AQLNAMA
МАНТЫҚТЫҢ ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕРДЕ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ Күні бүгінге жеткен мантық ғылымының негізін “Бірінші ұстаз” атағына ие грек философы Аристотельдің (б.з.д 322) қалады. Аристотель мұра ретінде ойлау ережелеріне қатысты бірнеше трактаттар қалдырды.…
МАНТЫҚ ЕНДІ АРАБША СӨЙЛЕЙДІ
Мантық ілімі ислам өркениетіне аударма арқылы енген алғашқы ғылымдардың бірі. Аударма ісі Аббасилер халифаты кезінде, Халифа әл-Мәмунның билік құрған уақытында ерекше қарқын алды. Халифа Бағдат қаласында «Бәйт әл-Хикма» (Данылық үйі) деп аталатын ғылым ордасын құрады. Аталмыш орталықта аудармашылар медицина, астрономия, философия, хикма және мантық ілімдеріне қатысты еңбектерді грек немесе арамей тілінен араб тіліне тәржімалумен айналысты. Ең көрнекті аудармашылардың ішінен Хунайн ибн Исхақ (һ.285) пен ұлы Исхақты (һ.297) атап өтуге болады. Дамудың осы сатысында ғалымдар күшін көп жағдайда «Органон» және соған қатысты кітаптарды аударуға бағыттады.
Жалғасы бар…

❤13👍4🔥1
Хазірет Омардан мынадай сөз жеткен:
«Қандай да бір мұсылман бауыры жайлы бір сөз естісе, және ол сөзге қандай да бір жақсы мағына беруге мүмкіндік болса, оны жаманға жорамалдауына рұқсат жоқ».
Жұма мүбарак болсын!

❤22🔥5👍2
АРАБ ТІЛІНДЕГІ ДЕРБЕС МАНТЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ
Аристотельдің еңбектері тәржімаланғаннан кейін оны ислам өркениетінің әл-Кинди (һ.260), «Екінші мұғалім» Әбу Насыр әл-Фараби (һ.339), «Шейх Раиис» есімімен танымал Әбу Әли ибн Сина (һ.428), ибн Рушд әл-Хафид (һ.595) сынды философтары кеңінен қолданды. Аталған осы және өзге де ғалымдар мантыққа ерекше көңіл бөлгендігімен танымал. Сондай-ақ философия, астрономия және медицина сияқты ғылмдарға да аса ден қойды. Олардың еңбектері егжей-тегжей түсіндірумен және ықшамдаумен ерекшеленді. Сонымен қатар тек аудармамен шектелген еңбектердің санатына жатпайды. Ибн Синаның еңбектері таралу жағынан ауқымды және өзінен кейінгі келген мұсылман ғалымдарға қатты әсер еткен еңбектерден саналады. Әсіресе «әш-Шифа» еңбегінде мантықты кітаптың бір бөлігі ретінде қарастырды және «әл-Ишарат уә әт-Тәнбиһат» еңбегіне көптеген түсіндірмелер жасалды.

🔥7❤1👍1
“әл-Ишарат уә әт-Тәнбиһат” Ибн Синаның ең маңызды еңбектірінің бірі. Мазмұны 2 бөлімнен құралады.
— Мантық бөлімі (10 тақырып)
— Жаратылыс тану ( 10 тақырып)
Ғалымдардың құзырында дәрістік кітап саналған. Сондықтан оның 20-дан астам хашиялары кездеседі.
📘Солардың ішіндегі ең маңыздылары:
🔸 ”Шарх әл-Ишарат” Имам Фахруддин әр-Рази (һ.606). Өз ішіне керемет түсіндіру мен нақтылауларды қамтитын кітап. Сондай-ақ кей орындарды Ибн Синаға сын айтқан.
🔸 ”Хәлл мушкиләт әл-Ишарат” Хаким Мухаққиқ Қожа Насыруддин әт-Туси (һ.672). Автор кітабында Ибн Синаға жақтасып, айтылған сындардың көбіне жауап береді. Күнімізде ең маңызды шархтардың бірі және дәрістік кітап саналады.
🔸 ”әл-Мухакамат бәйна шархайил ишарат” Қутбуддин әр-Рази (һ.766). Фахруддин Рази мен Мухаққиқ әт-Тусидің түсіндірмелерін салыстыруға бағытталған кітап.

👍13❤3🔥3
ШАРИҒАТ ПЕН МАНТЫҚ
Дамудың аталмыш кезеңінде Қазы Ибн Рушдтің атап кеткендігін есептемегенде шариғат ғалымдарының мантық ілімін шариғи ілімдермен араластыруға қаты көңіл бөлгенін байқауға болады. Әбу Мухаммад ибн Хазм әз-Заһиридің де (һ.456) шариғат іліміне қызығушыларды мантықты меңгеруше шақырғанын көре аламыз. Еңбегі «әт-Тақриб ли хәдд әл-Мантық би әлфаз әл-Ғаммийа уә әл-Әмсилә әл-Фиқһийа» деп аталады. Өз кезегінде Имам әл-Ғазали (һ.505) мантықты ілімнің қажетті құралы ретінде санап «Миғиар әл-Улум», «Михак ән-Назар» атты кітап жазып, «әл-Мустасфа» атты кітабында ықшамдап, қорытындылаған.

🔥8👍4🤯1
МАНТЫҚ МЕКТЕБІНІҢ МЕРЕЙІ: КЛАССИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕР АНТОЛОГИЯСЫ
Содан кейін усул әл-Фиқһ, ақида және тіл ғалымдары әр түрлі әдіснамамен мантық іліміне қатысты кітаптар жаза бастады. Төменде танымал еңбектердің тізімі көрсетіледі:
Фахруддин әр-Рази (һ.606), усули, тәпсір ғалымы. «әл-Муләххас фи әл-Мантық уә әл-Хикма», «әл-Мантық әл-Кәбир» және «Шарх әл-Ишарат» атты еңбектері бар
Афдалуддин әл-Хунәжи (һ.646) Мысырдың қазысы. «Кәшф әл-Әсрар», «әл-Жумәл» атты еңбектері бар. Кейін келген ғалымдар одан қатты әсер алған. Мектебі «кейін келген ғалымдардың мектебі» деп танылған.
Әсируддин әл-Әбһари (һ.656). Оның «Исағужи» деп аталатын танымал мәтіні бар. Фарфариостың Исағужи кітабынан басқа кітап. Мантық ілімдегі шәкірттердің ең алғашқы оқылатын кітаптарының бірі. Сәйкесінше көптеген шархтар мен хашиялары бар. Сонымен қатар ғалымның «Хуласа әл-Әфкар» және алғашқы бөлімі мантыққа арналған «һидәя әл-Хикма» деп аталатын кітабы бар.
Нәжмуддин әл-Кәтиби әл-Қазуини (һ. 675). Көптеген шархтар мен хашиялар жазылған «әр-Рисәлә әш-Шәмсийа» атты мәтіні бар.
Сиражуддин әл-Урмауи (һ.686). «әл-Маталиғ әл-Әнуәр» атты кітаптың авторы. Әл-Хунәжидің «Кәшф әл-Әсрар» кітабының ықшамдалған түрі. Көптеген шархтар мен хашиялар жасалған.
Қутбуддин әр-Рази (һ.766) әл-Қутуб әт-Тәхтани есімімен танымал. Әл-Кәтибидің «әш-Шәмсия» еңбегінің түсіндірмесі (Тахрир әл-Қауағид әл-Мантықийа», «Шарх Маталиғ әл-Әнуар ли әл-Урмауи» атты еңбектердің авторы. Мантықтың бөлімдеріне қатысты бірнеше шағын трактаттардың авторы.
Сағдуддин әт-Тәфтазани (һ. 792). «Шарх әш-Шәмсийа ли әл-Кәтиби», әш-Шәмсийа мәтінін ықшамдаған «Тәһзиб әл-Мантық» кітаптарының авторы. Ықдамасына көптеген шархтар мен хашиялар жасалған.
Әс-Сәйид әш-Шәриф әл-Журжани(һ.816). Өте нақты түсіндірмелері ен танымал. «Ләуәмиғ әл-Әсрарға» және «Тахрир әл-Қауағид әл-Мантықийға» хашиясы бар. Сондай-ақ «әс-Суғра» және «әл-Кубра» деп аталатын трактаттың авторы.

🤯7❤6🔥3
🌴"والتقدم لمعالي الأمور قبل إتقان أصولها وضبط طرقها عجلة وشهوة نفسانية توجب لصاحبها الفضيحة دنيا وأخرى"
الإمام السنوسي.
🌴 «Іргетасты мығымдамай және жету жолдарын нақтыламай жоғары істерге ұмтылу – нәпсінің асығыстығы мен құмарлығы. Мұндай адам дүниеде де, ақыретте де масқара болады».
— Имам әс-Сануси

❤15
КЛАССИКАЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ МАНТЫҚ ҚОЛДАНЫСЫ
Жоғарыда аталған еңбектердің басым көпшілігі дәстүрлі оқыту жүйесіндегі бекітілген оқулықтар. Кейінгі келген ғалымдардың құзырында әр түрлі ғылым салаларында мантық терминдері кеңінен қолданылып, мәселене оның қағидалары мен ережелеріне сай талқылағандықтан, шәкірт үшін көмескі тұстарды түсінбекке мантық ілімін оқудың маңызы одан сайын артты. Әсіресе усул әл-Фиқһтерінде көптеп кездесті. Солардың ішінде «әл-Мустасфа» (әл-Ғазали), «Рауда ән-Назир» (ибн Қудама (һ.620)), «Мухтасар» (ибн Хажиб (һ. 636)), «Тақиб әл-Усул» (Ибн Жуззи (һ.741)), «Усул» (ибн Муфлих (һ.763)) және өзге кітаптарды атауға болады.

❤7🔥2
🌴رب عمل صغير تعظمه النية، ورب عمل كبير تصغره النية.
“Ниетке байланысты кейде кішкентай іс ұлғайып, кейде үлкен іс ниетке қарай кішірейіп кетеді”.
©️ Абдулла ибн Мубарак

❤18👍3
🌴كاد الأدب أن يكون ثلثي الدين.
Әдеп - дінің үштен екі бөлігі іспетті.
©️ Абдулла ибн Мубарак
Әдеп - дінің үштен екі бөлігі іспетті.
©️ Абдулла ибн Мубарак
❤20👍2
🌴Бір ғалымнан мынадай оқиған келеді:
«Абдулла ибн әл-Мубарактан: “Адам баласына берілген ең үлкен жақсылық не?” – деп сұрадым.
Ол: “Ақыл-парасат”, – деп жауап берді.
“Ал егер ол болмаса?” – дедім.
“Әдеп пен көркем мінез”, – деді.
“Ал ол да болмаса?” – дедім.
“Кеңес беретін жанашыр дос”, – деді.
“Егер ол да табылмаса?” – дедім.
“Ұзақ үнсіздік” - деді.
“Егер ол да табылмаса?” – дедім.
“Онда ертелі өлім”, – деп жауап берді.

❤16🔥3
🍀قال رجل لابن مبارك: أوصني، قال: اعرف قدرك.
Бірде бір кісі Абдулла ибн Мубаракка келіп: “ Нендей нәрсені өсиет етесіз” деп сұрағанда: “Өз қадіріңді біл” - деп жауап берген екен”.
©️ Абдулла ибн Мубарак
Бірде бір кісі Абдулла ибн Мубаракка келіп: “ Нендей нәрсені өсиет етесіз” деп сұрағанда: “Өз қадіріңді біл” - деп жауап берген екен”.
©️ Абдулла ибн Мубарак
❤17👍2
Расында көреген жандар мына төрт нәрседен аман-саумын деп еш ойламайды.
1. Алланың кешіріп, кешірмегенінен бейхабар болған өткен күнә.
2. Құрдымға кетіп, кетпеуінен бейхабар алдағы ғұмыры.
3. Алдап-арбау үшін берілуі мүмкін нығмет және туралық деп таныған адасушылық.
4. Бір сәттік жүректің ауытқуы. Сезбестен дінінен айырылуы мүмкін.

❤18👍2🤯2🙏1
بِجِدٍّ لا بجَدٍّ كلُّ مَجدٍ // فهل جَدٌّ بلا جِدٍّ بمُجدِ؟
© د.أيمن سويد عن الشيخ ملا رمضان
جِدٍّ بكسر الجيم - اجتهاد
جَدّ بفتح الجيم- نسب
بمجد - أي هل له جدوى؟
© د.أيمن سويد عن الشيخ ملا رمضان
جِدٍّ بكسر الجيم - اجتهاد
جَدّ بفتح الجيم- نسب
بمجد - أي هل له جدوى؟
❤7👍2
Заманының үлкен ғалымдары Шейх Хасан әш-Шәфиғи мен Шейх Мухаммад Аууаманың кешегі кездесуінен бірер сурет.
Шейх Хасан әш-Шәфиғи - Мысыр елінің белді ғалымы ғалымы және “Әзһар Шәрифтің жоғары ғұламалар кеңесінің” мүшесі.
Шейх Мухаммад Аууама - Шейх Абдулла Сиражуддин және Шейх Абдулфаттах Әбу Ғудда атты екі үлкен ғалымның шәкірті. Шейхтың Шейх Абдулла Сиражуддинге 50 жыл, Шейх Абдулфаттах Әбу Ғуддаға 40 жыл шәкірт болғанын өз ауызынан естідім.

❤30👍3🔥2
🕊قال رجل لابن مبارك: هل بقي من ينصح؟! قال: فهل تعرف من يقبل؟!
Бірде бір кісі Абдулла ибн Мубаракка келіп: “Насихат айтатын адам қалды ма?” - деп сұрағанда: “Оны қабылдайтын адамды білесің бе?!” - деп жауап берген екен.
Жұма мүбарак болсын!
Бірде бір кісі Абдулла ибн Мубаракка келіп: “Насихат айтатын адам қалды ма?” - деп сұрағанда: “Оны қабылдайтын адамды білесің бе?!” - деп жауап берген екен.
Жұма мүбарак болсын!
❤23
МАНТЫҚ ІЛІМӘН МЕҢГЕРУГЕ ҰСЫНЫЛАТЫН ОҚУ ЖҮЙЕСІ
І кезең
— Әсируддин әл-Әбһари “Мәтн әл-Исағужи”.
— әл-Мәғниси “Муғни әт-Туллаб”.
ІІ кезең
— әл-Хайдарабади “әл-Мирқат” (кейінгі ғалымдардың хашиясымен оқуға болады)
ІІІ кезең
— Сағдуддин әт-Тәфтазани “әт-Тәһзиб” (әл-Йәздидің шархы және оның хашияларымен немесе әл-Хабисидің шархы және Хасан әл-Аттардың хашиясымен оқуға болады).
— Нәжмуддин әл-Кәтиби “әш-Шәмсийа” (Қутбуддин әр-Разидің “Тәхрир әл-Қауағид әл-Мантықийа” атты шархымен және Сәйид Шәриф әл-Журжанидің хашиясымен оқуға болады).
IV кезең
— Сиражуддин әл-Урмауи “Маталиғ әл-Әнуар” (Қутбиддин әр-Разидің “Маталиғ әл-Әсрар” атты шархымен және Сәийд Шәриф әл-Журжанидің оған жазған хашиясымен оқуға болады).
— Мухиббулла әл-Биһәри “Сулләм әл-Улум” (Мулла Хасан, әл-Қади Мубарак сынды ғалымдардың шархымен және Шәрх Бәхр әл-Улумды оқуға болады).
Осы кітаптарды меңгеру арқылы аталмыш пәннің маманына айналып, қаласа одан әрі тереңдете оқи алады. Мәселен маман ретінде Ибн Синаның еңбектерін оқу өте пайдалы.
Сонымен қатар мантықтың тарихи, беделді тұлғалары, басқа ғылымдарға әсері және мәселелерінің дамуына бағытталып жазылған еңбектерді оқыған дұрыс. Әсіресе заманауи еңбектердің маңызы зор.
-------
https://t.me/AQLNAMA

❤12🔥5
AQLNAMA
МАНТЫҚ ІЛІМӘН МЕҢГЕРУГЕ ҰСЫНЫЛАТЫН ОҚУ ЖҮЙЕСІ І кезең — Әсируддин әл-Әбһари “Мәтн әл-Исағужи”. — әл-Мәғниси “Муғни әт-Туллаб”. ІІ кезең — әл-Хайдарабади “әл-Мирқат” (кейінгі ғалымдардың хашиясымен оқуға болады) ІІІ кезең — Сағдуддин әт-Тәфтазани “әт-Тәһзиб”…
Мантық ілімінің тарихы және оқыту жүйесіне қатысты жазбамыздың соңы осы болмақ. Алдағы уақытта мантыққа қатысты ғылыми мәселелерді жариялайтын боламыз.
Арнадан алыстамаңыздар ағайын 🪽
Арнадан алыстамаңыздар ағайын 🪽
❤15
وكنتُ أرى أنْ قد تناهى بي الهوى
إلى غايةٍ ما بعدها لي مذهب
فلمّا تفرّقنا تذكرتُ ما مضى
فأيقنتُ أني إنّما كنتُ ألعبُ
إلى غايةٍ ما بعدها لي مذهب
فلمّا تفرّقنا تذكرتُ ما مضى
فأيقنتُ أني إنّما كنتُ ألعبُ
❤5