Абдусамат Ханафин
1.22K subscribers
623 photos
339 videos
19 files
42 links
Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім пайдалы деп көрген дүниелерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес.
Download Telegram
Табысқа жету қағидасының не екенін білмеймін. Бірақ, сәтсіздіктің ең бірінші ережесі:
Түгел жұрттың көңілін табамын деген әурешілік екені анық.

Ғұламалар ғибраты
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
Жұма күні мешіт қақпаларының әрбірінде періштелер тұрып, намазға келген адамдарды рет-ретімен тізімдейді. Ал имам отырғанда періштелер зікір сөздерін тыңдауға келеді деген. (Муслим)

Жұма мүбәрак болсын!
Қашан ізгі амал істесеңдер, сауаптарыңнан ешнәрсе кемімеген хәлде оларға да сол сауаптан бір үлес болуы үшін ата аналарыңды неге ескермейсіңдер!
📎قال إبراهيم بن أدهم رحمه الله:
من أراد التوبة فليخـرج من المظالم، وليدع مخالطـة من كان يخالطه، وإلا لم ينل ما يريد.



📎Ибраһим ибн Адһам(р.а): Кім тәубе етуді қаласа жасап жүрген жамандығын тастасын және сол жамандықты жасауда серіктесіп жүрген адамдармен араласуды қойсын, әйтпесе қалағанына қол жеткізе алмайды.
Тіл – тиімді пайдалануға кажет қабілет. Қалтамыздағы ақшаны орынсыз шашпай, жоспарлы түрде қалай қолдансақ, сөзді де үнемді қолданып, орынды сөйлеуіміз керек. Көп сөйлейтін мыжың адамдар сөзін де, уақытын да ысырап етеді. Барлық нəрсе секілді сөздің де ысырабы бар. Алла ысырап етушілерді ұнатпайтынын білдірген. Сөз бен уақыт – аманатқа берілген екі құндылық. Адам бұларды дұрыс қолдана білсе, екі дүниеде бақытқа кенеледі, ал бұл дүниеде орынсыз қолданғандар ақиретте соның азабын тартады.
Жасырылған жақсылықты АЛЛАһ таратуды қаласа, көреалмаушылардың тілін сол адамға бағыттайды екен.
وليسَ الذئبُ يأكلُ لحمَ ذئبٍ ٠٠٠ ويأكلُ بعضنا بعضاً عيانا

Даже волк не ест мясо другого волка. Зато мы — как видно — едим друг друга.
Араб тіліне және Құран оқып үйремін деген жандар үшін жаңа топ қабылдаймыз.

Орын саны шектеулі!!

8775-820-49-89 Байланыс телефон!
Адам өзінің миссиясын тапқанда Алла оған жәрдемдеседі, қуат береді. Мақсатына жету жеңіл болады.
Ардақты Пайғамбарымыз (С.ғ.с.) өзнің сөзінде:
Қарекет етіңдер! Кім не үшін жаратылса, сол іс оған жеңілдетіледі! Дейді..

Яғни: Алланың бойымызға берген потенциалды тауып дамытқан да, әрбір ісіңіз жеңілдетіледі.
كن في الحب كالشمس ، و في الصداقة كالنهر ،و في ستر العيوب كالليل ، التواضع كالترب ، في الغضب كالميت.

Махаббатта күн секілді,
Бауырмашылықта күндіз секілді,
Айыптарды жасыруда түн секілді,
Кішіпейілдікте топырақ секілді,
Ашуда өлік секілді бол!

Dr Youssef Mohamad
Ұйқым тыныш болсын десең, имансыз іс істеме. Жаман түсті көбінесе қарақшылар, қиянатшылар, ұры-қары, жемқорлар, парақорлар көреді. Өйткені күндіз ұйықтап қалған ұят түнде оянады. Сөйтіп, ұят өз иесін азапқа салады.

Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»
Forwarded from Абдусамат ҚАСЫМНЫҢ каналы (Abdusamat Qasim)
Иерусалим (Құдұс) қаласына саяхатшы ретінде барған түрік имамы, сондағы бір Израиль полицейін пышақтап, артынан өзі шейіт болыпты. Есімі Хасан Сакланан болып табылатын мархұм Шанлыурфада мешіт имамы қызметінде болған екен. Жергілікті муфтияттың ұйымдастыруымен Құдұске саяхатқа шыққан ол, барғаннан соң ауырып тұрмын деп, жамағаттан қалып қойған, кейін өзбетінше көшеге шығып, Израиль полицейіне атылған. Полицей жаралы, бірақ тірі екен. Имамды болса сол сәтте атып тастаған.
Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

رسول الله ﷺ قال: «أتاني جبـــريل
فقال: يا محمد! عش ما شئت فإنك
ميت وأحبب من شئت فإنـك مفارقه
واعمل ما شئت فإنك مجـــــزي به»

“Маған Жібірейл періште келіп, айтты: “Иә, Мухаммад! Қалағаныңша өмір сүр, бәрібір өлесің, қалағаныңды сүй, бәрібір одан ажырайсың, қалағаныңды жаса, бәрібір сол үшін жауап бересің!”

Имам Хаким мен Байхақи риуаят етті.
Егерде біз рухани дамымастан, рухымызға қажет болған құлшылықтарды өтеместен, тек қана денеміздің қажеттіліктерін өтей беретін болсақ, онда біздің рухымыз өледі. Яғни денеміз табыт, ал рухымыз сол табыттың ішіндегі мәйіт сияқты болып қалады.

✍🏼ұстаз Ерсін Әміре
ҚҰРАН ҮЙРЕТЕДІ
Құран жоғалтқан нәрсеңнің одан да жақсы түрде оралатыны жайлы хабарлайды:
“Сендерге өздеріңнен алынғаннан да жақсысын береді”. “Әнфәл” сүресі, 70-аят.

Құран сенің қайғы мен қасіретте ұзақ тұрақтағаныңды қаламайды:
“Бұл өткенге өкінбеулерің үшін…”. “Хадид” сүресі, 23-аят.

Құран әр қиындықтың артынан жеңілдік келетінін айтып қуантады:
“Шын мәнінде қиыншылықпен бірге жеңілдік бар”. “Шарх” сүресі, 6-аят.

Құран істердің барысын Жаратушыңа тапсыруды үйретеді:
“Кім Аллаға тәуекел қылса, Ол оған жетіп артылады”. “Талақ” сүресі, 3-аят.

Құран кім сенімен бірге болатынын әрі мығым арқа сүйеушің бар екенін үнемі есіңе салады:
“Ақиқатында, Алла бізбен бірге”. “Тәуба” сүресі, 40-аят.

Құран жүректер тыныштықты неден табатынын хабарлайды:
“Алланы зікір етумен жүректер тыныштық таппайды ма?!”. “Рағыд” сүресі, 28-аят.
Аз уақытта мол табысқа кенелуге үгіттейтін уақытта өмір сүріп жатырмыз ғой. Табыстың (ақша) қанша болуы аса маңызды емес.

Ең маңыздысы, табысты қалай және қайдан табуымыз. Себебі ертең Сот күнінде қалай және қайдан тауып, қайда жұмсағанымыз жөнінде Құдайға есеп береміз.

Демек, бір айда пәлен миллион табамын, қалаған дүниемді сатып аламын деген секілді сасық әңгімелер, ұрандар, маркетинг әдістері бос сөз, құр мақтаныш.
Му’ауия (Алла одан разы болсын) айтады:
Кімде кім бауырмашылдыққа жеңіл қараса, ол ерлікке тән қасиеттерден айырылады.
🖌 Дәрет алудың қасиеттері:

1⃣ Екі дүниеде егесіне нұр шашады
2⃣ Шайтанды қуып, періштені шақырады
3⃣ Жан дүниесіне тыныштық сыйлайды
4⃣ Сыртқы келбеттің тазалығы
5⃣ Аллаға жақындықты арттырады
6⃣ Алланың разылығына алып барады
7⃣ Ашуды кетіреді
8⃣ Әр дәрет алған сәтте, күнәлар денеден сумен бірге төгіледі

📖 Шейх Аммар (х.ф)
Шын мәнінде, ризық есігі ғарыштан жердің астына дейін ашық. Алла Тағала әрбір құлын шабыты және тырысуы бойынша ризықтандырады.