Ақмола соттары
841 subscribers
341 photos
174 videos
2 files
55 links
Download Telegram
🔶Көлік құралдарын заңсыз тіркегені үшін сотталды.

🔶ЖШС-нің директоры «О.» бұрынғы полиция инспекторы «К.»-мен бірлесіп, 2020 жылдың желтоқсаны - 2022 жылдың қаңтары аралығында шетелден әкелінген көлік құралдарын тіркеуді жүйелі түрде ұйымдастырған.

🔶Олардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 55 жүк көлігі заңсыз тіркелген.

🔶«О.» құжаттарды жинаған, жалған төлем тапсырмаларын дайындап, арнайы ХҚКО-ға тапсырып отырған және «К.»-ның көмегімен көлік құралдарына техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмір алып, содан кейін оларды иелеріне берген.

🔶«К». өз қызмет бабын пайдалана отырып, жалған төлем тапсырмалары мен төлем фактісін жасыруға мүмкіндік беретін мәліметтер бойынша өтінімдерді кедергісіз бекітуді қамтамасыз етті. Әрбір заңсыз тіркеуден «К.» 50 000 -100 000 теңгеге дейін алып отырған.
🔶Нәтижесінде, «О.» алдау жолымен, адамдар тобында мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірді (ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы), бірнеше рет жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын дайындап, өткізген (ҚК-нің 232-бабының 2-бөлігі). «К.» бірнеше рет, адамдар тобында сөз байласып, қызмет бабын пайдаланып, алдау жолымен ірі мөлшерде залал келтірген (ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы.).

🔶Жазаны тағайындауда сот «К.»-нің асырауында жас баланың болуы жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді, ауырлататын мән-жай ретінде - құқық қорғау органының қызметкері бола отырып, қызметтік бабын пайдалана отырып құқық бұзушылық жасағаны.

🔶Сот «О.»-ның қылмысты жасаудағы белсенді рөлін, ауыр қылмыс жасағанын және материалдық залалды өтемегенін ескерді.

🔶Жергілікті бюджетке түспеген материалдық залал сомасы шамамен 380 млн. теңгені құрады.

🔶Сот үкімімен «О.»-ға 5 жыл, «К.»-ға 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, әрқайсысы 3 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Материалдық залал сотталғандардан мемлекет кiрiсiне ортақ түрде өндiрiлдi.

🔶Үкім заңды күшіне енген жоқ.

🔶Сонымен қатар, сот Көкшетау қаласының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының лауазымды тұлғалары тарапынан қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болуына тексеру жүргізу, істі сотқа дейінгі тергеу сатысында қадағалауды тиісінше жүзеге асырмау қажеттігін көрсете отырып, облыс прокуратурасының атына жекеше қаулылар шығарды.

Ақмола облысының
Көкшетау қалалық соты
🔷Осуждены за нелегальную регистрацию транспортных средств.

🔷Директор ТОО «О.» совместно с бывшим инспектором полиции «К.» с декабря 2020 года по январь 2022 года организовали системную регистрацию ввезенных из-за рубежа транспортных средств, не оплачивая положенные сборы и платежи государству. В результате их преступной деятельности незаконно зарегистрировано 55 грузовых транспортных средств.

🔷«О.» собирала пакет документов, изготавливала поддельные платежные поручения, сдавала в СпецЦОН и при содействии «К.» получала техпаспорта и госномера на транспортные средства, затем выдавала их владельцам.

🔷«К.», используя служебное положение, обеспечивал беспрепятственное утверждение заявок по подложным платежным поручениям и сведениям, позволяющих скрыть факт оплаты. От каждой незаконной регистрации «К.» получал от 50 000 до 100 000 тенге.
🔷В результате, «О.» причинила ущерб государству в крупном размере, путем обмана, в группе лиц по сговору (ст.195 ч.4 п.2 УК), неоднократно изготовляла и сбывала поддельные платежные и расчетные документы, (ст.232 ч.2 УК). «К.» неоднократно, в группе лиц по сговору, с использованием служебного положения, путем обмана причинил ущерб в крупном размере (ст.195 ч.4 п.2 УК).

🔷При назначении наказания, суд учел смягчающее обстоятельство у «К.» наличие малолетнего ребенка, отягчающим обстоятельством - совершение правонарушения будучи сотрудником правоохранительного органа с использованием служебного положения.

🔷Также суд учел активную роль «О.» в преступной деятельности, совершение тяжкого преступления и не возмещение материального ущерба.

🔷Сумма материального ущерба, не поступившей в местный бюджет, составила около 380 млн. тенге.

🔷Приговором суда «О.» назначено 5 лет, «К.» - 2 года 6 месяцев лишения свободы, с лишением каждого права занимать руководящие должности сроком на 3 года.
🔷Материальный ущерб взыскан солидарно с осужденных в доход государства.

🔷Приговор не вступил в законную силу.

🔷Кроме того, суд вынес частные постановления в адрес прокуратуры области, указав на необходимость проведения проверки на наличие признаков состава уголовного правонарушения со стороны должностных лиц Государственной корпорации «Правительство для граждан» г.Кокшетау, а также на ненадлежащее осуществление надзора на стадии досудебного расследования дела.

Кокшетауский городской суд
Акмолинской области
🔴Резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша үкім жарияланады.

🔴2024 жылдың 29 мамыры сағат 11.00 де Бурабай аудандық сотында қорқытып алушылық, бұзақылық жасау және кәмелетке толмағанды өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзді деген айыптаумен 11 сотталушыға қатысты резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша үкім жарияланады.

🔴БАҚ өкілдерін сот залында сотталушылар мен олардың ата-аналарын фото және бейне камераға олардың келісімісіз түсірмеуді ескертеміз.

🔴Қылмыстық іс бойынша сот отырыстары жабық сот талқылауында өтті (ҚІЖК-нің 29-бабы). Қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде кәмелетке толмаған сотталушының құпиялылық құқығы сақталуға тиіс (ҚІЖК-нің 532-бабы).

🔴Сот үкімінің жариялануы мен түсіндіруі жария түрде өтеді.

Ақмола облысы
Бурабай аудандық соты
🔴Состоится оглашение приговора по резонансному уголовному делу.

🔴29 мая 2024 года в 11.00 часов в Бурабайском районном суде (зал судебного заседания №5) состоится оглашение приговора по уголовному делу в отношении 11-ти подсудимых, обвиняемых в совершении вымогательства, хулиганства и доведении до самоубийства несовершеннолетнего.

🔴В зале судебного заседания представителям СМИ рекомендуем не снимать на фото и видео подсудимых и их родителей без их согласия.

🔴Судебные заседания по данному уголовному делу проводились в закрытом судебном разбирательстве (ст.29 УПК) и на всех этапах уголовного судопроизводства должно соблюдаться право несовершеннолетнего подсудимого на конфиденциальность (ст.532 УПК).

🔴Приговор суда будет провозглашен и разъяснен публично.

Бурабайский районный суд
Акмолинской области
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📗Деструктивті діни ағымдардың алдын алу.

📗ҚР Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Гүлжаухар Кәрімова Дін істер басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының өкілі Еркелді Айтқожаның, Науан Хазірет атындағы мешіттің өкілі Сәкен Жақановтың қатысуымен діни-құқықтық сауаттылықты арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша департаменттің қызметкерлерімен семинар өткізді.

📗Семинарда мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді, дәстүрлі дінді дәстүрлі еместен қалай ажыратуға болады, діни сауатсыздықтың салдарлары қандай, жастар үшін діни қауіпсіздіктің негізгі ережелері нені қамтиды.

📗Баяндамашылар деструктивті діни ағымдардың шығу тарихы, белгілері, әрекет ету әдістері, діни экстремизмнің, әлеуметтік желілерде деструктивті діни ағымдарға тартудың қауіптілігі, азғырып көндірудің белгілері және қысымға қалай қарсы тұруға болатыны туралы айтты.
📗Іс-шара барысында семинардың қатысушыларына қызықтыратын сұрақтар қою, мамандардан білікті жауаптар алу мүмкіндігі берілді.

📗Семинар соңында бейнеролик көрсетіліп, деструктивті діни ағымдардың мәнін түсіндіру бойынша үлестірме материал таратылды.

ҚР СӘ Ақмола облысы бойынша
Департаментінің әдеп жөніндегі уәкіл
Гүлжаухар Кәрімова

📙Предупреждение деструктивных религиозных течений.

📙Заместитель руководителя Департамента СА РК по Акмолинской области - Уполномоченный по этике Гулжаухар Каримова с участием представителей Центра анализа и развития межконфессиональных отношений Управления по делам религий Еркелді Айтқожа и мечети имени Науана Хазрет Сакена Жаканова провел семинар с сотрудниками Департамента по повышению религиозно-правовой грамотности и предупреждению деструктивных религиозных течений.

📙На семинаре проведена разъяснительная работа среди государственных служащих по служебной этике, как отличить традиционную религию от нетрадиционной, каковы последствия религиозной безграмотности, в чем заключаются основные правила религиозной безопасности для молодежи.

📙Докладчики рассказали об истории возникновения деструктивных религиозных течений, признаках и методах действия, опасности идеологии религиозного экстремизма и вовлечения в социальных сетях в деструктивные религиозные течения, признаках вербовки и как противостоять давлению.

📙В ходе мероприятия участникам семинара была дана возможность задать интересующие вопросы и получить квалифицированные ответы от специалистов.

📙В завершении семинара был продемонстрирован видеоролик и роздан раздаточный материал по разъяснению сущности деструктивных религиозных течений.

Уполномоченный по этике
Департамента СА РК по Акмолинской области
Гулжаухар Каримова
11 сотталушыға қатысты үкім жарияланды

Сот үкімімен қорқытып алу, бұзақылық жасау және жәбірленуші «Б.»-ні өзін-өзі өлтіруіне жеткізгені үшін Бурабай ауданының 11 тұрғыны кінәлі деп танылды.
Бурабай ауданында сотталушылар ұзақ уақыт бойы (2 жыл ішінде) күш қолданумен қорқытып, 12 адамнан 130-500 мың теңгеге дейін (жалпы сома 1 140 000 теңге) ақша бопсалаған. Сонымен қатар, екі сотталушы «Н.» және «А.» жәбірленуші «Б.»-ні өзін-өзі өлтіруіне жеткізген.
Жасалған әрекеттеріне байланысты, сот жеті сотталушыны 4 жылдан 5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырып, үшеуіне 4 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеді. Кәмелетке толмаған «Ш.» жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Жаза тағайындауда сот «Н.», «К.» және «Т.»-да жас баланың болуын жеңілдететін жағдай ретінде, «Р.» кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінгенін және «К», «СА», «Т»-да бұрын соттылығының болмағанын ескерді. Сотталушыларда ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
Сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына жалпы сомасы 3 млн. теңгеге моральдық зиян және жалпы сомасы 1 140 000 теңгеге келтірілген материалдық залал өндірілді.
Сонымен қатар, сот басты сот талқылауы барысында тәртіпті бұзғаны үшін полиция департаментінің атына және аудан әкімінің атына жастарды жұмыспен қамту бөлігінде жұмысты күшейтуге назар аудара отырып, жекеше қаулылар шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Ақмола облысы
Бурабай аудандық соты
Оглашен приговор в отношении 11 подсудимых

Приговором суда 11 жителей Бурабайского района признаны виновными в совершении вымогательства, хулиганства и доведения до самоубийства потерпевшего «Б.».
Судом установлено, что подсудимые на территории Бурабайского района на протяжении длительного времени (2 года), угрожая применением насилия, вымогали деньги у 12 потерпевших от 130 до 500 тыс. тенге, что в общей сумме составило 1 140 000 тенге. Кроме того, двое подсудимых «Н.» и «А.» довели до самоубийства потерпевшего «Б.».
В зависимости от совершенных деяний, суд назначил семерым подсудимым лишение свободы на сроки от 4 до 5 лет, троим - ограничение свободы на сроки от 4 до 5 лет. Несовершеннолетний «Ш.» освобожден от уголовной ответственности, в связи с примирением с потерпевшими.
При назначении наказания, суд учел смягчающим обстоятельством у «Н.», «К.» и «Т.» наличие малолетнего ребенка, у «Р.» признание вины и чистосердечное раскаяние, а также отсутствие судимости у «К», «СА» и «Т». Отягчающих обстоятельств у подсудимых не установлено.
С осужденных в пользу потерпевших взысканы компенсация морального вреда на общую сумму 3 000 000 тенге и причиненный материальный ущерб на общую сумму 1 140 000 тенге.
Кроме того, суд вынес частные постановления в адрес Департамента полиции за нарушение порядка в ходе главного судебного разбирательства и в адрес акима района для усиления работы по трудоуствройству и занятости молодежи.
Приговор суда не вступил в законную силу.


Бурабайский районный суд
Акмолинской области
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴«Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі және жалпы конкурс жариялайды.
Қосымша ақпарат Whatsapp сілтемесі бойынша: https://chat.whatsapp.com/Gpq3yHaaTkX79Zgvg36Slo

🔴РГУ «Департамент Судебной администрации Республики Казахстан по Акмолинской области» объявлет внутренний и общий конкурс на занятие вакантных и временно вакантных административных государственных должностей.
Более подробная информация по ссылке Whatsapp: https://chat.whatsapp.com/Gpq3yHaaTkX79Zgvg36Slo
🔵Құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.

🔵Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен Ақсу кентінің белсендісі «С.»-ға қатысты бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылды. Бірінші сатыдағы сот қаулысымен «С.» жала жапқаны үшін кінәлі деп танылып, айыппұл тағайындалған еді.

🔵2024 жылдың ақпан айында Ақсу кентінің тұрғыны «С.» «QARABULAQ GOLD» ЖШС-нің фабрикасынан қалдық қоймасына дейін құбыр магистралінің жарылуы және сұйықтықтың ағып кетуін видеоға түсірген. «С.» улы заттардың ағып кетуі мүмкін деген сөздермен видеоны 411 адам жазылған WhatsApp тобына жариялаған.
🔵ЖШС жарияланған ақпарат оның іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп есептеп, полицияға жүгінген. «С.»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

🔵Бірінші сатыдағы сот «С.»-ні телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, ЖШС-нің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін кінәлі деп таныды (ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі).

🔵Облыстық сот алқасы «С.»-ның апелляциялық шағымын қарап, аудандық сот қалыптасқан жағдайға дұрыс құқықтық баға бермеген деп есептеп, «С.»-нің әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты. Бірінші сатыдағы соттың шешімінің күші жойылды. Өйткені, көрсетілген бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы заңды тұлғаның емес, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтер таратылған жағдайда ғана мүмкін болады.

🔵Облыстық сот алқасының қаулысы заңды күшіне енді.
🟠Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения.

🟠Коллегия по уголовным делам Акмолинского областного суда отменила постановление суда первой инстанции в отношении активиста из поселка Аксу «С.», которому за клевету был назначен штраф.

🟠В феврале 2024 года житель поселка Аксу «С.» снял на видео порывы и утечку жидкости на территории пролегания магистрали пульпопровода от фабрики ТОО «QARABULAQ GOLD» до хвостохранилища. «С.» прокомментировал видео словами, что предположительно происходит утечка ядовитых веществ и разместил в WhatsApp-группе, в которой находятся 411 человек.

🟠ТОО считая, что информация порочит его деловую репутацию, обратилось в полицию, которая составила протокол об адм. правонарушении.

🟠Суд первой инстанции признал «С.» виновным в клевете, т.е. в распространении заведомо ложных сведений, подрывающих деловую репутацию ТОО, совершенное с использованием сетей телекоммуникаций (ст.73-3 ч.2 Кодекса об АП).

🟠Коллегия областного суда, рассмотрев апелляционную жалобу «С.», отменила решение суда первой инстанции, прекратив производство по делу за отсутствием в действиях состава административного правонарушения, посчитав, что районный суд неверно дал правовую оценку сложившейся ситуации. Так как состав административного правонарушения по данной статье возможен только в случае распространения ложных сведений, порочащих честь и достоинство человека, а не юридического лица.

🟠Постановление коллегии вступило в законную силу.

Пресс-служба
Акмолинского областного суда
🔷Талқылау барысында, процестік заң ережелерін сақтауға, бизнес құрылымдары өкілдерінің конституциялық құқықтарын бұзу, оларды қылмыстық қудалауға негізсіз тарту фактілерін болдырмауға бағытталған ұсынымдар әзірленді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔷Қылмыстық процессте және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша бизнесті қорғау мәселелері талқыланды.

🔷Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов облыс судьялары, прокуратура, адвокаттар қауымдастығы және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өкілдерінің қатысуымен «Бизнес өкілдеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді тергеп-тексерудің мәселелері және соттармен олардың қаралуы» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді.

🔷Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер бойынша облыстық сот судьялары Қ.Сабдин, Д.Мұқашева, Қ.Мүсетов сөз сөйледі. Сонымен қатар, облыс прокурорының орынбасары Е.Жүсіп, ЭТД басшысы Р.Сергазин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы К.Қабылбеков баяндамаларын жасады.
🔶Обсудили вопросы защиты бизнеса в уголовном процессе и по делам об административных правонарушениях.

🔶Председатель судебной коллегии по уголовным делам Акмолинского областного суда Раджаб Даминов провел «круглый стол» с судьями области, представителями прокуратуры, адвокатского сообщества и органов досудебного расследования.

🔶За «круглым столом» обсудили вопросы расследования и рассмотрения в судах уголовных дел и дел об административных правонарушениях в отношении представителей бизнеса.

🔶С докладами по вопросам, возникающим при рассмотрении дел, выступили судьи областного суда К.Сабдин, Д.Мукашева и К.Мусетов. Также выступили заместитель прокурора области Е.Жусип, руководители ДЭР Р.Сергазин и антикоррупционной службы К.Кабылбеков.

🔶В ходе обсуждения выработаны рекомендации, направленные на соблюдение положений процессуального закона и исключения фактов нарушения конституционных прав представителей бизнес структур и необоснованного привлечения их к уголовной ответственности.

Пресс-служба
Акмолинского областного суда
🔷Бюджет қаражатын ысырап еткені үшін сотталды.

🔷Ақмола облысындағы ауылдық округі әкімдігінің есепші маманы «С.» қызметтік бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап етті (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы).

🔷2018 жылғы қаңтары - 2023 жылғы қазан аралығында әкімдердің ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, «С.» штат кестесінде белгіленген мөлшерден асыра өзінің жалақысына жалған мәліметтер енгізді.

🔷Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, көрсетілген кезеңде сотталушы өзінің банктік шотына 20 млн. теңгеден астам жалақы аударған.
🔷Мемлекетке келтірілген залалды «С.» қылмыстық істі тергеу сатысында толық көлемде өтеді.

🔷Жаза тағайындауда сот, сотталушының жеңілдететін мән-жайлары ретінде жас балалардың болуын және залалды ерікті түрде өтелгенін есепке алды.

🔷Сот үкімімен «С.»-ға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды.

🔷Сонымен қатар, сот бақылаудың болмағаны үшін облыс және ауылдық округ әкімдерінің атына, сондай-ақ жол берілген бұзушылық пен тиісінше бақыламағаны үшін жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін Қазынашылық департаменті басшылығының атына жекеше қаулылар шығарды.

🔷Оған қоса, жұмыста немқұрайлы қарауға жол берген бұрынғы әкімдерге қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді қозғау туралы мәселе бойынша сот прокуратураға хабарлама жолдады.

🔷Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы
Целиноград аудандық соты

🔶Растрата бюджетных средств.

🔶Бухгалтер акимата сельского округа «С.» в Акмолинской области совершила растрату бюджетных средств в особо крупном размере, с использованием служебного положения (ст.189 ч.4 п.2 УК).

🔶С января 2018 года по октябрь 2023 года, используя ЭЦП акимов, «С.» вносила ложные сведения о начислении себе заработной платы в размере выше установленной штатным расписанием.

🔶Согласно заключению судебно-экономической экспертизы, за указанный период подсудимая излишне перечислила на свой банковский счет заработную плату в размере более 20 млн. тенге.

🔶При назначении наказания, суд учел смягчающие обстоятельства у подсудимой - наличие малолетних детей и добровольное возмещение ущерба на стадии расследования уголовного дела.

🔶Приговором суда «С.» назначено 7 лет лишения свободы, с пожизненным лишением права занимать должности на государственной службе.

🔶Кроме того, суд вынес частные постановления в адрес акима области и акима сельского округа за отсутствие контроля, а также в адрес руководства департамента Казначейства для принятия мер в отношении ответственных лиц за допущенное нарушение и ненадлежащий контроль.

🔶Вместе с тем, в прокуратуру направлено уведомление по вопросу о начале досудебного производства в отношении бывших акимов, допустивших халатное отношение в работе.

🔶Приговор не вступил в законную силу.

Целиноградский районный суд
Акмолинской области
🌞Сот балалар үшін кездесу, конкурс пен қойылым ұйымдастырды.

🌞Халықаралық балаларды қорғау күні кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының (МАС) судьялары балалар үшін іс-шаралар ұйымдастырды.

🌞«Зерделі ұрпақ» ҚБ-мен бірге балаларды лудомания туралы театрландырылған қойылымға шақырды, оған Көкшетау қаласының оқушылары актерлер ретінде қатысты. Спектакль құрдастарының арасында қалыптасып келе жатқан тұлғаларға әсер ететін ақаулардың алдын алу бойынша диалог орнатуға көмектесті.

🌞Көп балалы отбасылардың балаларына «Болашақ сарайы» оқушылар Үйімен бірлесе отырып, медиатор Г.Мадиеваның және «Право» ҚБ-нің психологы В.Гергердің қатысуымен сурет салу бойынша мастер-класс және тренинг өткізілді. Балалар мен олардың ата-аналары «Балалардың көзімен әлем» сурет байқауына қатысты.