JAQ.OrtCom.kz
1.32K subscribers
16 photos
29 videos
2 files
51 links
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының (JAQ) ресми арнасы

Официальный канал Центра по борьбе с дезинформацией СЦК при Президенте Республики Казахстан

@AntiFakeCenterBot
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Циклдік жалған ақпарат — жалған ақпараттың ең тұрақты түрлерінің бірі. «Тапшылық», «балаларға төнетін қауіп», «қауіпті өнімдер» және «төтенше жағдайлар» туралы хабарламалар жылдар бойы ақпараттық кеңістікте қайта пайда болып отырады. Олардың тек уақыты мен орны өзгергенімен, мазмұны қоғамның негізгі қорқыныштарына әрдайым әсер етеді.

Жаңа бейнематериалда Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мұндай жалған ақпараттың қалай жұмыс істейтінін, неліктен таралуын жалғастыратынын және оның қоғамдық көңіл күйге қандай салдар әкелетінін талдайды.
🔥10👏21
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Цикличные фейки - одна из самых устойчивых форм дезинформации. Сообщения о «дефиците», «угрозах детям», «опасных продуктах» и «ЧС» годами возвращаются в инфополе, меняя лишь даты и локации, но неизменно попадая в базовые страхи общества.

В новом видео Центр по борьбе с дезинформацией разбирает, как работают такие фейки, почему они продолжают распространяться и к каким последствиям для общественных настроений это приводит.
🔥9👏41
‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстанда ата-аналардың «балаларда зиянды әдеттерді қалыптастырғаны үшін» жауапкершілігі күшейтілді деген мазмұндағы хабарламалардың таралып жатқанын тіркеді. Бірқатар жарияланымдарда құқық қолдану практикасы мен уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелеріне сүйенбестен, заңнамаға қатысты субъективті пікірлер немесе авторлық интерпретациялар редакциялық ұстаным ретінде ұсынылуда.

Мұндай бұрмалаулар, әдетте, жарияланымға назар аударту, аудиторияның қамтылуы мен белсенділігін арттыру, сондай-ақ құқықтық нормаларды репрессивті немесе шамадан тыс сипатта көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, үрей тудыратын тұжырымдар құқықтық логиканы эмоциялық бағалаумен алмастырып, қоғамда белгісіздік пен мемлекет институттарға деген сенімсіздік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің түсіндіруінше, заңнамада шынымен де ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген. Алайда бұл жауапкершілік автоматты түрде қолданылмайды және мән-жайлардың жиынтығы негізінде белгіленеді. Мұндай факторларға алкогольді жүйелі түрде теріс пайдалану, баланың өмір сүруі мен дамуы үшін тиісті жағдайлардың болмауы, сондай-ақ ата-аналардың баланың психикалық және моральдық жағдайына теріс әсер ететін мінез-құлқы жатады.


Әрбір іс жеке тәртіппен қаралады, ал шешім барлық мән-жайларды ескере отырып, тек сот арқылы қабылданады.

➡️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы журналистерді, блогерлерді және сарапшыларды құқықтық нормалармен жауапкершілікпен жұмыс істеуге, уәкілетті органдардың ресми түсініктемелер сұратуға, сондай-ақ азаматтарды жаңылыстыруы мүмкін жеңілдетілген немесе алаңдатушы интерпретацияларға жол бермеуге шақырады.
————
‼️ Центром по борьбе с дезинформацией фиксируется распространение сообщений, в которых утверждается, что в Республике Казахстан якобы ужесточается ответственность родителей "за формирование вредных привычек у детей". При этом в ряде публикаций даются собственные трактовки законодательства или субъективные оценки, представляемые как редакционная позиция, без опоры на правоприменительную практику и официальные разъяснения.

Подобные искажения, как правило, используются для привлечения внимания к публикации, повышения охватов и вовлеченности аудитории, а также для навязывания собственной интерпретационной рамки, в которой правовые нормы подаются как репрессивные или избыточные. Кроме того, тревожные формулировки позволяют формировать ощущение неопределённости и недоверия к институтам государства, подменяя юридическую логику эмоциональными оценками.

Как разъясняет Комитет административной полиции МВД РК, законодательство действительно предусматривает ответственность по статье 127 КоАП РК за неисполнение родительских обязанностей. Однако такая ответственность не носит автоматического характера и устанавливается на основании совокупности факторов. К ним могут относиться систематическое злоупотребление алкоголем, отсутствие надлежащих условий для жизни и развития ребёнка, поведение родителей, негативно влияющее на его психическое и нравственное состояние.


Отмечается, что каждый случай рассматривается индивидуально, а решение принимается исключительно судом с учётом всех обстоятельств.

➡️ Центр по борьбе с дезинформацией призывает журналистов, блогеров и экспертов ответственно работать с правовыми нормами, запрашивать официальные комментарии уполномоченных органов и избегать упрощённых или тревожных интерпретаций, способных вводить граждан в заблуждение.
👍8🔥3👏2
🔎 Өткен аптадағы мемлекеттік органдардың ресми теріске шығаруларының жиынтығы

➡️ Жалған ақпарат: Қазақстанда банкоматтар арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтардың мемлекеттік деректер базасы құрылып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің теріске шығаруы:

Таратылып жатқан ақпарат манипулятивті сипатқа ие және шындыққа сәйкес келмейді. Банкоматтардағы бейнебақылау камералары тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаяқтықтың алдын алу және оқиғаларды тергеу мақсатында қолданылады. Оларды орнату талабы 2016 жылдан бастап қолданыста және ҚР Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген. Бейнежазбалар заңнамада белгіленген мерзімдерде сақталады және азаматтарды қосымша есепке алу немесе бақылау мақсатында пайдаланылмайды.

➡️ Жалған ақпарат: Қазақстанда аулалар мен саябақтарда құстарды, тиіндерді және иесіз жануарларды тамақтандырғаны үшін айыппұл қарастырылған.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің теріске шығаруы:

Қазақстан Республикасының заңнамасында иесіз жануарларды тамақтандырғаны үшін айыппұл көзделмеген. Алайда қоғамдық орындарды ластау жағдайдарында жауапкершілік туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда жануарларды тамақтандырғаны үшін емес, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 432-2-бабы қолданылады.

➡️ Жалған ақпарат: Esentai City элиталық кешеніндегі элиталық тұрғын үйлер күштік құрылымдарға беріліп, ішкі істер органдары тарыпынан пайдаланылып жатыр.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің теріске шығаруы:

Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Көрсетілген жылжымайтын мүлік нысандары ҚР Ішкі істер министрлігіне берілмеген және ішкі істер органдарының балансында жоқ. ІІМ-нің құрылымдық бөлімшелері бұл пәтерлерді өз қарамағына қабылдамаған, іс жүзінде пайдаланбайды және оларды қызметтік немесе өзге де мақсаттарда пайдалануды жоспарлап отырған жоқ.

➡️ Жалған ақпарат: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Laramide Resources Ltd. және Aral Resources Ltd. компанияларының Қазақстан аумағындағы уран барлау жобаларына қатысады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ресми мәлімдемесі:

Қазатомөнеркәсіптің Laramide Resources Ltd. және Aral Resources Ltd. компанияларымен бірлескен кәсіпорындары, шарттық қатынастары немесе ортақ жобалары жоқ және бұрын да болмаған. Жарияланымдарда аталған жобалар үшінші тараптардың бастамалары болып табылады және «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қызметіне қатысы жоқ.

➡️ Жалған ақпарат: Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне 1 млрд АҚШ доллары көлемінде міндетті жарна төлеу шартымен кірді.

Ақорданың баспасөз қызметінің түсіндірмесі:

«Кеңеске мүше болған сәттен бастап мемлекеттің онда болу мерзімі үш жылды құрайды. Жарғыда көрсетілген 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі ерікті жарна мүшеліктің міндетті шарты болып табылмайды. Бұл - әрбір қатысушы мемлекеттің құқығы. Мұндай жарна алғашқы жыл ішінде енгізілген жағдайда, мемлекет Кеңестегі мүшелігін белгіленген үш жылдық мерзімнен тыс ұзарту мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарнасыз кірді, бұл Жарғының ережелеріне толық сәйкес келеді».

➡️ Жалған ақпарат: Қазақстанда «балаларда зиянды әдеттерді қалыптастырғаны үшін» ата-аналардың жауапкершілігі күшейтіліп, жаза автоматты түрде қолданылады деген ақпарат таралуда.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің түсіндірмесі:

Таратылып жатқан хабарламаларда заңнама нормалары бұрмаланып түсіндірілген және олар шындыққа сәйкес келмейді. Қолданыстағы заңнамада Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес ата-аналардың (немесе заңды өкілдердің) өз міндеттерін орындамауы үшін жауапкершілік көзделген. Алайда бұл жауапкершілік автоматты түрде қолданылмайды.

Әкімшілік жауапкершілікке тарту тек бірқатар мән-жайлардың жиынтығы анықталған жағдайда ғана мүмкін. Атап айтқанда: ата-аналардың алкогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде теріс пайдалануы, баланың өмір сүруі мен дамуы үшін тиісті жағдайлардың жасалмауы, сондай-ақ ата-аналардың мінез-құлқының баланың психикалық және адамгершілік дамуына теріс әсер етуі. Әрбір жағдай жеке тәртіппен қаралады, ал шешім барлық мән-жайларды ескере отырып, тек сот арқылы қабылданады.
🔥3👏3
🔎 Сводка официальных опровержений государственных органов за прошедшую неделю

➡️ Фейк: В Казахстане создается государственная база данных граждан, снимающих наличные деньги через банкоматы.

Опровержение Национального банка РК:

Распространяемая информация является манипулятивной и не соответствует действительности. Камеры видеонаблюдения в банкоматах используются исключительно в целях обеспечения безопасности, предотвращения мошенничества и расследования инцидентов. Требование об их установке действует с 2016 года и закреплено нормативными актами Национального банка. Видеозаписи хранятся в установленные законом сроки и не используются для дополнительного учета или контроля граждан.

➡️ Фейк: В Казахстане предусмотрены штрафы за кормление птиц, белок и бездомных животных во дворах и парках.

Опровержение Комитета административной полиции МВД РК:

Законодательством Республики Казахстан не установлен штраф за сам факт кормления бездомных животных. Ответственность может наступать в случаях загрязнения общественных мест. В таких ситуациях применяется статья 432-2 КоАП РК, предусматривающая административную ответственность за загрязнение мест общего пользования, а не за кормление животных как таковое.

➡️ Фейк: Элитное жилье в элитном комплексе Esentai City передано силовым структурам и используется органами внутренних дел.

Опровержение Министерства внутренних дел Республики Казахстан:

Данная информация не соответствует действительности. Указанные объекты недвижимости не передавались Министерству внутренних дел РК и не находятся на балансе органов внутренних дел. Структурные подразделения МВД данные квартиры в свое ведение не принимали, фактически не используют и не планируют использовать для служебных или иных целей.

➡️ Фейк: АО «НАК «Казатомпром» участвует в проектах компаний Laramide Resources Ltd. и Aral Resources Ltd. по разведке урана в Казахстане.

Опровержение АО «НАК «Казатомпром»:

Казатомпром не имеет и никогда не имел совместных предприятий, договорных отношений или проектов с компаниями Laramide Resources Ltd. и Aral Resources Ltd. Указанные в публикациях проекты являются инициативами третьих сторон и не связаны с деятельностью Казатомпрома.

➡️ Фейк: Казахстан вступил в Совет мира с обязательством внесения взноса в размере 1 миллиарда долларов США.

Комментарий пресс-службы Акорды:

«С момента вступления срок пребывания государства в Совете составляет три года. Упомянутый в Уставе добровольный взнос в размере одного миллиарда долларов США не является условием членства. Это право каждого участника. В случае если такой взнос осуществляется в течение первого года, государство получает возможность продлить свое пребывание в Совете сверх установленного трехлетнего срока. Казахстан вступил в Совет мира без внесения какого-либо финансового взноса, что полностью соответствует положениям Устава».

➡️ Фейк: В Казахстане якобы ужесточается ответственность родителей «за формирование вредных привычек у детей», при этом наказание будет применяться автоматически.

Комментарий Комитета административной полиции МВД РК:

Распространяемые сообщения содержат искаженные трактовки законодательства и не соответствуют действительности. Законодательство действительно предусматривает ответственность по статье 127 КоАП РК за неисполнение родительских обязанностей, однако она не носит автоматического характера.

Привлечение к ответственности возможно только при наличии совокупности факторов, таких как систематическое злоупотребление алкоголем, отсутствие надлежащих условий для жизни и развития ребенка, а также поведение родителей, негативно влияющее на его психическое и нравственное состояние. Каждый случай рассматривается индивидуально, а решение принимается исключительно судом с учётом всех обстоятельств.
🔥4👏3❤‍🔥2
🔎 Қазақстан өңірлеріндегі өткен аптада тіркелген ресми теріске шығаруларға шолу

➡️ Жалған ақпарат: Алматы, Шымкент және Көкшетау қалаларындағы мектептерге шабуылдар дайындалып жатыр.

Алматы қаласы полиция департаментінің теріске шығаруы:

Таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және жалған болып табылады. Қаладағы білім беру ұйымдарындағы ахуал бақылауда, оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция мен жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жалған ақпаратты таратқан тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Шымкент қаласы полиция департаментінің теріске шығаруы:

Таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Полиция тексеру жүргізуде, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді, жағдай толық бақылауда.

Көкшетау қаласының полиция департаментінің теріске шығаруы:

Таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және жалған болып табылады. Тексеру нәтижесінде полиция мектептерге шабуыл жасау туралы хабарламалардың расталмағанын анықтады. Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Жалған хабарламалардың авторларын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде.

➡️ Жалған ақпарат: Атырау қаласындағы №30 мектеп-гимназиясының ескі ғимараты жер телімін жеке меншікке беру мақсатында бұзылады.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың мәлімдемесі:

Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қолданыстағы мектеп ғимараты техникалық жарамсыздығына байланысты бұзылады, ал жер телімі өзге мақсаттарға пайдаланылмайды. Ескі мектептің орнына 1500 орынға жаңа мемлекеттік білім беру ұйымы салынады. №30 мектеп-гимназиясы мемлекеттік мекеме мәртебесін сақтайды, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін педагогтер мен оқушылар жаңа ғимаратқа қайта оралады.

➡️ Жалған ақпарат: магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) теріске шығаруы:

Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қонаев қаласы маңында жер асты дүмпулері ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық ғылыми сейсмологиялық зерттеулер орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен тіркелмеген. Қирандылар, зардап шеккендер немесе тұрғындардан түскен өтініштер туралы ақпарат жоқ.

➡️ Жалған ақпарат: TikTok әлеуметтік желісінде Жаңаөзен қаласында краннан денсаулыққа қауіпті су беріліп жатыр деген мазмұндағы бейнероликтер таралуда.

«Өзенинвест» МКК-нің теріске шығаруы:

Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бейнематериал авторларының су сапасына қатысты қандай да бір сертификаттары немесе зертханалық зерттеу қорытындылары жоқ. Бұл бейнероликтер су тазарту жүйелерін жарнамалау мақсатында коммерциялық негізде жасалған.

Коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше, Жаңаөзен қаласына берілетін ауыз су күн сайын өндірістік бақылаудан өтеді және белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға толық сәйкес келеді. Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқан тұлғаларға қатысты сотқа жүгіну мәселесі қарастырылуда.

➡️ Жалған ақпарат:
Атырау және Маңғыстау облыстарында халық пен өнеркәсіп кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз етуге шектеулер енгізілді деген ақпарат таралуда.

«KEGOC» АҚ-ның теріске шығаруы:

Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жүйелік оператордың ресми деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 23–24 қаңтар күндері көрсетілген өңірлерде халық пен өнеркәсіптік тұтынушылар үшін электрмен жабдықтауға ешқандай шектеу енгізілген жоқ. Электр энергиясы штаттық режимде, үзіліссіз, ажыратусыз және жеткізу көлемі төмендетілмей берілді.

Аталған кезеңде уақытша, нүктелік шектеулер тек Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында цифрлық майнинг саласында қызмет көрсететін жекелеген компанияларға қатысты қолданылды. Бұл шаралар қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жүзеге асырылып, Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
👏3❤‍🔥2👍1
🔎 Сводка официальных опровержений за прошедшую неделю в регионах Казахстана

➡️ Фейк: На школы Алматы, Шымкента и Кокшетау готовятся нападения.

Опровержение Департамента полиции города Алматы:

Распространяемая информация не соответствует действительности и является фейком. Обстановка в учебных заведениях города находится под контролем, полиция и оперативные службы работают в усиленном режиме для обеспечения безопасности учащихся и педагогов. Лицо, причастное к распространению фейка, будет привлечено к ответственности в соответствии с законодательством.

Опровержение Департамента полиции города Шымкента:

Распространяемая информация не соответствует действительности. Полиция проводит проверку, все меры безопасности в учебных заведениях усилены, ситуация находится под контролем.

Опровержение Департамент полиции города Кокшетау:

Распространяемая информация не соответствует действительности и является фейком. В ходе проверки полиция не выявила подтверждения сообщения о нападениях. Приняты все меры по обеспечению безопасности учебных заведений. Проводятся мероприятия по установлению авторов ложных сообщений.

➡️ Фейк: Старое здание школы-гимназии №30 в г. Атырау будет снесено с целью передачи земельного участка в частную собственность.

Опровержение заместителя акима Атырауской области Дарына Шамуратова:

Информация не соответствует действительности. Существующее здание школы будет демонтировано из-за технической непригодности, а земельный участок не будет использоваться для иных целей. На месте старой школы будет построено новое государственное учебное заведение на 1500 мест. Школа №30 сохранит статус государственного учреждения, и после завершения строительства педагоги и ученики смогут вернуться в школу.

➡️ Фейк: Землетрясение в районе г. Конаев магнитудой 4,1.

Опровержение Департамента по чрезвычайным ситуациям (ДЧС) Республики Казахстан:

Информация не соответствует действительности. Подземные толчки вблизи города Конаев не зафиксированы сетью сейсмических станций ТОО «ННЦСНИ» МЧС РК. Сообщений о разрушениях, пострадавших или обращений от населения не поступало.

➡️ Фейк: В Жанаозене из-под крана якобы подается опасная для здоровья вода, о чем сообщают ролики в TikTok.

Опровержение ГКП «Озенинвест»:

Распространяемая информация не соответствует действительности. Авторы видеороликов не располагают какими-либо сертификатами или результатами лабораторных исследований и манипулируют визуальным контентом в коммерческих целях - для продвижения систем очистки воды.
На предприятии подчеркнули, что питьевая вода в Жанаозене проходит ежедневный производственный контроль и полностью соответствует установленным санитарным нормам. В отношении лиц, распространяющих дезинформацию, коммунальная служба готовит обращения в суд.

➡️ Фейк: В Атырауской и Мангистауской областях якобы были введены ограничения на электроснабжение для населения и промышленных предприятий.

Опровержение АО «KEGOC»:

Данная информация не соответствует действительности. По официальным данным системного оператора, 23–24 января 2026 года в указанных регионах не вводились ограничения электроснабжения для населения и промышленных потребителей. Электроэнергия подавалась в штатном режиме, без перебоев, отключений и снижения объемов.

В этот период применялись временные точечные ограничения исключительно в отношении компаний, осуществляющих деятельность в сфере цифрового майнинга в Западно-Казахстанской и Атырауской областях. Эти меры были реализованы в рамках действующих нормативных требований и направлены на обеспечение устойчивой работы Единой электроэнергетической системы Республики Казахстан.
👍5❤‍🔥3👏3🔥1
Бюллетень қаз. ИТОГ.pdf
3 MB
ℹ️ Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы 2025 жылғы тамыз-желтоқсан айларындағы трендтерге шолу әзірледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👏1
Бюллетень рус. ИТОГ.pdf
3.1 MB
ℹ️ Центром по борьбе с дезинформацией Службы центральных коммуникаций подготовлен обзор трендов за август-декабрь 2025 года.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👏1
⚡️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының мәтінінде шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу алынып тасталды деген жалған ақпараттың таралуын тіркеп отыр.

Орталық аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және фактілерді бұрмалау болып табылатынын мәлімдейді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының 6-бабы 3-тармағына сәйкес «жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар» жөніндегі тұжырым жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасындағы тұжырыммен бірдей болып табылады және қандай да бір өзгерістерге ұшыраған жоқ.

Қосымша атап өтеміз, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия аталған нормалар өзгеріссіз қалуға тиіс екенін растады. Бұдан бөлек, егер бұрын мемлекеттің тұтастығы мен унитарлығы мәселелеріне қатысты ережелер қорытынды және өтпелі қағидаларда қамтылған болса, жаңа Конституция жобасында олар конституциялық құрылыстың негіздері ретінде бастапқы тарауларда бекітілген. Бұл мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен базалық қағидаттарының өзгермейтіндігіне берілетін құқықтық кепілдіктерді едәуір күшейтеді.

2026 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының 2-бабы:

2-т. Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, бөлінбеуін, оған қол сұғылмауын қамтамасыз етеді.

6-т. Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді.


Осылайша, шетелдіктерге жер сатуға тыйым салудың күшін жою туралы мәлімдемелердің құқықтық негізі жоқ және азаматтарды жаңылыстырады.

‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы фактілерді әдейі бұрмалау және манипуляциялық ақпаратты тарату құқықтық салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады және азаматтар мен медиа қауымдастық өкілдерін мәліметтерді ресми дереккөздерден тексеруге, сондай-ақ деструктивті және манипуляциялық түсіндірмелердің таралуына жол бермеуге шақырады.
🔥4👎1👏1
⚡️ Центром по борьбе с дезинформацией фиксируется распространение ложной информации о том, что якобы в тексте проекта новой Конституции Республики Казахстан отменен запрет на продажу земель иностранцам.

Центр заявляет, что данная информация не соответствует действительности и является искажением фактов.

Согласно статье 6 пункту 3 действующей Конституции Республики Казахстан, формулировка в отношении «земли и ее недр, вод, растительного и животного мира, а также других природных ресурсов» является идентичной проекту новой Конституции Республики Казахстан и не претерпела каких-либо изменений.

Дополнительно отмечаем, что Комиссия по конституционной реформе подтвердила, что эти положения должны оставаться неизменными. Более того, если ранее положения, касающиеся вопросов целостности и унитарности государства, содержались в заключительных и переходных положениях, то в проекте новой Конституции они закреплены в начальных главах, в основах конституционного строя, что существенно усиливает правовые гарантии территориальной целостности и неизменности базовых принципов государства.

Статья 2 проекта новой Конституции Республики Казахстан от 31 января 2026 года:

п. 2. Суверенитет Республики Казахстан распространяется на всю ее территорию. Государство обеспечивает целостность, неприкосновенность, неотчуждаемость своей территории.

п.6. Суверенитет, Независимость, унитарность, территориальная целостность, форма правления Республики Казахстан неизменны.


Таким образом, заявления об отмене запрета на продажу земель иностранцам не имеют под собой правовых оснований и вводят граждан в заблуждение.

‼️ Центр по борьбе с дезинформацией напоминает, что умышленное искажение фактов и распространение манипулятивной информации может иметь юридические последствия, и призывает граждан и представителей медиасообщества проверять сведения в официальных источниках и не способствовать распространению деструктивных и манипуляционных интерпретаций.
👍41👎1🔥1