This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Осман империясы кезеңіндегі ең көрнекті білім ордаларының бірі — «Сахн Сәман» медресесі. Оны Ташкөпірізаде «сегіз медресе» деп атаған. Аталған медресені сұлтан Мұхаммед әл-Фатих (қ.б. 886 һ./1481 ж.) шәкірттер мен ғалымдардың негізгі ордасы болуы үшін салдырған. Уақыт өте келе медресе ұстаздарына «әл-Әфхам» (даңқты) лақабы беріділ, ал онда білім алған шәкірттер «данышпан» деген атақпен танылған.
Аталмыш медреседе Ислам әлемінің үлкен ғалымдары дәріс берген. Олардың қатарында Ибн Кәмал Паша, тәпсір иесі Әбу Суғуд, Қасталани, әл-Қусжи, Молла Хусрев және Ташкөпірізаде секілді әйгілі ғұламалар бар.
Аллаға шүкір, бүгінде медресе қайтадан ілім ордасына айналып, бұрынғы рухын қайта тапқан. Алла тағала оны іліммен, ғалымдармен әрдайым көркейтсін. Аулаларының сұлулығы мен айбыны ерекше әсер қалдырады.

❤22🔥4👍3
Кәтиб Челеби «Кәшф әз зунун» еңбегінде (1/848): «Сахн Сәман медресесіндегі қызметке үміткер болған Мустәжизаде Мұхаммед Әфәнди, Исрафилзаде Осман Әфәнди және Исхақ Челеби атты үш ұстаздың өзара жарысуы талап етілді. Сөйтіп Сұлтан олардың арасында емтихан өткізуге бұйырды. Емтихан Садр әш-Шариғаның «әт-Таудих» кітабынан және әт-Тафтазанидің «әт-Тәлуих» еңбегіндегі екінші бөлімнің «Рауиді сынға алу» мәселесінен, әл-Марғинанидің «әл-Һидая» кітабынан «өсім» мәселесінен және «Шарх әл Мауақиф» еңбегінен «мақсад сәлис» бөлімінен жүргізілді. Сондай ақ олардан осы мәселелерге қатысты трактаттар жазу талап етілді. Кейін әрқайсысы өзгелердің жазған трактаттарын оқып шығатын. Одан соң өзара қызу пікірталас жүргізілді. Соңында қызметке лайықты адам тағайындалды», – деп жазады.
🔥10❤7
AQLNAMA
Кәтиб Челеби «Кәшф әз зунун» еңбегінде (1/848): «Сахн Сәман медресесіндегі қызметке үміткер болған Мустәжизаде Мұхаммед Әфәнди, Исрафилзаде Осман Әфәнди және Исхақ Челеби атты үш ұстаздың өзара жарысуы талап етілді. Сөйтіп Сұлтан олардың арасында емтихан өткізуге…
Сол себепті бұл мектепте ұстаздарды қабылдау үшін олардан кәләм, усул және фиқһ ғылымдарына қатысты зерттеу еңбегін жазу талап етілетін. Кейін сол жазған еңбектерін өз әріптестерімен бірге талқылайтын. Кім өз мәселелерін дәлелдер арқылы нақты түсіндіріп, қарсы тараптың уәждеріне жауап бере алса, сол адам ұстаз ретінде қабылданатын.
🔥16❤6😨5
ШЕЙХ ХАЛИД ӘЛ-ӘЗҺӘРИДІҢ ІЛІМ ЖОЛЫНА ТҮСУІ
«Сол жылы (яғни һижри 905-ші жылы) көрнекті нахушы (тіл ғалымы), әл-Әзһәр мешітінің уәққады (шам жағушысы), мысырлық Зәйнуддин Халид ибн Абдулла ибн Әбу Бәкір әл-Әзһәри (Аллаһ ол кісіні рахымына бөлесін) дүниеден өтті.
Ол ілім жолына егде тартқан шағында, шамамен отыз алты жасында қадам басқан деседі. Бірде оның қолынан шамның білтесі бір шәкірттің қолжазбасына (дәптеріне) түсіп кетеді. Әлгі шәкірт оны балағаттап, сауатсыздығын бетіне баса отырып намысына тиеді. Осы оқиғадан кейін ол шам жағушы қызметін біржола тастап, бар ынта-ықыласымен білім алуға кіріседі. Көп ұзамай-ақ зор жетістіктерге жетіп, өзгелерге дәріс бере бастайды және айналасына шәкірт жинайды.
Оның қаламынан туған құнды еңбектер:
«ат-Таудих» еңбегіне жазған, өзіне дейін ешкім тең келе алмаған көлемді де терең мағыналы шархы (түсіндірмесі);
Ибн Мәликтің «Әлфиясына» арналған иғрабы (синтаксистік талдауы);
«әл-Әжүррумия» кітабына жазған өте пайдалы шархы;
Ибн Һишәмнің «Қауәғидул-иғраб» еңбегіне жазған шархы;
Тәжүид іліміндегі танымал мәтін «әл-Жәзәрия» мен атақты «әл-Бурда» қасидасына жазған шархтары;
Өзінің төл туындысы — «әл-Муқаддиматул-Әзһәрия» және оған жазылған шархы.
Оның еңбектері шынайы ықыласпен және өте қарапайым, ұғынықты тілде жазылғандықтан, шәкірттер мен ізденушілер арасында кеңінен танылып, зор пайдасын тигізді.
Ғалым қажылық сапарынан қайтып келе жатқан жолында, Каир қаласының (Мысырдың астанасы) сыртындағы «Биркәт әл-Хадж» (Қажылар көлі) деген жерде дүниеден өтті.»
(Ибн Ғимәд әл-Ханбалидің “Шәзәрат әз-зәһәб фи әхбәр мин зәһәб” атты еңбегінен аударылды)
✍️Сабитхан

❤18👍4
AQLNAMA
Шейх Абдулхаким Әл-Әниспен бірге Имам тарихшы Хажи Халифа зияратынан (رحمه الله تعالى). 🔹من كتبه في التاريخ كتاب كشف الظنون عن أسامي الكتب والفنون المعروف عند الغربيين بالعنوان اللاتينيlexicon bibliographicum. وهو من أهم الأعمال الببليوجرافية، هذه الموسوعة…
Кәтиб Челеби (1609–1657) — Осман мемлекетінің ең ірі энциклопедист ғалымдарының бірі. Негізгі аты Мұстафа ибн Абдулла. «Кәтиб» деген лақап оған мемлекеттік мекемеде хатшылық қызмет атқарғаны үшін берілген. Ислам ғылымдары, тарих, география, библиография және философия салаларында терең еңбек қалдырған.
Ол әсіресе кітаптар мен ғылымдарды жүйелеуімен танымал болды. Ең әйгілі еңбектерінің бірі — «Кашф аз-зунун», онда мыңдаған ислам кітаптары мен олардың авторлары жайлы мәлімет жинақталған. Сондай-ақ «Жиһаннама» атты географиялық еңбегі де кең таралған.

❤10👍2
AQLNAMA
الكتاب متوفر في مكتبة دار البيروتي - بيازيد - إسطنبول
Кітапты Дәр әл-Бәйрути кітапханасынан таба аласыздар.
Баязид — Стамбул.
Баязид — Стамбул.
❤12
Forwarded from Сырымбек Әділболатұлы
СҮЙІНШІ, ҚҰРМЕТТІ ІЛІМ ТАЛАП ЕТУШІЛЕР!
Алланың қалауымен мантық (логика) іліміндегі шәкірттер арасында кеңінен танымал «Исағужи» мәтінінің шархы – «Муғни әт-туллаб» кітабы өзіміздің қазақ бауырымыз, Ато ұстаз бен Нәждат ұстаздың еңбегімен қайта реттеліп шықты.
Кітапта бастауыш деңгейдегі шәкірттерге ауыр немесе қажетсіз болуы мүмкін кейбір тұстары қысқартылып, тахқиқты қажет ететін орындарды тахқиқ қылып реттеп шыққан. Соның нәтижесінде еңбек әрі шәкірттерге оқуға, әрі ұстаздарға сабақ беруге қолайлы.
Алла Тағала осы кітапты үмметке пайдалы етіп, оны ілім талабалары мен ұстаздар үшін берекелі құрал қылсын!
Ато ұстаз бен Нәждат ұстаздың еңбектеріне Алла мол сауап нәсіп етсін. Қаламдарыңыз ұштала берсін, жазар еңбектеріңіз көп болсын🤲

❤28
AQLNAMA
المولى خواجه زاده والمولى الخيالي كانا قرينين ومعيدين لدرس شيخهما المولى خضر بك، وكان المولى خواجه زاده يجل المولى الخيالي جدا، وحكي أنه ما نام على الفراش قط إلى أن مات المولى الخيالي، خوفا منه لفضله. رزقنا الله تعالى من آدابهم وأخلاقهم.
Мәулә Қожазада мен Мәулә Хаяли өз ұстаздары Мәулә Хызырбектің дәрістерін бірге тыңдап-қайталайтын, бір-біріне жақын, қатарлас ғалымдар еді. Мәулә Қожазада Мәулә Хаялиді ерекше құрметтейтін. Тіпті, оның ілімдегі артықшылығы мен кеңдігінен сескенгендіктен (оған деген зор құрметінен), Мәулә Хаяли дүниеден өткенге дейін еш төсекке жатып ұйықтамаған екен деп айтылады.
Алла Тағала бізге де олардың көркем әдептері мен мінез-құлықтарын нәсіп еткей!
---------
https://t.me/AQLNAMA

❤15🔥1
الفاكهي المكي شارح قطر الندى سبقه كتابه إلى مصر، فلما زار مصر وجد بعض الأزاهرة يشرح كتابه فأشكل عليهم موضع، فحله لهم، وذكر أنه هو مؤلفه، فلم يصدقوه لحداثة سنه😅😁
---
“Қатр ән-Нәда “ еңбегіне шарх жасаған әл-Фәкиһи әл-Мәккидің өзінен бұрын шархы Мысырға жеткен екен. Ғалым Мысырды зиярат еткенде кейбір әзһарлық ғалымдардың өзінің кітабынан дәріс беріп жатқанын көреді. Сол сәтте олар кітаптың бір жерін түсінбей қалғанда ғалым оларға ашықтап беріп, өзін сол кітаптың авторы екендігін айтқан. Олар оның жасының кішілігіне қарап, айтқанына сенбеген екен.
------

🔥21❤🔥6❤5😁3
اصرف الخطرةَ، فإن لم تفعل صارت عزيمةً فحاربها، فإن لم تفعل صارت فعلًا فتب منه، فإن لم تفعل صارت عادةً.
الحارث المحاسبي رحمه الله تعالى.
الحارث المحاسبي رحمه الله تعالى.
❤10👍1