AQLNAMA
1.23K subscribers
272 photos
16 videos
6 files
100 links
AQLNAMA
Download Telegram
ЖАРТЫ САҒАТТЫҚ ДАМЫЛ ЖӘНЕ МӘҢГІЛІК ІЛІМ

Ол түнде тек екі сағат немесе одан сәл көбірек ұйықтайды екен. Ояна қалса болды төсегінен демде тұрып оқу бөлмесіне барып кітап оқитын болған. Демалып алу үшін күндіз кішігірім көз шырымын алып алатынын айтқан еді ұстазымыз. Сосын ойымызға бір сәтке болса да ұйқының маңызы зор ғой деген ой келді.

Қонақтардың бірі: “Ұйқыңыз қанша уақытқа созылады” — деп сұрағанында, ойымыздағы пікірді дұрыстап: “Шамамен жарты сағат” — деп жауап береді.

©️ Шейх Абдулхаким әл-Әнис ұстазы Шейх әд-Дәбән туралы естелігінен

https://t.me/AQLNAMA
❤28🤯5🆒1
АҚИДАДА ЗАННИ ДӘЛЕЛДЕР АБСОЛЮТТІ ТҮРДЕ НЕГІЗГЕ АЛЫНБАЙ МА?

Ақида екі бөлімнен тұрады:
— Алла Тағаланың бар әрі бір екендігін білу сияқты Яқинға қол жекізу міндет саналатын бөлім.

— Пайғамбардың періштеден артық болуы сияқты яқинге қол жеткізу мүмкін болмайтын занни бөлім. Аталмыш орында ғалымдардың бірауыз занни дәлелді пайдаланудың еш әбестігі жоқ. Себебі ғалымдар осы бөлімді ақида кітаптарында келтіруге бір ауыздан келіскен. Кейбір мутакаллимдердің занни дәлелдер дәлел ретінде жарамсыз деген пікірлері үзілді-кесілді қабыл етілмейді.

#Кәләм_мәселелері (1)
❤18👍4
Алла Тағаланың сипаттарының бекітуінің шариғаттың бекітілуіне тәуелді болып, болмауына байланысты екі бөлімнен тұрады.

إثبات صفات الباري سبحانه وتعالى من حيث توقف ثبوت الشرع عليها أو لا قسمان:

1. Шариғат бекітілу үшін алдымен бекітілуі қажет сипаттар:

١- صفات يتوقف ثبوت الشرع عليها:


— Бар болу (الوجود)
— Тірі болу (الحياة)
— Ілім (العلم)
— Құдырет (القدرة)
— Қалау (الإرادة)
— Сөйлеу (الكلام) (талас бар)

Сәйкесінше ақыли дәлелдермен аталмыш сипаттарды бекітуден алдын шариғатты бекіту мүмкін емес. Сипаттарды бекіту үшін шариғат арқылы қуаттауға, және шариғат арқылы ақыл оған кескінді түрде үкім беруге дайын екендігін көрсетуге болады.

Дәурге түсіп қалу қаупі болғандықтан алғашқыда аталған осы сипаттарды шариғатпен бекіту мүмкін емес. Өйткені елші жіберу ісі тек ғана елші жіберушінің бар болуы және елшіні білуі арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар оған бағынбаққа әмір етуші, тыюшы, қалаушы және елші жіберуге қауқарлы болуы қажет.

لم يمكن إثبات هذه الصفات بالشرع ابتداء للزوم الدور؛ إذ لا يمكن إرسال رسول إلا إذا كان المرسِل موجودًا وعالما بالرسول، وآمرا وناهيا ومريدا لِأَنْ يطاع، وقادرا على الإرسال.

2. Шариғаттың бекітілуі мұқтаж емес сипаттар. Нәтижесінде шариғи дәлелдермен бекітуге болады.


٢- صفات لا يتوقف ثبوت الشرع عليها:


— Жалғыз болу (الوحدانية)
— Есту (السمع)
— Көру (البصر)

Ескертпе: Шариғи дәлелдер арқылы қалау, ілім және құдірет сипаттарының байланыстарының барлық нәрсені қамтуына дәлел келтіруге болады.

#Кәләм_мәселелері (2)
-----------
https://t.me/AQLNAMA
❤16🆒3
‎⁨وصف أم معبد للنبي⁩.pdf
1.3 MB
Умм Мәғбад әл-Хузағийа (أم معبد الخزاعية رضي الله عنها). Толық аты-жөні - Атика бинт Халид ибн Мунқиз ибн Рабиға Алла елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Меккеден Мединаға һижрет еткендегі қонған шатыр осы Умм Мәғбадтың шатыры. Аталмыш орын күні бүгінге дейін Умм Мәғбадтың шатыры деп аталады.

Сахаба анамыз аталмыш файлда Алла елшісін (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сипаттаған.
❤24🥰4💯4
ӘДЕП ІЛІМНІҢ КІРІСПЕСІ

Имам Мәліктен мынадай бір оқиға риуаят етіледі: Имам құрайыштық жас жігітке: “Уа, бауырым! Ілім алмастан алдан әдеп үйрен!” - деген екен.

Өзі жайында былай дейтін: “Бала күнімде анам мені киіндіріп, басыма сәлде орап Рабиға ибн Әбу Абдурахман ілім алуға жіберерде: “Рабиғаның мәжілісіне барасың. Оның хадисі мен түсінігін үйренуіңнен алдын ізгі қасиеті мен әдебін үйрен” - деп айтатын.

https://t.me/AQLNAMA
🕊19❤14👍7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Заттардың ақиқаты өз болмысында тұрақты, біреудің қалауына немесе ойлап табуына тәуелді емес. Сәйкесінше мантық қағидалары формалды келісімнен туған жасанды ереже емес, адам ойлау жүйесінің табиғи процесі.

Сол сияқты, кей адамдардың пікірінше аталмыш қағидалар — мантық ғалымдары өзара келісіп алған терминдер жиынтығы сияқты. Бұл, дәл бір адамның тартылыс күшін Ньютон ойлап тапты деп ойлағанымен тең. Ал шын мәнінде Исаак Ньютон оны ойдан шығарған жоқ, тек ашты, мәніне жете білді.
-Дәл сол сияқты, Аристотель, Ибн Сина және тағы басқа ғалымдар – адам ақыл-ойының шын мәніндегі қалай пікір жүргізетіндігін және ойлау тәсілдерін ашып көрсеткен.
- Яғни өздері қағидаларлы ойлап тауып және оны терминге айналдырған жоқ, тек адамның ойлауының табиғи процесін көрсетті.
❤21👍6👏4😁3
AQLNAMA
📌Усул әл-Фиқһ пәні бойынша дәріске хабарландыру 📕Бекітілген кітап: «Шарх Мухтасар әл-Манар» (Сүннет және Ижмағ бөлімдері) Қияс бөлімін (әрқайсысы шамамен 1 сағат 30 минут) 6 мәжілісте тәмамдағаннан кейін, Алланың көмегімен сол кітаптың «Сүннет» және «Ижмағ»…
Алланың қалауымен және көмек-жәрдемімен «Шарх Мухтасар әл-Манар» кітабынан «Сүннет пен Ижмағ» бөлімін 7 мәжілісте тәмамдадық. Рабиғул ахир айының 11-і күні (1446 ж/03.10.2025) аяқталды. Алдағы уақытта «Қияс» тарауын бастайтын боламыз Алла қаласа.

https://t.me/AQLNAMA
👍17🔥5❤4
"ونعوذ بك من التكلّف لما لا نُحسِن، كما نعوذ بك من العجب بما نُحسن"

أَبُو عُثْمَانَ عَمْرُو بْنُ بَحْرِ الجاحظ (ت: 255ه‍)
👍10❤5🤩3🆒2
Кәләм іліміне арнап жазылған еңбектерге жазылған тахқиқтардан фәләкті (планета мен жұлдыздардың орны) иғтибари деп көрсеткенін көріп қалдым. Алайда, дұрысы һәм көпшілікке мәлімі ол - жисм.
❤14🔥5👍2🆒2😁1
Бұл сурет Философтардың түсінігіндегі фәләк жайында. Олардың пікірінше фәләк дегеніміз - планеталар мен жұлдыздардың орны (сол орын жисм саналады).
❤‍🔥8❤5🏆4
Мәселені ашықталу үшін салынған сурет.

Фәләк шеңбер формасында болса, планеталар мен жұлдыздар сол шеңберге орналастырылған. Жүзікке орнатылған бағалы тас сияқты бекітілген. Сәйкесінше планеталар мен жұлдыздар фәләктің қозғалуымен қозғалады.
❤20❤‍🔥6
فائدة: عبارة حجة الإسلام (ليس في الإمكان أبدع مما كان) هو اختصار لكلام أبي طالب المكي في كتابه قوت القلوب.
❤16😍3
قال ذو النون: اجلس إلى من تكلّمك صفته، ولا تجالس إلى من يكلمك لسانه.

Зун-Нун әл-Мысри:

Тілі емес мінезі сөйлейтін адаммен бас қос.

قال الحسن: جالس من تكلّمك أعماله، ولا تجالس من يخاطبك مقاله.

Хасан әл-Басри:

Сөзі емес амалы тіл қататын адамға серік бол.
❤46👍11
#нұсқаңдытүзет (7)
#صحح_نسختك

Шарх әл-Бәһжа әл-Мардийа кітабының тахқиғында 1-томы, 67-бет, 1-тағлиқында қателік кеткен.

Яғни әр-Радидің сөзіне әл-Кафияға жазған шархынан сілтеме бергенімен, өмірбаянына келгенде мүлде басқа адамның өмірбаянын келтірген. Ол — 650 жылы қайтыс болған әр-Ради әл-Адауи әс-Сағани.

Алайда ибн әл-Хажибтің әл-Кәфиясына шарх жазған әр-Ради әс-Сағани емес, 684 жылы қайтыс болған әр-Ради әл-Әстәрабади.

https://t.me/AQLNAMA
✍11❤‍🔥8🆒5❤2
قال محمد بن الحسن الشيباني (ت١٨٩ه‍):

"عِلمُنا هذا لا يصلح إلا بثلاثِ خصالٍ :

١- أن يكونَ الرجلُ مشتهيًا له

٢- ذكياً

٣- مكفيّاً
.
❤22
AQLNAMA
قال محمد بن الحسن الشيباني (ت١٨٩ه‍): "عِلمُنا هذا لا يصلح إلا بثلاثِ خصالٍ : ١- أن يكونَ الرجلُ مشتهيًا له ٢- ذكياً ٣- مكفيّاً.
Имам Мухаммад ибн Хасан әш-Шәйбани (һ. 179 ж.):

Осынау білімімізге бойына мына үш қасиетті жинаған адам ғана қол жеткізе алады:

— Адамның білімге құмартуы;

— Зерек болуы;

— Дүниеге мұқтаж болмауы.

Имам Шафиғи айтқандай:

Пияз сатып алу маған жүктелетін болса бір мәселені де түсінбейтін едім.

https://t.me/AQLNAMA
❤33