Абдусамат Ханафин
1.22K subscribers
632 photos
339 videos
19 files
43 links
Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім пайдалы деп көрген дүниелерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес.
Download Telegram
Аз уақытта мол табысқа кенелуге үгіттейтін уақытта өмір сүріп жатырмыз ғой. Табыстың (ақша) қанша болуы аса маңызды емес.

Ең маңыздысы, табысты қалай және қайдан табуымыз. Себебі ертең Сот күнінде қалай және қайдан тауып, қайда жұмсағанымыз жөнінде Құдайға есеп береміз.

Демек, бір айда пәлен миллион табамын, қалаған дүниемді сатып аламын деген секілді сасық әңгімелер, ұрандар, маркетинг әдістері бос сөз, құр мақтаныш.
Му’ауия (Алла одан разы болсын) айтады:
Кімде кім бауырмашылдыққа жеңіл қараса, ол ерлікке тән қасиеттерден айырылады.
🖌 Дәрет алудың қасиеттері:

1⃣ Екі дүниеде егесіне нұр шашады
2⃣ Шайтанды қуып, періштені шақырады
3⃣ Жан дүниесіне тыныштық сыйлайды
4⃣ Сыртқы келбеттің тазалығы
5⃣ Аллаға жақындықты арттырады
6⃣ Алланың разылығына алып барады
7⃣ Ашуды кетіреді
8⃣ Әр дәрет алған сәтте, күнәлар денеден сумен бірге төгіледі

📖 Шейх Аммар (х.ф)
Шын мәнінде, ризық есігі ғарыштан жердің астына дейін ашық. Алла Тағала әрбір құлын шабыты және тырысуы бойынша ризықтандырады.
Ілімнің пайдасы…

Солих ибн Хайиан ал-Лахми رحمه الله

Ғалым болмасаң да ілім талап ет,
Ілім тек ізденуші жандарда.
Білесіз бе, ол ер азаматқа сондай көркем.
Сөйлеу кезінде киген әсем киімнен де.
" Қашан еркектен сүннет кетсе, сақал кетсе - әйелден ұят кетеді, орамал кетеді. " Негізі көп нәрсе бізге байланысты сол үшін бұл өмірде Алланың еркегі болайық адамның емес " رجال لا تلهيهم تجارة ولا بيع عن ذكر لله " Алла құранда еркектер жайлы баяндағанда ол Алланың еркектерін Алланы еске алудан басқа ешқандай нәрсе алаңдатпайды тіпті үлкен сауда да, үлкен бизнесте.
"Негізінде, айналаңа өзіңе табынушыларды емес, идея беретін ақыл-парасат иелерін жинау керек".

© Дінмұхаммед Қонаев
Надан өз қадірін білмейді, олай болса басқаның қадірін қайдан білсін!

Жұма мүбәрак болсын!🤲
بَلِّغُوا عَنِّي ولو آيَةً🖇
بَلِّغُوا— تكليف
عَنِّي— تشريف
ولو آيَةً — تخفيف

🕌 Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)📝 “Менен бір аят болса да басқаларға жеткізіңдер”-дейді.
“Жеткізіңдер” - Міндет
“Менен” - Құрмет
“Бір аят болса да” - Жеңілдік
Аллаға қайтпай тұрып қайт..
Forwarded from Nurbol Rakhmatilla
Насихат !

Әуелі өзімді , екінші қажылыққа баруға ниет етіп отырған бауырларды - Тақуалықпен азықтануымызды өсиет етемін !

و تزودوا فإن خير الزاد التقوى…

Азықтаныңдар ! Расында ең хайырлы азық - ол тақуалық !

(Бақара 197)


#Хадж
Қабылдау ертең кешке дейін жалғасады!!
“Дін майталмандары “ деп тек ғалымдарды атамаңыз. Сондай - ақ, діннің міндеттемелерін тек соларға ғана жүктеп қоймаңыз. Расында әрбір мұсылман діннің майталманы.
(С) Әли әт Тантауи (رحمه الله )
Өзіңнен баста (хадис)

Рухани және физикалық инвестицияны алдымен өзіңнен баста!
Сен қоғамға пайдалы болуың үшін ең бірінші өзің сапалы болуың керек.
​​«Өз уақытының берекесін жоғалтып алғанға өсиет». Салихалы (ізгілер) бірі былай деп айтты:

Құраннан оқыған хизб үлкейген сайын – менің уақытымның берекесі де көбейе түскен, және мен оқыған хизбті, ол он параға дейін жетпегенінше көбейтуді тоқтатпадым.

Ибраһим ибн 'Әбдил-Уахид әл-Мақдисиге әд-Дыя' әл-Мақдиси өсиет етіп, ол білім алу мақсатында сапарға аттанғанда былай деді:

Құран оқуды көбейт және оны қалдырма, себебі, сен Құранды қандай дәрежеде оқысаң, сен іздеген затыңа сол дәрежеде жеңілдік етіледі.

Әд-Дыя' айтты:

Мен оны көрдім және мен оны көптеген рет кештім. Егер де мен көп оқыған болсам, онда маған көптеген хадис тыңдауда және оны жазып алуда жеңілдік болған еді, ал енді оқымағанымда – онда ешқандай жеңілдік болмаған еді.

Дереккөз: «Зәйл Табақат әл-Хәнәбилә» 3\205, Ибн Ражәб әл-Хәнбәли
Шәддад ибн Әус (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:
Ақылды адам - өзін басқарып, өлімнен кейінгі нәрсе үшін амал етуші. Ақымақ адам - өз қалау-еркіне еріп, Алладан амандық үміт етуші.
Сунан Тирмизи)
Хасан әл-Басри айтты:
Пеш жануда. Пышақ қайралуда. Қойға жем берілуде.

Түсіндірме: Хасан әл-Басри қой деуімен адамдарды меңзеген. Жем жеп тұрған қойдың барар жері ошақ оты болғаны секілді, адамның да барар жері анық.
Хасан әл-Басри айтты:
Қиямет күні адам баласына ғұмырының сағаттары көрсетіледі. Сауапсыз өткен әр сәт оның өзегін өртейді.

Адам баласы күніне жиырма төрт мың тыныс алады. Он екі мың тынысы ішке кірсе, он екі мыңы сыртқа шығады. Әр тыныс қойма секілді. Сол қойманы не нәрсемен толтырып жатқаныңа мән бер.
Қазір әлеуметтік желіде ұлтсүйгіш белсенділер, білімділер, ағартушылар бар. Ерінбегендері подкаст түсіреді. Бірнеше адам бас қосып, осынау ел-жердің, халықтың тағдырын шешкендей бөсіп жүреді.

Әлбетте, еңбектеніп жүрген соң бітірген ісін, жарылған басын, ұйқысыз түнін айтып мақтанады. Мақтана берсін. Оған дау жоқ. Тек олар ұлтымызды сүйеміз деп ұлтты сүюге үйретпекші.

Қалайша ұлтын сүйетін жұртқа ұлтты сүюді үйретуге болады? Олар кейде бір-екі кітап жазып, құнды еңбектерді аудардық деп, түгел қазаққа қызмет қылғандай паңданып жүреді.

Алаш арысының оқыған адам жайлы не жазғанын, Әуезовтің «Оқыған азаматын» ұмытпауымыз қажет. Себебі оқыған адамның бәрі ұлтты шын жақсы көре бермейді. Ұлттан бұрын қоғамға, адамдарға көп зиян тиюі де мүмкін.
Жасырылған жақсылықты АЛЛАһ таратуды қаласа, көреалмаушылардың тілін сол адамға бағыттайды екен.
Forwarded from Nurbol Rakhmatilla
Маусымдық күнәлар🔊🆘

Әуелі өзіме, сосын басқа ер және қыз бауырларыма осы жаз айындағы көз зинасынан Алла үшін тақуалық етуді өсиет етемін!

• Мұсылмандарға айт! көздерін төмен салсын!
• Алла көздердің қиянатын біледі!