AQLNAMA
1.23K subscribers
272 photos
16 videos
6 files
100 links
AQLNAMA
Download Telegram
ШЕЙХ ХАЛИД ӘЛ-ӘЗҺӘРИДІҢ ІЛІМ ЖОЛЫНА ТҮСУІ

«Сол жылы (яғни һижри 905-ші жылы) көрнекті нахушы (тіл ғалымы), әл-Әзһәр мешітінің уәққады (шам жағушысы), мысырлық Зәйнуддин Халид ибн Абдулла ибн Әбу Бәкір әл-Әзһәри (Аллаһ ол кісіні рахымына бөлесін) дүниеден өтті.
Ол ілім жолына егде тартқан шағында, шамамен отыз алты жасында қадам басқан деседі. Бірде оның қолынан шамның білтесі бір шәкірттің қолжазбасына (дәптеріне) түсіп кетеді. Әлгі шәкірт оны балағаттап, сауатсыздығын бетіне баса отырып намысына тиеді. Осы оқиғадан кейін ол шам жағушы қызметін біржола тастап, бар ынта-ықыласымен білім алуға кіріседі. Көп ұзамай-ақ зор жетістіктерге жетіп, өзгелерге дәріс бере бастайды және айналасына шәкірт жинайды.
Оның қаламынан туған құнды еңбектер:
«ат-Таудих» еңбегіне жазған, өзіне дейін ешкім тең келе алмаған көлемді де терең мағыналы шархы (түсіндірмесі);
Ибн Мәликтің «Әлфиясына» арналған иғрабы (синтаксистік талдауы);
«әл-Әжүррумия» кітабына жазған өте пайдалы шархы;
Ибн Һишәмнің «Қауәғидул-иғраб» еңбегіне жазған шархы;
Тәжүид іліміндегі танымал мәтін «әл-Жәзәрия» мен атақты «әл-Бурда» қасидасына жазған шархтары;
Өзінің төл туындысы — «әл-Муқаддиматул-Әзһәрия» және оған жазылған шархы.
Оның еңбектері шынайы ықыласпен және өте қарапайым, ұғынықты тілде жазылғандықтан, шәкірттер мен ізденушілер арасында кеңінен танылып, зор пайдасын тигізді.
Ғалым қажылық сапарынан қайтып келе жатқан жолында, Каир қаласының (Мысырдың астанасы) сыртындағы «Биркәт әл-Хадж» (Қажылар көлі) деген жерде дүниеден өтті.»

(Ибн Ғимәд әл-Ханбалидің “Шәзәрат әз-зәһәб фи әхбәр мин зәһәб” атты еңбегінен аударылды)

✍️Сабитхан
❤18👍4
AQLNAMA
Шейх Абдулхаким Әл-Әниспен бірге Имам тарихшы Хажи Халифа зияратынан (رحمه الله تعالى). 🔹من كتبه في التاريخ كتاب كشف الظنون عن أسامي الكتب والفنون المعروف عند الغربيين بالعنوان اللاتينيlexicon bibliographicum. وهو من أهم الأعمال الببليوجرافية، هذه الموسوعة…
Кәтиб Челеби (1609–1657) — Осман мемлекетінің ең ірі энциклопедист ғалымдарының бірі. Негізгі аты Мұстафа ибн Абдулла. «Кәтиб» деген лақап оған мемлекеттік мекемеде хатшылық қызмет атқарғаны үшін берілген. Ислам ғылымдары, тарих, география, библиография және философия салаларында терең еңбек қалдырған.

Ол әсіресе кітаптар мен ғылымдарды жүйелеуімен танымал болды. Ең әйгілі еңбектерінің бірі — «Кашф аз-зунун», онда мыңдаған ислам кітаптары мен олардың авторлары жайлы мәлімет жинақталған. Сондай-ақ «Жиһаннама» атты географиялық еңбегі де кең таралған.
❤10👍2
صحح نسختك
#НұсқаңдыТүзет 7

شرح العقائد النسفية ط التقوى
267 бет,
(يأسهم) بدل (بأسهم)
❤13
الكتاب متوفر في مكتبة دار البيروتي - بيازيد - إسطنبول
😍23❤4🔥3
AQLNAMA
الكتاب متوفر في مكتبة دار البيروتي - بيازيد - إسطنبول
Кітапты Дәр әл-Бәйрути кітапханасынан таба аласыздар.
Баязид — Стамбул.
❤12
СҮЙІНШІ, ҚҰРМЕТТІ ІЛІМ ТАЛАП ЕТУШІЛЕР!
Алланың қалауымен мантық (логика) іліміндегі шәкірттер арасында кеңінен танымал «Исағужи» мәтінінің шархы – «Муғни әт-туллаб» кітабы өзіміздің қазақ бауырымыз, Ато ұстаз бен Нәждат ұстаздың еңбегімен қайта реттеліп шықты.
Кітапта бастауыш деңгейдегі шәкірттерге ауыр немесе қажетсіз болуы мүмкін кейбір тұстары қысқартылып, тахқиқты қажет ететін орындарды тахқиқ қылып реттеп шыққан. Соның нәтижесінде еңбек әрі шәкірттерге оқуға, әрі ұстаздарға сабақ беруге қолайлы.
Алла Тағала осы кітапты үмметке пайдалы етіп, оны ілім талабалары мен ұстаздар үшін берекелі құрал қылсын!
Ато ұстаз бен Нәждат ұстаздың еңбектеріне Алла мол сауап нәсіп етсін. Қаламдарыңыз ұштала берсін, жазар еңбектеріңіз көп болсын🤲
❤28
Бүгін Ато шейхтан керемет сыйлық алдым. Алла разы болсын🤲
❤25
Алла пайдалы етсін🤲
❤12👍2
س: النتيجة في القياس تجب أن تكون قولا آخر، والقياس الاستنثائي يتضمن النتيجة، فهل ترى بينهما تعارضا؟ وإن كان بينهما تعارض فكيف ترفعه؟
❤2
جواب الطالب: في الظاهر يوجد تعارض، ولكن في الأصل ما في تعارض🤣

افة التدريس تصحيح الكراريس
🤣6😁4❤2
آخر يكتب: هذا مما فتح الله به علي
افة التدريس تصحيح الكراريس
😁6❤1🤣1🆒1
المولى خواجه زاده والمولى الخيالي كانا قرينين ومعيدين لدرس شيخهما المولى خضر بك، وكان المولى خواجه زاده يجل المولى الخيالي جدا، وحكي أنه ما نام على الفراش قط إلى أن مات المولى الخيالي، خوفا منه لفضله.
رزقنا الله تعالى من آدابهم وأخلاقهم.
❤13🔥4🆒1
AQLNAMA
المولى خواجه زاده والمولى الخيالي كانا قرينين ومعيدين لدرس شيخهما المولى خضر بك، وكان المولى خواجه زاده يجل المولى الخيالي جدا، وحكي أنه ما نام على الفراش قط إلى أن مات المولى الخيالي، خوفا منه لفضله. رزقنا الله تعالى من آدابهم وأخلاقهم.
Мәулә Қожазада мен Мәулә Хаяли өз ұстаздары Мәулә Хызырбектің дәрістерін бірге тыңдап-қайталайтын, бір-біріне жақын, қатарлас ғалымдар еді. Мәулә Қожазада Мәулә Хаялиді ерекше құрметтейтін. Тіпті, оның ілімдегі артықшылығы мен кеңдігінен сескенгендіктен (оған деген зор құрметінен), Мәулә Хаяли дүниеден өткенге дейін еш төсекке жатып ұйықтамаған екен деп айтылады.
Алла Тағала бізге де олардың көркем әдептері мен мінез-құлықтарын нәсіп еткей!

---------
https://t.me/AQLNAMA
❤15🔥1
الفاكهي المكي شارح قطر الندى سبقه كتابه إلى مصر، فلما زار مصر وجد بعض الأزاهرة يشرح كتابه فأشكل عليهم موضع، فحله لهم، وذكر أنه هو مؤلفه، فلم يصدقوه لحداثة سنه😅😁
---
“Қатр ән-Нәда “ еңбегіне шарх жасаған әл-Фәкиһи әл-Мәккидің өзінен бұрын шархы Мысырға жеткен екен. Ғалым Мысырды зиярат еткенде кейбір әзһарлық ғалымдардың өзінің кітабынан дәріс беріп жатқанын көреді. Сол сәтте олар кітаптың бір жерін түсінбей қалғанда ғалым оларға ашықтап беріп, өзін сол кітаптың авторы екендігін айтқан. Олар оның жасының кішілігіне қарап, айтқанына сенбеген екен.

------
https://t.me/AQLNAMA
🔥21❤‍🔥6❤5😁3
اصرف الخطرةَ، فإن لم تفعل صارت عزيمةً فحاربها، فإن لم تفعل صارت فعلًا فتب منه، فإن لم تفعل صارت عادةً.

الحارث المحاسبي رحمه الله تعالى.
❤10👍1
حسن القصد لا يصحح فساد الفعل
❤16
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
مذهب الظاهرية 😁
🤣22😁5
ӘДЕП ПЕН ІЛІМДІ БІР АРНАҒА ТОҒЫСТЫРУ

Убәй ибн Кәғбтан (Аллаһ ол кісіден разы болсын) жеткен хадисте ол былай деді:
«Алланың елшісі ﷺ:
– «Уа, Әбу Мунзир! Сенің ойыңша, Алланың Кітабындағы ең ұлы аят қайсы?» – деп сұрады.
Мен:
– «Алла мен Оның елшісі жақсырақ білуші», – деп жауап бердім.
Ол ﷺ тағы да:
– «Уа, Әбу Мунзир! Сенің ойыңша, Алланың Кітабындағы ең ұлы аят қайсы?» – деп сұрады.
Мен:
– «Аллаһу лә иләһә иллә һуәл-Хаййул-Қаййум... (Аят әл-Күрси)» – дедім.
Сонда ол (Пайғамбарымыз ﷺ) менің көкірегімнен сипап қақты да (сүйіспенішілік ретінде):
– «Ілімің құтты болсын, уа, Әбу Мунзир!» – деді».

(Сахих Муслим, 350-ші бап, 1460-шы хадис)

Бәлкім Убәй ибн Кәғбтың (Аллаһ ол кісіден разы болсын) пайғамбарлық дұғаға ие болуының себебі мынада десек болады:
Ол әуелі әдеп танытып білімді Алла мен Елшісіне тапсырды, ал екінші ретте бұйрыққа бойұсынып жауап берді.

Осылайша, біз, кемелдік иелері сияқты, әдеп пен бойұсынушылықты бір арнаға тоғыстырамыз.

(Ұстаздың жазбаларынан алынып аударылды)
❤27👍7
قال ﷺ: (من قال في مؤمن ما ليس فيه أسكنه الله ردغة الخبال حتى يخرج ممَّا قال).
رواه أبو داود برقم ٣٥٩٧

ردغة الخبال: عصارة أهل النار.
❤8
AQLNAMA
📚 ЖАҢА ДӘРІС ХАБАРЛАНДЫРУЫ 📚 Кітаптың аты: әл-Мақуләт әл-Ашр (Философтар мен мутакаллимдердің көзқарастары аясында) 👤 Авторы: Мухаммад Рамадан Абдулла. 🗓 Дәріс уақыты: Аптасына бір рет (Жұма күні кешке). ⏰ Басталар уақыты: 24.04.2026 🎯 Бұл пәнді оқудың…
Аллаға сансыз шүкір!
«Философтар мен кәләм ғалымдары арасындағы категориялар (әл-Мақулат)» сабағынан 7 дәріс өткізілді.
Кітапты бітіруге тағы 2–3 дәріс қалды.
Әр дәріс тақырыптық сызбамен өтіліп, жазылып сақталуда.

Бұл курсқа әлі де тіркелуге болады. Кейін ұстазбен арнайы кездесу өтіп, түсініксіз жерлер бойынша сұрақ қоюға мүмкіндік беріледі.

Бірақ курсқа қатысу үшін екі маңызды шарт бар:

1. Араб тілін жетік меңгеру;
2. Бұған дейін мантық ғылымын оқыған болу.

Сабаққа тіркелу үшін алдыңғы жазбадағы нөмірге хабарласыңыз📞
❤18