JAQ.OrtCom.kz
1.32K subscribers
16 photos
33 videos
6 files
72 links
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының (JAQ) ресми арнасы

Официальный канал Центра по борьбе с дезинформацией СЦК при Президенте Республики Казахстан

@AntiFakeCenterBot
Download Telegram
📌 25 қыркүйекте әлеуметтік желілердегі анонимді пайдаланушылардың аккаунттарында әскери қызметшілер арасындағы дөрекі қатынастарды бейнелейтін бейнероликтің таралуы тіркелді.

Дереккөздерді зерделеу барысында бейнежазбаның Қазақстанға қатысы жоқ екендігі анықталды. Ол – «Қырғызфильм» киностудиясының «Баткен» көркем фильмінен алынған үзінді. Қолданушыларды шатастыру мақсатында материал авторлары бейнежазбаға қазақ тілінде дыбысты қоса салған. Бұл аудиторияны шатастырып, жалған ассоциациялар туғызуы мүмкін.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлайды: материалдарды қасақана бұрмалау және жариялау құқықтық жауапкершілікке әкеп соқтыруы мүмкін. Жекелеген жағдайларда заңнамаға қайшы мазмұнды әдейі тарату (қайта жариялау) да құқық бұзушылық болып саналуы ықтимал.

‼️ Азаматтарды интернет желісінен алынған контентке мұқият қарауға, әрдайым ақпараттың дереккөзін тексеруге шақырамыз.
👍71
📌 25 сентября на аккаунтах анонимных пользователей социальных сетей зафиксировано распространение ролика с демонстрацией неуставных отношений среди военнослужащих.

Изучение источников позволило установить, что видео не связано с Казахстаном. Это фрагмент художественного фильма «Баткен» киностудии «Кыргызфильм». Для введения пользователей в заблуждение злоумышленники наложили аудиодорожку на казахском языке, что могло вызвать у аудитории ложные ассоциации.

Центр по борьбе с дезинформацией подчёркивает: намеренное искажение и публикация материалов могут повлечь правовую ответственность. В отдельных случаях, нарушением законодательства может считаться и умышленное распространение (репост) противоправного контента.

‼️Призываем граждан быть внимательными к получаемому и пересылаемому контенту и всегда проверять источники получаемой информации.
👍12🔥31
Интернеттің қазақстандық сегментінде "инфосығандық" феномені танымал болып келеді. Білім беру курстары мен сәттіліктің жеңіл рецептері деген атпен жалған сарапшылар азаматтарға тез ақша мен "бақуаттты жаңа өмір" ұсынады. Шындығына келгенде, бұл - манипуляциялар, бос уәделер және көбінесе тікелей алдау.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мұндай схемалардың қалай жұмыс істейтінін, олардың азаматтарға қандай қауіп төндіретінін және пайдаланушылардың олардың манипуляцияларына қалай қарсы тұру керектігін көрсетеді.
_____________________

В казахстанском сегменте интернета продолжает пользоваться популярностью феномен «инфоцыганства». Под видом образовательных курсов и лёгких рецептов успеха псевдо-эксперты предлагают гражданам быстрые деньги и «новую жизнь». На деле же — это манипуляции, пустые обещания и нередко прямой обман.

Центр по борьбе с дезинформацией показывает, как работают такие схемы, какие риски они несут доверчивым гражданам и как пользователям противостоять их манипуляциям.
👍121🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы қазақстандық БАҚ-пен әріптестікті кеңейтуде.
__________

Центр по борьбе с дезинформацией расширяет партнерство с казахстанскими СМИ.

AstanaTV
👍8👏3
Орталық Абай облысы Полиция департаментінің тыныштық режиміне қатысты хабарламасының бұрмаланғанын анықтады.

Instagram-да бірқатар пабликтер «Балалардың жылауы, айқайы және түнгі уақытта жүгіруі – заң бұзушылық болып саналады және ол үшін айыппұл салынады!» деген сарындағы жалған ақпарат таратуда.

Тыныштықты бұзу туралы заң азаматтардың қалыпты тынығуына кедергі келтіретін шулы әрекеттерге қатысты. Бұған сағат 22:00-ден 09:00-ге дейінгі уақытта жасалатын жөндеу және өзге де шулы жұмыстар жатады.

Полиция тексеру жүргізу үшін әрқашан басқа жеке немесе заңды тұлғаның өтініші негіз болып табылады. Әрбір жағдай жеке қаралады және құқықбұзушылықтың объективті және субъективті жағын анықтауды талап етеді.

Ресми түсініктеме: сәбидің жылауы әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болып табылмайды

«Түнгі шудың бір ғана жағдайы ата-аналарға материалдық салдарға әкелуі мүмкін» деген тұжырымдар жалған ақпартқа тарату белгілерін қамтиды. Мұндай жалған ақпаратты таратушылар Заң аясында жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
👍41🔥1
Центр фиксирует манипулятивные искажения сообщения Департамента полиции по области Абай о режиме тишины.

Ряд пабликов в Instagram ложно утверждают: «Плач детей, крики и бег в ночное время являются нарушением закона, за которое грозит штраф!»

Закон о нарушении тишины касается шумных действий, которые препятствуют нормальному отдыху граждан. Сюда относятся ремонтные и другие работы, сопровождаемые шумом, в период с 22:00 до 09:00.

Поводом для проверки полицией всегда является заявление от другого физического или юридического лица. Каждый случай индивидуален и требует установления объективной и субъективной стороны правонарушения.

Официальное опровержение: плач младенцев не является основанием для привлечения к административной ответственности.

Формулировки о том, что "даже единичный случай ночного шума может обернуться материальными последствиями для родителей" содержит признаки распространения дезинформации. Распространители таких фейков могут быть привлечены к ответственности в рамках Закона.
👍9🔥4
​​📌 Интернеттің қазақстандық сегментіндегі әлеуметтік желілерде мектеп оқушысының сыныптасын ұрып-соғу әрекетін жасап жатқан видеосы таралуда. Жазба авторы желі аудиториясын автоматты түрде шатастырып, «Бұл Қазақстанның қай мектебінде болған жағдай?,- деп әдейі сұрақ қойып, деструктивті дискурсқа тарту арқылы жалған ақпарат таратқан.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Түпнұсқаны зерделеу нәтижелері бірнеше мән-жайларды анықтады:

• видеода мектеп қабырғасына ілулі тұрған Қырғыз Республикасының мемлекеттік елтаңбасы анық көрініп тұр;

• Қырғыз Республикасының БАҚ жасаған мониторинг нәтижесінде, оқиға 24 қыркүйек күні Қырғыз Республикасы Қаракол қаласы №2 мектепте орын алғаны нақтыланды. Бұл туралы орталыққа ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеді.

Осылайша, жазба әдейі манипуляция және «күн тәртібін трансфер» әдісін қолдану болып отыр. Елдің сыртында болып жатқан жағымсыз оқиғалар жергілікті контекстке мақсатты түрде таратылған. Ол:

• мемлекеттік органдарға және білім беру жүйесіне деген сенімді бұзу;

• қоғам ішінде жалған дағдарыс сезімін қалыптастыру;

• ата-аналар мен азаматтар арасында алаңдаушылық пен сенімсіздікті күшейту.

‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпараттық сауаттылықты сақтауға, мұқият болуға шақырады.

• қандай да осы тектес видеоларды таратпас бұрын, оның шынайылығына көз жеткізіңіз, тексеріңіз.

• ресми ақпарат көздерін қолданыңыз;

• қаскөйлердің құралына айналмаңыз.
👍7
📌 В социальных сетях казахстанского сегмента Интернет распространяется видео, на котором школьник наносит побои своей однокласснице. Авторы под публикацией намеренно задают вопрос «в какой из школ Казахстана произошел инцидент?», что автоматически дезинформирует аудиторию, путем вовлечения в деструктивный дискурс.

Центр по борьбе с дезинформацией сообщает: данная информация не соответствует действительности.

Изучение источников позволило выявить ряд признаков:

• на видео отчётливо виден государственный герб Кыргызской Республики, размещённый над школьной доской;

• мониторинг кыргызстанских пабликов и СМИ подтвердил, что инцидент действительно имел место, однако он произошёл 24 сентября т.г. в школе №2 города Каракол, Кыргызстан. Об этом Центру так же подтвердили в Комитете по охране прав детей Министерства просвещения Республики Казахстан.

Таким образом, речь идёт о намеренной манипуляции и применении так называемого приёма «трансфер повестки», когда негативные события, происходящие за пределами страны, транслируются в локальный контекст с целью:

• подрыва доверия к государственным органам и системе образования;

• создания ложного ощущения кризиса внутри общества;

• усиления тревожности и раздражения среди родителей и граждан.

‼️ Центр по борьбе с дезинформацией призывает сохранять бдительность и информационную гигиену:

• проверяйте источники, прежде чем доверять или распространять подобные видео;

• используйте официальные каналы информации;

• не становитесь инструментом в руках злоумышленников.
🔥82👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎬 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында жасанды «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясы талданады. Нақтырақ айтқанда әлеуметтік желілерді лезде қамтып, қоғамда алаңдаушылық тудырып, адамдардың мінез-құлқына ықпал ететін жарияланымдардың күрт артуы жайлы. Мұндай толқындар өздігінен пайда болмайды: олардың артында тұтас технологиялар тұр - боттар желісі, тапсырыс берілген пікірлер, нысаналы жарнама мен синхронды ақпараттық вбростар. Мақсат – қоғамды алаңдаушылыққа батырып, жаппай наразылықтың жалған иллюзиясын қалыптастыру.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы сізге шынайы мәселені қолдан жасалған ақпараттық себептен ажыратуға көмектеседі. Өзіңізді адастыруға жол бермеңіз және бұл мәліметпен жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.
👍6👏32
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎬 Центр по борьбе с дезинформацией в новом выпуске разбирает технологию создания искусственных «информационных волн» — резкие всплески публикаций, которые моментально охватывают социальные сети, вызывают тревогу и воздействуют на поведение людей. Они не возникают сами по себе: за ними стоят целые технологии — от сетей ботов и заказных комментариев до таргетированной рекламы и синхронных вбросов. Цель – погрузить общество в тревогу и сформировать иллюзию массового недовольства.

Центр по борьбе с дезинформацией помогает вам отличать реальную проблему от искусственно раздутого повода. Не дайте ввести себя в заблуждение и обязательно поделитесь видео с близкими.
👍7🔥7👏4❤‍🔥2
‼️ Дипфейк ‼️: Қазақстан шенеуніктерінің атынан «Қазақстанның Орск қаласына жасалған шабуылға қатысы бар» деген жалған мәлімдемелер тарауда

3 қазан күні ақпараттық кеңістікте Қазақстанның Сыртқы істер және Қорғаныс министрлерінің бет әлпетіне ұқсас бейнелер қолданылған дипфейктер тарады. Онда олар «Қазақстанда өндірілген дронның Ресейдің Орск қаласындағы мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасағанын растап» және «болған оқиға үшін жауапкершілікті өз мойындарына алатынын» айтқандай көрсетілген.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының талдауы көрсеткендей, бұл материалдар мен мәлімдемелер — генеративті жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалған классикалық жалған ақпарат (фейк) үлгісі болып табылады.

Не анықталды:

Ресей Федерациясының ресми дереккөздері (аймақтық билік, ТЖМ, РФ Қорғаныс министрлігі) 3 қазан таңертең Орынбор облысындағы нысандарға дрондармен шабуыл жасау әрекеті туралы ғана хабарлаған. Олардың жарияланымдарында Қазақстан туралы ешқандай ақпарат айтылмаған.

Украина дереккөздері де соққы берген дрондар Украинаның «А» арнайы операциялар орталығы тарапынан ұшырылғанын, бұл оқиғаның Қазақстан аумағына қатысы жоқ екенін көрсеткен.

Қазақстанның бірде-бір ресми органы — Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі де — болған жағдайға қандай да бір қатысы бар екені жөнінде мәлімдеме жасаған жоқ.

Таралған бейнематериалдар мемлекеттік органдардың ресми ресурстарында жарияланбаған және қолдан жасалған белгілерге ие.

Дипфейктің техникалық белгілері:

• Бет мимикасы мен сөйлеу артикуляциясының дауыспен сәйкес келмеуі — беттің «қатып қалуы», басты бұрғанда табиғи емес көлеңкелердің пайда болуы.

• Дыбыс құрылымының бұрмалануы (бөлме ішіндегі табиғи шуылдардың болмауы, синтетикалық дауысқа тән аудиосигналдың сығылуы).

• Баяулатып қарағанда ерін қимылы мен сөйлеудің синхронды бұзылуы байқалады.

• Telegram және X (Twitter) платформаларында тараған бейнефайлдардың метадеректерінде бастапқы түсірілім белгілері жоқ — құрылғы моделі мен жазылу уақыты көрсетілмеген.

Таратушылардың ықтимал мақсаттары:

• Қазақстан мен Ресейдегі қоғамдық пікірді тұрақсыздандыру.

• Қазақстанның қарулы қақтығысқа тартылғаны жөнінде жалған әсер қалыптастыру.

• Ресми ұстанымдар мен дипломатиялық арналарға деген сенімді әлсірету.

Ресми ұстаным:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің бұл бейнематериалдарға ешқандай қатысы жоқ.

Барлық ресми мәлімдемелер тек ресми дереккөздерде — министрліктердің сайттарында және олардың верификацияланған аккаунттарында жарияланады.


Таратылған бейнероликтер — жалған ақпараттық провокация және дипфейк технологияларын пайдалану арқылы жасалған жалған нарративтерді тарату мысалы болып табылады.

Азаматтардан ақпарат көздерін тексеруді, бейне мен дыбыс сапасындағы бұрмалануларға назар аударуды және расталмаған материалдарды таратпауын сұраймыз.
👍52🔥2👏2
‼️ Дипфейк ‼️: от имени казахстанских чиновников распространяются ложные заявления о «причастности Казахстана к атаке на Орск»

3 октября в информационном пространстве появились видеозаписи, на которых лица, внешне схожие с министром иностранных дел Казахстана и представителями Министерства обороны, якобы подтверждают факт атаки беспилотника казахстанского производства на нефтеперерабатывающий завод в Орске (РФ) и «принимают ответственность» за случившееся.

Анализ Центра по борьбе с дезинформацией показал, что данные материалы являются классическим примером дипфейков — поддельных видеороликов, созданных с использованием технологий генеративного искусственного интеллекта.

Что установлено:

Официальные источники Российской Федерации (региональные власти, МЧС, Минобороны РФ) сообщали лишь о попытке атаки беспилотников по объектам в Оренбургской области утром 3 октября. В их публикациях Казахстан не упоминается.

Украинские ресурсы также указывали, что ударные БПЛА были запущены ЦСО «А» Украины, не связывая инцидент с территорией Казахстана.

Ни одно официальное ведомство Казахстана — ни МИД, ни Минобороны — не делало заявлений о какой-либо причастности к произошедшему.

Все появившиеся видео не размещались на официальных ресурсах госорганов и имеют признаки фальсификации.

Технические признаки дипфейка:

• Несовпадение мимики и артикуляции с голосом — характерное «залипание» лица и неестественные тени при повороте головы.

• Искажённая структура звука (отсутствие естественных шумов помещения, сжатие аудиосигнала, типичное для синтетического голоса).

• Нарушение синхронизации между губами и речью при просмотре в замедленном режиме.

• Метаданные видеофайлов, распространяемых в Telegram и X (Twitter), не содержат признаков исходной съёмки — отсутствуют данные о модели устройства и времени записи.

Возможные цели распространителей:

• Дестабилизировать общественное мнение в Казахстане и России.

• Создать ложное впечатление о вовлеченности Казахстана в вооружённый конфликт.

• Подорвать доверие к официальным позициям и дипломатическим каналам.

Официальная позиция:

Министерство иностранных дел и Министерство обороны Республики Казахстан не имеют отношения к данным видеозаписям.

Все официальные заявления размещаются только на проверенных источниках — сайтах ведомств и их верифицированных аккаунтах.


Распространённые видеоролики являются информационной провокацией и примером использования технологий дипфейков для вброса ложных нарративов.

Просим граждан проверять источники информации, обращать внимание на визуальные и аудиоискажения и не распространять неподтверждённые материалы.
👍9👏43🔥1
📌 Соңғы апталарда әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде «жеке тұлғалар шетел валютасын сатып алу кезінде оның мақсатын міндетті түрде көрсетуге тиіс» болады деген мазмұндағы мәлімдемелер белсенді түрде таралып жатқандығын Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы тіркеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі түсіндіреді:

«Аталған тәртіп тек сыртқы экономикалық міндеттемелер шеңберінде валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент-заңды тұлғаларға ғана қатысты. Жеке тұлғалар шетел валютасын сатып алу кезінде оның мақсатын растаусыз және кері сату міндеттемесінсіз еркін айырбастай алады.

Жаңа заңмен көзделген өзгерістер валюталық нарықтың ашықтығын арттыруға, оның қатысушыларын қорғауға бағытталған және қаржы секторының қазіргі жағдайын ескереді. Бұл өзгерістер азаматтардың құқықтарын шектемейді».


Аталған тәртіп Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды жүргізу қағидаларымен белгіленген.

Бұл қағидалар валюталық нарықтың тұрақтылығына теріс әсер ететін және экономиканың долларлануына ықпал ететін алыпсатарлық операциялардың алдын алуға бағытталған.

⚠️ Блогерлер мен инфлюенсерлерге, қандай ма ақпаратты жариялар алдында ақпараттың шынайылығын көз жеткізіп, тексеру ұсынылады. Жалған ақпаратты таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
__________________________

📌
Центром по борьбе с дезинформацией в течении последних недель в социальных сетях и мессенджерах фиксируется активное распространение утверждений о том, что физические лица якобы будут обязаны подтверждать цель приобретения иностранной валюты.

Национальный банк Республики Казахстан разъясняет:

«Описанный порядок касается исключительно юридических лиц-резидентов, совершающих валютные операции в рамках внешнеэкономических обязательств. Физические лица могут свободно покупать иностранную валюту без подтверждения цели и без обязательства по обратной продаже.

Изменения, предусмотренные новым законом, направлены на повышение прозрачности рынка, защиту его участников и отражают текущие реалии финансового сектора. Они не ограничивают права граждан».


Порядок установлен Правилами осуществления валютных операций в Республике Казахстан. Он направлен на предотвращение спекулятивных операций, снижающих стабильность валютного рынка и способствующих долларизации экономики.

⚠️ Блогерам и инфлюенсерам настоятельно рекомендуется перепроверять достоверность информации перед публикацией. Распространение заведомо ложных сведений может повлечь ответственность в соответствии с действующим законодательством.
👍10🔥3👏2
📌 Әлеуметтік желілерде «Қазақстан мектептеріне қарулы шабуыл жасауға дайындық жүргізіліп жатыр» деген сипаттағы хабарламаларды жариялап жүрген беймәлім тұлғалар атынан таратылатын анонимді каналдар тобының белсенділігі анықталып, тіркелді.

ҚР ІІМ тарапынан аталған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат ретінде ресми түрде теріске шығарылды.

Аталған жалған хабар тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.


Ұқсас мазмұндағы хабарламалар 2024 жылы Қазақстан аумағында да тіркеліп, мессенджер платформаларының әкімшілігі тарапынан шұғыл түрде жойылған болатын.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының сараптамалық бағалауына сәйкес, жалған террористік ақпарат таратушылар халық арасында қорқыныш пен үрей туғызуға, мемлекеттік институттарға деген сенімді әлсіретуге, қоғам мен арнайы қызметтердің жалған қауіптерге қалай әрекет ететінін тексеруге тырысады. Бұл – кейінгі фейктер мен алып-қашпа әңгімелердің таралуына негіз қалыптастыру әрекеті.

‼️ Азаматтарды сабыр сақтауға, тек ресми ақпаратқа сенуге және арандатуға ермеуге шақырамыз. Егер осы тектес күмәнді хабарламалар немесе жазбалар алсаңыз - дереу құқық қорғау органдарына немесе басқа да құзыретті мекемелерге хабарлауыңызды сұраймыз.

_______________________________

В социальных сетях фиксируется активность группы анонимных каналов, которыми публикуются сообщения якобы от неизвестных лиц, заявляющих о подготовке противоправных действий, включая вооружённые нападения на школы Казахстана.

Органами внутренних дел данные вбросы опровергнуты как не соответствующие действительности.

По факту заведомо ложного сообщения об угрозах начато досудебное расследование, проводятся все необходимые следственные мероприятия.


Аналогичные сообщения фиксировались в Казахстане в 2024 году и были оперативно удалены администрацией мессенджеров.

По оценке Центра по борьбе с дезинформацией, лжетеррористы пытаются посеять страх и панику и проверить, как общество и спецслужбы реагируют на мнимые угрозы, зондируя почву для дальнейших фейков и слухов.

‼️ Призываем граждан сохранять спокойствие и не поддаваться панике. При получении подозрительных сообщений или публикаций о якобы готовящихся актах насилия — незамедлительно сообщайте в полицию или другие компетентные органы.
👍10🔥3👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Күн сайын мыңдаған қазақстандықтар қалалық Instagram парақшаларынан «жаңалықтарды» оқиды. Алайда олардың кімнің тарапынан және қандай мақсатта жарияланатынына мән бере бермейді. Көбіне айғайлы тақырыптар мен жағымсыз оқиғалар тізбегінің артында шынайы ақпарат беру ниеті емес, керісінше эмоция тудыру, назарды ұстап қалу және жарнаманы қымбатырақ сату есебі тұруы мүмкін.

«Жанжал экономикасы» қалай жұмыс істейді және неліктен қалалық паблик – бұл БАҚ емес, оның көшірмесі? Осы және өзге де маңызды сұрақтардың жауабын Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында айтамыз.
👍11🔥54👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Каждый день тысячи казахстанцев читают «новости» из городских Instagram-пабликов, не задумываясь, кто и зачем их создаёт. За громкими заголовками и хроникой негатива часто стоит не желание информировать, а холодный расчёт — вызвать эмоцию, удержать внимание и продать рекламу подороже.

Как работает «экономика скандала» и почему городской паблик — не СМИ, а его симулякр? Смотрите новый выпуск Центра по борьбе с дезинформацией.
👍143🔥3👎1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік желілердегі пікірлерге кім және қандай мақсатпен ықпал етеді?

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының сарапшылары жүздеген жарияланым астындағы белсенділікті талдай келе, өздерін «қарапайым қолданушы» ретінде көрсететін тролльдердің тұтас желісін анықтады. Олардың мақсаты - қоғамдық пікірге ықпал ету, жанжал туғызу және сенімді бұзу.

Бұл тетіктер қалай жұмыс істейді және не себепті бір ғана пікір мыңдаған адамның көзқарасына әсер етуі мүмкін? Тролльдер туралы толығырақ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында айтамыз.
🔥86👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кто и зачем управляет комментариями в соцсетях?

Эксперты Центра по борьбе с дезинформацией проанализировали активность под сотнями публикаций и обнаружили целые сети троллей, которые под видом «обычных пользователей» формируют общественное настроение, провоцируют споры и подрывают доверие.

Как работают эти схемы и почему один комментарий может изменить восприятие тысячи людей — смотрите в новом выпуске Центра по борьбе с дезинформацией.
🔥8👍7👏2👎1
⚡️ 2025 жылғы 20 қазанда Қазақстанның кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы газсыз қалуы мүмкін деген ақпарат жарияланды.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы аталған ақпаратты жоққа шығарып, ел азаматтарын тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.


Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жағдайға байланысты ресми түсініктеме берді: Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта еліміздің барлық газдандырылған өңірлерінде, соның ішінде елорда мен Солтүстік Қазақстан облысында газбен қамту толық көлемде және ешбір шектеусіз жүзеге асырылып жатыр.

Министрліктің хабарлауынша, газ жеткізудің тұрақтылығы алдын ала қарастырылған резервтік тетіктер арқылы қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, импорттық келісімшарттар аясында газдың жетіспейтін көлемдері жедел түрде толықтырылып отырады. Сондықтан ішкі нарықта, соның ішінде елордалық жылу электр орталықтарында газ тапшылығы тіркелмеген және болашақта да күтілмейді.

‼️ Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз.
____________________

⚡️ 20 октября в некоторых казахстанских СМИ опубликована информация о том, что Астана и Северо-Казахстанская область якобы могут остаться без газа.

Центр по борьбе с дезинформацией сообщает: данные сведения не соответствуют действительности.


Министерство энергетики Республики Казахстан разъясняет, что газоснабжение всех газифицированных регионов, включая столицу и Северо-Казахстанскую область, осуществляется в полном объёме и без ограничений. Стабильность поставок обеспечивается за счёт заранее предусмотренных резервных механизмов.

Все недополученные объемы оперативно замещаются в рамках действующего контракта на импорт газа. Таким образом, никакого дефицита для внутренних потребителей, включая столичные ТЭЦ, нет и не прогнозируется.

‼️ Призываем граждан доверять только официальным источникам и не распространять неподтвержденные сведения.
👍7🔥43👎1👏1
‼️ Sora 2 нейрожелісінің қарапайым мәтіндік сұраныс негізінде шынайы бейнесахналар жасай алатын жаңартылған нұсқасы шыққаннан кейін, қазақстандық интернет сегментінде заңға қарсы контенттің көлемі бірнеше есе артты. Аноним интернет пайдаланушылар белгілі саяси тұлғалардың, мәдениет және мемлекеттік қызметкерлердің жалған бейнесі бар бейнероликтерін жаппай жариялауда. Бұл видеоларда аталған адамдарға іс жүзінде болмаған сөздер мен әрекеттерді тіркеп көрсетеді.

Sora нейрожелісінің су таңбасы бар болғанына қарамастан, көптеген интернет пайдаланушылар бұл видеоларды шынайы деп қабылдап, оларды әрі қарай таратуда. Осы арқылы олар жалған ақпараттың таралуына себепші болып отыр. Мұндай әрекеттерде, адамның жаман ниеті болмаса да, құқықтық салдары болуы мүмкін.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы еске салады: құқыққа қайшы контент үшін жауапкершілік тек оны жасаушыларға ғана емес, сондай-ақ таратушыларға да жүктеледі. Жалған ақпаратты, қорлау немесе жала жабу сипатындағы видеоларды таратудың өзі заң бұзушылыққа қатысы бар әрекет ретінде қарастырылуы мүмкін.

Атап айтқанда, мұндай материалдарды жасау және тарату барысында келесі заң нормалары бұзылуы мүмкін:

• Жеке деректер және оларды қорғау туралы» заң - адамның келісімінсіз оның бейнесін пайдалану.

• Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі - жала жабу, көрінеу жалған ақпарат тарату, әлеуметтік, ұлттық немесе өзге де араздықты қоздыру, жеке өмірге қолсұғылмаушылық, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу баптары.

• Азаматтық кодекс - азаматтардың абыройы мен қадір-қасиеті және іскерлік беделін қорғайтын нормалар.

Мұндай материалдарды жасау және тарату тек цифрлық ойын-сауықтың элементі ғана емес, сонымен қатар заңды бұзу ықтималдығын тудыратын әрекет болып табылады. Ол үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

Интернет пайдаланушыларды нейрожелілер мен контент жасауда жауапкершілік танытуға шақырамыз. Назар аударыңыздар және сыншыл болыңыздар: күшті эмоция тудыратын видеоларға оңай сенбей, ақпараттың шынайылығын тексеріңіздер. Дипфейк технологиясымен жасалатын манипуляцияларға түсіп қалмаңыздар!
🔥6👍4
‼️ После выхода обновлённой версии нейросети Sora 2, способной создавать реалистичные видеосцены по простому текстовому запросу, в казахстанском сегменте Интернета многократно увеличилось количество противоправного контента. Анонимные пользователи массово публикуют видеоролики с поддельным изображением известных политиков, деятелей культуры и госслужащих, где им приписываются слова и действия, которых не было.

Несмотря на наличие водяного знака нейросети Sora на подобных видео, многие пользователи воспринимают их как реальные и продолжают пересылать, тем самым участвуя в распространении ложной информации. Такие действия, даже при отсутствии злого умысла, могут иметь юридические последствия.

Центр по борьбе с дезинформацией напоминает: ответственность несут не только создатели, но и распространители противоправного контента. Пересылка дипфейков, оскорбительных или клеветнических видео, может квалифицироваться как соучастие в нарушении закона.

В частности, при создании и распространении подобных материалов могут нарушаться:

• Закон «О персональных данных и их защите» - использование изображения человека без его согласия;

• Уголовный кодекс Республики Казахстан — статьи о клевете, распространении заведомо ложной информации, разжигании социальной, национальной или иной розни, вмешательстве в частную жизнь, нарушении авторских и смежных прав;

• Гражданский кодекс - нормы, защищающие честь, достоинство и деловую репутацию граждан.

Создание и пересылка подобных материалов — это не просто элемент цифрового развлечения, а потенциальное нарушение закона, за которое может наступить административная или уголовная ответственность.

Призываем пользователей ответственно подходить к использованию нейросетей и созданию контента. Будьте внимательны и критичны: не доверяйте роликам, вызывающим сильные эмоции, проверяйте источники и не становитесь частью манипуляций с использованием технологий дипфейков.
🔥5👍3👏2