JAQ.OrtCom.kz
1.31K subscribers
16 photos
33 videos
6 files
68 links
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының (JAQ) ресми арнасы

Официальный канал Центра по борьбе с дезинформацией СЦК при Президенте Республики Казахстан

@AntiFakeCenterBot
Download Telegram
🔎 2026 жылғы 2–17 ақпан аралығында мемлекеттік органдар жариялаған ресми теріске шығарулар

➡️ Фейк: Желіде көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша жеделдетілген онлайн курстардан өтіп, растайтын құжаттарды алу мүмкіндігі туралы ұсыныстар таратылуда.

ҚР ІІМ-нің ресми теріске шығаруы

Жүргізушілерді даярлау тек лицензияланған автомектептерде жүзеге асырылады және оқытудың толық курсынан, оның ішінде практикалық сабақтардан міндетті түрде өтуді талап етеді. Көлік құралын басқару дағдыларын онлайн форматта қалыптастыру және бекіту мүмкін болмайды.

➡️ Фейк: ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев инвестициялық қызметті жүзеге асыруға лицензия береді деген ақпарат таралуда.

ҚР Қаржы министрлігінің теріске шығаруы

Қаржы министрлігі қаржы нарығында брокерлік, дилерлік, инвестициялық немесе өзге де кәсіби қызметті лицензиялауды жүзеге асырмайды. Инвестициялық компанияларды және қаржы нарығының басқа да кәсіби қатысушыларын лицензиялау, тіркеу және қадағалау тек уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жатады.

➡️ Фейк: Әлеуметтік желілерде ҚР Қарулы Күштеріндегі өзекті оқиға ретінде бейнежазба таратылуда.

ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесі

Бейнежазба 2019 жылы Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінің бірінде түсірілген. Әскери қызметшілер мұны әзіл сипатында түсірілгенін және тек жеке пайдалануға арналғанын түсіндіреді.

➡️ Фейк: Қазақстанда ірі қара малды жаппай тәркілеу және жою жүргізіліп жатыр деген ақпарат таралуда.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми теріске шығаруы

Бейнежазбаның Қазақстанға қатысы жоқ. Ел аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу немесе мәжбүрлі түрде жою тек заңнама сәйкес, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімі негізінде және жергілікті атқарушы органдар шектеу шараларын міндетті түрде енгізген жағдайда жүзеге асырылады.

➡️ Фейк: Қазақстанда «сәтсіз инъекциялардан» кейін қызылшаға қарсы вакцинация тоқтатылды деген ақпарат таралуда.

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми мәлімдемесі

Қызылшаға қарсы вакцинация профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде жоспарлы түрде жүргізіледі. Вакцинаны қолдануға байланысты әдеттен тыс реакциялар немесе асқынулар тіркелмеген.

➡️ Фейк: Әлеуметтік желілерде «әскерден босату» немесе «ақ билет» алу қызметтерінің жарнамасы таралуда.

ҚР Қорғаныс министрлігінің теріске шығаруы

Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешім ҚР-ың заңнамасына сәйкес тек шақыру комиссиясымен қабылданады. Құжаттарды қолдан жасауға немесе заңды айналып өтуге бағытталған кез келген әрекеті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Барлық рәсімдер, оның ішінде медициналық куәландыру, ресми мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.

➡️ ҚР Бас прокуратурасының ескертуі:

Бас прокуратура терроризмді насихаттағаны және теракт туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды. Қадағалау органы терроризмге тікелей шақыру ғана емес, оны мақұлдау немесе қолдау, оның ішінде әлеуметтік желілердегі пікірлер мен жарияланымдар арқылы да қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын хабарлады. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес дайындалып жатқан теракт туралы көрінеу жалған хабарлау үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Өткен жылы жалған терроризм фактілері бойынша сотқа 25 қылмыстық іс жолданды. Мысалы, Жетісай қаласында мектепті «миналау» туралы IP-мекенжайды ауыстыру арқылы жалған хабар берген 11-сынып оқушысы анықталып, 1 жылға сотталды. Сондай-ақ, Ақтау қаласында оқу орнына бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама жасаған азамат 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ведомство интернеттегі жасырындық жауапкершіліктен қорғамайтынын және шұғыл тексерулерге жұмсалған барлық шығындар кінәлі тұлғалардан өндірілетінін атап өтті.
🔥5👏3
🔎 Сводка официальных опровержений государственных органов за период 2-17 февраля 2026 г.

➡️ Фейк: В сети распространяются предложения о прохождении ускоренных онлайн-курсов по подготовке водителей транспортных средств с возможностью получения подтверждающих документов.

Опровержение Министерства внутренних дел РК:

Подготовка водителей осуществляется исключительно в лицензированных автошколах с обязательным прохождением полного курса обучения, включая практические занятия. Формирование и закрепление навыков управления транспортным средством в онлайн-формате невозможно.

➡️ Фейк: Министр финансов РК Мади Такиев якобы выдает лицензии на осуществление инвестиционной деятельности.

Опровержение Министерства финансов РК:

Минфин не осуществляет лицензирование брокерской, дилерской, инвестиционной или иной профессиональной деятельности на финансовом рынке. Лицензирование, регистрация и надзор за инвестиционными компаниями и другими профессиональными участниками финансового рынка осуществляются исключительно уполномоченным государственным органом.

➡️ Фейк: В социальных сетях распространяется видеозапись, которую выдают за актуальный инцидент в Вооруженных Силах РК.

Опровержение Министерства обороны РК:

Запись сделана в 2019 году в одной из воинских частей Вооруженных Сил, а сами военнослужащие пояснили, что видео носило шуточный характер и предназначалось исключительно для личного пользования.

➡️ Фейк: В Казахстане проводится массовое изъятие и уничтожение крупного рогатого скота.

Опровержение Министерства сельского хозяйства РК

Распространяемые видеозаписи не имеют отношения к Республике Казахстан. В стране изъятие либо вынужденное уничтожение сельскохозяйственных животных проводится исключительно в рамках законодательства – только на основании решения главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории и при обязательном введении ограничительных мер местными исполнительными органами.

➡️ Фейк: В Казахстане якобы отменена вакцинация против кори после «неудачных инъекций».

Опровержение Комитета санитарно-эпидемиологического контроля МЗ РК:

Вакцинация против кори проводится в плановом режиме во всех регионах страны в соответствии с Национальным календарем профилактических прививок. Случаи необычных реакций или осложнений, связанных с применением вакцины, не зарегистрированы.

➡️ Фейк: В социальных сетях распространяется реклама услуг по «освобождению от армии» или получению «белого билета».

Опровержение Министерства обороны РК:

Решение об отсрочке или освобождении от воинской службы принимается исключительно призывной комиссией на основании законодательства Республики Казахстан. Любые попытки подделки документов или обхода закона влекут уголовную ответственность. Все процедуры, включая медицинское освидетельствование, осуществляются официальными органами.

➡️ Генеральная прокуратура напомнила об уголовной ответственности за пропаганду терроризма и заведомо ложные сообщения о терактах. В надзорном органе сообщили, что уголовная ответственность наступает не только за прямые призывы к терроризму, но и за его одобрение или поддержку, в том числе в виде комментариев и публикаций в социальных сетях. За заведомо ложные сообщения о готовящемся теракте по статье 273 УК РК предусмотрено наказание до 5 лет лишения свободы.

В прошлом году в суд было направлено 25 уголовных дел по фактам лжетерроризма. Так, ученик 11 класса, сообщивший о «минировании» школы в Жетысае с использованием подмены IP-адреса, был установлен и осужден к 1 году ограничения свободы. В Актау мужчина за ложное сообщение о бомбе в учебном заведении получил 1 год и 6 месяцев лишения свободы. Ведомство подчеркнуло, что анонимность в интернете не защищает от ответственности, а все затраты на экстренные проверки взыскиваются с виновных лиц.
👍6🔥4👏3
🔈 Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум қарсаңында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу және оның нәтижелерін жариялау талаптарына қатысты заңнамалық түсіндірме берді.

Қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетін, Орталық сайлау комиссиясын алдын ала хабардар еткен және рәсімдік талаптарды сақтаған заңды тұлғалар ғана құқылы. Сауалнама нәтижелерін міндетті деректемелерсіз жариялау, сондай-ақ тыйым салынған мерзімдерде сауалнама жүргізу әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Бұл талаптар референдумның ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың шынайы ақпарат алу құқығын қорғауға және дауыс беру кезеңінде қоғамдық пікірді манипуляциялауға жол бермеуге бағытталған.

————

🔈 В преддверии республиканского референдума по проекту новой Конституции Генеральная прокуратура Республики Казахстан разъяснила требования законодательства к проведению и публикации опросов общественного мнения.

Опросы вправе проводить только юридические лица, соответствующие установленным законом критериям, с обязательным уведомлением Центральной избирательной комиссии и соблюдением процедурных требований. Публикация результатов без предусмотренных реквизитов, а также проведение опросов в запрещённые сроки влечёт административную ответственность.

Данные требования направлены на обеспечение прозрачности референдума, защиту права граждан на получение достоверной информации и недопущение манипулирования общественным мнением в период подготовки и проведения голосования.
👍8🔥2
🔈 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған eGov порталы арқылы өтініш берген жағдайда әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалады деген ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді.

Ведомство әлеуметтік көмектің атаулы сипатқа ие екенін және ол тек белгіленген мұқтаждық критерийлеріне сәйкес келген жағдайда ғана көрсетілетінін атап өтті. Портал арқылы өтініш беру көмекке жүгінудің негізі болып табылмайды.
____

🔈 В ответ на распространяемую в социальных сетях информацию о якобы автоматическом назначении социальной помощи при подаче заявления через портал eGov, Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан выступило с официальным разъяснением.

В ведомстве подчеркнули, что социальная помощь носит адресный характер и предоставляется исключительно при соблюдении установленных критериев нуждаемости. Сам факт подачи заявления через портал не является основанием для предоставления помощи.
👍4🔥3
🔈 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Конституцияның жаңа редакциясының жобасындағы демалыс құқығына қатысты сұрақтар бойынша ресми түсініктеме берді.

Ведомство қолданыстағы еңбек заңнамасының нормалары, соның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына берілетін кепілдіктер өз күшінде қалатынын және Конституцияның жаңа редакциясының жобасына қайшы келмейтінін баса айтты. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан жұмыскерлердің құқықтарын жою немесе шектеу мүмкіндігі туралы мәлімдемелер конституциялық тұжырымдарды бұрыс пайымдауға негізделген.
————
🔈 Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан дало официальное объяснение, касающееся вопросов права на отдых в проекте новой редакции Конституции.

В ведомстве подчеркнули, что действующие нормы трудового законодательства, включая гарантии ежегодного оплачиваемого отпуска, продолжают действовать и не вступают в противоречие с проектом новой редакции Конституции. Распространяемые в социальных сетях утверждения о возможной отмене или ограничении прав работников основаны на некорректной трактовке конституционных формулировок.
🔥4👍3👏2
🔎 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады. Біз желіде тараған жалған мәлімдемелерді жобаның ресми мәтінімен және мемлекеттік органдардың түсіндірмелерімен салыстырдық.

1-бөлім

1. «Конституция Президенттің өкілеттіктерін күшейтеді»

Бұл құжаттың мазмұнына сәйкес келмейді.

Жоба тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін бекітеді. Негізгі кадрлық шешімдер - Вице-президентті, Премьер-министрді, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындау - Құрылтайдың келісімімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Президенттің қайта сайлану құқығынсыз бір реттік жеті жылдық өкілеттік мерзімі сақталады.

Мұндай құрылым «суперпрезиденттік» модельге емес, президенттік республикаға тән.

Қорытынды: Фейк

2. «Шетелдіктерге жер сатуға қойылған тыйым алынып тасталады»

Жоба мәтінінде шетел азаматтарына жер сатуға рұқсат беретін нормалар жоқ.

8-баптың 3-тармағында:

«Жер және оның қойнауы, сулар, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп бекітілген.

Қорытынды: Фейк

3. «Тегін медицина жойылады»

Жоба медициналық көмектің өтеусіз сипатын сақтайды.

32-баптың 2-тармағына сәйкес:

«Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген, өздері төлемейтін медициналық көмекті алуға құқылы».

Бұл жерде мәселе тегін медицинаны жоюда емес, аталған құқықты іске асыру тетігін заңнамалық тұрғыдан нақтылауда болып отыр.

Қорытынды: Манипуляция

4. «Тегін білім беру жойылады»

Бұл да жоба мәтініне сәйкес келмейді.

Шын мәнінде, мемлекеттік оқу орындарында орта білім берудің өтеусіз сипатына Конституция кепілдік береді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарында тегін жоғары білім алу құқығы бекітіледі (33-бап).

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 9-отырысында Премьер-Министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева:

«Ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайды... «Тегін» деген ұғым құқықтық тұрғыдан нақтырақ «азаматтар ақы төлемей, заңда белгіленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы» деген тұжырымдамамен алмасты», – деп атап өтті.

Қорытынды: Манипуляция

5. «Жыл сайынғы ақылы демалыстар жойылады»

Бұл - қате пайым.

Конституция жобасының 27-бабы демалу құқығына кепілдік береді. Ал жыл сайынғы ақылы демалыстың нақты ұзақтығы мен шарттары Еңбек кодексімен айқындалады.

Конституциялық норма принципті бекітеді, ал егжей-тегжейі салалық заңнамамен реттеледі.

Қорытынды: Манипуляция
🔥3👏2
2-бөлім

6. «Конституциядан «бостандық» ұғымы алынып тасталды»

Керісінше, құқықтар мен бостандықтар ең жоғары құндылық ретінде айқындалған.

Преамбула мен 1-бапта адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп жарияланған. Құқықтар мен бостандықтар бөлінбейтін және иеліктен шығарылмайтын деп танылады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз жария мәлімдемесінде: «Адам және оның қадір-қасиеті – конституциялық модельдің езегіне айналып отыр» - деп атап өтті.

Қорытынды: Манипуляция.

7. «Сөз және жиналыс бостандығы шектеледі»

Шын мәнінде, Конституция жобасы цензураға тікелей тыйым салады (23-бап, 5-т.) және сөз бостандығына кепілдік береді (23-бап, 4-т.). Шектеулерге тек заңмен және тек конституциялық құрылысты, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында ғана жол беріледі, бұл Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне, соның ішінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес келеді.

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығына Конституция жобасының 35-бабында да кепілдік берілген. Бейбіт жиналыс түрлерінің тізбеленбеуі осы түрлердің барлығының «бейбіт жиналыстар» ұғымына кіретіндігімен, яғни бейбіт жиналыстар өткізу құқығымен қамтылатындығымен түсіндіріледі. Бейбіт жиналыстардың нақты түрлері бейбіт жиналыстар туралы бейінді Заңда ашып көрсетіледі.

Бейбіт жиналыстардың түрлерін тәптіштемейтін мұндай жалпы тұжырымдама «Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы танылады» делінген Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес келеді.

Қорытынды: Манипуляция.

8. «Тотальды цифрлық бақылау енгізіледі»

Керісінше, Конституция жобасы «цифрлық құқықтарды» енгізіп, азаматтардың жеке өмірі мен дербес деректерін виртуалды ортада заңсыз пайдаланудан қорғайды (21-бап, 1-т.).

Қорытынды: Фейк.

9.«Конституция мәтінін шетелдіктер жазған»

Жобаны отандық заңгерлер, ғалымдар мен сарапшылар азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып дайындады. Комиссия жұмысы ашық әрі жария түрде жүргізілді.

Қорытынды: Фейк.

10. «Жаңа Конституция халықаралық міндеттемелерді бұзады»

Жобада ратификацияланған халықаралық шарттарға қайшы келетін нормалар көзделмеген. Адам құқықтары мен бостандықтарының негізгі қағидаттары халықаралық деңгейде танылған стандарттарға сәйкес келтірілген.

Ратификацияланған халықаралық шарттардың қолданылу тәртібі ұлттық мүдделерді қорғау қажеттілігі ескеріле отырып, заңдарда айқындалатын болады. Ратификацияланған халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық жүйесінің құрамында қалады.

Қорытынды: Манипуляция.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды бастапқы дереккөздерді мұқият зерделеуге, тексерілмеген жарияланымдарға сын көзбен қарауға және жалған ақпаратты таратпауға шақырады.

Өз көзқарасыңызды қалыптастыру барысында эмоционалды және үстірт интерпретацияларға емес, ресми мәтін мен уәкілетті органдардың түсіндірмелеріне сүйеніңіз.
👍2👏2🔥1
Центр по борьбе с дезинформацией подготовил обзор наиболее распространенных фейков и манипуляций вокруг проекта новой Конституции Республики Казахстан. Мы сопоставили ложные утверждения, которые циркулируют в сети, с официальным текстом проекта и разъяснениями государственных органов.

Часть 1

1. «Конституция усиливает полномочия Президента»

Это не соответствует содержанию документа.

Проект закрепляет систему сдержек и противовесов. Ключевые кадровые решения - назначение Вице-президента, Премьер-министра, судей Конституционного Суда, членов Центральной избирательной комиссии и Высшей аудиторской палаты - осуществляются с согласия Курултая.

Кроме того, сохраняется однократный семилетний срок полномочий Президента без права повторного избрания.

Такая конструкция характерна для президентской республики, а не для «суперпрезидентской» модели.

Вывод: Фейк.

2. «Отменяется запрет на продажу земли иностранцам»

В тексте проекта нет норм, разрешающих продажу земли иностранным гражданам.

Пункт 3 статьи 8 прямо закрепляет:

«Земля и ее недра, воды, растительный и животный мир, другие природные ресурсы принадлежат народу. От имени народа право собственности осуществляет государство. Земля может находиться также в частной собственности на основаниях, условиях и в пределах, установленных законом».

Вывод: Фейк.

3. «Отменяется бесплатная медицина»

Проект подтверждает безвозмездный характер медицинской помощи.

Пункт 2 статьи 32:

Граждане Республики Казахстан вправе получать не оплачиваемую ими медицинскую помощь, установленную законом.

Речь идет не об отмене, а о юридически корректной формулировке механизма реализации этого права.

Вывод: Манипуляция

4. «Отменяется бесплатное образование»

Это также не соответствует тексту.

В действительности безвозмездный характер среднего образования в государственных учебных заведениях гарантируется Конституцией. Также закрепляется право на получение высшего образования в высших учебных заведениях (Статья 33).

На 9 заседании Комиссии по конституционной реформе Заместитель Премьер-министра - Министр культуры и информации Аида Балаева специально подчеркнула:

«Никто не будет лишен права на медицинскую помощь и получение образования. Важно ясно понимать следующее: понятие «бесплатно» в правовом смысле уточняется формулировкой «граждане имеют право на получение медицинской помощи без взимания платы в порядке, установленном законом».

Вывод: Манипуляция

5. «Отменяются ежегодные отпуска»

Это неверная трактовка.

Статья 27 проекта Конституции гарантирует право на отдых, а конкретные параметры ежегодного оплачиваемого отпуска наряду с другими видами отпусков определяются Трудовым кодексом.

Конституционная норма закрепляет принцип, а детали определяются отраслевым законодательством.

Вывод: Манипуляция.
👍3👏3👎1
Часть 2

6. «Из Конституции исключено понятие свободы»

Наоборот - права и свободы закреплены как высшая ценность.

В преамбуле и Статье 1 человек, его жизнь, права и свободы провозглашаются высшей ценностью государства. Права и свободы признаются неотъемлемыми и неотчуждаемыми.

Из публичного заявления Заместителя Премьер-министра - Министра культуры и информации Аиды Балаевой «Человек и его достоинство - в центре конституционной модели».

Вывод: Манипуляция.

7. «Ограничивается свобода слова и собраний»

На самом деле проект Конституции прямо запрещает цензуру (п.5, ст.23), гарантирует свободу слова (п.4, ст.23). Ограничения допускаются исключительно законом и только в целях защиты конституционного строя, общественной безопасности и прав других лиц, что соответствует международным обязательствам Казахстана, включая Международный пакт о гражданских и политических правах.

Право на мирные собрания также гарантируется в Статье 35 проекта Конституции. Исключение перечисления видов мирных собраний связано с тем, что все эти виды входят в понятие «мирные собрания», то есть уже охватываются правом на мирные собрания. Сами виды мирных собраний раскрываются в профильном Законе о мирных собраниях.

Такая общая формулировка, без раскрытия видов мирных собраний, соответствует Международному пакту о гражданских и политических правах, согласно которому «Признается право на мирные собрания».

Вывод: Манипуляция.

8. «Вводится тотальный цифровой контроль»

Проект Конституции, напротив, вводит «цифровые права», защищая неприкосновенность частной жизни и персональных данных граждан от неправомерного использования в виртуальной среде (п.1, ст.21).

Вывод: Фейк.

9. «Текст Конституции написан иностранцами»

Проект подготовлен отечественными юристами, учеными и экспертами с учетом предложений граждан. Работа Комиссии по Конституционной реформе была открытой, публичной и доступной «онлайн».

Вывод: Фейк.

10. «Новая Конституция нарушает международные обязательства»

Проект не содержит норм, противоречащих ратифицированным международным договорам. Базовые принципы прав и свобод человека приведены в соответствие с международно-признанными стандартами.

Порядок действия ратифицированных международных договоров будет устанавливаться в законах с учетом необходимости защиты национальных интересов. Ратифицированные международные договоры остаются в системе действующего права Республики Казахстан.

Вывод: Манипуляция.

Центр по борьбе с дезинформацией призывает граждан внимательно читать первоисточники, критически относиться к непроверенным публикациям и не распространять недостоверную информацию.

Чтобы сформировать собственное мнение опирайтесь на официальный текст проекта Конституции и проверенные разъяснения, а не на эмоциональные и упрощенные интерпретации.
👏3👍2👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📝 "Жазылған сөз — жаңылмас”. Жаңа Конституция мәтіні төңірегіндегі мифтерге арналған арнайы шығарылым.
👍5🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📝 «Что написано пером — не вырубить топором». Специальный выпуск о мифах вокруг текста новой Конституции.
4👍1🔥1
🔎 Мемлекеттік органдардың 2026 жылғы 18-28 ақпан аралығындағы теріске шығаруларының жиынтығы

➡️ Фейк: eGov порталы арқылы өтініш берген кезде әлеуметтік көмектің автоматты түрде тағайындалуы.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірмесі:

Әлеуметтік көмек атаулы сипатқа ие және тек белгіленген мұқтаждық критерийлеріне сәйкес келген жағдайда ғана көрсетіледі. eGov порталы арқылы өтініш берудің өзі көмек тағайындауға негіз болып табылмайды.

➡️ Фейк: Жаңа Конституция жобасына байланысты демалыс пен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқығының күшін жою немесе шектеу.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің теріске шығаруы:

Еңбек заңнамасының қолданыстағы нормалары, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы кепілдіктері өз күшін сақтайды және Конституцияның жаңа редакциясының жобасына қайшы келмейді.

➡️ Фейк: Табысы 232 000 теңгеден төмен отбасыларға және белгілі бір аурулары бар тұлғаларға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің теріске шығаруы:

Мұндай әлеуметтік төлем қолданыстағы заңнамада көзделмеген. Ресми қолдау шаралары тек бекітілген нормативтік актілермен реттеледі. Мұндай хабарламаларды алаяқтар азаматтардың дербес деректерін иемдену мақсатында таратады.

➡️ Фейк: ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың дипфейк технологиясы арқылы жасалған мәлімдемесі.

ҚР Қорғаныс министрлігінің теріске шығаруы:

Бейнематериал дипфейк технологиясын қолдану арқылы жасалған, ал дауысы министрдің бұрынғы көпшілік алдында сөйлеген сөздері негізінде монтаждалған.

➡️ Фейк: Қазақстаннан сиыр етін экспорттауға тыйым салу.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің теріске шығаруы:

Бірқатар кәсіпорынның экспорттық нарықтарға шығу мүмкіндігі бар, сондай-ақ экспорттаушылар шеңберін кеңейту үшін квоталарды бөлу тетігін қайта қарау жоспарлануда. Шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастау Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясындағы кредиттік құралдар арқылы жүзеге асырылады.

➡️ Фейк: Зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын төлеу.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің теріске шығаруы:

2026 жылғы қаңтардағы зейнетақы төлемдері индекстеуді ескере отырып, алушыларға қаңтар айында аударылады. Желтоқсан айының зейнетақысы толық көлемде төленеді.

➡️ Фейк: Дәрі-дәрмек бағасының жаппай өсуі.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің теріске шығаруы:

2025 жылдан бастап елімізде дәрілік препараттардың құнын қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеудің жаңартылған тетігі жұмыс істейді. Қазіргі таңда 4 994 аталым бойынша шекті бағалар белгіленген.

🔈 Қосымша ақпарат:

➡️ ҚР Бас прокуратурасы референдум және жаңа Конституция жобасы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу тәртібіне қатысты түсіндірме берді.

➡️ ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті WhatsApp, СМС және әлеуметтік желілер арқылы басшылық атынан таратылып жатқан алаяқтық хабарламалар туралы ескертті.

➡️ ҚР Ішкі істер министрлігі Петропавл қаласында теракт дайындалып жатқаны туралы жалған ақпарат таратқан тұлғаны анықтады. Кәмелетке толмаған жасөспірім Telegram-арна ашып, сыныптастары арасында «қалжыңдау» мақсатында жалған мәлімет таратқан. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

➡️ Жаңа Конституция жобасына қатысты негізгі фейктер мен манипуляциялар туралы толығырақ осы сілтемеден оқи аласыз.
🔥3👏1
🔎 Сводка опровержений государственных органов за период с 18 по 28 февраля 2026 г.

➡️ Фейк: Автоматическое назначение социальной помощи при подаче заявления через портал eGov.

Разъяснение Министерства труда и социальной защиты населения РК:

Социальная помощь носит адресный характер и предоставляется исключительно при соблюдении установленных критериев нуждаемости. Подача заявления через портал eGov сама по себе не является основанием для назначения помощи.

➡️ Фейк: Отмена/ограничение прав на отдых и ежегодный оплачиваемый отпуск в связи с проектом новой Конституции.

Опровержение Министерства труда и социальной защиты населения РК:

Действующие нормы трудового законодательства, включая гарантии ежегодного оплачиваемого отпуска, сохраняют свое действие и не противоречат проекту новой редакции Конституции.

➡️ Фейк: Назначение единовременной выплаты в размере 432 500 тенге семьям с доходом ниже 232 000 тенге и лицам с определенными заболеваниями.

Опровержение Министерства труда и социальной защиты населения РК:

Данная социальная выплата не предусмотрена действующим законодательством. Официальные меры поддержки регулируются только утвержденными нормативными актами. Распространение подобных сообщений зачастую используется мошенниками для получения персональных данных граждан.

➡️ Фейк: Заявление Министра обороны РК Даурена Косанова с применением технологий дипфейк.

Опровержение Министерства обороны РК:

Видеоматериал сгенерирован с использованием технологий дипфейк, а голос смонтирован на основе ранее записанных публичных выступлений.

➡️ Фейк: Запрет экспорта говядины из Казахстана.

Опровержение Министерства сельского хозяйства РК:

Доступ к экспортным рынкам имеют ряд предприятий, а механизм распределения квот планируется пересмотреть для расширения круга экспортеров. Поэтапное снятие ограничений предусмотрено в рамках реализации кредитных инструментов Комплексного плана развития животноводства.

➡️ Фейк: Досрочная выплата пенсионных средств.

Опровержение Министерства труда и социальной защиты населения РК:

Пенсионные выплаты за январь 2026 года, с учетом индексации, будут перечислены получателям в январе 2026 года. Пенсии за декабрь уже выплачены в полном объеме.

➡️ Фейк: Массовый рост цен на лекарственные средства.

Опровержение Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения РК:

В 2025 году в стране реализуется обновленный механизм государственного регулирования цен на лекарственные препараты, направленный на прозрачность и предсказуемость формирования стоимости. Предельные цены установлены на 4 994 наименования.

🔈 Дополнительно:

➡️ Генеральная прокуратура РК сделала разъяснение в отношении порядка проведения опросов общественного мнения по вопросам референдума и проекта новой Конституции.

➡️ Комитет государственных доходов МФ РК предупредил о распространении в сети мошеннических сообщений якобы от имени руководства через WhatsApp, СМС и социальные сети.

➡️ Министерство внутренних дел РК сообщило об установлении лица, заявившего о подготовке теракта в г. Петропавловск. Несовершеннолетний создал Telegram-канал и распространил ложную информацию среди одноклассников, пояснив свои действия желанием «пошутить». Ведется расследование, заведомо ложное сообщение об акте терроризма влечет уголовную ответственность.

➡️ Прочитать топ фейков и манипуляций в отношении проекта новой Конституции можно тут.
🔥3👍1👏1
Теріске шығару шолуы - 2026 ж. ақпан.pdf
2.2 MB
Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы 2026 жылғы ақпан айындағы теріске шығарулар бойынша шолу дайындады.
🔥5👏3
Обзор_опровержений_февраль_2026_г_.pdf
2.2 MB
Центром по борьбе с дезинформацией Службы центральных коммуникаций подготовлен Обзор опровержений за февраль 2026 года.
👍5🔥2👏1
​​⚡️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде сайлау жәшіктеріне бюллетеньдерді заңсыз тастаудың «дәлелі» ретінде ұсынылған бейнероликтердің таратылуын тіркеуде.

Жүргізілген талдау нәтижесі көрсеткендей, мұндай бейнежазбалардың басым бөлігі басқа мемлекеттерде және әртүрлі уақыт кезеңдерінде түсірілген. Сонымен қатар, олардың арасында нақты шығу тегі мен мән-жайы көрсетілмей таратылып жатқан қойылымдық немесе модификацияланған бейнероликтер бар.

Мәселен, «жоғалып кететін сия» бейнеленген ролик алғаш рет интернет кеңістігінде 2019 жылы пайда болған. Бұл материал бұған дейін Ресей, Украина және Қырғызстан елдерінде бірнеше мәрте жарияланып, кеңінен таралған болатын.

Ал өзге материалдардың бір бөлігі - осыдан 10-15 жыл бұрын және одан да ерте уақытта жарияланған бейнежазбалар.

Орталық барлық онлайн-платформаларда олардың нұсқаларын естемегенде, 32 бірегей бейнежазбаны анықтады.

Мұндай материалдарды пайдалану - ақпараттық арандатушылық технологияларының бірі болып табылады. Мақсат - дауыс беру процедуралары туралы бұрмаланған түсінік қалыптастыру арқылы референдум қарсаңында қоғамдағы сенім деңгейіне нұқсан келтіру.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының бағалауы бойынша, референдум күні жақындаған сайын манипуляциялық контенттің анағұрлым күрделі түрлері, соның ішінде шынайы оқиғаларды немесе лауазымды тұлғалардың мәлімдемелерін имитациялайтын дипфейк-бейнелер пайда болуы мүмкін.

Орталық азаматтарды мұндай жарияланымдарға сыни тұрғыдан қарауға, ақпарат көздерін мұқият тексеруге және расталмаған материалдарды таратпауға шақырады.

‼️ Ескерту: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары ақпараттық кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізеді. Көрінеу жалған ақпаратты әдейі тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз.

————

⚡️ Центр по борьбе с дезинформацией фиксирует распространение в социальных сетях видеороликов, которые подаются как якобы доказательства вброса бюллетеней в избирательные урны.

Проведенный анализ показывает, что большая часть таких видео сняты в других странах в различные периоды времени. Кроме того, среди них присутствуют постановочные либо модифицированные видеоролики, распространяемые без указания их реального происхождения и контекста.

Так, например, ролик с «исчезающими чернилами» впервые появился в интернете в 2019 году. Он неоднократно становился вирусным в России, Украине и Кыргызстане.

Оставшаяся часть распространяемых материалов - это видеозаписи, публиковавшиеся 10-15 и более лет назад.

Центром зафиксировано 32 уникальных видео таких вбросов на всех онлайн-платформах без учета их вариаций.

Использование подобных материалов является одной из распространенных технологий информационных провокаций. Их цель - подорвать атмосферу доверия в обществе накануне референдума, создавая искаженное представление о процедурах голосования.

По оценке Центра по борьбе с дезинформацией, по мере приближения даты референдума возможно появление более сложных форм манипулятивного контента, включая дипфейк-видео, имитирующие якобы реальные события или заявления должностных лиц.

Центр призывает граждан критически относиться к подобным публикациям, проверять источники информации и воздерживаться от распространения непроверенных материалов.

‼️ Напоминаем, что правоохранительными органами Республики Казахстан осуществляется постоянный мониторинг информационного пространства, а намеренное распространение заведомо ложной информации влечет правовые последствия в соответствии с действующим законодательством.
👍3🔥2👏1
⚡️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде, сондай-ақ кейбір қазақстандық және шетелдік БАҚ-да Иран аумағында Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін «қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпараттың таралуын тіркеді.

Осыған байланысты «Қазгидромет» мұндай мәлімдемелердің ғылыми деректермен және бақылау нәтижелерімен расталмайтынын хабарлайды.

Қышқыл жауын-шашын атмосфераға негізінен өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларынан түсетін күкірт пен азот оксидтерінен түзіледі. Олар, әдетте, ластану көздеріне жақын маңда пайда болады. Ауа массалары алыс қашықтыққа жылжыған кезде, бұл заттардың концентрациясы табиғи атмосфералық процестердің әсерінен айтарлықтай төмендейді.

Мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұндай ластанудың Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне қарай жылжу белгілері байқалмайды.

‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұлттық метеорологиялық және экологиялық қызметтері ұсынған ресми мәліметтерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады.
————

⚡️ Центром по борьбе с дезинформацией зафиксировано распространение в социальных сетях, а также в отдельных казахстанских и иностранных СМИ информации о том, что над территорией Ирана якобы образовались так называемые «кислотные облака», которые могут дойти до стран Центральной Азии.

В этой связи, Казгидромет сообщает, что такие сообщения не подтверждаются научными данными и результатами наблюдений.

Кислотные осадки образуются из оксидов серы и азота, поступающих в атмосферу в основном от промышленности, энергетики и транспорта, и обычно возникают вблизи источников загрязнения. При переносе воздушных масс на большие расстояния концентрация этих веществ значительно снижается из-за естественных атмосферных процессов.

По данным мониторинга, признаков переноса подобных загрязнений в сторону Казахстана и стран Центральной Азии не зафиксировано.

‼️ Центр по борьбе с дезинформацией рекомендует ориентироваться на официальные данные национальных метеорологических и экологических служб Министерства экологии и природных ресурсов и воздерживаться от распространения непроверенной информации.
👍4🔥2👏1