Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Әскери парадқа бір топ ардагер арнайы қатысты. Бүгінгі мерекеде майдангерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
Сегодня на военном параде присутствовали ветераны, которым были оказаны почет и уважение.
📸 t.me/aqorda_resmi
Сегодня на военном параде присутствовали ветераны, которым были оказаны почет и уважение.
📸 t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 33 жыл толуына арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Бұл күні өңірдің әскери қызметшілері марапатталып, олардың еңбегі мен ерліктері ерекше атап өтілді.
Облыс орталығында және бірқатар аудандарда еліміздің басты әскери парады мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасының тікелей трансляциясы ұйымдастырылды.
Әскери қызметшілерге арналған құттықтау сөзінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов барша азаматты мерекемен құттықтап, әр Отан қорғаушысының еңбегінің маңызына айрықша тоқталды:
«Отан қорғаушылар күні – ерлік пен батылдықтың, отаншылдықтың нышаны. Ел тәуелсіздігін күзетіп, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жүрген азаматтарға алғысымыз шексіз. Ақмола облысында әскери қызметшілер мен ардагерлерді қолдауға, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді. Батырларды қадірлеу – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деді өңір басшысы.
Қызмет барысында ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Жиырмадан астам азаматтың еңбегі еленді.
Марапатталғандардың қатарында – Степногорск қаласындағы «Мақсат» колледжінің студенті Иван Мизин де бар. Биыл сәуір айында ол өртке оранған бос ғимараттан екі баланы аман алып шығып, ерлік көрсетті. Бұл әрекеті үшін облыс әкімінің Алғыс хатына және естелік сыйлыққа ие болды.
«Менің орнымда кез келген адам солай істер еді деп ойлаймын. Сол сәтте қорқуға уақыт болмады, басты ойым балаларды аман алып қалу еді. Бір-бірімізге көмектесу – әр азаматтың парызы. Облыс әкімінің алғысын алу мен үшін үлкен мәртебе болды», – деп әсерімен бөлісті Иван Мизин.
Сондай-ақ, өрт сөндіру және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде кәсіби біліктілік пен батылдық танытқан Төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік бағдарлама «Ерлік – елге мұра» атты патриоттық рухтағы театрландырылған концертпен қорытындыланды.
Айта кетейік, бұл күні облыстың барлық ауданында мерекелік шаралар өтті. Көкшетау қаласында жеңіл атлетикалық жарыс ұйымдастырылып, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар ұжымдары Отан қорғаушылар күніне арналған эстафетаға белсенді қатысты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqmola_region
В Акмолинской области прошли мероприятия, посвящённые Дню защитника Отечества и 33-й годовщине образования Вооружённых Сил Республики Казахстан. В этот день чествовали военнослужащих региона, их заслуги и подвиги были отмечены наградами.
В областном центре и в ряде районах была организована прямая трансляция главного военного парада страны и выступления Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева.
С приветственной речью к военнослужащим обратился аким Акмолинской области Марат Ахметжанов. Он поздравил всех с праздником и подчеркнул важность вклада каждого защитника Отечества:
«День защитника Отечества – это символ мужества, доблести и патриотизма. Мы выражаем признательность всем, кто стоит на страже нашей независимости, кто с честью и достоинством несёт службу во имя мира и безопасности граждан. В Акмолинской области вопросам поддержки военнослужащих, ветеранов и военно-патриотического воспитания молодёжи уделяется особое внимание. Уважение к героям – это наша общая ответственность», – отметил Марат Ахметжанов.
Заслуги военнослужащих и представителей силовых структур, проявивших себя на службе, не остались без внимания. Более двадцати человек получили благодарственные письма от акима области.
Среди них — студент колледжа «Максат» из города Степногорска Иван Мизин. В апреле этого года он совершил настоящий подвиг: спас двух детей из горящего заброшенного здания возле городской больницы. При этом сам получил незначительные ожоги. Аким области вручил студенту благодарственное письмо и памятный подарок.
«Думаю, на моём месте каждый бы поступил так же. Больше всего я переживал за маленьких детей и было не до страха. В таких ситуациях важно помогать друг другу. Получить благодарность от акима области большая честь для меня», — поделился Иван Мизин.
Также благодарственными письмами акима области были награждены 8 сотрудников департамента по чрезвычайным ситуациям, проявивших мужество и профессионализм при тушении пожаров и обеспечении безопасности населения
Завершилась программа театрализованным праздничным концертом в духе мужества и патриотизма — «Ерлік – елге мұра».
К слову, в этот день праздничные мероприятия прошли во всех районах области. В Кокшетау состоялся легкоатлетический забег. Коллективы городских организаций и предприятий приняли активное участие в эстафете, посвящённой Дню защитника Отечества.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Aqmola_region
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Aqmola_region
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін арнайы құттықтап, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хат, мерекелік медальдарды және 5 миллион теңге көлеміндегі сертификаттарды табыстады.
Салтанатты кездесу Қосшы қаласында және Бұланды ауданының Макинск қаласында жылы, жайлы атмосферада өтті.
Ардагерлер – Нұрқасым Әжітайұлы мен Иосиф Иванович Коминге Отан алдындағы ерлігі, жанқиярлығы және адал қызметі үшін зор алғыс айтылды.
Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып, жеңімпаз ұрпақтың ерлігін есте сақтау – бүгінгі күннің маңызды парызы екенін атап өтті:
«Сіздердің ерліктеріңіз, өнегелі өміржолдарыңыз, адами қасиеттеріңіз – баршаға үлгі», – деді өңір басшысы.
Өз кезегінде ардагерлер көрсетілген ілтипатпен қамқорлық үшін алғыс білдірді. Жиналған жұртшылықтың қошеметімен 100 жастағы Нұрқасым Әжітайұлы соғыс жылдарындағы әндерді орындап берді.
Нұрқасым Әжітайұлы 1925 жылы 1 қаңтарда Семей облысы, Сарықамыс ауылында дүниеге келген. 1943 жылы майданға аттанған. Ол II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, «1941–1945 жылдардағы соғыс ардагері» төсбелгісімен және өзге де марапаттармен наградталған. Қазіргі таңда Қосшы қаласында отбасымен өмір сүріп жатыр. Биыл ол Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Жеңіс парадының құрметті қонағы болды.
Иосиф Иванович Комин 1927 жылы Беларусь жерінде дүниеге келген. 1944 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, туған еліназат ету жолындағы шайқастарға қатысқан. II дәрежелі Отан соғысы орденімен және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. Қазіргі таңда Макинск қаласында тұрады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM