“Ілімнің басы - сөйлеуді доғарып, тыңдау, кейіннен - көкейге түймек үшін ден қоя құлақ түру, кейіннен - жаттау, кейіннен - білгенді амалға асыру, кейіннен - ел-жұрт білмек үшін білім жаю”.
©️Суфиян әс-Сәури.
🔥18❤5👍1
أول العلم الإنصات، ثم الاستماع، ثم الحفظ، ثم العمل به، ثم النشر.
سفيان الثوري (ت ١٦١ه)
سفيان الثوري (ت ١٦١ه)
👍12❤2
https://youtu.be/u7kD5SgnJNg?si=LvUpzJHXvct2EoES
Аллаға шүкір, бүгін «Исағужи» кітабын “Дәр әл-Фуқаһа” орталығында 12 дәрісте тәмамдадық. Алла Тағала осы дәрістерге береке беріп, оны ілім жолындағы шәкірттерге пайдалы етуіне үміттіміз. Егер бұл істе бір дұрыс нәрсе болса, ол — Алланың кеңшілігі, әрі бүкіл игілік жалғыз Алладан, одан кейін ұстаздарымның еңбегі. Ал қате-кемшілік болса, ол өзімнен және шайтаннан.

YouTube
متن ايساغوجي - 12 - الفصل السادس عشر - أ. عطاء الله ساربالين
❤16🔥6👍4
Бұл дәрістердің толық топтамасы
https://youtube.com/playlist?list=PLB9jrKbzhQq0r37ndKQizNOngTyg9brEG&si=uhnsWvc70qWOM0LO

🔥14
Білім алу мен өзгеден озық болудың жолы - шәкірттің кітапқа арналған хашияларды зерттеп, дәріске дайындауы және пайдалы ақпараттарды түртіп алу.
әш-Шақаиқ ән-Нұғмания кітабында әл-Марах кітабына түсіндірме жасаған Хасан Паша әл-Әсуадтың (һ. 827) Разидің немересі деп аталатын Жәмәлуддин әл-Ақсараидің қолында тәлім алғандығы айтылады. Онымен бірге одан Шәмсуддин әл-Фәнари (һ.834) )де сабақ алған. Ташакөпризада (һ.968) мынадай оқиғаны баяндайды:
Олардың құзырындағы фадл дәрежесі дәреженің жоғары екендігін білдіреді. Сәйкесінше екінің бірі Фадил деп атала бермейді. Осы оқиғаны жақсылап ой елегінен өткізіп, Шәмсуддин әл-Фәнаридің ізімен жүр.
-----------------
http://t.me/sharigat_panderi

“Бірде Жәмәлуддин әл-Ақсараи шәкірттерінің бөлмесін жасырын сығалаған. Хасан Пашанның жантайып кітап оқып жатқанын, Шәмсуддин әл-Фәнаридің тізерлеп кітаптар ақтарып, хашиялар жазып жатқанын көреді. Осыған қарап ұстаздары: “Біріншісі жоғары дәрежеге (фадл)жете алмайды. Екінші биік шыңды (фадл) бағындырып, ілімде өзіндік орны болады” - деген екен. Айтқаны айдай келді”.
Олардың құзырындағы фадл дәрежесі дәреженің жоғары екендігін білдіреді. Сәйкесінше екінің бірі Фадил деп атала бермейді. Осы оқиғаны жақсылап ой елегінен өткізіп, Шәмсуддин әл-Фәнаридің ізімен жүр.
-----------------
http://t.me/sharigat_panderi
❤20🔥6🤯4👍1
🌴Ислам діні ғылымға ерекше мән береді, қадірлейді, тіпті білім алуды құлшылық санайды. Сондықтан білім алушыға да, білім берушіге де қойылатын белгілі шарттар бар.
Бүгін біз білім берушінің, яғни ұстаздың шәкірт алдындағы міндеттері туралы сөз қозғамақпыз.
Күллі адамзаттың, соның ішінде шәкірттердің баға жетпес екі асыл қазынасы бар. Олар: уақыт пен ақыл.
1. Уақыт. Уақыт адамның иелік ететін құнды дүниесі саналғандықтан, оны ұлы мақсаттарға жұмсауы ләзім.
2. Ақыл. Ілім жолына енді түскен шәкірт ғылымды түсінбікте әуелі ұстазының пайымына толық иек артуы шарт. Бастауыш деңгейде шәкірт Құдайдың берген ақыл нығметін ұстазына аманат етіп тапсырады. Ұстаздың шәкірт алдындағы міндеті демегіміздің төркіні осы. Соған қарай аманат иесі қалдырылған дүниеге қалай көз қарашығындай бағалап күтсе, тура сол сияқты ұстаз да шәкірт атты аманатқа берік болуы тиіс. Бәлкім аталмыш тақырыпта келесі жазбаларда толыққанды айта жатармыз.
🔹Жоғарыда ұстаздың да шәкірт алдындағы міндеттері бар екендігін айтқан болатынбыз. Соның негізінде ұстаздың міндеттері жайлы төмендегідей үлгі сөз келтірсек:
1. Ұстаз өзі толық меңгермеген ілімді оқытуға асықпауы керек. Шала дайындықпен дәріс беруге ұмтылу – үлкен кемшілік. Себебі, бұл адамды түрлі оғаш қателіктерге ұрындырады. Бұған дейінгі жазбаларымызда айтқанымыздай, білімге енді қадам басқан шәкірт ұстазына өз ақылын алтын ыдысқа салып ұсынып отырғандай болады. Ұстаз сол ыдысқа не түсінгенін, тіпті кейде өзі де толық түсінбеген нәрселерді де салып жіберуі мүмкін.
2. Ұстаз өз сабағына алдын ала дайындалуы тиіс. Сабаққа дайындалмау тыңдаушының ақылына құрметсіздік таныту саналады. Ал шәкірт өзіндегі ең қымбат нәрсесі ақыл-санасын ұсынып отырғанын ұмытпауы керек.
3. Ұстаз кітаптың мәтінін тиянақты талдап беруі қажет. Тек шолу жасап, тақырыпты үстіртін түсіндіру жеткіліксіз. Ол түсіндіруді кітаптың нақты сөйлемімен байланыстырып, мынадай нәрселерге назар аударуы керек:
• Бастауыш пен баяндауышты анықтау;
• Көп мағыналы сөзден нақты қай мағына көзделіп тұрғанын және соған дәлел болатын дәйекті келтіру;
• Сөздің тура не ауыспалы мағынада қолданылғанын нақтылау, егер ауыспалы мағынада болса, оған нендей ишара (метафора, ауыспалы тіркес) себеп екенін айту қажет.
4. Ұстаз шәкіртке арнайы дәрежесіне сай «дәрістік» (оқулық) кітап таңдап беруі тиіс. Сабақ барысында мұндай кітапты таңдамау үлкен кемшілік. (Дәрістік кітап жайында жеке жазбада тоқталамыз).
5. Кітап ішіндегі қиын мәселелерден жалтарып, тақырыптан сырт кетпеу керек. Егер мәселені нақты білмесе, оны ашық айтып, кейіннен қарап келетінін айтуы қажет. Әлі санасында пісіп-жетілмеген ойды шәкіртке тастай салу орынсыз.
6. Кітапты аяқтауға шамамен қанша уақыт кететінін алдын ала белгілеген жөн. Уақыт шексіз болмауы тиіс.
7. Белгілі бір ілімді игеру үшін нақты кезеңдер мен оқулықтарды белгілеп, мысалы: «алдымен пәлен кітапты оқимыз, ол 10 сабақта аяқталады, одан кейін мына кітапқа көшеміз», – деп нақты бағыт беруі қажет. Осылайша, шәкірт ол бағытпен жүрсе, сол ғылым саласын толық игеретін деңгейге жетеді.
8. Бір уақытта бірнеше ғылымнан бірнеше кітапты қатар бастап жібермеу керек. Бұл көбіне әр сабақты дұрыс дайындамауға әкеледі. Сондай-ақ басында айтқанымыздай ұстаз тек толық меңгерген пәнінен ғана дәріс жүргізуі ләзім.
9. Сабақ кезінде ұзын-сонар әңгіме мен қатысы жоқ хикаяларды көп айтып кетуден сақ болу керек. Иә, шәкірт жалықпас үшін ара-тұра мысал келтірген жөн, бірақ ол мысал негізгі сабақты көлеңкеде қалдырып, уақытты ысырап етпеуі тиіс. Шәкірт үшін ең қымбат нәрсе – уақыты.
10. Егер сабақ күрделі мәселені қозғайтын болса, ұстаз алдын ала кіріспе жасап, оны түсінуге жол ашып беруі абзал.
11. Ұстаз шәкірттен зерттеу жасалған тұстарды жасырып қалмауы керек, яғни нақты қандай мәселеде терең талдау жүргізілгенін және өз сөзінің қайдан алынғанын (қай дереккөзге сүйенгенін) анық көрсетіп отыруы тиіс.
Қорытындылай келе демегіміз, Ұстаз шәкірттің ақылы мен уақытына жауапты адам. Жоғарыда айтылған шарттарды сақтамайтын адам бұл аманатқа лайық емес.

🔥17❤9👍3🤯1
"حق على العاقل أن يتخذ مرآتين، فينظر من إحداهما في مساوئ نفسه، فيتصاغر بها، ويصلح ما استطاع منها.
وينظر في الأخرى في محاسن الناس، فيحليهم بها، ويأخذ ما استطاع منها"
"Саналы жанның екі айнасының болуы ләзім. Айнаның бірімен өзінің олқылықтарын көріп, менмендік танытпайды және кемшіліктерін қауқары келгенше түзейді. Өзгесімен адамдардың ізгі қасиеттерін көріп, мінез-құлқын сонымен безендіреді және шамасы жеткенін тұла бойына сіңіреді"
الأدب الصغير لعبد الله بن المقفع ص ٧٦.
❤12👍4🔥2
AQLNAMA
🌴Ислам діні ғылымға ерекше мән береді, қадірлейді, тіпті білім алуды құлшылық санайды. Сондықтан білім алушыға да, білім берушіге де қойылатын белгілі шарттар бар. Бүгін біз білім берушінің, яғни ұстаздың шәкірт алдындағы міндеттері туралы сөз қозғамақпыз.…
🌴Жоғарыдағы ұстаздың міндеттеріне тағы бір міндет қоса кетсек:
12. Ұстаздың әдебі мен маңызды міндеттерінің бірі – шәкірттерінің дәрісті қаншалықты ұққанын нақтылап отыруы, олардың түсінік деңгейін бақылап, құр отырыстарын ғана емес, саналарының да белсенді қатысуына мән беруі. Осы мақсатқа жетудің ең тиімді жолы – ортаға сауал тастау. Жай ғана: «Түсіндіңдер ме?» деп сұраумен шектелу жеткіліксіз.
Өйткені кейде шәкірт өзін түсіндім деп санауы, айтылған дәлелді, түсіндірмені, тіпті күрделі мәселенің шешімін ұқтым деп сезінуі әбден ықтимал. Алайда, шын мәнінде, шәкірт түсінбегенін мүлде сезінбеуі мүмкін. Сондықтан, қате түсіну – мүлде түсінбеуден де қауіпті.
Соңғы міндетті “شوارد الأفكار” атты арнасынан алдым.

❤7🔥4
AQLNAMA
🌴Жоғарыдағы ұстаздың міндеттеріне тағы бір міндет қоса кетсек: 12. Ұстаздың әдебі мен маңызды міндеттерінің бірі – шәкірттерінің дәрісті қаншалықты ұққанын нақтылап отыруы, олардың түсінік деңгейін бақылап, құр отырыстарын ғана емес, саналарының да белсенді…
Мәселе тек сұрақ қоюда емес, одан да маңыздысы – шәкірттен түсінгенін өз сөзімен қайта айтып беруін талап ету. (تقرير المسألة). Яғни, шәкірт мәселені өз сөзімен баяндау арқылы түсінігін көрсеткенде ғана ұстаз оның шын мәнінде ұққан-ұқпағанына көз жеткізеді. Сол себепті мұндай сабақтарда шәкірт саны көп болмауы керек және ондай дәрістерді жариялауға да қолайлы емес.
❤10🔥1
AQLNAMA
🌴Ислам діні ғылымға ерекше мән береді, қадірлейді, тіпті білім алуды құлшылық санайды. Сондықтан білім алушыға да, білім берушіге де қойылатын белгілі шарттар бар. Бүгін біз білім берушінің, яғни ұстаздың шәкірт алдындағы міндеттері туралы сөз қозғамақпыз.…
Әрине, жоғарыда атап өткен міндеттердің барлығының деңгейі бірдей дей алмаймыз. Олардың кейбірі, мысалы бірінші, екінші, үшінші және төртінші міндеттер – негізгі әрі іргелі міндет деуге әбден негіз бар. Ол адамды ұстаздыққа лайық етер талап. Өз кезегінде бұны құзіреттілік шарты деп атайық. Ал, бұдан өзге де міндеттерді кемелдік және ұстаздық этика тұрғысынан қарастырсақ та болады.
❤8🔥1
. بسم الله الرحمن الرحيم
وبه نستعين
رب يسّر وأعن
Біз арна атауын Sharıģat pànderi дегеннен AQLNAMA деп өзгерттік.
Бұл атау – арнада жарияланатын жазбалардың ақыли ілімдерге (العلوم العقلية) тән екендігін білдіреді.
Осы атау арқылы мантық (логика) ілімін (ақыл ілімдерінің құралы ретінде), сондай-ақ кәләм, хикма (пәлсапа), усул ілімдерін және қолжазбаларды зерттеу ілімін меңзеп отырмыз.
Кейде ғылым жолы туралы пайдалы кеңестер мен нұсқаулықтарты да шығарамыз.
Алдағы күндері аталған ілімдер туралы толық әрі жүйелі жазбалар жарияланатын болады.

🔥20❤7👍5🙏1
🕊 Неліктен “AQLNAMA”?
Арнамызға “AQLNAMA” деп ат беруіміз тегін емес. Бұл атау – ақыл мен сана, мағына мен мәнге үндейтін ұғым. “AQL” – адам болмысының негізі, Алланың берген ең үлкен нығметі – ойлау, түсіну, ақиқатты ажырату қабілеті. Ал “NAMA” – көне түркі және парсы тілдерінде жазба, баяндама, насихат мағынасын білдіретін қосымша. Яғни, “AQLNAMA” – ақыл туралы баян, рухани ойлар жинағы деген мағынада.
Аталмыш атау мантық, кәлам, хикма және усул секілді ілімдермен тығыз байланысты екенін аңғарту үшін таңдалды. Себебі бұл ілімдердің барлығы ақылдың шамшырағы арқылы таным мен хақиқатқа жетуді көздейді.

❤24🔥8👍4🥰2🙏1
📌 Бастауыш деңгейдегі шәкірттерге арналған мантық дәрістеріне хабарландыру
📕 Бекітілген кітап: «Ад-дурра» — Сәйид Шәриф әл-Журжани жазған «Суғра» атты еңбектің аудармасы.
🔹«Ад-дурра» кітабы туралы қысқаша айта кетсек:
Ғұлама Сәйид Шәриф әл-Журжани мантық ілімінде «Суғра» және «Кубра» деп аталатын екі еңбек жазған. Аталмыш екі еңбек — парсы тілінде жазылған және мантық алғышарттарын үйренушілерге арналған танымал мәтіндердің қатарынан. әл-Журжани осы еңбектерді өзінің ұлы Шамсуддинге арнаған.
Ұлы Шамсуддин екі шығарманы баршаның игілігіне айналуы үшін араб тіліне аударуды жөн көрген.
Ол «Суғраны» арабшаға аударып, «әд-дура» деп, «Кубраны» аударып, «әл-Ғурра» деп атаған.
Екі еңбек сол кезден бастап көптеген ғалымдардың назарын аударып, бірі түпнұсқа парсыша нұсқасын, бірі аударма арабшасын түсіндіріп, ал кейбірі оларды өлең ретінде де жазып шыққан. Осылайша көптің ықыласынп бөленген оқу құралдарына айналды.
Біз бұл курста тек «әд-дурраны» оқимыз.
Кітап мантықты жаңа бастағандарға арналған негізгі мәтін ретінде өте қолайлы.
📆Курстың басталар уақыты: 28.06.2024.
Сенбі күні; 20:00
📞Байланыс номері: 87714868190 (уатсап)
87752398083 (телеграм)

❤12👍4🔥3