермейді. Есесіне ағза сусызданып, адам терісі құрғайды. Мұндай адамдарға әжім көп түседі. Ұйқы және қалқанша безі жұмысында ақау бар адамдардың өкшесінде пышақпен кескендей терең тілімдер болады. Жүргенде өкшеге батып ауыратын мұндай жарылуды кетіру үшін алдымен жоғарыда аталған ауруларды емдеген жөн.
Ал егер өкше жаз мезгілінде жарылса, онда аяққа өзгеше күтім жасауға тура келеді. Негізі күннің ыстық сәулесі қызуын жерге сіңіреді. Ал ол қызуды алдымен аяқ сезеді. Ыстыққа табан терісі құрғап, жиырылады. Табан терісі күйіп, қабыршақтана бастайды. Осы өлі теріні күнделікті жылы сумен жуа отырып алып тастап, аяққа крем жағып тұрмаса ол қатпарланып, тереңірек жарылады. Бұл жарақатқа микроб үйір келеді. Ал оның жақсылық емес екені аян. Ендеше аяққа күтім жасаудың жөнін біле жүргеніңіз жөн.
Аптасына екі рет аяқты шым-шым ыстықтау суға салып, 20 минут отырған жөн. Суға аздап сабын немесе сода қосқан жөн. Болмаса 2 литр суға 1 ас қасық түймедақ гүлін қосуға да болады. Ол аяқты тынықтырып, шаршауды тез басады. Теріні жайландырып, нәрлендіреді. Осыдан кейін өкшедегі, башпай ұштарындағы жансыз те¬ріні арнайы құралмен алып тастап, майлы крем жағу керек.
Жазда жайсыз көрінетін өкшенің жарылуын андыз (девясил) тамыры немесе жас капуста жапырағы арқылы кетіріп көріңіз. Андыз тамырын жарты литр суға қайнатып, осы тұнбаға малынған дәкені өкшеге орап ұйықтауға болады. Ал таңертең жұқалап крем жағып, мақта-матадан тігілген шұлық киген жөн. Жатар кезде капуста жапырағын сөлін шығара жұмсартып таңып қойсаңыз тіпті жақсы.
Сулы дәкеге таза бал жағып, онымен өкшені орап қойсаңыз да терең жарылудың жазылуына көмектеседі. Ол үшін өкшені жылы суға салып, балаларға арналған сабынмен жуу керек. Соңыра бал жағып қойсаңыз жарылғанды ғана емес, тері саңырауқұлағы сынды дерттің алдын алуға да жәрдем болады.
ХалыQ емі – Целительство».
(Мақаланы көшіргенде сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

Құлақты уқалау – керемет ем
Ақпарат құралдарында құлақтағы кейбір нүктелерді уқалаудың ағзаның қайсыбір мүшесіне тигізер әсері болатыны үнемі жазылуда. Өім оның қай мүшеге қалай әсер ететінін білмеймін. Бірақ жағымды әсер беретіні анық. Мен мұны кездейсоқ білдім.
Басым үнемі қатты ауырып жүретін. Бірде сыртта жүріп, құлағымды жауратып алдым. Үйге келген соң құлағымды жылытайын деп уқалап едім, басымның ауырғанының басыла бастағанын сездім. Тіпті демалуым жеңілдеп, бойымнын бір жылылық жүгіріп өтіп жатқандай болды. Ұйқысыздық басқанда, шаршағанда, іш құрылыстары ауырғанда, жүрек қабына соққанда құлақ қалқандарын уқалаған жақсы екен.
Тағы бір таңғаларлығы, құлақты асықпай, жәйлап, бабымен уқаласаң, жүйке жайланып, маужырай бастайсың деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ал жылдам, әрі шымшып уқаласаң, көңіл-күйің көтеріледі. Сондықтан мен құлағымды күніне екі рет – таңертең көңіл-күйім көтерілуі үшін жылдам әрі шымшыңқырап, кешке жатар алдында тез ұйықтау үшін жәйлап уқалаймын.
Құлақты қай кезде болса да уқалай беріге болады. Одан келер зиян жоқ.
Құлақты уқалаудың түр-түрі бар, соны мысалға келтіріп өтейін. Алақандарыммен құлағымды қатты 10 секунд басып, сосын жайлап босатамын. Бұл жағдайда санаң ашылып, құлақтың есту қабілеті артады.
Бас бармақ пен сұқ сасақпен құлақтың ұшынан ұстап, 5 рет күшпен тартамын. Сосын құлақ қалқанын алға қарай тез иіп, басқа бигіземін де тез босатамын. Бұл да адамның көңіл-күйін тез көтереді. Ал көңілді жүрген адамның тәбеті жақсы, денсаулығы оңды, тірлігі жайлы болары анық.

Сізге қай витамин жетпейтінін
қалай анықтауға болады?
Сау болу әр адамның өз қолында. Ол үшін мына жайларды біліп жүрсе жеткілікті:
📍 Көз жиі талып, қызарса, тіс эмалінде майда жарықшақ іспетті сызықтар пайда болса, онда Сіздің ағзаңызға күннің сәулесінде болатын Д витамині жетіспейді деген сөз. Бұл жоқтың орнын скумбрия, камбала балықтарын тұтыну арқылы, сондай-ақ жұмыртқаның сарысынан, өсімдік майынан таба аласыз.
📍 Аяқтарыңыз талып, есте сақтау қабілеті төмендесе, жүрек жиі соғатын болса ағзаға В1 витамині (тиамин) жетіспейді деп түсіне беріңіз. Мұндайда дәріханаларда сатылатын сыра ашытқысы (пивные дрожжи), қара нан, шпинат, жүгері мен фасольды көбірек тұтынған абзал.
📍 Жиі ашуланып, көп тұмауратсаңыз, себепсіз тоңсаңыз В3 (пантотен қышқылы) витамині жетіспейді деуге болады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бұл тапшылықты ірі қара бауыры, көк бұршақ пен қызыл фасоль арқылы толтыруға болады.¬
📍 Ұйқы қанбай, жұмысқа деген ынта төмендеп жүр ме? Бас айналып, жиі тоңу байқала ма? Шаштың көп түсуі де осы кезде мазалайтыны бар емес пе? Бұл Сіздің ағзаңызға В6 (пиридоксин) витаминінің жетіспейтінінің белгісі. Сізге буға пісірілген күріш, бұршақ пен көкөністі көбірек жеу керек.
📍 Себепсіз салмақ тастап, бет теріңіз сарғайғандай болса, асқазан ауырып, тамақ батпаса ағзаңызға фолий қышқылы керек деген сөз. Бұл тіс түбінің жиі қанауымен де байқалады. Сізге түсті капуста, ірі қара бауырын, аскөкті көбірек тұтыну пайдалы. Жаңа сойылған мал ішегінен жасалған салат жесеңіз жақсы.
📍 Ұйқы бұзылып, бет пен қол жиі жарылса, тым қатты тоңатын болсаңыз ағзаға С витамині жетіспейді деп түсіне беріңіз. Бұл жағдайда Сізге ашытылған капуста, қарақат, лимон, итмұрынды, сәбіз бен анарды жиі тұтыну керек болады.

ДАЛА ДӘРІХАНАСЫ
↘️ ▪️ ↙️
👉Тамыры тәбетті ашады
Тәбет болмай, бойды әлсіздік билегенде бақбақтың тамырынан тұнба жасап ішуге болады. Ол асқа тәбетті арттырып, оның қорытылуын жақсартады. Бұл тұнба емізулі әйелдерде сүтті көбейтетін қасиетке ие. Ал тері аурулары кезінде зат алмасуын дұрыстайды, қақырық түсіреді. Егер тамыры мен жапырағын көлеңкелі жерде кептіріп, ұнтақтап, қатты ісікке таңса тез қайтарады. Себебі құрамында кристалды татраксин қышқылы, шырын қант, тағы басқа заттар, ал тамырында 25 процентке дейін инсулин бар.
👉Ішектегі құртты түсіреді
Мамыр – тамыз айларында гүлдейтін егінек (нивяник обыкновенный) халық медицинасында несеп жүргізеді, ауырсынуды бәсеңдетеді, жаралардың асқынуына жол бермейді делінеді. Оның қайнатындысы мен тұнбасы суық тигенде, безгекке, жөтелге, көз ауруларына, геморройға, шыжыңға, бас ауруға, ұлтабар ауырғанда ем. Ол ішектің ұсақ құрттарын түсіруге де көмектеседі деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ал қайнатындысын бөрткенге жағады, іш түйілгенде, сіңір тартылғанда нәрестені шомылдырады. Егінектің шөбі мен гүл қауашақтарының ұнтағын сары майға былғап жасаған майды денедегі жара мен бөрткенге, ұшыққа жақса тез жазылады. Тұнба дайындау үшін 2 шай қасық егінекті 1 стакан (200 грамм) қайнаған суға 4 сағат тұндырып, сүзеді. Мұны 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішу керек.
👉Қайнатпасы құяңды қайтарады
Шаш көп түссе, жылтырлығын жоғалтып, сынғыш тартса кәріқыз шөбінен тұнба жасап көруге болады. 20 грамм кепкен тамырын 1 стакан суға салып қайнатып, стаканның 3/1 мөлшеріндей етіп күніне 3 реттен ішіп жүрсе шаштың өсуін жақсартады. Оның тұңбасымен асқазаннан қан кетуін созылмалы гастритті, бүйрекке тас байлануын, ревматизм мен құяңды да емдейді. Кәріқыз тамырының тұңбасы мен қайнатындысы халық медицинасында әр түрлі ауруларға қарсы кеңінен қолданылады. Мысалы, жапырағынан жасалған тұнба асқазаннан қан кеткенде және созылмалы гастритте пайдалы, безгекке қарсы да әсері бар. Құянды емдеу үшін тамыр ұнта¬ғын жарты грамнан күніне 2-3 рет ішу керек. Тамырын кептіріп, 2-4 ас қасығын 800 грамм суға салып, жартысы қалғанша қайнатсаңыз дәрі дайын. Зәр айдату үшін оған 2-3 ас қасық бал немесе қант қосып, жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді.
Дала дәріханасының осы емдік ерекшеліктерін біліп, қажет кезде шипа үшін пайдалана жүріңіз.

Ағзада су жетпесе
не болады?
Күн жылып келеді. Енді суды көбірек тұтына бастайтынымыз анық. Негізі кез келген витамин немесе микро және макроэлемент секілді судың да тәуліктік мөлшері бар. Сондықтан суды аз тұтынатын адамдар ағзасында судың да жетіспеушілігі сезілуі мүмкін. Ол себепсіз әлсіреп, тері түсі солғын тарту, жиі шөлдеу, ештеңеге зауқы соқпау секілді белгілермен білінеді. Сұйықтық мөлшерінің аздығы ағзаға қалай әсер етеді?
🌸1. Себепсіз шаршау. Су – мол қуаттың көзі. Егер ағзада гидролиз реакциясы жүрмесе, құрамында мол витамині бар тағамның өзі сізге көмектесе алмайды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті, үнемі шаршауды сезінесіз.
🌸2. Бет ұшының қанталауы. Ағзадағы судың аздығы мидың жұмысын тежейді. Ағзадағы қан айналымы жүйесінен өзіне қажетті су мөлшерін ала алмаған жағдайда ми дереу көктамырларға белгі беріп, дабыл соғады. Ал көктамырлар беттегі қызыл дақтар арқылы ағзаға су керектігін сездіреді. Беттің ішкі ағзаңыздың айнасы екенін де естен шығармаңыз. Ол сіздің ағзаңыздағы бүкіл аурулардан белгі беріп отырады.
🌸3. Ашулану, себепсіз күйіп-пісу. Ашулану миға көп салмақ түсіріп, бар энергияны алады. Сол кезде адамға бір стакан су ұсынсаңыз, оның ашуы лезде басылады. Себебі судан ми өзіне қажетті энергияны алып, жайлы да тыныш қалпына түсіп, жұмыс істей бастайды.
🌸4. Алаңдау. Ол мидың маңдайдағы бөлігіне судың жетіспей жатқандығынан хабар береді. Ағзадағы судың орнын толтыру үшін пайдасыз жасанды газдалған сусындарды ішудің еш көмегі жоқ. Тек таза ауыз суды қолдану керек.
🌸5. Көңіл күйдің түсуі мен жабығу. Кез келген адам ағзаның ең қымбат қазынасы – амин қышқылдары. Ол ағзада түрлі функциялардың қызметін атқарады. Сондықтан амин қышқылдары жетіспеген жағдайда ми қызметі төмендейді. Адам өздігінен жабығып жүреді.
🌸6. Мазасыз ұйқы. Егер адам ағзасында су жеткіліксіз болса жайлы да тыныш ұйқыны армандамасыңыз да болады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Себебі ұйқы барысында терлеу арқылы ағзадан мол су шығып кеткендіктен, адам онсыз да суға зәру болады. Мидағы судың жеткілікті болуы тәтті ұйқының кепілі.
🌸7. Ентігу. Дені сау адам, егер оның тыныс алу жолдарында ешқандай ақау болмаса, өздігінен ентікпейді. Ал сөйлеп жатқанда ауаның жетіспей ентігіп қалуы гидролиз реакциясы үшін судың жеткіліксіздігін аңғартады. Мұндай жағдайда физикалық күш түсіретін жұмысқа кіріспес бұрын ағзаны сумен қамтамасыз етіп алу керек.
🌸8. Газдалған сусындарға, кофеге, шайға тәуелділік. Шөлін тек осындай сусындармен қандыратын адамдар да бар. Бұл сусындар адам ағзасын сумен қамтамасыз етпей, керісінше, оны құрғатып жібереді. Сол себепті газдалған сусынды ішкенде адамның шөлі басылмайды, қайта-қайта су ішкісі келеді де тұрады. Ол ағзаға үлкен күш түсіреді. Міндетті түрде таза суды (күніне 1 литрден кем емес) ішіп тұру керек. Сонда ми қызметі жақсара түсіп, сізге үлкен көмегін тигізеді.
🌸9. Теңіздер мен өзендер, жағажай туралы түстер көру. Ағза судың жетіспеушілігінен миға, ми – түпсанаға хабар береді. Адамның түпсанасына белгі барған жағдайда ол ұйықтап жатқан кезде де дабыл соғады. Сондықтан мұндай кезде теңіз, мол су жайлы түс көруіңіз мүмкін.
Міне, адам ағзасына су жетіспеген жағдайда осындай белгілер береді. Мұны ескеріп, ағзаны сумен қамтамасыз етіп отырудың пайдасы мол.

Ағзаға күш-қуат беретін рецепт
Әдетте қыс айларында адам ағзасы өзіндегі өмірлік қуатты молынан жұмсайды. Сөйтіп көбірек қуат талап ететін көктем келгенде әлсіреп қалады. Иммунитеттің төмендегенін «пайдаланған» маусымдық вирустар мен инфекциялар, созылмалы сырқаттардың бас көтеретін тұсы да осы. Одан сақтанудың тәсілі көп. Дегенмен күш-қуатыңызды табиғи жолмен арттыруға жәрдемдесетін өсімдіктердің орны бөлек. Олар ағзаның вирустар мен бактерияларға қарсы күресу қабілетін арттырып, еңбекке деген құлшынысты арттырады.
▶Мәселен, көктемге қарай ауру жиі мазалай бастайтын гипотониктер, тез суықтайтын жандар, ұйқысы қанбай, үнемі шаршап жүретіндер мен бас айналу, тәбеттің болмауы сынды әлсіздік төңіректейтін адамдар өздеріне сай өсімдік тұнбасын даярлап ішуіне болады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Тұнба әлсіздікті ғана емес, шаршауды да басатын, жүйкені жайландыратын болуы тиіс. Дұрыс дайындалса, қарттықтың алдын алумен қатар қатерлі ісік клетакаларын жоюға да мүмкіндік бар дейді фитотерапевттер.
Мамандар әлсіздік билеген адамдар күш-қуат беретін өсімдік тұнбаларын екі апта қабылдап, осынша уақыт демалу арқылы екі ай ішуге болатынын айтады. Бір ай бойы тоқтаусыз ішуге болады делінген тұнбаларды да жиырма күннен асырмауға кеңес береді. Өйткені әлсіз ағза үздіксіз қабылдаған дәріден уланып, жағымсыз әсерге тап болуы мүмкін. Ал егер орнымен қабылдасаңыз, көптеген сырқаттардан сау боларыңыз анық.
▶Сонымен, көктемгі әлсіздікте қандай тұнба жасап ішуге болады?
Ең тиімді, әсері жақсы, көмегі көп өсімдік ретінде женьшень аталатынын да айта кетейік. Ол қандағы холестерин мөлшерін азайтып, ішкі секреция бездерінің жұмысын жақсартады. Тәбетті арттырады, солай бола тұра артық салмақтан сақтайды. Дегенмен оны диабетке қарсы дәрімен қатар қабылдауға болмайды, олай етсе глюкоза мөлшерін азайтып, бас айналу мен әлсіздікке душар етуі мүмкін деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сондықтан көктемде женьшень тұнбасын 10-30 тамшыдан асырмау керек.
Сермене (лимонник) тұнбасы да көктемгі әлсіздік пен жайсыздықтан құтқаратын қасиетке ие. Оның дәні мен жемісіндегі схизиандрин ағзаның белсенділігін арттырып, көңіл-күйді көтереді. Ондағы эфир майлары, цинк, мыс пен күміс иммунитетті көтереді. Органикалық қышқылдар, сапонин мен флавоноидтер қабынуға қарсы ем. Сол арқылы ол жүрек-қан тамырлары сырқаты бар адамдарға, бауырдың жұмысын жақсартуға жақсы көмектеседі. Асқазанның қышқыл бөлуін реттеп, ас қорытуды жақсартады. Әйткенмен оны да тиісті мөлшерден азырақ, күніне 10-15 тамшыдан асырмаған жөн.
▶Алтын тамырдан жасалатын тұнбалар да қазіргідей кезде ағза мүшелерінің дұрыс жұмыс істеп, белсенділігін арттыруда жақсы көмек бола алады. Әйелдердегі түрлі сырқаттар мен тері ауруларында, өкпе туберкулезінде, асқазан-ішек жолдары мен жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде оның көмегі көп. Бірақ алтын тамырды жасы ұлғайған немесе жас балаларға көктемгі әлсіздік меңдейтін кезде 2-7 тамшыдан асырмай қабылдау керек.
Ал егер осы ережені ұстансаңыз, көктемгі жайсыздықтан қиналмай құтылатыныңыз анық.

КЕШІРІЛГЕН КҮНӘ
Қырық жыл ұрлық жасаған бір кісі қартайған шағында «сонша жыл ұрлық жасадым, адам өлтіріп күнәға баттым. Енді төрімнен көрім жақын қалғанда қажылыққа барып, Алладан күнәларым үшін кешірім сұрап келейін» деп, қажылыққа жеті нан, жеті уыс талқан салып, жолға шығыпты.
Күндіз-түні тоқтаусыз жүріп отырған ол шаршап-шалдығып шөлге жеткенде жүрек жалғап алайын деп қоржынына қараса, не бір түйір нан, не бір жұтым су қалмаған екен деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Енді қайтпек? Жан-жағына көз жүгірткен ол алыстан бір үйді көреді. Сусын сұрап ішейін деп үйге жақын барса, бір әйел өліп жатыр. Ал көкірегінен сүт бұлақтай ағады. Үйге кірсе, биік сөренің үстінде бір нәресте шырылдап жылап жатыр. Оған жақындап қалған бір жылан тілін сумаңдатып, шағуға дайын тұр. Әлгі кісі дереу жыланды өлтіріпті. Енді баланы алайын десе, қолы сөреге жететін емес. Аяғының астына қойып, шығатын нәрсе іздесе, бір түйіншек тұр дейді. Ашып қараса, орамалға оралған Құран кітабы. Кітапты аяғының астына қойып, баланы алмақшы болады. Бірақ есіне әке-шешесінің «Құран – қасиетті кітап. Оны дәретсіз қолыңа алма, аяқпен баспа, күнәға батасың» деген сөзі түсіп, райынан қайтады.
Қараса, тағы бір түйіншек тұр. Ашып қараса, нан. Енді нанның үстіне шықпақшы болады. Бірақ, есіне тағы да әке-шешесінің: «Нан – ең қасиетті ас. Оның бір уағын да ысырап етпе. Жерде жатқан нанның кішкене бір уағын көрсең, көзіңе сүртіп, жоғарыға қой. Ол да болса құстың бір балапанының несібесі шығар» деген сөзі түседі деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Баланың шырылдаған дауысына шыдай алмаған әлгі кісі тәуекел деп кітаптың үстіне шығыпты да, баланы алыпты. Бала талпынып, еңбектеп барып, анасының көкірегінен ағып жатқан сүтті тойып-тойып еміпті. Сол кезде ғана әлгі кісі: «Е, Аллам, осы күнге дейін жасаған күнәларым аз ба еді, енді Құранды да аяғымның астына қойып, одан бетер күнәға баттым-ау. Одан да менің жанымды осы жерде алып, тәнімді тозақтың отына күйдірмедің бе?» – деп еңіреп жылап жібереді. Сол сәтте көктен ғажайып дауыс естіліп: «Ей, пендем, сен кітапты аяғыңның астына қойып, баланы құтқарып, үлкен сауап іс жасадың. Сәбиді көре-біле тұра құтқармау – оны өз қолыңмен өлтіргеніңмен бірдей. Нанды аяғыңмен баспай дұрыс істедің. Себебі, нан жеп тойса ғана кітап сөздері құлаққа кіреді. Бүгін сен үлкен сауап іс жасадың. Сол үшін сенің күнәларыңның бәрі жуылды» деген екен.
Міне, осыдан Алланың рахымының шексіз екендігін көруге болады. Алдағы уақытта барлық өткеніңіз бен болашағыңызды таразыға салып, әр ісіңізді Алланың разылығы үшін жасаңыз. Ауыз бекіткен ағайын, ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, барлық тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын!!!
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.

Киікотының көмегі
Кәдімгі киікоты (душица) шөбін ертеректе әжеміз шай сияқты демдеп ішетін. Қант пен бал қосқан тәтті шайға үйренген біз шөптің дәмі мен иісіне мұрнымызды тыржитушы едік. Бүгінде сол шөптің арқасында мен еңсені басқан зіл, денедегі ауырлықтан құтылдым.
«Киікоты дəру болмайтын дерттің түрі кем де кем. Қаны тасыған адам киікоты шайын демдеп ішсе, бірден қан қысымы қалпына келеді. Ас қорыту жүйесіне де баппен бұқтырылған киікоты шайы ем. Тері ауруымен ауыратындар киікотының бұлауына түссе, құлан-таза айығады», – деп отырушы еді әжем. Рас екен, қайсыбір жылы жиеншарымыздың қолының терісі қабыршақтанып, жара басып кетті. Дерматологтар экзема деді. Экзема деген оңайлықпен кете қоймайтын тері ауруы деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Әйтсе де киікоты оған ем болды: шөпті қайнатып, сол суға қолын салып отыратын. Шай сияқты демдеп, аз-аздан ішкізетін. Жиеншар содан жазылды.
Халық арасында жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда киікотын тер шығаратын дәрі ретінде кеңінен қолданады. Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 15 грамм ұнтақталған өсімдікті 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 1 қасықтан күніне 3 рет ішеді.
Киікоты мамыр айынан бастап, тамыз айы аралығында гүлдейді. Оның жер бетіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады. Оның несеп жүргізетін, өт айдайтын, тамаққа тәбетті арттыратын қасиеттері бар. Киікотыдан жасалған тұнбаны асқазанның қышқылы кемігенде, ішектің жұмысы нашарлағанда, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде, жалпы дененің қуаты кеміп, күші азайғанда қолданады.

Көп жасаудың отбасылық рецепті
Бұл көп жасаудың отбасылық рецептіні мен әкемнен алған едім, ал оған өз әкесінен қалыпты. Қалай дегенмен отбасымыздың әрқайсымыз бұл рецептіні үнемі пайдаланып келеміз. Соның арқасы болар, бәріміздің деніміз сау, алдымыз көп жасап отырмыз.
Грек жаңғағының ұнтақталған бір стаканына үккіштен өткізілген бір бас сарымсақты саламыз. Оның үстіне 2 немесе 3 ас қасық өсімдік майын, лимон сөлін керегіңізше қосып, 2-3 сағат тұндырасыз. Бұл кезде биологиялық белсенді жаңа зат түзіледі. Бұл өнімді таңертең нанға жағып жейсіз.Денсаулығыңызға пайдасы болмаса, зияны жоқ.
Қайрат ӘБДІСӘЛІМ.

Асқазанның қатерлі ауруын емдеген
Мына бір уақиға есімнен шықпайды. Бірде маған жасы жетпістен асқан бір адам келіп, өзінің көп емдеу орындарында, жеке емшілерде емделіп көргенін, бірақ ешқайсысының бұған дауа таба алмағанын өкіне еске алып, салы суға кеткенін айтты. Мен туралы соңғы кездері естіп, тағы бір тәуекел жасағалы отырғанын ескертті. Асқазанның суретін алдыма тастады. Аурудың асқынға түрі. Қарттың өңі бозарып, жүдеп кеткен.
– Астың режимін сақтай аласыз ба?
– Егер нәтиже байқалса неге сақтамасқа? – деді жалт қарап. Көзінде бір үміттің оты жылт еткнедей тесіле қарады.
– Жарайды, мен дәрі жасаймын. Ол өте улы, аздап болса да шартты бұзсаңыз өміріңізге қауіп төнеді. Оны бір тамшыдан бастап он бес тамшыға дейін көтересіз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Қайта біртіндеп азайтасыз, қайта көтересіз. Әр жолы тамшы соңынан ішетін шөптерден алынған май болады. Шөптер қосындысын беремін. Мен айтқан тағамнан басқа тағам ауызға алатын болсаңыз, емнің қуатын қайтаруға өзіңіз себепші боласыз. Егер келіссеңіз, 1,5 ай өткенде қайтара суретк етүсесіз. Мына суретпен салыстырып көреміз, – деп дәрілерін жасап беріп, шығарып салдым.
Алдымен адамның сырқатпен күресуге деген сенімін оятудың маңызы үлкен. Адам миындағы қорқыныш пен үрейді ығыстырып, ертеңгі күннің жаңа табыстарына деген құлшынысын ояту керек. Кейбір адамдар өз ауруының қатерлі екенін білсе бұдан ары емделудің қажеті шамалы деп біледі. Бұл қате түсінік. Аурудың жазылуы адамның ерік-жігеріне, үйлесімді дәрілер қабылдауына байланысты.
Айтылған мезгілде қайтып оралған қарттың өңіне қан жүгіріп, қимылында ширақтық пайда болған. Қолында бұрынғы және соңғы түскен суреті. Салыстырып отырмыз, жараның үштен бірі жоғалған.
– Ал, жағдайыңыз қалай? Ішкен асыңыз сіңбей, құсудан қалдыңыз ба?
– Құтылуын құтылдым ғой, бірақ бұрынғы жейтін тағамдарымды қатты сағындым. Енді режимді қойсам ба деп тұрмын, – деді ол ағынан ақтарылып.
– Болмайды. Аурудың екпіні тоқтап, сауығудың алғашқы қадамы енді жасалайын деп тұрғанда бұрынғы әдетке басып, режимді бұзсаңыз, өкініштен өзек өртенетін болады. Екі айдан бері тірнектеп жинаған нәтижеміз селге ағады. Бұл аурудың өзгелерден өзгешелігі сондай, ұзақ уақыт сақтанып күтінесіз. Дәріні ары қарай жалғастырасыз. Егер өмір сүру басты мақсат деп алдыға қойсаңыз, осыған көнуге тура келеді, – дедім.
Ақыры сол адам бір жылдан соң рахмет айтуға келді.
Негізі ғалымдардың зерттеуінше, қатерлі ісік ауруларының түрі 200-ден асады. Жалпысына ортақ қасиет – жасуша қызметінің өзгеруінен тіннің артық мөлшерде дамылсыз өсіп-өнуінде.
Рак ауруына «концер» деген ұғымды Гиппократ берген екен. Ол ісік түйіні жан-жағына жайылып, шаян тәрізді өсіп тұруына байланысты рак десе керек деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Аталған ісіктің негізгі айырмашылықтары – біріншіден, ісік ауруының жеке өсуі, демек оның жасушалары ағзаның реттеу жүйелеріне бағынбайды. Орынсыз бөлініп, дамылсыз өседі. Екіншіден, ісіктің көрші сау жасушаларға көшіп, олардың жұмыс ырғағын бұзу. Үшіншіден, ағзаның басқа бір жеріне барып ұялауы, бөгелме ісік метастаз беруі.
Қатерлі ісіктің қайсы бірі болмасын алғаш біліне салып емделуді бастаса, жазылатыны тәжірибеден белгілі. Оған ауырған адамның құлшынысы, қажетті дәрілерді дер кезінде тауып, орынды пайдалануы, ас режимін сақтауы – жазылудың басты шарты.
Біз осы ауруды жеңу мақсатында кім қалай күресті, қандай әдіс-тәсіл қолданды, әттеген-ай мен бәрекелдісі кәне деген сұрақ төңірегінде ізденіп, талпыныс жасадық. Осы жақсы-ау деген рецепттерді теріп, тәжірибеден өткіздік. Сонда алмас атты улы минералдың орны өзгеше екенін аңғарлық. Бидайдың дәніндей көлемдегі алмасты жарты литр араққа салып, 15 тәулік жабық ыдыста ұстайды. Бойында қатерлі ісігі бар адам осы тұнбадан ішуді бастайды.
Сейітқамза ҚАЛИЕВ.
«Емдік рецепттер энциклопедиясы» кітабынан.

Ашуланшақ адамның бауыры ауырады
Дәрігердің «көп уайымдамаңыз, ашуланбаңыз» деген кеңесін естімеген адам жоқ шығар, сірә. Бұлай дегенде дәрігердің жүйкеге салмақ түсірмеу жайлы айтатынын бәріміз білеміз. Әйткенмен бұл кеңестің астарын ұға бермейміз.
Негізінде өз денсаулығына мән беріп, ауырғаннан гөрі аурудың алдын алғанды жөн көретін жандар ең алдымен жүйкесіне салмақ түсірмеуге тырысады екен. Себебі орынсыз ашулану, себепсіз уайымдау адам ағзасының ішкі мүшелерін зақымдайтын көрінеді. Мәселен, мамандар көп ашуланатын адамның бауыры ауыратынын анықтапты. Ал қорқақтардың көбіне бүйрегі ауыратыны дәлелденген деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Үнемі мұңға батып жүретін адамның тоқ ішегі тез сыр беретін болып шықты. Уайымшылдардың ең алдымен жүрегі ауыратыны бәрімізге белгілі.
Мамандар жұмыс уақытында барынша сабырлы болу керек дейді. Себебі аз ғана уақытта көп жұмысқа үлгеруге тырысу, асығу, ойлану, тағатсыздану жүйкеге салмақ түсіреді. Ал ол өз кезегінде ағзаны іштен «тоздыра» бастайды. 18-35 жас аралығында оған ешкім мән бермейді. Себебі бұл кезде адамның энергиясы мол, жастық жалын мен қуат әлсіреу мен шаршауды жеңіп кетеді. Ал 40-тан асқан соң қан қысымы көтеріліп, жүрегі шаншып, бүйрегі сыздап, басы ауыратындар, көзі талып шаршайтындар аурудың қайдан бастау алғанын білмейді. Мұндайда кім де болса ауырған ағзасын ғана емдетеді. Яғни соған қарсы дәрі қабылдайды. Негізінде жүйкені тыныштандырып, жаныңызды демалдыруға жететін ем жоқ. Сондықтан уайымдамаңыздар, ашуланбаңыздар!
Ж.ҚАСЫМ.

Тізеге балық байлайды
Буын аурулары көбінесе жас кезінде аяғынан суық өткен жағдайда, генетикалық ауру жағдайында, 50 жастан әйелдерде көптеп кездеседі. Соның ішінде тізе ісіп кетіп, жүре алмай қалатын жағдайлар көп. Бұл ауруды асқындырмаудың амалы бар.
Буыны ауыратын адамдар көп қимыл жасау керек. Көп жүргені жақсы, күнделікті белгілі бір қашықтықта әсіресе биікке және төменге қарай жүру, дене жаттығуларын жасау ауруды асқынудан сақтайды. Буыны ауыратын адамдарға әсіресе отырып-тұру жаттығуының пайдасы көп. Бастапқы кезеңде 15-20 рет отырып-тұрсаңыз, кейін мұны 100-ге дейін жеткізуге болады. Қаншалықты көбірек болса, соншалықты өзіңізге тиімді, бірақ бұған біртіндеп үйрену керек.
Тізеңіз үнемі қимылда болатын болса, ортасындағы сілекейлі сұйықтық кеуіп қалмайды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Мысалы, нағыз маман жаңадан басталып келе жатқан тізе аурулары кезінде дәрі-укол қолданбайды, ауырсынуды басатын мазь береді және көбірек жаяу жүру туралы кеңес айтады.
Мынадай бір ем жасауға болады: буын аурулары кезінде, тізе ісіп кеткен жағдайда 5 жұмыртқаның сарысын алып, оған 1 шай қасықпен жылқы майын араластырып, кәдімгі шүберектің бетіне жағып, аяққа қойып, сыртын целлофанмен орып тастау керек. Бұл емдік процедураны 5 күн ғана жасаған жөн, әйтпесе жылқының майы сүйекті «ерітіп» жібереді. Компресті 5 күннен артық ұстауға болмайды.
Ендігі жағдайда жылқының майынсыз, жұмыртқаның өзін ғана жоғарыда айтқан тәсілмен аяққа орап, 5 күн қолданады. Осы он күннен кейін де буын ауруы басылмай жатса, жаңадан ұсталған балық етін жұқалап кесіп алып, оны тізеге салып, шүберекпен орып тастау керек. Мұны бір түн ұстаңыз. Балық ондағы тұздарды тартып алады. Одан кейінгі тәсіл – қойдың бауырын жұқалап кесіп, 3 күн компресс жасау. Қойдың құйрық майын жұқалап кесіп, ауырған тізені орап тастайды. Осы амалдар арқылы тізе ауруларынан аз күннің ішінде айығуға болады.

ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Баршамызды ораза айтына аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын!
Сіздерді барша мұсылманның ұлық мейрамы – ораза айттың келуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қасиетті Рамазанның аяқталғанын білдіретін мейрамда, жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайтын сәулелі сәтте сіздерге, отбасыларыңызға риясыз ниетпен Алланың амандығы мен берекесін тілеймін. Жаратқан жар болсын!

Пиязға шекер қосса
ем болады
Түсі қызғылт көк сияқты пияз бағасы неге басқаларынан қымбат, білесіздер ме? Көпшілік оны өзгеше сұрып (сорт) болғандықтан бағасы көтеріңкі болады деп санайды. Ал негізі мәселе пияздың емдік қасиетінде. Пияздың бұл түрінен созылмалы цирроз, «водянка» сияқты ауруларды жеңуге көмектесетін «дәрі» жасауға болады.
Бір кило пиязды еттартқыштан өткізіп, оған 850-900 грамм шекер қосады. Араластырып, 10 күнге салқын жерге қойыңыз. Одан кейін сүзіп, таза шыны ыдысқа салып, тоңазытқышта сақтау керек.
Дайын болған «дәріні» күніне 3 рет, әр жолы 2 ас қасықтан ішеді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Қажет болған жағдайда араға бір ай үзіліс салып, емді тағы қайталауға болады. Бірақ тәттіге немесе пиязға аллергиясы бар, асқазан қыжылы мазалайтын адамдар 2 емес, 1 ас қасықтан ғана, онда да абайлап қабылдағаны жөн.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)
ем болады
Түсі қызғылт көк сияқты пияз бағасы неге басқаларынан қымбат, білесіздер ме? Көпшілік оны өзгеше сұрып (сорт) болғандықтан бағасы көтеріңкі болады деп санайды. Ал негізі мәселе пияздың емдік қасиетінде. Пияздың бұл түрінен созылмалы цирроз, «водянка» сияқты ауруларды жеңуге көмектесетін «дәрі» жасауға болады.
Бір кило пиязды еттартқыштан өткізіп, оған 850-900 грамм шекер қосады. Араластырып, 10 күнге салқын жерге қойыңыз. Одан кейін сүзіп, таза шыны ыдысқа салып, тоңазытқышта сақтау керек.
Дайын болған «дәріні» күніне 3 рет, әр жолы 2 ас қасықтан ішеді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Қажет болған жағдайда араға бір ай үзіліс салып, емді тағы қайталауға болады. Бірақ тәттіге немесе пиязға аллергиясы бар, асқазан қыжылы мазалайтын адамдар 2 емес, 1 ас қасықтан ғана, онда да абайлап қабылдағаны жөн.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)
Баласына бұзубас жегізіпті
Мен халық емінің шарапатын көрген жанның бірімін. Бұрын біреу айтса сенбес едім, қазір өз басымнан өткен соң жәндіктердің де денсаулықты түзеуде көмегі бар екенін айта жүретін болдым.
Бұл екі жыл бұрын болған оқиға. Қаңтардың ортасында күн ерекше суытып, қара суық қалың киінген адамды да бүрсеңдетіп тұрған кез. Сол күні аяқ астынан шұғыл шаруалар шығып қалып, жұмыста әдеттегіден бір сағат артық отыруыма тура келді. Содан кештетіп үйге жетсем, суық азынап тұрған подьезде бүрсең қағып, балам бір жемпірмен дірдектеп тұр. Жаурағаны сондай, тісі тісіне тимей сақылдап, қолы мен беті көгеріп кетіпті. Әр сынып бөлмесіне көшіп жүрген сабақ арасында достары қызық көріп, курткасын тығып қойыпты. Қайтарда мұны ұмытып, бәрі үйлеріне асығады. Ал ұлым өз сыныбындағы ілгіштен сырт киімін таппай қалған. Қайда қойдым деп ойланып тұрғанда мұғалімдер де, сыныптастары да қайтып кетеді. Не істерін білмеген бала, амал жоқ, қара суықта үйге жемпірмен қайтады. Қолғабы, үйдің кілті куртканың қалтасында қалған. Әкесі бұл кезде өзге қалада іссапарда. Мен де тап сол күні жұмыста аялдап қалдым. Балам жұқа киіммен бір жарым сағаттай қара суықта қалып қойған.
Сақылдаған суық өкпесінен өткен баламды үйге кіргізе сала ыстық шай беріп, аяқтарын жылы суға салып жылытқан болдым. Мұғаліміне хабарласып, ата-аналарға байланысқа шығу арқылы куртканы досы басқа бір сыныптың шкафына жасырып қойғанын анықтадық деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Түн ішінде барып, күзетшіге айтып жүріп курткасын алып келдім.
Осы суық баламды ақыры ауыртып тынды. Көктемге қарай қатты ауырып, өкпесіне су жиналғанын білдік. Айлап ауруханада жатып, уыстап дәрі ішіп, үздіксіз ем алғанмен, сүйекке жеткен суық бәрібір қайталана берді. Бірнеше рет баламның өкпесінен су алды. Бәрібір біраз уақыт өткенде тағы да су жиналып қала беретін. Желкілдеп өсіп келе жатқан балам шүберектей бозарып, әлсіреді де қалды. Уыты күшті дәрілер асқазанын, бауырын бүлдіріп жатты. (Мұндайда ойнаймын деп білместікпен баламды ауру еткен досына іштей ренжитінмін).
Бірде бұзаубастың өкпе ауруларына күшті көмегі бар дегенді естідім. Ғаламтордан ол туралы деректерді оқыдым, тіпті бұзаубастың өзін табу аса қиын болған жоқ. Менің де тәуекелге барудан басқа амалым қалмады. Бұзаубасты қуырып, балмен араластырып сататындар бар екен. Осыны қолдандық. Екі ай үзбей ішкеннен кейін баламның жағдайы түзелді. Қазір, Аллаға шүкір, өкпесі таза, денсаулығы жақсы. Егер осы жағдай басымызға түспегенде, мен де бұзаубастың ем екенін білмей, тіпті ол туралы айтқандарға сенбес едім. Табиғатта ешнәрсе артық жаратылмаған ғой...