AQLNAMA
1.23K subscribers
272 photos
16 videos
6 files
100 links
AQLNAMA
Download Telegram
"حق على العاقل أن يتخذ مرآتين، فينظر من إحداهما في مساوئ نفسه، فيتصاغر بها، ويصلح ما استطاع منها.
وينظر في الأخرى في محاسن الناس، فيحليهم بها، ويأخذ ما استطاع منها"


"Саналы жанның екі айнасының болуы ләзім. Айнаның бірімен өзінің олқылықтарын көріп, менмендік танытпайды және кемшіліктерін қауқары келгенше түзейді. Өзгесімен адамдардың ізгі қасиеттерін көріп, мінез-құлқын сонымен безендіреді және шамасы жеткенін тұла бойына сіңіреді"

الأدب الصغير لعبد الله بن المقفع ص ٧٦.
❤12👍4🔥2
AQLNAMA
🌴Ислам діні ғылымға ерекше мән береді, қадірлейді, тіпті білім алуды құлшылық санайды. Сондықтан білім алушыға да, білім берушіге де қойылатын белгілі шарттар бар. Бүгін біз білім берушінің, яғни ұстаздың шәкірт алдындағы міндеттері туралы сөз қозғамақпыз.…
🌴Жоғарыдағы ұстаздың міндеттеріне тағы бір міндет қоса кетсек:

12. Ұстаздың әдебі мен маңызды міндеттерінің бірі – шәкірттерінің дәрісті қаншалықты ұққанын нақтылап отыруы, олардың түсінік деңгейін бақылап, құр отырыстарын ғана емес, саналарының да белсенді қатысуына мән беруі. Осы мақсатқа жетудің ең тиімді жолы – ортаға сауал тастау. Жай ғана: «Түсіндіңдер ме?» деп сұраумен шектелу жеткіліксіз.

Өйткені кейде шәкірт өзін түсіндім деп санауы, айтылған дәлелді, түсіндірмені, тіпті күрделі мәселенің шешімін ұқтым деп сезінуі әбден ықтимал. Алайда, шын мәнінде, шәкірт түсінбегенін мүлде сезінбеуі мүмкін. Сондықтан, қате түсіну – мүлде түсінбеуден де қауіпті.

Соңғы міндетті “شوارد الأفكار” атты арнасынан алдым.
❤7🔥4
AQLNAMA
🌴Жоғарыдағы ұстаздың міндеттеріне тағы бір міндет қоса кетсек: 12. Ұстаздың әдебі мен маңызды міндеттерінің бірі – шәкірттерінің дәрісті қаншалықты ұққанын нақтылап отыруы, олардың түсінік деңгейін бақылап, құр отырыстарын ғана емес, саналарының да белсенді…
Мәселе тек сұрақ қоюда емес, одан да маңыздысы – шәкірттен түсінгенін өз сөзімен қайта айтып беруін талап ету. (تقرير المسألة). Яғни, шәкірт мәселені өз сөзімен баяндау арқылы түсінігін көрсеткенде ғана ұстаз оның шын мәнінде ұққан-ұқпағанына көз жеткізеді. Сол себепті мұндай сабақтарда шәкірт саны көп болмауы керек және ондай дәрістерді жариялауға да қолайлы емес.
❤10🔥1
AQLNAMA
🌴Ислам діні ғылымға ерекше мән береді, қадірлейді, тіпті білім алуды құлшылық санайды. Сондықтан білім алушыға да, білім берушіге де қойылатын белгілі шарттар бар. Бүгін біз білім берушінің, яғни ұстаздың шәкірт алдындағы міндеттері туралы сөз қозғамақпыз.…
Әрине, жоғарыда атап өткен міндеттердің барлығының деңгейі бірдей дей алмаймыз. Олардың кейбірі, мысалы бірінші, екінші, үшінші және төртінші міндеттер – негізгі әрі іргелі міндет деуге әбден негіз бар. Ол адамды ұстаздыққа лайық етер талап. Өз кезегінде бұны құзіреттілік шарты деп атайық. Ал, бұдан өзге де міндеттерді кемелдік және ұстаздық этика тұрғысынан қарастырсақ та болады.
❤8🔥1
Мансур ибн Мәһди Мәмуннен: “Мен секілді адамның ілім алуы құп көрілетін амал ма? - деп сұраған екен. Мәмун оған: “Алланың атымен ант етейін. Білім жолында жанныңды құрбан етуің надандыққа қанағат қылып өлуіңнен әлдеқайда қайырлы” - деп жауап берген.
👍8❤4🔥4
Channel name was changed to «AQLNAMA»
. بسم الله الرحمن الرحيم
وبه نستعين
رب يسّر وأعن

Біз арна атауын Sharıģat pànderi дегеннен AQLNAMA деп өзгерттік.

Бұл атау – арнада жарияланатын жазбалардың ақыли ілімдерге (العلوم العقلية) тән екендігін білдіреді.

Осы атау арқылы мантық (логика) ілімін (ақыл ілімдерінің құралы ретінде), сондай-ақ кәләм, хикма (пәлсапа), усул ілімдерін және қолжазбаларды зерттеу ілімін меңзеп отырмыз.

Кейде ғылым жолы туралы пайдалы кеңестер мен нұсқаулықтарты да шығарамыз.

Алдағы күндері аталған ілімдер туралы толық әрі жүйелі жазбалар жарияланатын болады.
🔥20❤7👍5🙏1
🕊 Неліктен “AQLNAMA”?

Арнамызға “AQLNAMA” деп ат беруіміз тегін емес. Бұл атау – ақыл мен сана, мағына мен мәнге үндейтін ұғым. “AQL” – адам болмысының негізі, Алланың берген ең үлкен нығметі – ойлау, түсіну, ақиқатты ажырату қабілеті. Ал “NAMA” – көне түркі және парсы тілдерінде жазба, баяндама, насихат мағынасын білдіретін қосымша. Яғни, “AQLNAMA” – ақыл туралы баян, рухани ойлар жинағы деген мағынада.

Аталмыш атау мантық, кәлам, хикма және усул секілді ілімдермен тығыз байланысты екенін аңғарту үшін таңдалды. Себебі бұл ілімдердің барлығы ақылдың шамшырағы арқылы таным мен хақиқатқа жетуді көздейді.
❤24🔥8👍4🥰2🙏1
AQLNAMA pinned «🕊 Неліктен “AQLNAMA”? Арнамызға “AQLNAMA” деп ат беруіміз тегін емес. Бұл атау – ақыл мен сана, мағына мен мәнге үндейтін ұғым. “AQL” – адам болмысының негізі, Алланың берген ең үлкен нығметі – ойлау, түсіну, ақиқатты ажырату қабілеті. Ал “NAMA” – көне түркі…»
Channel photo updated
👍9❤2
📌 Бастауыш деңгейдегі шәкірттерге арналған мантық дәрістеріне хабарландыру
📕 Бекітілген кітап: «Ад-дурра» — Сәйид Шәриф әл-Журжани жазған «Суғра» атты еңбектің аудармасы.

🔹«Ад-дурра» кітабы туралы қысқаша айта кетсек:
Ғұлама Сәйид Шәриф әл-Журжани мантық ілімінде «Суғра» және «Кубра» деп аталатын екі еңбек жазған. Аталмыш екі еңбек — парсы тілінде жазылған және мантық алғышарттарын үйренушілерге арналған танымал мәтіндердің қатарынан. әл-Журжани осы еңбектерді өзінің ұлы Шамсуддинге арнаған.

Ұлы Шамсуддин екі шығарманы баршаның игілігіне айналуы үшін араб тіліне аударуды жөн көрген.
Ол «Суғраны» арабшаға аударып, «әд-дура» деп, «Кубраны» аударып, «әл-Ғурра» деп атаған.

Екі еңбек сол кезден бастап көптеген ғалымдардың назарын аударып, бірі түпнұсқа парсыша нұсқасын, бірі аударма арабшасын түсіндіріп, ал кейбірі оларды өлең ретінде де жазып шыққан. Осылайша көптің ықыласынп бөленген оқу құралдарына айналды.

Біз бұл курста тек «әд-дурраны» оқимыз.
Кітап мантықты жаңа бастағандарға арналған негізгі мәтін ретінде өте қолайлы.

📆Курстың басталар уақыты: 28.06.2024.
Сенбі күні; 20:00

📞Байланыс номері: 87714868190 (уатсап)
87752398083 (телеграм)
❤12👍4🔥3
Аталмыш дәрістен бөлек, жоспарланып отырған тағы 3 кітаптан дәрістер бар.
❤12
📌 Усул әл-Фиқһ пәні бойынша дәріс жайлы хабарландыру (Қияс тарауы)

📕 Бекітілген кітап: «Шарх мухтасар әл-Манар»

📆 Сабақ басталуы: 2025.06.29
Аптасына бір сағаттан(Жексенбі; 21:30), 15–19 дәріс көлемінде осы тараумен толық аяқталады.

🔹Неліктен қияс тарауы оқытылады?
Кейбір шәкірттер неге кітаптың түгелі емес, тек осы тарауы оқылады деп сұрауы мүмкін. Себебі тәжірибе көрсеткендей, бұл тарау көбіне кітап толық оқылмай қалатындықтан немесе белгіленген уақыт жеткілікті болмағаннан кейін аяқталмай қалып жатады.

🔹Сабаққа қатысу шарты:
1. Араб тілін жақсы меңгеру (тыңдау, сөйлеу және жазу қабілеті);
2. Кітапқа кіріспестен алдын «Мәбәди әл-Усул» сынды кітаптарды оқып бітіру.

📞Байланыс номері: 87714868190 (уатсап)
87752398083 (телеграм)
❤14👍5
📆 Сабақтар 25-маусымнан басталады, Zoom платформасында өтеді.
Аптасына екі сабақ: жұма және жексенбі күндері,
Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де.

📕 Бекітілен кітап: «Муғни әт-Туллаб» (Исағужи мәтініне түсіндірме).
Алайда, осы кітаппен жұмыс тәжірибем негізінде, оны ықшамдап, жеңілдетіп өткен жөн екенін байқадым.
Сабақтар саны 20-22 дәріс шамасында болады.
Кітаптағы аталмыш деңгей үшін аса қажет емес кейбір тұстар алынып тасталып, тек негізгілері қамтылады.

📌 Қатысу шарттары:
1. Араб тілін жақсы меңгерген.
2. Ютубқа жүктелген Исағужи дәрістерін тыңдаған немесе соған балама мәтінді оқып шыққан болуы қажет.

📝 Бір мәтінге түсіндірме оқымас бұрын, алдымен сол мәтіннің өзін шолу ретінде толық оқып шығу, содан кейін барып түсіндірмесін оқу - ғалымдар арасында қалыптасқан керемет үрдістердің қатарынан

💡 Ескерту: Сабақтар ақылы.

📞 Қосымша ақпарат пен тіркелу үшін: 87714868190 (уатсап)
87752398083 (телеграм)
👍17❤7🔥4
Көпшілікке пайдалы болуы үшін бөлісе отырсаңыздар болады. Алла разы болсын.
👍14❤7
AQLNAMA
📆 Сабақтар 25-маусымнан басталады, Zoom платформасында өтеді. Аптасына екі сабақ: жұма және жексенбі күндері, Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де. 📕 Бекітілен кітап: «Муғни әт-Туллаб» (Исағужи мәтініне түсіндірме). Алайда, осы кітаппен жұмыс тәжірибем негізінде…
📘 «Муғни әт-Туллаб» сабағына жазылғысы келетіндерге маңызды хабарландыру:

Сабаққа қатысқысы келетін шәкірттерге қойылатын басты талаптардың бірі – мантық іліміне қатысты бір мәтін оқуы немесе ютубтағы «Исағужи» дәрістерін тыңдауы. Бұл шарт — сабақ мазмұнын дұрыс түсініп, берілетін материалмен тиімді жұмыс істеу үшін өте маңызды.

🎧 Исағужи дәрістеріне сілтеме:
https://youtube.com/playlist?list=PLB9jrKbzhQq0r37ndKQizNOngTyg9brEG&si=L5tyVZw1Ibm7gDaP
❤10👍3
МАНТЫҚ ЖӘНЕ АДАМ ТАБИҒАТЫ

Адамның табиғатында мантықтың негіздері о бастан қалыптасқан. Адамдар бұл қағидаларды өздері білмесе де қолдана береді. Бірақ уақыт өте келе, адамзат өз ойлау жүйесін жүйелеу үшін, ежелгі заманнан бері әртүрлі мәселелерді саралап, жинақтап, ойлаудың ортақ заңдылықтарын тұжырымдауға тырысты. Осылайша, мантық ғылымы дүниеге келді. Аталмыш ғылым - адамзат ойлауына бағыт-бағдар беретін, бұрыннан бар ақиқаттарды жүйелеу ғана емес, сонымен қатар дұрыс ойлаудың заңдарын анықтау жолындағы ғылыми талпыныс.

Жалғасы бар….
❤15👍5🤯2
МАНТЫҚТЫҢ ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕРДЕ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

Күні бүгінге жеткен мантық ғылымының негізін “Бірінші ұстаз” атағына ие грек философы Аристотельдің (б.з.д 322) қалады. Аристотель мұра ретінде ойлау ережелеріне қатысты бірнеше трактаттар қалдырды. Бұл дегеніміз ол мантықты ойлап тапты дегенді білдірмейді, бәлкей тек оны жүйелеп, жазбаша түрде бекітті. Артынша соңынан ерген шәкірттері ұстаздарының кітаптары мен тракттарын “Органон” (құрал, аспап деген мағынада) деп кеңінен танылған еңбекке жинақтайды. Аталмыш жинаққа кірген 6 кітап мантықтың негізгі қайнаркөздері және мәтіндері саналады.
Олардың қатарына мыналар кіреді:
1. әл-Мақуләт (категория),
2. әл-Қадайа (апофансис),
3. Қияс (силлогизм),
4. Бурһан (аподиктическое суждение),
5. әл-Жәдәл (диалектика),
6. әл-Муғалата (софистика).

Жоғарыдағы топқа сонымен қатар Аристотельдің логикаға тікелей қатысы жоқ «Поэтика» және «Риторика» атты екі еңбегі қосылды. Артынша Фарфариос әс-Сури (м. 305) жоғарыдағы кітаптардың басына Исағужи (кіріспе) деп аталатын еңбек қосады. Исағужи тек әл-Куллиа әл-Хамсаны ғана қамтығар.

Алайда әуелгі кезеңде мантық ілімі қазіргі күніміздегі танымал есімі ел арасында көп тарала қоймады. Кейінгі ғасырларда гректерде және өзге де халықтарда грек тілінде ақыл және сөз мағынасын білідертін логос атты атаумен өзге ғылымдардан ерекшеленді. Осылайша мантық ілімі өзінің алғашқы даму кезеңінде тоғыз кітапқа шоғырланды. Мұсылман әлеміне жетіп, аудармашылар көп шұғылданға еңбектер де осы тоғыз кітап.

Жалғасы бар….
❤9
🚨 3 дәріс бойынша тіркелу әлі де жалғасуда:

Муғни әт-Туллаб (екінші деңгей)

https://t.me/sharigat_panderi/419

Шарх Мухтасар Манар (Қияс бөлімі)

https://t.me/sharigat_panderi/418

әд-Дурра (бастауыш деңгей)

https://t.me/sharigat_panderi/416

Алла Тағала пайдалы ілім нәсіп етсін!
👍7❤1
БҰЛ КУРСТАН НЕ ҮЙРЕНЕМІЗ?

Курста біз «Муғни әт-тулләб» атты әйгілі мантық кітабының ықшамдалған, жүйеленген нұсқасын оқимыз. Аталмыш еңбек Исағужи атты кең таралған мәтінге жазылған түсіндірме саналады. Көптеген түсіндірмелерге негізделген бұл еңбек өзінің тереңдігімен құнды. Дегенмен, бір оқу жылының ішінде толық игеруге тым ауқымды болғандықтан, оны ғылыми жүйемен ықшамдап, жаңаша тәртіппен ұсынуды жөн көрдік.

📘 Ықшамдаудың әдіснамасы
1. Күрделі немесе түсініксіз тұстарды жеңіл әрі көркем тілмен қайта жазу
2. Ғылыми ортада кең таралмаған, белгісіз пікірлерді қысқартып, орнына танымал көзқарастарды беру
3. Қажетті теориялық қосымшалармен толықтыру
4. Логика ғылымына қатысы жоқ артық мазмұндарды алып тастау

🔄 Келесі кезең:
Бұл кітапты тәмамдағаннан кейін шәкірт «Мирқат» атты келесі деңгейдегі логика оқулығына өте алады. Ол кітапта ән-Нисәб бәйнә әл-Куллиәйни (النسب بين الكليين), әл-Муәжәһат (الموجهات) сынды жаңа әрі күрделі тақырыптар қарастырылады.

🧠 Курс – логиканың негізін дұрыс әрі жүйелі түрде меңгеріп, терең танымға жол ашқысы келетіндерге арналған.

📌 Дәріс араб тілінде өтетіндіктен араб тілін білу шарт етіледі. Сондай-ақ дәрістің басталуына 1 күн ғана қалды.

https://t.me/sharigat_panderi/419
❤7