JAQ.OrtCom.kz
1.31K subscribers
16 photos
33 videos
6 files
70 links
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының (JAQ) ресми арнасы

Официальный канал Центра по борьбе с дезинформацией СЦК при Президенте Республики Казахстан

@AntiFakeCenterBot
Download Telegram
Channel created
Channel photo updated
ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды

Жаңа құрылым азаматтардың сенімді ақпарат алу құқығын қамтамасыз етудегі маңызды элемент болады.

Орталықтың негізгі міндеттері:
• жалған ақпаратты анықтау және оны жоққа шығару;
• азаматтарды маңызды тақырыптар бойынша объективті, тексерілген деректермен қамтамасыз ету;
• ақпаратты жауапкершілікпен тұтыну мәдениетін дамыту.

Ақпараттық қанықтыру жағдайында фактілерді қасақана бұрмалаудан ажырату өте маңызды. Жаңа орталық ақпарат ағынында навигация құралына айналады.

Жұмыс мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы, журналистер және азаматтармен ынтымақтастықта жүргізіледі.

Орталықты құру - бұл нақты фактілерге, жауапкершілікке және ақпаратқа деген сенімге негізделген тұрақты коммуникациялық ортаны қалыптастыруға қисынды қадам.

Орталық фейктерге тұрақты шолулар, манипуляция жасау кейстерін жариялайды, сондай-ақ резонанстық ақпараттық тақырыптар бойынша сараптамалық түсініктемелер береді. Орталықты іске қосу күрделі ақпараттық процестерді әлеуметтік желілердегі ресми ресурстарға қарапайым және көрнекі түсіндіруге бағытталған ақпарат орналастырумен қатар жүреді.

Қажетті шараларды жедел қабылдау үшін Telegram каналында арнайы @AntiFakeCenterBot чат-боты құрылды, мұнда фейк белгілері бар ақпаратты жіберуге болады (сілтемелер, жалған хабарламалары бар скриншоттар).

Бірінші шығарылымда соңғы кездері еліміздің ақпараттық кеңістігінде пайда болып жатқан жалған мәліметтерді зерделейміз.

https://youtu.be/Q3l1Imw0MG0?si=DmY45I3Y1fPvl0oI
👍1🔥1
В СЦК запущен Центр по борьбе с дезинформацией

Новая структура станет важным элементом в обеспечении права граждан на получение достоверной информации.

Среди основных задач Центра:
• Выявление и опровержение недостоверной информации;
• Обеспечение граждан объективными, проверенными данными по значимым темам;
• Развитие культуры ответственного потребления информации.

В условиях информационного перенасыщения особенно важно отличать факты от намеренных искажений. Новый Центр станет инструментом навигации в потоке информации.

Работа будет вестись в сотрудничестве с государственными органами, экспертным сообществом, журналистами и гражданами.

Создание Центра - это логичный шаг к формированию устойчивой коммуникационной среды, основанной на реальных фактах, ответственности и доверии к информации.

Центр будет публиковать регулярные обзоры фейков, кейсы манипуляций, а также давать экспертные разъяснения по резонансным информационным темам. Запуск сопровождается размещением информации на официальных ресурсах в соцсетях, ориентированной на простое и наглядное объяснение сложных инфопроцессов.

Для оперативного принятия необходимых мер в Telegram-канале создан специальный чат-бот @AntiFakeCenterBot, куда можно отправлять информацию с признаками фейков (ссылки, скриншоты с фейковыми сообщениями).

В первом выпуске разбираем вбросы, появившиеся в инфополе страны в последнее время.

https://youtu.be/8Z39FROmK1I?si=GlgGZe8UKgAnmxNy
👍2
📌 Бұл шығарылымда Қазақстанның әлеуметтік және құқықтық мемлекет қағидасына нұқсан келтіруге бағытталған фейктерді талдаймыз.

🔍 Кейбір ақпарат арналары елімізде кепілдіктер жойылып, маңызды құқықтық рәсімдер жеңілдетілуде және азаматтардың негізгі құқықтары бұзылып жатыр деген жалған түсінік қалыптастыруға тырысуда.

📎 Біз нақты деректермен жауап береміз. Біз тек расталған дереккөздерден шынайы ақпарат таратамыз.

🧪 Бірінші кейс. «Қант диабетімен ауыратындарға көмек жойылды»

Фейк: Бұл дерт әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен шығарылып, пациенттер көмек алу құқығынан айырылған.

Шынайы ақпарат: 2026 жылдың қаңтарынан бастап диабетпен ауыратын науқастарды емдеу МӘМС жүйесіне ауыстырылады. Жаңашылдық көмекті алып тастауға емес, керісінше науқастарға көрсетілетін әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында енгізіліп отыр. Қазірдің өзінде пациенттердің 96%-ы қамтылған. Әлеуметтік осал топтарға мемлекет есебінен жарна төленеді.

🏥 Екінші кейс. «МӘМС жұмыс істемейді, ауруханалар коммерциялық мекемеге айналды»

Фейк: Медициналық көмек қолжетімсіз, ауруханалар ақылы жүйеге көшті.

Шынайы ақпарат: Пациент жолдама арқылы тегін қабылдаудан бас тартқан, әрі десе ақылы қабылдауға да келіспеген. МӘМС тетігі толық сақталған. Бұл — жекелеген жағдайды бұрмалап көрсеткен манипуляция.

🔎 1 және 2-кейстер бойынша қорытынды:
Бұл фейктер денсаулық сақтау сияқты маңызды әлеуметтік саланы нысанаға алған.
🔻 Мақсат — МӘМС жүйесін қаралау, реформаларға сенімді әлсірету, қоғамда наразылық тудыру.

🚫 Үшінші кейс. Шетелдік қақтығыстарға қатысқандарға арналған «жаңа министрлік құрылады» деген фейк ақпарат.

Фейк: Анонимді арналар Қазақстанда шетелдік соғыс қимылдарына қатысқан азаматтарға «жәрдемақы», «тұрғын үй» және «мемлекеттік қорғау» көрсететін жаңа министрлік құрылды деген жалған ақпарат таратуда.

Шынайы ақпарат: Мұндай министрлік жоқ және оны құру жоспарда да жоқ. Бұл жөнінде ешқандай Жарлық, заң жобасы немесе ресми тапсырма берілген жоқ.

📖 Қазақстан заңнамасына сәйкес, ел азаматтарының шетелдегі әскери қақтығыстарға қатысуына тыйым салынған. Мемлекет ондай адамдарға ешқандай қолдау көрсетпейді.

🎯 Бұл фейктің артында не жатыр?
Бұл – Қазақстанды жалдамалыларды қолдайтын және өз заңдарын бұзатын ел ретінде көрсетуге бағытталған әрекет.

⚠️ Фейк бірнеше бағыт бойынша зиян келтіреді:
– Әлеуметтік саясатқа: мемлекеттік ресурстар өз азаматтарына емес, өзге елдердің мүдделеріне жұмсалып жатқандай етіп көрсету;
– Халықаралық беделге: Қазақстан басқа елдердің соғыс сценарийлеріне тартылып жатқандай әсер қалдыру.

🇰🇿 Қазақстан әрдайым тату көршілік пен халықаралық құқықты құрметтеу саясатын ұстанып келеді және алдағы уақытта да осы ұстанымда қала береді

💔 Төртінші кейс. «Бір жақты ажырасу»

Фейк: 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап бір тараптың қалауымен ажырасуға болады-мыс.

Шынайы ақпарат: Жуырда қолданыстағы заңға енгізілген толықтыру енгізілді.
📌 Бұған дейін заңда көзделген ерекшеліктерге (жоғалып кету, әрекетке қабілетсіз болу, бас бостандығынан айыру) енді тағы бір негіз қосылды. Ол – егер жұбайлардың бірі халықаралық іздеуде үш жылдан астам уақыт болса.
⚠️ Мұнда «жаппай ажырасу» не «алғашқы талаппен некені бұзу» туралы сөз жоқ.

🔎 Қорытынды: Бұл фейктің мақсаты — отбасы институтына деген сенімді әлсірету, мемлекет отбасылық құндылықтарды ыдыратуға ықпал етіп жатыр деген жалған әсер қалыптастыру.

📢 Орталық еске салады:
🛑 Арандатуға ермеңіздер.
Ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен МӘМС Қорының ресми сайттары мен заң мәтіндері.
❗️ Есіңізде болсын: жалған ақпарат тарату — қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
👁 Жаңалықтарды қадағалап отырыңыз. Дұрыс ақпарат назарыңызда болсын.

Толығырақ білу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз: ⤵️

https://www.youtube.com/watch?v=NGEVOooLF4Q
👍5❤‍🔥33👏2
📌 В этом выпуске разбираем фейки, цель которых - подорвать доверие к Казахстану как к социальному и правовому государству.

🔍 Недобросовестные источники пытаются создать искажённый образ страны, где якобы отменяются гарантии, упрощаются важнейшие юридические процедуры и нарушаются базовые права граждан.

📎 Мы отвечаем фактами. Только официальные данные. Только проверенные источники.

🧪 Кейс 1. «Отмена помощи больным диабетом»

Фейк: Заболевание якобы исключено из перечня социально значимых, пациенты теряют право на помощь.

Правда: С января 2026 года лечение пациентов с диабетом переводится в систему ОСМС — это не отмена, а усиление социальной поддержки. 96% пациентов уже охвачены. За социально уязвимых платит государство.

🏥 Кейс 2. «ОСМС не работает, больницы стали коммерческими»

Фейк: Медпомощь якобы недоступна, больницы работают «по платной модели».

Правда: Пациент отказался от бесплатной консультации (через направление) и не захотел платный приём. Механизм ОСМС соблюдён полностью. Манипуляция построена на искажении частного случая.

🔎 Общий вывод по кейсам 1 и 2:
Фейки бьют по чувствительной сфере - здравоохранению.
🔻 Цель - дискредитация ОСМС, подрыв доверия к реформам, раскачка общественного недовольства.

🚫 Кейс 3. Фейк о «новом министерстве» для участников зарубежных конфликтов

Фейк: Анонимные каналы распространяют ложь о якобы создании в Казахстане несуществующего министерства, которое будет предоставлять «доплаты», «жильё» и «государственную защиту» гражданам, участвующим в военных действиях за рубежом.

Правда: Такого министерства не существует и не планируется. Нет ни указов, ни законопроектов, ни поручений о его создании.

📖 По законодательству, участие граждан Казахстана в вооружённых конфликтах за пределами страны запрещено. Государство не оказывает никакой поддержки таким лицам.

🎯 Что стоит за этим фейком?
Это попытка представить Казахстан как страну, поощряющую наёмничество и нарушающую собственные законы.

⚠️ Удар наносится сразу по нескольким направлениям:
– по социальной политике: будто государственные ресурсы идут на «чужих», а не на граждан;
– по международному имиджу: будто Казахстан втягивается в чужие военные сценарии.

🇰🇿 Казахстан был и остаётся приверженцем политики добрососедства и уважения международного права.

💔 Кейс 4. «Развод по щелчку»

Фейк: С 16 сентября 2025 года якобы можно будет развестись в одностороннем порядке «по желанию одного из супругов».

Правда: Речь идёт о точечном дополнении уже действующего закона.

📌 Теперь к ранее установленным исключениям (отсутствие, недееспособность, лишение свободы) добавлено ещё одно — если супруг находится в международном розыске более трёх лет.
⚠️ Никакого массового упрощения или произвольных «разводов по первому требованию» нет.

🔎 Вывод: Фейк рассчитан на подрыв доверия к институту семьи. Это попытка представить государство как поощряющее разрушение базовых ценностей.

📢 Центр напоминает:
🛑 Не поддавайтесь провокациям.
Проверяйте информацию через официальные источники: сайты Минздрава, Фонда ОСМС, тексты законов.
❗️Помните: распространение заведомо ложной информации влечёт уголовную ответственность.
👁 Следите за обновлениями. Будьте в информационной безопасности.

Подробнее смотрите по ссылке ниже ⤵️

https://www.youtube.com/watch?v=wMGcbJNxXUM
👍8❤‍🔥44
📌 БАҚ пен әлеуметтік медиадағы кликбейт, манипуляциялық әдіс-тәсілдер мен бұрмалаушылықтар

Материалда:

• ақпаратты бұрмалап ұсынудың кең таралған тәсілдерін талдау;

• кликбейт-тақырыптар мен олардың аудиторияға әсеріне мысалдар;

• жаңалықтар мен желі кеңістігінде қолданылатын манипуляциялық технологияларға шолу;

• бұрмалау, сенсациялық тұжырымдар және арандатушылық әдістер арқылы аудиторияның назарын аударудың нақты жағдайлары ұсынылған.

Назар аудару феномені ресурс ретінде жеке қарастырылған. Қазіргі заманғы медиа кеңістігінде аудиторияның назары арандатушы форматтар мен эмоционалды контентті қолдана отырып, белсенді түрде сатылатын өнімге айналды. Осы үдерістерді түсіну ақпаратты саналы түрде қолдануға және манипуляцияға ұшырау қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл шығарылым ақпараттық сауаттылықты арттыруға және медиа контентті сыни қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Қазақ тіліндегі шығарылым
____________________________________________________________________

📌 Кликбейт, манипулятивные приёмы и искажения в СМИ и социальных медиа

В материале представлены: анализ распространённых способов искажённой подачи информации; примеры кликбейтных заголовков и их воздействия на аудиторию; обзор манипулятивных технологий, используемых в новостном и сетевом пространстве; разбор конкретных случаев недобросовестного привлечения внимания аудитории посредством искажений, сенсационных формулировок и провокационных методов.

Отдельное внимание уделено феномену внимания как ресурса. В современном медиапространстве внимание аудитории превращается в товар, которым активно торгуют, используя провокационные форматы и эмоционально окрашенный контент. Понимание этих процессов позволяет более осознанно подходить к потреблению информации и снижать риски манипулятивного воздействия.

Подготовленный выпуск направлен на повышение информационной грамотности и формирование навыков критического восприятия медиаконтента.

Выпуск на русском языке
5👍2
⚡️Қазақстанның бірқатар өңірлерінде электр энергиясы өшетіндігі туралы фейк

Instagram әлеуметтік желісіндегі кейбір пабликтерде еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясын шектеу дайындалып жатыр деген хабарламалар тарауда.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми түрде мәлімдейді.

Оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету жағдайы толықтай тұрақты. Электр энергиясы штаттық режимде жеткізіліп, халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлық қажеттіліктерін қамтып отыр. Елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесі де ақаусыз жұмыс істеп тұр.

«Энергетика министрлігі бүкіл республика бойынша электр энергиясының өндірісі мен тұтыну теңгерімін тұрақты бақылауда ұстайды. Барлық генерациялайтын және жеткізуші компаниялар бекітілген кестелерге сәйкес жұмыс істеп, энергия жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етуде».


⚠️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді: фейктерді жасау, сондай-ақ оларды тарату (мессенджерлер арқылы жіберу, әлеуметтік желілерде бөлісу) құқықтық жауапкершілікке әкеледі.

🔎 Ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз, тек ресми дереккөздерге сеніңіз және ақпараттық манипуляцияларға ермеңіз.

Әрбір азамат тексеру үшін хабарламаларды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына жолдай алады.

Чат-бот сілтемесі — сипаттамада.
4
⚡️Фейк в отношении отключения электроэнергии в ряде регионов Казахстана

В некоторых пабликах в социальной сети Instagram распространяется сообщение о якобы готовящихся ограничениях на подачу электроэнергии в южных регионах страны.

Министерство энергетики Республики Казахстан официально заявляет: данная информация не соответствует действительности.

Ситуация с электроснабжением потребителей в южных областях оценивается как полностью стабильная. Поставка электрической энергии осуществляется в штатном режиме и покрывает все потребности населения и промышленных предприятий. Единая электроэнергетическая система страны также функционирует без сбоев.

«Министерство энергетики держит на постоянном контроле баланс производства и потребления электроэнергии по всей республике. Все генерирующие и передающие компании работают в рамках утвержденных графиков, обеспечивая надежность энергосистемы».


⚠️ Центр по борьбе с дезинформацией предупреждает: создание фейков, равно как и их распространение (в том числе пересылка по мессенджерам, репост в социальных сетях) влечёт за собой правовую ответственность.

🔎 Проверяйте информацию, доверяйте только официальным источникам и не поддавайтесь на информационные манипуляции.

Напоминаем: каждый гражданин может прислать в адрес Центра по борьбе с дезинформацией сообщения для проверки.

Ссылка на чат-бот — в описании.
👍62
Фейктерді жасау және тарату технологиясы: алғашқы идеядан жаппай таратуға дейін

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жаңа шығарылымында медиа кеңістікте жалған ақпараттың қалай жасалып, таралатынына талдау жасайды.

Шығарылымда анонимді арналар мен «пікір көшбасшылары» арқылы алғашқы фейктердің қоғамдық консенсус елесін қалыптастырып, кең аудиторияға қалай жететіні; боттар мен тролльдердің рөлі; неге кейде теріске шығару мифті күшейтіп жіберетіні қарастырылады.

Мысал ретінде соңғы жылдардағы резонанстық мифтердің бірі – «жерді шетелдіктерге беру» туралы жалған ақпараттың таралуына талдау жасалған.

Шығарылымның мақсаты – қоғамға бағытталған манипуляциялардың нақты тетіктерін көрсету және ақпаратқа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын жеткізу.

Толық шығарылымды Орталық коммуникациялар қызметінің ресми ресурстарынан көруге болады.

____________________________________________________________________

Технология создания и распространения фейков: от первой идеи до массового вброса

Центр по борьбе с дезинформацией подготовил новый выпуск, в котором рассмотрены технологии создания и распространения ложной информации в медиапространстве.

Показано, как от первоначального замысла через анонимные каналы и «лидеров мнений» фейки доходят до широкой аудитории, формируя иллюзию общественного консенсуса.

Отдельное внимание уделено роли ботов и троллей, а также рискам, когда даже опровержение способно укрепить миф.

В качестве примера представлен анализ распространения одного из наиболее резонансных мифов последних лет - о якобы «передаче земель иностранцам».

Цель выпуска — показать обществу реальные механизмы манипуляции вниманием и подчеркнуть важность ответственного отношения к информации.

С полным выпуском можно ознакомиться на официальных ресурсах Службы центральных коммуникаций.
👍72👏2🔥1
📌Аптаның фейктері: қандай жалған ақпараттар пайда болды және олар не үшін пайда болды?

Өткен аптада қазақстандық интернет сегментінде бірнеше жалған ақпараттар тіркелді. Солардың ішінде қоғамда резонанс тудырған екі тақырып бар.

🔹 Біріншісі, Қазақстанда WhatsApp пен Telegram желілерін қолдануға шектеу қойылады деген ақпарат;

🔹 Екіншісі, жылжымайтын мүлікке берілетін техникалық паспорттарды міндетті түрде ауыстыру қажеттігі турасындағы хабар.

Анықтай келе, бұл ақпараттардың екеуі де жалған болып шықты. Құзырлы органдар жедел түрде оларды жоққа шығарды.

📱 Мессенджерлер туралы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресми мәлімдеме таратты: азаматтар үшін шетелдік сервистерді пайдалануға ешқандай шектеу енгізілмейді.

Aitu платформасын енгізу тек орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметтік байланысына қатысты.


Бұл шешім қызметтік ақпарат алмасуды қауіпсіз етуге, қызметтік мақсаттағы деректерді қорғауға, қорғалған цифрлық ортаға көшуге бағытталған.

WhatsApp пен Telegram барлық пайдаланушыларға бұрынғыдай қолжетімді.

🏠 Техникалық паспорттар туралы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы да түсіндірме берді. Таралған ақпаратта айтылғандай, барлық үй иелері техникалық паспорттарын кадастрлыққа міндетті түрде ауыстыруы керек деген мәлімет шындыққа жанаспайды.

«Құжатты ауыстыру тек екінші деңгейлі банктерге жүгінген кезде (несие, кепіл және т.б.) немесе нотариус арқылы мәмілелер жасалғанда (олардың талабы бойынша) қажет. Басқа жағдайларда ауыстыру тек иесінің қалауымен жүзеге асады. Міндетті талап жоқ»

– дейді Мемлекеттік корпорацияның коммуникациялар қызметінің басшысы Асқар Атағұлин.

⚠️ Мұндай фейктер не үшін таратылады?

1. «WhatsApp пен Telegram-ға тыйым салынады» деген хабар тарағанда, ол бірден миллиондаған қолданушыға әсер етеді. Адамдарда алаңдаушылық пайда болады: «Мен жақындарыммен қалай сөйлесемін? Келесіде не нәрсеге тыйым салады?» Қоғамда дүрбелең пайда болып, қауесет жылдам тарайды. Адамдар қандай да бір қауіптің алдын алу үшін хабарламаны достарына, әріптестеріне жібере бастайды.

2. «Техпаспорттарды міндетті түрде ауыстыру» туралы фейк азаматтарда «жаңа төлемдер» мен артық бюрократиялық кедергілердің пайда болғаны жайлы әсер қалдырады. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға көпшіліктің реніші мен наразылығы артады.

3. Жағымсыз хабар шынайы ақпаратқа қарағанда тез тарайтынын фейк авторлары жақсы біледі. Қорқыныш, ашу, реніш сияқты эмоциялар адамдарды ақпаратты тексермей бөлісуге итермелейді.

4. Мұндай жалған ақпараттар жүйелі түрде қайталанғанда, халықта «әрбір жаңа бастама тек проблема тудырады» деген түсінік қалыптасады. Бұл әлеуметтік шиеленістің артуына және мемлекеттік институттарға сенімнің әлсіреуіне әкеледі.

Сондықтан мұндай жалған ақпарат – жай ғана қауесет емес. Бұл –қоғам мен мемлекетті қарсы қоюды көздейтін манипуляция құралы.


🛡 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы еске салады:

Ақпараттың шынайылығына күмән туындаған жағдайда ресми мемлекеттік органдарға жүгініңіз немесе күмәнді ақпаратты бізге жіберіңіз.

Чат-бот - @AntiFakeCenterBot.
🔥4
📌Фейки недели: что распространяли и зачем

За прошедшую неделю в казахстанском сегменте интернета было зафиксировано несколько громких вбросов. Наибольший резонанс вызвали два сюжета:

🔹 готовящийся запрет на использование WhatsApp и Telegram;

🔹 обязательная замена технических паспортов на недвижимость.

Оба сообщения оказались фейками, и компетентные органы оперативно их опровергли.

📱 О мессенджерах

Министерство цифрового развития официально заявило: никаких ограничений на использование зарубежных сервисов для граждан не вводится.

Внедрение платформы Aitu касается исключительно служебной коммуникации в центральных и местных государственных органах и организациях квазигоссектора.


Это решение направлено на безопасный обмен служебной информацией, защиту данных, предназначенных для служебного пользования, переход на защищённую цифровую среду.

Таким образом, WhatsApp и Telegram по-прежнему доступны для всех пользователей в обычном режиме.

🏠 О технических паспортах

Госкорпорация «Правительство для граждан» также выступила с разъяснением. Распространяемая информация о том, что всем владельцам жилья необходимо заменить технические паспорта на кадастровые, не соответствует действительности.

Как пояснил руководитель службы коммуникаций госкорпорации Аскар Атагулин:

«Замена требуется только при обращении в банки второго уровня (заём, залог и т. д.) или при сделках через нотариусов (по их требованию). В остальных случаях замена производится исключительно по желанию владельцев. Обязанности такой нет».


⚠️ Зачем распространяют подобные фейки?

1. Когда вбрасывается новость о «запрете WhatsApp и Telegram», она моментально бьёт по миллионам пользователей. У людей возникает тревога: «Как я буду общаться с близкими? Что дальше запретят?» Паника усиливает распространение слуха – люди пересылают сообщение друзьям и коллегам «на всякий случай».

2. Фейк о якобы обязательной замене техпаспортов формирует у граждан ощущение «новых поборов» и лишних бюрократических барьеров. Итог – раздражение и недовольство в адрес государственных структур, даже если на самом деле никаких изменений не было.

3. Создатели фейков знают: негатив распространяется быстрее правды. Сильные эмоции – страх, злость, недовольство – заставляют людей делиться постами без проверки. Так создаётся эффект «лавины».

4. Когда такие вбросы повторяются регулярно, они постепенно формируют у населения ощущение, что «каждое нововведение только создает проблему для людей». Это ведёт к росту социальной напряжённости и ослаблению доверия к государственным институтам

Таким образом, подобная дезинформация – это не просто слухи. Это инструмент манипуляции, цель которого – противопоставить общество и государство.


🛡 Центр по борьбе с дезинформацией напоминает:

При сомнении в достоверности информации – обращайтесь за разъяснениями в государственные органы или присылайте её нам.

Чат-бот - @AntiFakeCenterBot
👍8🔥31
📌 "Kursiv Media" басылымының қателігі әлдеқайда ауыр салдарға әкелуі мүмкін еді

«Алматы қаласында қазақ мектебінің үлесі 16% ғана» (қазіргі таңда өшірілген) материалында Kursiv.Media мегаполис мектептері туралы шындыққа сәйкес келмейтін деректерді таратты.

Материал авторы Алматыда небәрі 68 қазақ мектебі бар, бұл жалпы санның 16%-ын құрайды деп көрсетті. Бұл деректер ресми ретінде ұсынылғанымен, шындыққа сәйкес келмейді.

Қай жерде қате кеткен?

Журналист Талғат Дүйсенбек статистиканы түсіндіру барысында өрескел қателік жіберді. Ол қазақ тілінде оқытатын мектептердің санын төмендетіп көрсетіп, ал жалпы білім беретін мектептердің санын асырып жіберген. Сонымен қатар, эмоциялық риториканы пайдаланып, жағдайды «қазақ мектептерінің жетіспеушілігі» ретінде көрсетті. Мұндай интерпретация оқырмандарда қаланың білім беру саясатына қатысты жалған түсінік қалыптастыруы мүмкін еді.

Осындай жарияланымдар қоғамда наразылық тудырып, шынайы деректерге емес, бұрмаланған ақпаратқа негізделген пікірталастарға себеп болуы ықтимал.

Шын мәнінде жағдай қалай?

Алматы қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросының және Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ресми деректеріне сәйкес:

• Алматыда 358 мектеп жұмыс істейді.

• Оның ішінде 109 мектеп толықтай қазақ тілінде білім береді – бұл 30,5%, 16% емес.

• Бүгінде мегаполис оқушыларының 51%-дан астамы мемлекеттік тілде білім алуда.

• Соңғы 12 жылда Алматыда 24 жаңа мектеп ашылды, оның 19-ы – қазақ тілінде оқытатын мектептер. Бұдан бөлек, тағы жиырмаға жуық мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Бұл деректер ата-аналардың балаларын мемлекеттік тілде оқытуға ұмтылысын да, сондай-ақ қазақ тілін ана тілі ретінде таңдағандардың барлығына қолжетімді тілдік орта құруға бағытталған жүйелі мемлекеттік саясатты да айқын көрсетеді.

БАҚ-тағы мұндай «қателіктер» қоғам үшін де, яғни білім беру жүйесіне сенімге сызат түсіріп, әлеуметтік шиеленісті күшейту қаупін төндірсе, редакциялар үшін де қауіпті. Себебі асығыс әрі тексерілмеген әрекеттер Қазақстан Республикасының ақпарат тарату саласындағы заңнамасын ескере отырып, құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы медиа өкілдерін статистиканы мұқият тексеруге және әлеуметтік маңызы жоғары тақырыптарды жариялау барысында редакциялық саясатқа бола деректерді бұрмалаудан аулақ болуға шақырады.

Чат-бот - @AntiFakeCenterBot
42👎2👍1🔥1