JAQ.OrtCom.kz
1.31K subscribers
16 photos
33 videos
6 files
70 links
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының (JAQ) ресми арнасы

Официальный канал Центра по борьбе с дезинформацией СЦК при Президенте Республики Казахстан

@AntiFakeCenterBot
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 В новом выпуске Центра по борьбе с дезинформацией мы говорим об анонимных Telegram-каналах — источниках, которые скрывают авторов, но громко заявляют о «секретной информации» и «доступе к инсайдам».

Анонимность — это технология, а не скромность. Она создаёт иллюзию достоверности, позволяет менять маски, запускать новые каналы без ответственности за старые и маскировать заказные материалы под «правду». Всё это используется для давления на общественное мнение и продвижения выгодных нарративов.

Мы показываем, как такие каналы формируют иллюзию массовой поддержки, почему эмоции становятся их главным инструментом и что может сделать каждый пользователь, чтобы не стать частью чужой схемы.

‼️ Лучшее решение — не подпитывать подобные источники вниманием. Отписывайтесь от анонимных каналов и выбирайте проверенные ресурсы.
🔥116👍5
‼️ Орталық коммуникациялар қызметі жанындағы Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлайды: әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған «педиатр бөлімінің жабылуы» туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде отбасылық-бағдарланған тәсіл қолданылады. Атап айтқанда, отбасы мүшелері біртұтас қарастырылады. Сәйкесінше, медициналық көмек көрсету де кешенді түрде жүзеге асырылады. Бұл үлгіде жалпы практика дәрігерлері шынында да маңызды рөл атқарады. Алайда бұл педиатрияның жойылуын немесе одан бас тартуды білдірмейді.

🔹 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығының 105-бабына сәйкес, елде 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 баланы қамтитын учаскелік педиатриялық учаскелер сақталған.

🔹 2025 жылдың маусым айынан бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету деңгейінде педиатриялық бөлімшелер құрыла бастады. Олардың құрылымына педиатр кабинеттері, даму және ерте араласу орталықтары, вакцинация, мектеп медицинасын ұйымдастыру кабинеттері, тамақтану бойынша ресурстық орталықтар және басқа да мамандандырылған қызметтер кіреді.

🔹 Педиатриялық көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандартымен педиатрлардың міндеттері, балаларды патронаждау тәртібі, денсаулық пен дамуға төнетін қауіптерді анықтау және жою шаралары бекітілген.

🔹2025 жылы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында 100-ден астам даму және ерте араласу орталықтары ашылды. Онда ерекше даму қажеттіліктері бар балаларға мультидисциплинарлық мамандар тобы: педиатр, логопед, психолог, реабилитолог және басқа да мамандар көмек көрсетеді.

Бұл шаралар педиатриялық қызметті жүйелі түрде нығайтуға және әрбір балаға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

⚠️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды тек тексерілген ақпаратты жариялауға шақырады. Сенімді деректерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан әрқашан алуға болады. Ол үшін салалық министрлікке eOtinish сервисі арқылы ресми сұрау жолдау жеткілікті.
4👍4🔥3👎2👏1
‼️ Центр по борьбе с дезинформацией при Службе центральных коммуникаций сообщает: информация о «закрытии педиатрии», распространяемая в социальных сетях и мессенджерах не соответствует действительности.

Согласно информации Министерства здравоохранения в Казахстане действует семейно-ориентированный подход к оказанию первичной медико-санитарной помощи: семья рассматривается как единое целое, и медицинское сопровождение осуществляется комплексно. В этой модели врачи общей практики действительно играют ключевую роль, однако это не означает ликвидацию или отказ от педиатрии.

🔹Согласно статьи 105 Приказа МЗ РК от 30 марта 2023 года № 49, в стране сохранены участковые педиатрические участки с нормативом обслуживания 500 детей от 0 до 6 лет.

🔹С июня 2025 года на уровне ПМСП начали создаваться педиатрические отделения. Их структура включает кабинеты педиатров, Центры развития и раннего вмешательства, кабинеты вакцинации, школьной медицины, ресурсные центры по питанию и другие специализированные службы.

🔹В Стандарте организации педиатрической помощи закреплены обязанности педиатров, порядок патронажа детей, меры по выявлению и устранению рисков для здоровья и развития ребёнка.

🔹В 2025 году в организациях ПМСП открыто более 100 Центров развития и раннего вмешательства, где помощь детям с особенностями развития оказывает мультидисциплинарная команда специалистов: педиатр, логопед, психолог, реабилитолог и др.

Эти меры направлены на системное укрепление педиатрической службы и повышение доступности медицинской помощи каждому ребёнку.

⚠️ Центр по борьбе с дезинформацией призывает граждан публиковать только проверенную информацию. Достоверные данные всегда можно запросить у уполномоченного органа в сфере здравоохранения, подав запрос непосредственно в министерство через сервис eOtinish.
👍92👎2🔥2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгінде біз ақпаратты тек БАҚ-тан ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік желілерден де аламыз. Алайда көпшілік желідегі парақшамызда не көрсетілетінін — көңілді бейнеролик пе, сарапшының пікірі ме, әлде ашық фейк пе — нақты осы платформалардың алгоритмдері анықтайтыны туралы ойлана бермейді.

Цифрлық жүйелер неге көбіне негативке басымдық береді? Біз қалайша «ақпараттық көпіршікке» түсіп қаламыз және одан шығу неге соншалықты қиын?

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында біз алгоритмдердің қалай жұмыс істейтінін және ақпараттық кеңістігімізді бақылауда ұстап, объективтілікті жоғалтпау үшін не істеу керек екенін талдаймыз.
👍54🔥4👎2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сегодня мы получаем информацию не только из СМИ, но и из социальных сетей. Но мало, кто задумывался, что именно алгоритмы платформ определяют, что окажется в вашей ленте: весёлый ролик, экспертный комментарий или откровенный фейк.

Почему цифровые системы делают ставку на негатив? Как мы попадаем в «информационный пузырь» и почему выйти из него так сложно?

В новом выпуске Центра по борьбе с дезинформацией мы разберёмся, как работают алгоритмы и что нужно делать, чтобы не потерять объективность и контроль над своим информационным пространством.
👍65🔥5👎2👏1
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы 22 қыркүйекте қазақстандық бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Өзбекстанға бензин экспорттап жатқаны жөнінде жалған ақпарат таралғанын тіркеді.

Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді.

«Бүгінгі таңда Қазақстаннан Өзбекстанға немесе өзге де елдерге бензин экспорты жүзеге асырылып жатқан жоқ. Ел аумағында мұнай өнімдерін әкетуге түбегейлі тыйым салынған. Сондай-ақ Үкімет заңсыз әкету мен контрабанданың алдын алу жөніндегі жоспарды іске асыруда».


Орталық бұқаралық ақпарат құралдарын өз жұмысына анағұрлым жауапкершілікпен қарауға және Қазақстан азаматтарының шынайы ақпарат алу құқығын құрметтеуге шақырады.
👍4
Центром по борьбе с дезинформацией 22 сентября зафиксировано распространение в ряде казахстанских СМИ информации о том, что Казахстан якобы осуществляет продажу бензина в Узбекистан.

Вместе с тем Министерство энергетики РК официально заявляет, что данные сведения не соответствуют действительности.

«На сегодняшний день экспорт бензина из Казахстана в Узбекистан или любые другие страны не осуществляется. В стране действует запрет на вывоз ГСМ, Правительством реализуется План по недопущению незаконного вывоза и контрабанды».


Центр призывает средства массовой информации более ответственно подходить к своей работе и уважать право граждан Казахстана на получение достоверной информации.
👍7🔥1
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлайды: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми түсіндірмесіне қарамастан, желіде ҚР бір уақытта бірнеше жерде жұмыс істеуге тыйым салынады деген жалған ақпарат әлі де таралып жатыр.

Еске саламыз:
- Еңбек кодексіне соңғы түзетулер 2015 ж. енгізілген. Алайда жұмыс қызметін қоса атқару тәртібі оған дейін де қолданыста болған.

- Заң бойынша азамат әртүрлі жұмыс берушілерде еңбек ете алады, бірақ жалпы жұмыс уақыты тәулігіне 12 сағаттан аспауы тиіс (негізгі жұмыста – 8 сағат, қосымша жұмыста – 4 сағатқа дейін).

- Шектеулер тек кәмелетке толмағандарға, ауыр және зиянды өндірістерде істейтін қызметкерлерге (медициналық қызметкерлерден басқа) және мемлекеттік қызметшілерге қатысты қолданылады.

Вице-министр О. Анафин атап өткендей, жұмыс берушілерді тексеру тыйым салумен емес, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі арқылы рәсімдеумен байланысты.

Бұл жүйе қызметкерлердің құқықтарын қорғайды және еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді.
👍7🔥32
Центр по борьбе с дезинформацией сообщает: несмотря на официальное разъяснение Министерства труда и социальной защиты населения, в сети продолжается распространение ложной информации о том, что якобы в РК запретят работать на нескольких работах одновременно.

Напоминаем:

• Последние поправки в Трудовой кодекс вносились в 2015 г, однако существующий порядок совмещения рабочей деятельности действовал и ранее.

• Закон позволяет работать у разных работодателей, при этом общее время занятости не должно превышать 12 часов в день (8 часов на основной работе и до 4 часов по совместительству).

• Ограничения касаются лишь несовершеннолетних, работников на тяжелых и вредных производствах (кроме медиков) и государственных служащих.

Как подчеркнул вице-министр труда Олжас Анафин, проверки работодателей связаны не с запретами, а с формализацией трудовых отношений через Единую систему учёта трудовых договоров (ЕСУТД), которая защищает права работников и делает процесс трудоустройства прозрачным.
🔥8👍43
📌 25 қыркүйекте әлеуметтік желілердегі анонимді пайдаланушылардың аккаунттарында әскери қызметшілер арасындағы дөрекі қатынастарды бейнелейтін бейнероликтің таралуы тіркелді.

Дереккөздерді зерделеу барысында бейнежазбаның Қазақстанға қатысы жоқ екендігі анықталды. Ол – «Қырғызфильм» киностудиясының «Баткен» көркем фильмінен алынған үзінді. Қолданушыларды шатастыру мақсатында материал авторлары бейнежазбаға қазақ тілінде дыбысты қоса салған. Бұл аудиторияны шатастырып, жалған ассоциациялар туғызуы мүмкін.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлайды: материалдарды қасақана бұрмалау және жариялау құқықтық жауапкершілікке әкеп соқтыруы мүмкін. Жекелеген жағдайларда заңнамаға қайшы мазмұнды әдейі тарату (қайта жариялау) да құқық бұзушылық болып саналуы ықтимал.

‼️ Азаматтарды интернет желісінен алынған контентке мұқият қарауға, әрдайым ақпараттың дереккөзін тексеруге шақырамыз.
👍71
📌 25 сентября на аккаунтах анонимных пользователей социальных сетей зафиксировано распространение ролика с демонстрацией неуставных отношений среди военнослужащих.

Изучение источников позволило установить, что видео не связано с Казахстаном. Это фрагмент художественного фильма «Баткен» киностудии «Кыргызфильм». Для введения пользователей в заблуждение злоумышленники наложили аудиодорожку на казахском языке, что могло вызвать у аудитории ложные ассоциации.

Центр по борьбе с дезинформацией подчёркивает: намеренное искажение и публикация материалов могут повлечь правовую ответственность. В отдельных случаях, нарушением законодательства может считаться и умышленное распространение (репост) противоправного контента.

‼️Призываем граждан быть внимательными к получаемому и пересылаемому контенту и всегда проверять источники получаемой информации.
👍12🔥31