JAQ.OrtCom.kz
1.25K subscribers
16 photos
25 videos
41 links
@AntiFakeCenterBot арнайы чат-боты — жалған материалдар туралы хабарламаларды қабылдау үшін арналған

Специальный чат-бот @AntiFakeCenterBot для принятия сообщений о недостоверных материалах
Download Telegram
​​📌 Фейкті шынайы ақпараттан қалай ажыратуға болады: фото мен скриншотты тексеру

Ақпараттық кеңістікте жалған фото, бейне және «жаңалықтар» түріндегі бұрмаланған контенттің көбеюіне байланысты шынайы дерекке ұқсайтын, бірақ шындыққа сай келмейтін материалдардың таралуы жиілеп отыр.

Сонымен қатар Clone Detection әдісі арқылы кескін фрагменттері мен астындағы мәтінді талдау қолдан жасалған контентті және оның орындалу техникасын анықтауға мүмкіндік береді.

Мысал ретінде, жақында анонимді аккаунттар арқылы журналистер мен БАҚ редакцияларына жаппай таратылған, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына тиесілі «скриншот» зерделенді.

Арнайы мамандандырылған бағдарламалар арқылы жүргізілген тексеру нәтижесінде жалған мәтіннің ресми ақпараттың үстіне қолмен енгізілгені анықталды.

Бұл суреттегі қызғылт сызықтар бірдей сандық «ізге» (пиксельдік үлгіге) ие бөліктер арасындағы сәйкестікті көрсетеді. А және Б суреттерінің бөліктері арасындағы мұндай сәйкестік бейненің бір бөлігі екіншісінің көшірмесі екенін растайды.

Мұндай жағдайлар, әдетте келесідей жағдайларда кездеседі:

жазуды жасыру үшін фон көшірілгенде;

фонның үстіне жаңа мәтіндік блок енгізілгенде;

логотип, күн немесе фамилия сияқты элементтер өзгертіліп, кейін сол аймақ қолмен толықтырылғанда;

Бұл аймақтар түпнұсқада сәйкес келмеуі керек, алайда алгоритм олардың арасынан сәйкестіктерді анықтады. Бұл бөліктердің көшіру немесе қайталау әдісі арқылы өңделгенін көрсетеді.

Мұндай көрініс әдетте материал қолмен жиналғанда (мысалы, Word, Canva немесе Photoshop бағдарламаларында) және оған веб-сайтының үлгілерінің бөліктері енгізілген кезде пайда болады.

Интерфейстің симметриялық емес бөліктерінде көптеген «clone сызықтардың» болуы өңдеудің айқын ізін көрсетеді. Бұл скриншоттың түпнұсқа емес, қолмен құрастырылған немесе ретуш арқылы жасалғанын дәделдейді.

Фактологиялық сәйкессіздіктермен (грамматикалық қателер, сөйлеу стиліндегі айырмашылықтар) қатар қарастырғанда, бұл суреттің ресми сайттағы материалды пайдалана отырып, жаңалықты имитациялау үшін жасалған жалған материал екендігі анықталады.

Бүгінде мұндай «жаңалықтарды» кез келген адам өз бетімен тексере алады.
Міне, бірнеше сенімді құралдар:

Forensically - қайталанатын бөлімдерді («clone lines») талдауға және іздерді анықтауға арналған құрал;

FotoForensics - қате деңгейін талдау (ELA) арқылы жасырын өзгерістерді анықтайды;

JPEGsnoop - метадеректерді оқиды және сәйкессіздіктерді анықтайды.
Image Edited? – суреттің өңделгенін жылдам анықтайды.
Есте сақтаңыз: егер скриншот күшті эмоция тудырса - ашу, қорқыныш немесе шок, - тоқтап, дереккөзді тексеріңіз.
Манипуляторлар дәл сіздің жедел реакцияңызға сенеді.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы еске салады: Контентке жауапкершілікпен қарау және сандық сақтық - тек «сандық тазалық» мәселесі емес. Бұл сенбестен бұрын ойлау дағдысын қалыптастыратын және қоғамды жалған ақпаратқа төзімді ететін маңызды фактор.
👍72👎2🔥2
​​📌 Как отличить фейк от настоящего: проверяем фото и скриншоты

С ростом поддельных фото, видео и «новостей» всё чаще приходится сталкиваться с контентом, который выглядит правдоподобно — но не имеет ничего общего с реальностью.

В тоже время проверка фрагментов изображений и подложки текста по методике Clone Detection позволяет распознать и подделку, и технику ее исполнения.

В качестве примера нами был «препарирован» «скриншот» официального информационного ресурса Премьер-министра РК, некоторое время назад массово рассылавшийся с анонимных аккаунтов журналистам и редакциям СМИ.

Проверка с помощью специализированных программ показала, что фейковый текст наносился вручную и поверх официальной информации.

Так, розовые линии указывают на распознанные совпадения между участками, у которых одинаковый цифровой «отпечаток» (паттерн пикселей). Такое совпадение между участками изображения А и изображения Б подтвержают, что одна часть изображения является клоном другой.

Обычно такое бывает, когда:

фон копировали, чтобы замазать надпись;

поверх фона вставили новый текстовый блок;

меняли фрагмент логотипа, дату, фамилию и затем «подрисовывали» область.

В оригинале изображения эти зоны не должны совпадать, но алгоритм находит совпадения — значит, участки копировались / дублировались.

Такая картина обычно проявляется, если страница собрана вручную (например, в Word, Canva или Photoshop) и в ней вставлены куски шаблона веб-станицы сайта.

Наличие множества «clone-линий» в несимметричных частях интерфейса — прямое указание на редактирование. Это также подтверждает, что скриншот не оригинальный, а собранный вручную или отретушированный.

В сочетании с фактологическими несостыковками (грамматические ошибки, стиль речи) можно уверенно говорить: изображение — фейковое, созданное для имитации новости с использованием изображения с официального сайта.

Проверить такие «новости» сегодня может каждый.

Вот несколько надёжных инструментов:

Forensically — инструмент для анализа дублированных участков («clone lines») и следов редактирования;

FotoForensics - показывает скрытые изменения через уровень ошибок (ELA);

JPEGsnoop - считывает метаданные и выявляет несоответствия;

Image Edited? — быстро определяет, подвергалось ли изображение изменениям.

Возьмите за правило: если скриншот вызывает сильные эмоции — злость, страх или шок — остановитесь и проверьте источник.

Манипуляторы рассчитывают именно на вашу мгновенную реакцию.

Центр по борьбе с дезинформацией напоминает: ответственное отношение к контенту и цифровая бдительность — это не просто «цифровая гигиена». Это наша привычка думать прежде, чем верить — и сила, которая делает общество устойчивым к обману.
👍72🔥2👎1
‼️ Жаңалықтар агрегаторларында Қазақстанда енгізіледі деген «жауын-шашын салығы» туралы манипуляциялық сипаттағы ақпарат таралуда. Жүргізілген тексеру нәтижесінде мұндай хабарламаларда ұғымдарды бұрмалау фактісі анықталды.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, салықтар – бұл «мемлекет белгілеген және Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, біржақты тәртіппен белгіленетін, бюджетке төленуге міндетті, белгіленген мөлшерде жүзеге асырылатын, қайтарымсыз және өтеусіз сипаттағы ақшалай төлемдер». Материалдарда «Нөсер кәрізі жүйелерін пайдалану қағидалары» шеңберінде заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтер үшін төлемақылар туралы айтылған. Көрсетілетін қызметтердің құнын және көлемін есептеу әдістемесі ел азаматтары үшін ешқандай салық түрін енгізуді көздемейді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі түсіндіргендей, «жауын-шашын және еріген суларды бұруға арналған төлем» тек келесі санаттағы заңды тұлғаларға ғана қолданылады:

• меншігінде нөсер кәрізі жүйесі бар;

• елді мекеннің орталықтандырылған нөсер кәрізі жүйесіне қосылған заңды тұлғалар.

Азаматтар, жеке тұрғын үйлер мен пәтерлердің иелері, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін ешқандай қосымша алымдар немесе салықтар көзделмейді.


Аталған жағдайлар БАҚ, блогерлер және контент-мейкерлер үшін жариялау алдында ақпарат көздері мен тұжырымдарды мұқият тексерудің маңыздылығын айқын көрсетеді. Фактілерді бұрмалау, ұғымдарды қасақана алмастыру және қамтуды арттыру мақсатында айқайлы тақырыптарды пайдалану – ақпараттық кеңістікке деген сенімді төмендетіп, қоғамда жаңсақ пікір қалыптастырады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кәсіби жауапкершілік танытып, манипуляциялық тәсілдерді қолданудан және ресми ақпаратты бұрмалаудан бас тартуы қажет. Бұл – аудиторияны жаңылыстыруға жол бермеудің және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарты.
___________________

‼️
В новостных агрегаторах распространяется манипулятивная информация о якобы вводимом в Казахстане «налоге на дождь». Проверка показала, что в подобных сообщениях произошла подмена понятий.

Согласно
Налоговому кодексу Республики Казахстан, налоги - «законодательно установленные государством в одностороннем порядке обязательные денежные платежи в бюджет, за исключением случаев, предусмотренных Кодексом, производимые в определенных размерах, носящие безвозвратный и безвозмездный характер». В материалах говорится о плате за услуги, предоставляемые юридическим лицам в рамках «Правила пользования системами ливневой канализации». Методика расчёта стоимости и объёмов предоставляемых услуг не вводят никаких налогов для граждан страны.

В частности, Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан разъясняет, что «плата за отведение дождевых и талых вод распространяется исключительно на юридические лица, которые:

• имеют собственные ливневые системы;

• подключены к централизованной системе ливневой канализации населённого пункта.

Для граждан, владельцев частных домов, квартир и физических лиц в целом никаких дополнительных сборов или налогов не предусмотрено.


Подобные случаи демонстрируют, насколько важно для СМИ, блогеров и контент-мейкеров тщательно проверять источники и формулировки перед публикацией. Безответственное обращение с фактами, подмена понятий и использование громких заголовков ради охватов подрывают доверие к информационному пространству и дезориентируют общество. Призываем представителей медиа проявлять профессиональную ответственность, избегать манипуляций и не допускать искажения официальной информации, чтобы не создавать предпосылки по введению аудитории в заблуждение.
👍8🔥3👎2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әзіл атын жамылған мемдер эмоцияларды қалыптастырады, пайымдауды күшейтеді және шындықты қабылдауға әсер етеді. Бір ғана «сәтті» жасалған мем қоғамдық пікірді кез келген жаңалыққа қарағанда тезірек өзгерте алады.

Зиянсыз сурет қалай ақыл-ойды басқару құралына айналады? Әзіл мен манипуляцияның ара жігін қалай ажыратуға болады?

Бұл туралы Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында талқылаймыз: «Күлкілі, бірақ ақиқат емес» - мемдер манипуляция мен жалған мән-мағынаны қалай жасырады?
🔥8👍5👎3👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Под видом юмора мемы формируют эмоции, закрепляют суждения и влияют на восприятие реальности. Один «удачный» мем способен изменить общественное мнение быстрее любой новости.

Как безобидная картинка превращается в средство манипуляции сознанием? Как распознать, когда шутка перестаёт быть просто шуткой?

Об этом новый выпуск Центра по борьбе с дезинформацией «Смешно, но не факт»: как мемы маскируют манипуляции и ложные смыслы.
👍16👎12🔥5👏2
Қазақстанда блогер Mellstroy-ға халықаралық іздеу жарияланды

2025 жылғы 29 қазанда ОКҚ жанындағы Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы стример Андрей Буримнің (Mellstroy деген атпен белгілі) қызметі заңға қайшы екенін ескертті. Оның «челлендждері» – ең алдымен жастар мен осал топтарға арналған вирустық құмар ойындарды жарнамалаудың қауіпті құралы.

Дәл осындай схемалар арқылы адамдарды қауіпті, қорлайтын және заңсыз әрекеттерге итермелейтін #MellstroyGame челленджі таралды.

Биылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Mellstroy-ға халықаралық іздеу жарияланғандығын ресми түрде растады.

Агенттіктің мәліметі бойынша, ол «Mellstroy game» онлайн-казиносының, оның ішінде Қазақстаннан келген пайдаланушыларға бағытталған ауқымды жарнамасын ұйымдастырды деп күдіктелуде. Жарнама TikTok, YouTube және басқа платформалар арқылы жүргізілген. Онда блогер көрермендерді казино, оның логотиптері мен сайтқа сілтемелері туралы бейне түсіруге шақырған.

Сот оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

Қаржылық мониторинг агенттігі Андрей Буримнің орналасқан жері туралы кез келген ақпаратты хабарлауға шақырады:

📞 +7 (7172) 70 84 78

📞 1458 (call-орталық)

Анонимділік пен сыйақыға кепілдік беріледі.


Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы өз тарапынан тағы да еске салады:

- казинолармен, бәс тігумен және күмәнді «ұтыс ойындарымен» байланысты челлендждерге қатыспаңыз;

- мұндай бейнелерді өзгелерге әзіл ретінде де жібермеңіз. Бұл арқылы Сіз тыйым салынған жарнаманың ауқымын кеңейтесіз;

- жасөспірімдер мен жастарға құмар ойындарға тәуелділік пен блогерлердің манипуляциялық схемаларының қаупін түсіндіріңіз;

- тек ойын бизнесі мен лотерея реттеушісінің ресми ақпаратына – ҚР Туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесін мен лотереяны реттеу комитетіне сеніңіз және арандатушылыққа берілмеңіз.
🔥5👏4
Блогер Mellstroy объявлен в международный розыск в Казахстане

29 октября т.г. Центр по борьбе с дезинформацией СЦК уже предупреждал, что деятельность стримера Андрея Бурима (известного как Mellstroy) носит противозаконный характер, а его так называемые «челленджи» — это опасный инструмент вирусной рекламы азартных игр, рассчитанный прежде всего на молодёжь и уязвимые группы. Именно через подобные схемы распространялся челлендж #MellstroyGame, провоцирующий людей на рискованные, унизительные и противоправные действия.

Сегодня, 17 ноября, Агентство по финансовому мониторингу официально подтвердило: Mellstroy объявлен в международный розыск в Казахстане.

По данным АФМ, он подозревается в организации масштабной рекламы онлайн-казино Mellstroy game, ориентированной в том числе на пользователей из Казахстана. Продвижение велось через TikTok, YouTube и другие платформы, где блогер стимулировал аудиторию снимать видео с упоминанием казино, его логотипов и ссылок на сайт.

Суд избрал ему меру пресечения в виде содержания под стражей.

АФМ призывает сообщать любую информацию о нахождении Бурима:

📞 +7 (7172) 70 84 78

📞 1458 (call-центр)

Анонимность и вознаграждение гарантируются.


Центр по борьбе с дезинформацией, со своей стороны, ещё раз напоминает:

- не участвуйте в челленджах, связанных с казино, ставками и сомнительными «розыгрышами»;

- не пересылайте подобные видео даже «в шутку» — так вы расширяете охват запрещённой рекламы;

- объясняйте подросткам и молодёжи риски игорной зависимости и манипулятивных схем блогеров;

- доверяйте только официальной информации регулятора игорного бизнеса и лотереи – Комитета по регулированию игорного бизнеса и лотереи Министерства туризма и спорта РК и не поддавайтесь на провокации.
👍7🔥5👏2👎1
‼️ Желіде Қазақстанда тұмаудың жаңа штамы туралы ақпарат таралуда. Бұл мәлімет бұрмаланған және дүрбелең тудыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, елімізде маусымдық А (H3N2) тұмауының (сондай-ақ, «гонконгтық» штамм ретінде белгілі) зертханалық расталған жағдайлары тіркелген. Аталған вирус жыл сайынғы күз-қыс маусымында айналымда болатын штаммдар қатарына жатады. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова бұл вирустың жаңа емес екенін (алғаш рет 1968 жылы анықталған – Орталық ескерт.) атап өтті. Сонымен бірге, ауру белгілері тұмауға тән клиникалық көрініске сәйкес келеді: дене температурасының күрт жоғарылауы, бас және бұлшықет ауруы, қалтырау мен денедегі сырқырау.

Тұмаудан өзге, елімізде риновирус, парагрипп, аденовирус және бокавирус секілді басқа да вирустар айналымда жүр. Коронавирустық инфекция сирек тіркелуде: эпидемиологиялық маусым басталғалы бері небәрі 84 жағдай расталды (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3 есе аз). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, ағымдағы эпидемиологиялық маусымда А (H1N1), А (H3N2) және В тұмауының үш штаммы өзекті болып есептеледі. Аталған штаммдардың барлығы аурудың ауыр ағымынан қорғайтын тұмауға қарсы вакцинаның құрамына кіреді.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті елімізде вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің ассортименті мен мөлшерінің жеткілікті екенін хабарлайды: Фармацевтикалық субъектілердің, Қазақстан Республикасы Дистрибьюторлар қауымдастығының және Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының мәліметтері бойынша, республика аумағындағы қоймаларда дәрілік препараттардың қоры жеткілікті деңгейде.
__________________________

В сети распространяется информация о якобы новом штамме гриппа в Казахстане. Эти сведения являются искаженными и призваны вызвать панику.

По данным Министерства здравоохранения РК в стране лабораторно подтверждены случаи сезонного гриппа A (H3N2, известного также как «гонконгский»), который ежегодно циркулирует в осенне-зимний период. Главный санитарный врач Сархат Бейсенова подчеркнула, что вирус не новый (впервые выявлен в 1968 году – прим. Центра), а симптомы заболевания соответствуют типичной картине гриппа — резкому повышению температуры, головной и мышечной боли, ознобу и ломоте в теле.

Кроме гриппа, в стране продолжают циркулировать и другие вирусы, включая риновирус, парагрипп, аденовирус и бокавирус. Коронавирусная инфекция регистрируется реже: с начала сезона подтверждено всего 84 случая (меньше в сравнении с аналогичным периодом в 5,3 раза). По прогнозу ВОЗ, в текущем эпидемическом сезоне актуальны три штамма гриппа A (H1N1), A (H3N2) и B. Все они включены в состав противогриппозной вакцины, которая защищает от тяжёлого течения болезни.

Вместе с тем, Комитет медицинского и фармацевтического контроля Минздрава РК сообщает, что в стране имеется достаточный ассортимент и количество противовирусных лекарственных средств. Согласно данным фармацевтических субъектов, Ассоциации дистрибьюторов РК и Ассоциации поддержки и развития фармацевтической деятельности РК, запасы препаратов на складах по республике находятся в достаточном количестве.
👍11🔥5
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі азаматтардың жеке деректерін жинау сылтауымен тұрғын үйлерді аралап жүрген, өздерін ведомство қызметкерлері ретінде таныстыратын белгісіз тұлғаларға қатысты жағдайды тіркеді. Қазіргі уақытта желіде осыған байланысты бейнероликтер мен хабарламалар таралуда.

Министрлік ведомство қызметкерлерінің тұрғын үйлер мен пәтерлерді араламайтынын, олардың жеке бару барысында дербес деректерді жинамайтынын және мұндай әрекеттер үшін өз өкілдерін жібермейтінін мәлімдейді.

«Министрлік өкілдерінің атын жамылып, құжаттарды талап ететін, ақпарат беруді немесе тұрғын үйге кіруді сұрайтын адамдардың ведомствоға қатысы жоқ және олардың алаяқтар болуы ықтимал».


Азаматтарды жеке ақпаратты бөгде тұлғаларға бермеуге шақырамыз. Мұндай жағдайлар туралы полиция органдарына жедел түрде хабарлау қажет.
_____________________________

Министерством просвещения Республики Казахстан зафиксирован случай, когда неизвестные лица представляются сотрудниками ведомства и посещают дома граждан под предлогом сбора персональных данных. В сети уже распространяются соответствующие видеоролики и сообщения.

Министерство заявляет, что сотрудники ведомства не осуществляют обходы жилых домов и квартир, не проводят сбор персональных данных при личных визитах и не направляют своих представителей для подобных действий.

«Лица, которые под видом представителей Министерства требуют предоставить документы, информацию или доступ в жильё, не имеют отношения к ведомству и могут являться мошенниками».


Призываем граждан не передавать персональную информацию посторонним. О подобных ситуациях необходимо незамедлительно сообщать в полицию.
👍12🔥4
Әлеуметтік желілерде және кейбір онлайн-БАҚ-та қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа медициналық көмек көрсетпей, көшеде қалдырып кеткені туралы фейк видео тарап жатыр.

Роликке жүргізілген талдау көрсеткендей, видеодағы адамдар қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері емес:

• Киім үлгісінде ҚР-дағы жедел медициналық көмек бригадалары үшін міндетті болып табылатын мемлекеттік және ведомстволық белгілер жоқ.

• Киімнің түс гаммасы мен үлгісі Қазақстанда қолданылатын бірыңғай стандартқа сәйкес келмейді.

Таратылған видеода авторлар қатысу әсерін күшейтетін және көрерменде жағымсыз эмоциялар тудыратын аудио жолақты мақсатты түрде салған. Мұндай техникаларды қолдану жағдайды бұрмаланған түрде қабылдауды қалыптастыруға және аудиторияға эмоциялық қысымды арттыруға бағытталған манипуляцияның әдістері болып табылады. Бұл роликтің ақпарат беру үшін емес, керісінше негативті күшейту және шұғыл қызметтерді дискредитациялау үшін жасалғанын қосымша растайды.

Бұдан бөлек, роликтегі оқиға 2024 жылдың 11 наурызында Волгоград қаласында болғаны және сол уақытта ресейлік БАҚ-та кеңінен жарияланғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Осылайша, бұрын болған және тергелген істі Қазақстанның жедел жәрдем қызметімен байланыстыру – азаматтарды әдейі жаңылыстыру әрекеті болып табылады.

‼️ Пабликтердің әкімшілері мен ақпараттық ресурстардың авторларын азаматтардың шынайы ақпаратқа қол жеткізу құқығын құрметтеуге, жариялау алдында дереккөздерді тексеруге және мемлекеттік, әлеуметтік және медициналық қызметкерлерді әдейі қаралауға бағытталған материалдарды таратпауға шақырамыз.
_________________________

В социальных сетях и некоторых онлайн-СМИ распространяется фейковое видео, в котором утверждается, что сотрудники казахстанской службы скорой помощи якобы оставили больного на улице без оказания медицинской помощи.

Проведенный анализ ролика показал, что люди на видео не являются сотрудниками казахстанской скорой помощи:

• На форме отсутствуют государственные и ведомственные знаки, которые являются обязательными для всех бригад скорой медицинской помощи в РК.

• Цветовая гамма и фасон одежды не соответствуют унифицированному стандарту, действующему в Казахстане.

В распространяемом видео авторами целенаправленно наложена аудиодорожка, усиливающая эффект присутствия и вызывающая у зрителя негативные эмоции. Использование подобных техник является характерным приёмом манипуляции, направленным на формирование искажённого восприятия ситуации и повышение эмоционального давления на аудиторию. Это дополнительно подтверждает, что ролик создан не для информирования, а для усиления негатива и дискредитации экстренных служб.

Кроме того, установлено, что запечатлённый в ролике инцидент произошёл 11 марта 2024 года в Волгограде и в тот период широко освещался в российских СМИ. По итогам проверки виновные лица были привлечены к ответственности. Таким образом, использование старого и уже расследованного случая для попытки связать его с казахстанскими службами является намеренным введением граждан в заблуждение.

‼️ Призываем администраторов пабликов и авторов информационных ресурсов уважать право граждан на доступ к достоверным сведениям, проверять источники перед публикацией и не допускать распространения материалов, направленных на намеренную дискредитацию государственных, социальных и медицинских работников.
👍21❤‍🔥43🔥1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында жалған эмпатия құбылысы талданды. Бұл – қамқорлық пен жанашырлықты шынайы көмек үшін емес, идеологиялық немесе коммерциялық мүдделерді ілгерілету үшін қолдану.

Манипуляторлар фактілерді эмоциялық триггерлермен алмастырып, адамдардың табиғи жанашырлығын және ынтымақтастық сезімін пайдалану арқылы оқиғаларды қабылдауды бұрмалап, өздеріне қажет нарративтерді қалыптастырады.

Орталық осы эмоциялық тетіктердің қалай іске қосылатынын көрсетіп, қазақстандық медиакеңістіктен мысалдар келтіреді және осындай әдістерді қалай тануға болатынын түсіндіреді. Жанашырлық – адамның маңызды құндылығы, сол себепті оны теріс пайдалану аса қауіпті.
👍14🔥64👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В новом выпуске Центр по борьбе с дезинформацией разбирает феномен фальшивой эмпатии – ситуации, когда внешняя демонстрация заботы и участия используется не для помощи, а для продвижения скрытых коммерческих или идеологических интересов.

Манипуляторы подменяют факты эмоциональными триггерами, используют естественную отзывчивость людей и эксплуатируют чувство солидарности, искажая восприятие событий и формируя нужные нарративы.

Центр показывает, как запускаются эти механизмы, приводит примеры из казахстанского медиаполя и объясняет, по каким признакам можно распознать подобные приёмы. Сочувствие остаётся важной человеческой ценностью, поэтому попытки его эксплуатации особенно вредны.
👍257🔥3❤‍🔥1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа шығарылымда Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы төрт айдағы жұмысын қорытындылап, әдетте кадрдан тыс қалатын жайттарды назарға ұсынады. Біз фейктерді теріске шығару жөніндегі шешімдер қалай қабылданатынын, кейстердің бір бөлігі неліктен ведомстволар мен өңірлер деңгейінде жабылатынын, сондай-ақ біздің негізгі міндетіміз – жалған ақпараттың алдын алу жұмысының мәнін түсіндіреміз. Шығарылымда Орталықтың жұмыс нәтижелерін ұсынып, оның жүйелі қызметі мен алдағы басым бағыттары туралы айтамыз.
👍24🔥54
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В новом выпуске Центр по борьбе с дезинформацией подводит итоги четырёх месяцев работы и показывает то, что обычно остаётся за кадром. Мы рассказали, как принимаются решения по опровержениям, почему часть кейсов закрывается на уровне ведомств и регионов, а также что стоит за профилактикой дезинформации — нашей главной задачей. В выпуске мы делимся результатами, рассказываем о системной работе Центра и о том, что остается нашим главным приоритетом.
25👍11🔥5👏1
‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желілер мен мессенджерлерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдаған «Светлый путь» бағдарламасының іске қосылуы туралы дәйексіз ақпараттың таралуы туралы ескертеді.

Белгісіз біреулер жасаған видеода министрлік азаматтардың «табыс табу» және «әл-ауқатын жақсарту» бағдарламасын қолдағаны айтылады. Әсерді күшейту және сенімді қабылдауды қалыптастыру үшін Қазақстандағы танымал медиа тұлғаларының бет-бейнелері пайдаланылады.

Министрлік азаматтарды «жеке деректеріңізге шабуылдаушылардың қол жеткізу қаупін болдырмау үшін тексерілмеген көздерден келген бейне және аудио хабарламаларға сенбеуге, хабарламаларға жауап бермеуге және жіберілген сілтемелер бойынша өтпеуге» шақырады.


Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады. Жауапкершілікті тек жалған ақпаратты жасаушыларға ғана емес, оны таратушыларға жүктеледі. Дипфейктерді, қорлайтын немесе жала жабатын материалдарды беру заңнаманы бұзуға қатысу ретінде саралануы мүмкін.

Толығырақ - Орталықтың Телеграм-каналында
________________________

‼️ Центр по борьбе с дезинформацией предупреждает о распространении в социальных сетях и мессенджерах недостоверной информация о запуске программы «Светлый путь» якобы одобренной Министерством труда и социальной защиты населения РК.

На сгенерированных неизвестными видео говорится о поддержанной министерством программе по «заработку» и «улучшению благосостояния» граждан. Для усиления эффекта и формирования доверительного восприятия используются лица популярных в Казахстане медийных персон.

Министерство призывает граждан «не доверять видео- и аудиосообщениям из непроверенных источников, не отвечать на сообщения и не переходить по направленным ссылкам во избежание риска предоставления доступа злоумышленникам к вашим личным данным».


Ранее Центр отмечал рост количества поддельного контента, созданного на базе генеративных нейросетей. Подобные материалы всё чаще используются для введения граждан в заблуждение, мошенничества и манипуляций.

Напоминаем: распространение ложной информации преследуется по закону. Ответственность несут не только создатели фейков. Передача дипфейков, оскорбительных или клеветнических материалов может квалифицироваться как соучастие в нарушении законодательства.

Подробнее — в нашем материале
🔥104👍3👎2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа шығарылымда Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы «алғашқы хабарлама әсерін» талдайды. Бұл психологиялық механизм адамның бірінші естіген тұжырымы кейінгі теріске шығару мен нақтылауларға қарағанда әлдеқайда берік есте сақталатынын көрсетеді.

Бұл әсерді манипуляторлар белсенді түрде пайдаланады. Сенсациялық ақпарат тастау арқылы олар тұрақты қорқыныш, сенімсіздік оқиғаларды қабылдаудың бұрмаланған шеңберін қалыптастырады. Ресми түсіндірмелерден кейін де жалған нұсқа чаттар мен әлеуметтік желілерде өмір сүруін жалғастыра береді.

Шығарылымда бұл механизмнің қалай жұмыс істейтіні көрсетіліп, эмоциялардың фейкті санада қалай бекітетіні түсіндіріледі. Сондай-ақ нақты мысалдар арқылы мұндай манипуляциялардан қалай қорғануға болатыны және алғашқы хабарламаның сіздің қабылдауыңызды басқаруына жол бермеу жолдары қарастырылады.
👍8🔥4👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В новом выпуске Центр по борьбе с дезинформацией разбирает «эффект первого сообщения» – психологический механизм, из-за которого первое услышанное утверждение запоминается сильнее, чем последующие опровержения и уточнения.

Этот эффект активно используют манипуляторы. Через сенсационные вбросы они формируют устойчивые страхи, недоверие и искаженные рамки восприятия событий. Даже после официальных разъяснений ложная версия искаженные рамки продолжает жить в чатах и социальных сетях.

В выпуске показывается, как работает этот механизм, объясняется, почему эмоции закрепляют фейк в сознании, и на реальных примерах разбирается, как защититься от подобных манипуляций и не позволить первому сообщению управлять вашим восприятием.
👍12🔥41👎1👏1
‼️ Алматы қаласында ІІМ интернетте мектеп атына қоқан-лоққы сипатындағы хабарлама жариялаған жасөспірімнің жеке басын анықтады. Әлеуметтік желілердегі бұл жазба 10 желтоқсанда тіркеліп, сол күні құқық қорғау органдарына жолданған. Хабарламаның авторы Наурызбай ауданындағы №207 мектептің 8-сынып оқушысы болып шықты. Бұл жерде облыс орталықтарда тараған фейк немесе жалған ақпарат туралы сөз болып отырған жоқ. Алайда мұндай жарияланымдар алдын алу мақсатында арнайы түсіндіруді қажет етеді, өйткені олар қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіріп, заңдық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Жасөспірімдер тарапынан «қалжың» немесе назар аударту әрекеті ретінде қабылданатын мұндай іс-әрекеттер міндетті түрде құқық қорғау органдарының тексеруіне жатады. Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК 127-бабында ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, білім беру, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамауы үшін жауапкершілік белгіленген. Бұл құқық бұзушылық үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл не бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар кәмелетке толмаған тұлға полиция органдарында профилактикалық есепке қойылады, бұл оның кейінгі оқуына, беделіне және болашақ мүмкіндіктеріне теріс әсер етуі ықтимал.

Жасөспірімдер интернетте жарияланатын кез келген қоқан-лоққы немесе зорлық-зомбылыққа меңзейтін материалдардың назардан тыс қалмайтынын және олардың ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін түсінуі маңызды. Ал ата-аналар балалардың онлайн-белсенділігіне ерекше көңіл бөліп, интернеттің де қауіп-қатері жоғары орта екенін түсіндіруге, сондай-ақ цифрлық кеңістікте рұқсат етілетін мінез-құлық шекараларын жасөспірімдермен үнемі талқылап отыруға тиіс.

‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы барлық пайдаланушыларды желідегі жарияланымдарға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Тіпті ең зиянсыз көрінетін ойланбай жасалған «әзілдің» өзі тым қымбатқа түсіп, тек автордың өзіне ғана емес, айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне де әсер етуі мүмкін.
👍5🔥3👏1
‼️ В Алматы МВД установлена личность подростка, разместившего в интернете сообщение с угрозами в адрес школы. Публикация в социальных сетях зафиксирована 10 декабря и тогда же передана в правоохранительные органы. Автором оказался ученик 8-го класса школы №207 Наурызбайского района. В данном случае речь не идёт о фейке или дезинформации, распространявшейся в областных центрах. Однако подобные публикации требуют отдельного разъяснения в профилактических целях, поскольку несут прямые риски для безопасности и влекут правовые последствия.

Воспринимаемые подростками как «шутка» или попытка привлечь внимание, подобные деяния подлежат обязательной проверке правоохранительными органами. Законодательство Республики Казахстан предусматривает административную ответственность. В частности, статья 127 КоАП РК устанавливает ответственность за неисполнение родителями или иными законными представителями обязанностей по воспитанию, образованию, защите прав и интересов несовершеннолетних, а также по обеспечению их безопасности. Нарушение влечёт штраф в размере 10 МРП, а при повторном совершении в течение одного года — штраф в размере 15 МРП либо административный арест сроком до пяти суток. Кроме того, несовершеннолетний ставится на профилактический учёт в органах полиции, что может негативно отразиться на его дальнейшей учебе, репутации и перспективах.

Подросткам важно понимать, что любые публикации в интернете с угрозами или намёками на насилие не остаются без внимания и могут повлечь серьёзные последствия. Родителям, в свою очередь, необходимо внимательно относиться к онлайн-активности детей, разъяснять, что интернет в том числе является зоной повышенного риска, регулярно обсуждать с подростками границы допустимого поведения в цифровой среде.

‼️ Центр по борьбе с дезинформацией призывает всех пользователей ответственно относиться к публикациям в сети. Цена даже самой безобидной необдуманной «шутки» может оказаться слишком высокой и затронуть не только самого автора, но и безопасность окружающих.
👍10🔥42
Channel name was changed to «JAQ.OrtCom.kz»
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Жаңа шығарылымда Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы соңғы айларда ең көп резонанс тудырған тақырыптардың бірі – мобильді аударымдар және оларға қатысты әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде белсенді таралып жатқан алаңдаушылықтар мен қорқыныштарды жан-жақты талдайды.

«Жалпы қаржылық бақылау», «әрбір аударымға салық салынады», «жеке кәсіпкер ретінде мәжбүрлі тіркеу» секілді пікірлер заңнамаға сүйенбей, эмоциялық түрде ұсынылып, шын мәнінде жоқ қауіптің бардай әсерін қалыптастырады. Жекелеген нормалар контекстен жұлынып алынған. Нақты деректердің орнына жорамал берілген.

Шығарылым барысында біз осы тақырып төңірегінде кең тараған фейктерді жүйелі түрде талдап, жеке аударымдар мен кәсіпкерлік қызметтің ара-жігінде қандай операциялар шын мәнінде бақылауға алынатынын түсіндіреміз.
👍8🔥52