JAQ.OrtCom.kz
1.31K subscribers
16 photos
33 videos
6 files
70 links
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының (JAQ) ресми арнасы

Официальный канал Центра по борьбе с дезинформацией СЦК при Президенте Республики Казахстан

@AntiFakeCenterBot
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📝 «Что написано пером — не вырубить топором». Специальный выпуск о мифах вокруг текста новой Конституции.
4👍1🔥1
🔎 Мемлекеттік органдардың 2026 жылғы 18-28 ақпан аралығындағы теріске шығаруларының жиынтығы

➡️ Фейк: eGov порталы арқылы өтініш берген кезде әлеуметтік көмектің автоматты түрде тағайындалуы.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірмесі:

Әлеуметтік көмек атаулы сипатқа ие және тек белгіленген мұқтаждық критерийлеріне сәйкес келген жағдайда ғана көрсетіледі. eGov порталы арқылы өтініш берудің өзі көмек тағайындауға негіз болып табылмайды.

➡️ Фейк: Жаңа Конституция жобасына байланысты демалыс пен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқығының күшін жою немесе шектеу.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің теріске шығаруы:

Еңбек заңнамасының қолданыстағы нормалары, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы кепілдіктері өз күшін сақтайды және Конституцияның жаңа редакциясының жобасына қайшы келмейді.

➡️ Фейк: Табысы 232 000 теңгеден төмен отбасыларға және белгілі бір аурулары бар тұлғаларға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің теріске шығаруы:

Мұндай әлеуметтік төлем қолданыстағы заңнамада көзделмеген. Ресми қолдау шаралары тек бекітілген нормативтік актілермен реттеледі. Мұндай хабарламаларды алаяқтар азаматтардың дербес деректерін иемдену мақсатында таратады.

➡️ Фейк: ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың дипфейк технологиясы арқылы жасалған мәлімдемесі.

ҚР Қорғаныс министрлігінің теріске шығаруы:

Бейнематериал дипфейк технологиясын қолдану арқылы жасалған, ал дауысы министрдің бұрынғы көпшілік алдында сөйлеген сөздері негізінде монтаждалған.

➡️ Фейк: Қазақстаннан сиыр етін экспорттауға тыйым салу.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің теріске шығаруы:

Бірқатар кәсіпорынның экспорттық нарықтарға шығу мүмкіндігі бар, сондай-ақ экспорттаушылар шеңберін кеңейту үшін квоталарды бөлу тетігін қайта қарау жоспарлануда. Шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастау Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясындағы кредиттік құралдар арқылы жүзеге асырылады.

➡️ Фейк: Зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын төлеу.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің теріске шығаруы:

2026 жылғы қаңтардағы зейнетақы төлемдері индекстеуді ескере отырып, алушыларға қаңтар айында аударылады. Желтоқсан айының зейнетақысы толық көлемде төленеді.

➡️ Фейк: Дәрі-дәрмек бағасының жаппай өсуі.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің теріске шығаруы:

2025 жылдан бастап елімізде дәрілік препараттардың құнын қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеудің жаңартылған тетігі жұмыс істейді. Қазіргі таңда 4 994 аталым бойынша шекті бағалар белгіленген.

🔈 Қосымша ақпарат:

➡️ ҚР Бас прокуратурасы референдум және жаңа Конституция жобасы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу тәртібіне қатысты түсіндірме берді.

➡️ ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті WhatsApp, СМС және әлеуметтік желілер арқылы басшылық атынан таратылып жатқан алаяқтық хабарламалар туралы ескертті.

➡️ ҚР Ішкі істер министрлігі Петропавл қаласында теракт дайындалып жатқаны туралы жалған ақпарат таратқан тұлғаны анықтады. Кәмелетке толмаған жасөспірім Telegram-арна ашып, сыныптастары арасында «қалжыңдау» мақсатында жалған мәлімет таратқан. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

➡️ Жаңа Конституция жобасына қатысты негізгі фейктер мен манипуляциялар туралы толығырақ осы сілтемеден оқи аласыз.
🔥3👏1
🔎 Сводка опровержений государственных органов за период с 18 по 28 февраля 2026 г.

➡️ Фейк: Автоматическое назначение социальной помощи при подаче заявления через портал eGov.

Разъяснение Министерства труда и социальной защиты населения РК:

Социальная помощь носит адресный характер и предоставляется исключительно при соблюдении установленных критериев нуждаемости. Подача заявления через портал eGov сама по себе не является основанием для назначения помощи.

➡️ Фейк: Отмена/ограничение прав на отдых и ежегодный оплачиваемый отпуск в связи с проектом новой Конституции.

Опровержение Министерства труда и социальной защиты населения РК:

Действующие нормы трудового законодательства, включая гарантии ежегодного оплачиваемого отпуска, сохраняют свое действие и не противоречат проекту новой редакции Конституции.

➡️ Фейк: Назначение единовременной выплаты в размере 432 500 тенге семьям с доходом ниже 232 000 тенге и лицам с определенными заболеваниями.

Опровержение Министерства труда и социальной защиты населения РК:

Данная социальная выплата не предусмотрена действующим законодательством. Официальные меры поддержки регулируются только утвержденными нормативными актами. Распространение подобных сообщений зачастую используется мошенниками для получения персональных данных граждан.

➡️ Фейк: Заявление Министра обороны РК Даурена Косанова с применением технологий дипфейк.

Опровержение Министерства обороны РК:

Видеоматериал сгенерирован с использованием технологий дипфейк, а голос смонтирован на основе ранее записанных публичных выступлений.

➡️ Фейк: Запрет экспорта говядины из Казахстана.

Опровержение Министерства сельского хозяйства РК:

Доступ к экспортным рынкам имеют ряд предприятий, а механизм распределения квот планируется пересмотреть для расширения круга экспортеров. Поэтапное снятие ограничений предусмотрено в рамках реализации кредитных инструментов Комплексного плана развития животноводства.

➡️ Фейк: Досрочная выплата пенсионных средств.

Опровержение Министерства труда и социальной защиты населения РК:

Пенсионные выплаты за январь 2026 года, с учетом индексации, будут перечислены получателям в январе 2026 года. Пенсии за декабрь уже выплачены в полном объеме.

➡️ Фейк: Массовый рост цен на лекарственные средства.

Опровержение Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения РК:

В 2025 году в стране реализуется обновленный механизм государственного регулирования цен на лекарственные препараты, направленный на прозрачность и предсказуемость формирования стоимости. Предельные цены установлены на 4 994 наименования.

🔈 Дополнительно:

➡️ Генеральная прокуратура РК сделала разъяснение в отношении порядка проведения опросов общественного мнения по вопросам референдума и проекта новой Конституции.

➡️ Комитет государственных доходов МФ РК предупредил о распространении в сети мошеннических сообщений якобы от имени руководства через WhatsApp, СМС и социальные сети.

➡️ Министерство внутренних дел РК сообщило об установлении лица, заявившего о подготовке теракта в г. Петропавловск. Несовершеннолетний создал Telegram-канал и распространил ложную информацию среди одноклассников, пояснив свои действия желанием «пошутить». Ведется расследование, заведомо ложное сообщение об акте терроризма влечет уголовную ответственность.

➡️ Прочитать топ фейков и манипуляций в отношении проекта новой Конституции можно тут.
🔥3👍1👏1
Теріске шығару шолуы - 2026 ж. ақпан.pdf
2.2 MB
Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы 2026 жылғы ақпан айындағы теріске шығарулар бойынша шолу дайындады.
🔥5👏3
Обзор_опровержений_февраль_2026_г_.pdf
2.2 MB
Центром по борьбе с дезинформацией Службы центральных коммуникаций подготовлен Обзор опровержений за февраль 2026 года.
👍5🔥2👏1
​​⚡️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде сайлау жәшіктеріне бюллетеньдерді заңсыз тастаудың «дәлелі» ретінде ұсынылған бейнероликтердің таратылуын тіркеуде.

Жүргізілген талдау нәтижесі көрсеткендей, мұндай бейнежазбалардың басым бөлігі басқа мемлекеттерде және әртүрлі уақыт кезеңдерінде түсірілген. Сонымен қатар, олардың арасында нақты шығу тегі мен мән-жайы көрсетілмей таратылып жатқан қойылымдық немесе модификацияланған бейнероликтер бар.

Мәселен, «жоғалып кететін сия» бейнеленген ролик алғаш рет интернет кеңістігінде 2019 жылы пайда болған. Бұл материал бұған дейін Ресей, Украина және Қырғызстан елдерінде бірнеше мәрте жарияланып, кеңінен таралған болатын.

Ал өзге материалдардың бір бөлігі - осыдан 10-15 жыл бұрын және одан да ерте уақытта жарияланған бейнежазбалар.

Орталық барлық онлайн-платформаларда олардың нұсқаларын естемегенде, 32 бірегей бейнежазбаны анықтады.

Мұндай материалдарды пайдалану - ақпараттық арандатушылық технологияларының бірі болып табылады. Мақсат - дауыс беру процедуралары туралы бұрмаланған түсінік қалыптастыру арқылы референдум қарсаңында қоғамдағы сенім деңгейіне нұқсан келтіру.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының бағалауы бойынша, референдум күні жақындаған сайын манипуляциялық контенттің анағұрлым күрделі түрлері, соның ішінде шынайы оқиғаларды немесе лауазымды тұлғалардың мәлімдемелерін имитациялайтын дипфейк-бейнелер пайда болуы мүмкін.

Орталық азаматтарды мұндай жарияланымдарға сыни тұрғыдан қарауға, ақпарат көздерін мұқият тексеруге және расталмаған материалдарды таратпауға шақырады.

‼️ Ескерту: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары ақпараттық кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізеді. Көрінеу жалған ақпаратты әдейі тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз.

————

⚡️ Центр по борьбе с дезинформацией фиксирует распространение в социальных сетях видеороликов, которые подаются как якобы доказательства вброса бюллетеней в избирательные урны.

Проведенный анализ показывает, что большая часть таких видео сняты в других странах в различные периоды времени. Кроме того, среди них присутствуют постановочные либо модифицированные видеоролики, распространяемые без указания их реального происхождения и контекста.

Так, например, ролик с «исчезающими чернилами» впервые появился в интернете в 2019 году. Он неоднократно становился вирусным в России, Украине и Кыргызстане.

Оставшаяся часть распространяемых материалов - это видеозаписи, публиковавшиеся 10-15 и более лет назад.

Центром зафиксировано 32 уникальных видео таких вбросов на всех онлайн-платформах без учета их вариаций.

Использование подобных материалов является одной из распространенных технологий информационных провокаций. Их цель - подорвать атмосферу доверия в обществе накануне референдума, создавая искаженное представление о процедурах голосования.

По оценке Центра по борьбе с дезинформацией, по мере приближения даты референдума возможно появление более сложных форм манипулятивного контента, включая дипфейк-видео, имитирующие якобы реальные события или заявления должностных лиц.

Центр призывает граждан критически относиться к подобным публикациям, проверять источники информации и воздерживаться от распространения непроверенных материалов.

‼️ Напоминаем, что правоохранительными органами Республики Казахстан осуществляется постоянный мониторинг информационного пространства, а намеренное распространение заведомо ложной информации влечет правовые последствия в соответствии с действующим законодательством.
👍3🔥2👏1
⚡️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде, сондай-ақ кейбір қазақстандық және шетелдік БАҚ-да Иран аумағында Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін «қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпараттың таралуын тіркеді.

Осыған байланысты «Қазгидромет» мұндай мәлімдемелердің ғылыми деректермен және бақылау нәтижелерімен расталмайтынын хабарлайды.

Қышқыл жауын-шашын атмосфераға негізінен өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларынан түсетін күкірт пен азот оксидтерінен түзіледі. Олар, әдетте, ластану көздеріне жақын маңда пайда болады. Ауа массалары алыс қашықтыққа жылжыған кезде, бұл заттардың концентрациясы табиғи атмосфералық процестердің әсерінен айтарлықтай төмендейді.

Мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұндай ластанудың Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне қарай жылжу белгілері байқалмайды.

‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұлттық метеорологиялық және экологиялық қызметтері ұсынған ресми мәліметтерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады.
————

⚡️ Центром по борьбе с дезинформацией зафиксировано распространение в социальных сетях, а также в отдельных казахстанских и иностранных СМИ информации о том, что над территорией Ирана якобы образовались так называемые «кислотные облака», которые могут дойти до стран Центральной Азии.

В этой связи, Казгидромет сообщает, что такие сообщения не подтверждаются научными данными и результатами наблюдений.

Кислотные осадки образуются из оксидов серы и азота, поступающих в атмосферу в основном от промышленности, энергетики и транспорта, и обычно возникают вблизи источников загрязнения. При переносе воздушных масс на большие расстояния концентрация этих веществ значительно снижается из-за естественных атмосферных процессов.

По данным мониторинга, признаков переноса подобных загрязнений в сторону Казахстана и стран Центральной Азии не зафиксировано.

‼️ Центр по борьбе с дезинформацией рекомендует ориентироваться на официальные данные национальных метеорологических и экологических служб Министерства экологии и природных ресурсов и воздерживаться от распространения непроверенной информации.
👍4🔥2👏1
🔎 2026 жылғы 1-10 наурыз аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы.

➡️ Фейк: Сирия мен Ауғанстаннан келген мигранттардың балаларды ұрлауы туралы ескерту.

ҚР ІІМ теріске шығаруы:

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР ІІМ атынан тараған, шетелдіктермен байланыс жасамауға шақырған «шұғыл хабарландыру» - жалған. Бұл ақпарат мемлекеттік органдардың ресми хабарламаларына еш қатысы жоқ.

Бұған дейін де осындай хабарламалардың таралу дерегі тіркеліп, ресми теріске шығарылған болатын.

➡️ Фейк: Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен босқындарды қабылдауға дайын.

ҚР СІМ теріске шығаруы:

Аймақ мемлекеттерінен немесе халықаралық ұйымдардан босқындарды қабылдау туралы ресми өтініш түскен жоқ және тиісті шешім қабылданбады. Қазақстанда халықаралық конвенция аясында босқындарды қабылдау рәсімдері бекітілген, алайда қазіргі тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды және аудиторияны жаңылыстыруға бағытталған.

➡️ Фейк: Мереке күндері Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде жол жүру тегін болады.

Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің теріске шығаруы:

WhatsApp желісі арқылы тараған 8, 15 және 22 наурыз күндері қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады деген ақпарат – жалған. ШҚО әкімдігі аталған күндері тегін жол жүру тәртібі енгізілмегенін мәлімдейді.

➡️ Фейк: Иран аумағындағы «қышқыл бұлттар» Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін.

«Қазгидромет» РМК теріске шығаруы:

«Қазгидромет» РМК мамандары қышқыл жауын-шашынның өнеркәсіптік ластану көздеріне жақын жерде пайда болатын күкірт пен азот тотықтарынан түзілетінін түсіндірді. Ауа массалары алыс қашықтыққа тасымалданған кезде бұл заттардың концентрациясы айтарлықтай төмендейді. Қазіргі уақытта мұндай ластанулардың Қазақстан мен Орталық Азия аумағына ауысу белгілері тіркелген жоқ.

➡️ Фейк: Астана қаласының көшелерінде әскери техниканың қозғалысы.

ҚР Қорғаныс министрлігінің теріске шығаруы:

Әскери техниканың қозғалысы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығы аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Бұл іс-шаралар Қарулы Күштердің бекітілген жоспарына сәйкес өткізілетін тұрақты тәжірибе болып табылады.

Бұған дейін ведомство осыған ұқсас мәселе бойынша жұртшылықты хабардар еткен болатын.

➡️ ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ескертеді:

Шетелдегі жалған бос жұмыс орындарынан сақ болыңыздар. Алаяқтар жоғары жалақы, тегін ұшу мен тұруды, тәжірибе мен тіл білудің қажет еместігін уәде етеді. Алайда, барған соң құжаттарды тартып алу, бостандықты шектеу, алаяқтыққа мәжбүрлеу және психологиялық қысым көрсету қаупі жоғары. ІІМ жұмысқа тек лицензиясы бар агенттіктер арқылы орналасуды ұсынады.

🔈Қосымша:

➡️ Жаңа Конституция жобасы бойынша Референдум қарсаңында Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды әлеуметтік желілердегі бюллетеньдерді топтап салу туралы бейнероликтердің таралуына қатысты ескерту жасайды. Талдау нәтижесі көрсеткендей, бұл материалдардың басым бөлігі бұрын басқа елдерде түсірілген немесе арнайы қойылымдық видеолар болып табылады.
👍3🔥2
🔎 Сводка официальных опровержений за период со 1 по 10 марта 2026 года.

➡️ Фейк: Предупреждение о кражах детей мигрантами из Сирии и Афганистана.

Опровержение МВД РК:

Распространяемое в социальных сетях и мессенджерах «срочное объявление» от имени МВД РК с призывами избегать контактов с иностранцами являются фейковыми и не имеют отношения к официальным уведомлениям государственных органов.

Ранее распространение данных сообщений уже фиксировалось и было опровергнуто.

➡️ Фейк: Казахстан готов принять беженцев из стран Ближнего Востока.

Опровержение МИД РК:

Официальных обращений со стороны государств региона или международных организаций не поступало, решений о приёме беженцев не принималось. Казахстан имеет процедуры для приёма беженцев в рамках международной конвенции, однако распространяемая информация является некорректной и вводит аудиторию в заблуждение.

➡️ Фейк: Бесплатный проезд в общественном транспорте г. Усть-Каменогорск в праздничные дни.

Опровержение пресс-службы акимата г. Усть-Каменогорск:

Распространяемая через WhatsApp информация о бесплатном проезде на 8 марта, 15 марта и 22 марта не соответствует действительности. В пресс-службе акимата ВКО сообщили, что на указанные даты бесплатный проезд в общественном транспорте не вводился.

➡️ Фейк: «Кислотные облака» над Ираном могут дойти до стран Центральной Азии.

Опровержение РГП «Казгидромет»:

Представители РГП «Казгидромет» разъяснили, что кислотные осадки образуются из оксидов серы и азота, которые обычно возникают вблизи источников промышленного загрязнения. При переносе воздушных масс на большие расстояния концентрация этих веществ значительно снижается. Признаков переноса подобных загрязнений в сторону Казахстана и стран Центральной Азии не зафиксировано.

➡️ Фейк: Передвижение военной техники по улицам г. Астаны.

Опровержение МО РК:

Передвижение военной техники осуществляется в плановом порядке в рамках боевой подготовки подразделений противовоздушной обороны. Такие мероприятия являются регулярной практикой и проводятся согласно утверждённым планам Вооружённых Сил.

Ранее ведомство уже информировало общественность по аналогичному вопросу.

➡️ Департамент по противодействию киберпреступности МВД РК предупреждает о рисках фиктивных вакансий за границей. Мошенники обещают высокую зарплату, оплаченный перелет и проживание, а также работу без опыта и знания языка. По прибытии возможны изъятие документов, ограничение свободы, принуждение к мошенничеству, невыплата зарплаты, вымогательство денег и психологическое давление. МВД рекомендует оформлять трудоустройство только через лицензированные агентства.

🔈Дополнительно:

➡️ В преддверии Референдума по проекту новой Конституции Центр по борьбе с дезинформацией предупреждает граждан о распространении в социальных сетях видеороликов, которые выдаются за доказательства вброса бюллетеней в избирательные урны. Проведенный Центром анализ показал, что значительная часть таких материалов снята в других странах в разные годы, а также включает постановочные или модифицированные видео, распространяемые без указания реального происхождения и контекста.
👍4🔥1
⚡️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде кейбір қалаларда жаңа Конституция бойынша референдумға арналған бюллетень бланкілерін үй-үйді аралау арқылы таратып жатқаны туралы жалған ақпараттың таралуын тіркеді.

Іс жүзінде референдум бюллетенінің бланкісі белгіленген үлгідегі ресми құжат болып табылады. Онда дауыс беруге шығарылған мәселенің мәтіні және азаматтардың өз дауысын білдіруге арналған белгілер қойылатын орындар көрсетіледі. Бюллетеньдер ешқашан алдын ала немесе үйлерге таратылмайды. Олар азаматтарға тек референдум күні, дауыс беру учаскелерінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсету және қол қою арқылы беріледі. Бюллетеньді толтыру тікелей жасырын дауыс беру кабинасында жүзеге асырылады. Онда дауыс берушінің жеке басы туралы ешқандай деректер көрсетілмейді.

Сонымен қатар, референдум қарсаңында бірқатар қалаларда азаматтарды тіркелген мекенжайы бойынша хабардар ету шаралары жүргізілуі мүмкін. Бұл - бюллетень тарату емес, тек халықты дауыс беру күні, уақыты мен орны туралы ақпарат беру.

Бұл рәсім заңнамада нақты бекітілген. «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес учаскелік комиссиялар азаматтарды дауыс беру туралы хабардар етуге міндетті. Атап айтқанда, 23-бапта учаскелік комиссиялардың азаматтарды дауыс беру күні, уақыты, орны және тәртібі туралы хабардар ету өкілеттігі белгіленген, ал 26-бапта азаматтар дауыс беру күніне кемінде он күн қалғанда хабардар етілуге тиіс екені бекітілген.

Хабарлаудың электрондық нысандарымен қатар, учаскелік комиссиялар қағаз түріндегі ақпараттық хабарламаларды да таратады. Олар - сайлау учаскесінің мекенжайы, дауыс беру күні мен уақыты көрсетілген парақшалар немесе карточкалар. Кейбір жағдайларда мұндай хабарламаларда сайлаушының тегі, аты және әкесінің аты немесе оның мекенжайы да көрсетілуі мүмкін. Бұл тәжірибе азаматтарды ақпараттандыру тетігінің бір бөлігі болып табылады және цифрлық ақпараттық ресурстарға тұрақты қол жеткізе алмайтын халықтың жекелеген топтарын қоса алғанда, барлық азаматтардың дауыс беруді өткізу туралы ақпаратқа тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Осылайша, бюллетеньдерді үй-үйге тарату туралы ақпарат – азаматтарды хабардар ету рәсімін бұрмалап түсіндірудің нәтижесі.

‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, таратылатын хабарламаларды тексеруге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырады.
🔥2👍1
⚡️ Центром по борьбе с дезинформацией зафиксировано распространение в социальных сетях ложной информации о том, что в некоторых городах осуществляется подомовой обход с раздачей бланков бюллетеней референдума по новой Конституции.

В действительности бланк бюллетеня референдума является официальным документом установленной формы. Он содержит текст вопроса, вынесенного на голосование, и поля для выражения голоса. Бюллетени никогда не распространяются заранее и не разносятся по домам. Они выдаются гражданам в день проведения референдума непосредственно на участках для голосования при предъявлении удостоверения личности и под подпись. Заполнение бюллетеня осуществляется непосредственно в кабине для тайного голосования. При этом никаких данных о личности голосующего он не содержит.

В то же время накануне референдума в ряде городов действительно может проводиться оповещение граждан по месту их регистрации. Речь идет не о выдаче бюллетеней, а исключительно об информировании населения о дне, времени и месте голосования.

Данная процедура прямо предусмотрена законодательством. Согласно Конституционному закону Республики Казахстан «О республиканском референдуме», участковые комиссии обязаны информировать граждан о проведении голосования. В частности, статья 23 закрепляет полномочие участковых комиссий оповещать граждан о дне, времени, месте и порядке голосования, а статья 26 устанавливает, что граждане должны быть уведомлены не менее чем за десять дней до дня голосования.

Наряду с электронными формами оповещения участковые комиссии также распространяют информационные уведомления в бумажном виде — листовки или карточки с указанием адреса избирательного участка, даты и времени голосования, иногда содержащие фамилию, имя и отчество или адрес избирателя. Такая практика является частью механизма информирования граждан и направлена на обеспечение равного доступа к информации о проведении голосования, в том числе для отдельных групп населения, не имеющих постоянного доступа к цифровым информационным ресурсам.

Таким образом, распространение информации о якобы разносе бюллетеней по домам является ложной интерпретацией процедуры информирования граждан.

‼️ Центр по борьбе с дезинформацией призывает граждан доверять только официальным источникам информации, проверять распространяемые сообщения и воздерживаться от распространения непроверенных сведений.
👍4🔥1