Кеше доктор Әнәс Зарқамен кездесу бақыты нәсіп болды. Доктор Шейх Мустафа Зарқаның ұлы, “Шарх әл-Қауағид әл-Фиқһия” кітабының авторы Шейх Ахмад Зарқаның немересі.
Оған қойған сұрақтарым атасының “Шарх әл-Қауағид әл-Фиқһия” кітабының төңірегінде болып: “Кей тұстарда ол кітапты пайдаланамын. Дей тұрғанмен, ауыр кітап. Дәріс жүргізуге дәрменсізбін. Кітап қайта қызметке және қайнаркөздерін қайта қаралып, зерделенуіне мұқтаж” - деп ойымен бөлісті.
Осы сөзінен кейін аталмыш кітапқа бір ұстаздарымыздың тахқиқ жасауды бастағандығы жайында хабардар еттім. Айтқандай-ақ, кітап өте ауыр. Өйткені, Шейх Ахмад Зәрқа ғалымдардың пікірлерін өз сөзімен жеткізіп, өзгелерден сөзбе-сөзбе көшірмеген.
🔹Зарқалар отбасысы атасынан немересіне дейін ғылымға ден қойған отбасы.
🌴Алғашқысы - Шейх Мухммад Зарқа (һ.1343). Заманының ханафи мәзһабы бойынша елеулі ғалымы. Дәуірінде ханафи мәзһабының негізгі тірегі саналған. Қатарлас ғалымдары қандай да бір ауыр фиқһи мәселе турасында келіспесе Мухаммад Зәрқадан сұрайтын. Шейх өз пікірін білдіргенде басқалар ойын қабыл алып, мойындайтын. Білім мәжілісіне ғылымға терең бойлаған жандар ғана қатысатын (1).
🌴Екіншісі - Шейх Ахмад Зарқа (һ.1353). Шейх Ахмад әкесі Мухаммадтың бауырында тәрбиленген. Асқан зеректік пен дара қабілетпен ерекшеленіп, қатарластарын артта қалдырған. Ғылым мен түсініктің басын біріктірген жан. Жас күнінен ақ әкесінің дәріс алқасына қатысатындай дәрежеге жеткен. Жоғарыда атап өткеніміздей әкесінің мәжілісіне тек ғалымдар ғана қатысатын.
Ахмад әкесінің қасынан көлеңкесіне іспетті бір елі болсын ажырамайтын. Нәтижесінде биік шыңға қол жеткізгенге дейін дәргейінде 30 жылдан көп мөлшерде дәріс алды. Одан ханафи фиқһын, усул фиқһ пен усул хадисті, тәпсірді және өзге де ғылымдарды меңгерді. Әкесінен үйренген ғылымының басы фиқһ ілімі болды. Күнімізде үстіртін оқу емес, арнайы зерделеп, зерттеп оқыған кітабының бірі - заманының ірі ғалымы Ибн Абидиннің “Радд әл-Мухтар әлә әд-Дурр әл-Мухтар” атты хашиясы. Аталмыш еңбекті басынан соңына дейін екіден көп мәрте зерделеп, пікір талас жүргізіп 20 жылы шамасында оқыған. Әкесімен оқыған тағы ханафи фиқһ кітабының бірі - Имам Зәйлағидің (һ.743) “Тәбиин әл-Хақаиқ шарх Кәнз әд-Дақаиқ” атты еңбегі. Екеуі басынан соңына дейін оқыған. Сондай-ақ оқыған екеуі ұлы еңбек саналатын “Бәдәиғ әс-Санаиғ фи тәртиб әш-Шараиғ” атты кітап (2). Басым бөлігін зерттей, зерделей оқыған. Бұл екі кітапқа шынайы назар аударған оқырманды міндетті түрде терең түсінікке жетелейді. Ал егер оқырманның ерекше қабілеті мен таланты болса, онда бұл кітаптар оны одан әрі биік деңгейге көтерері сөзсіз! Әкесімен оқыған тағы бір кітабы - Зәйнуддин ибн Нужәймнін “әл-Әшбаһ ән-Назаир” атты еңбегі.
Әкесінің жасы егде тартып, 75-ке жеткенінде дәріс беруден бас тартып, орынын босатады.
30 жыл көлемінде дәріс жүргізеді. Шәкірттері көп болып, араларынан дара фақиһтер топ жарды. Олардың бірі оның ұлы, атақты шейх Мұстафа әз-Зәрқа (3).
Шейх Ахмад фиқһ қағидалары ғылымын шамамен 20 жыл бойы оқытып, кейін сол тақырыпта «Шарх қауағид әл-Фиқһия» атты кітабын жазған. Осы кітабының құндылығына таң қалуға болмайды, өйткені ол бұл еңбегін екі онжылдық бойы дәріс бергеннен кейін жазған!
Жалғасы 👇

❤17👍1🔥1🥰1
🌴Үшіншісі - Шейх Мұстафа Зарқа (м.1999). Ол заманының ұлы ғалымдарының бірі. Шейх Әбдуфаттах Әбу Ғудданың Мұстафа әз-Зәрқаға күртесін кигізіп жатқан суретін көрген боларсыздар. Ол шейх, мухаддис Бадруддин әл-Хасани және шейх Мұхаммад Рагыб әт-Таббақтың шәкірті.
Мұстафа әз-Зәрқа университетте үш сала бойынша білім алды: әдебиет факультетінде, құқық факультетінде және шариғи ғылымдар саласын. Мысырдағы Каир университетінде шариғи ғылымдар бойынша білімін жалғастырды. Оның ең танымал еңбектерінің бірі – «әл-Мәдхал әл-Фиқһи әл-Әам» атты кітабы.
🌴Біздің кездескеніміз – шейх Мұстафа Зарқаның ұлы доктор Мұхаммад Анас Зарқа. Ол Пенсильвания университетінде экономика және статистика саласында докторлық дәрежеге ие болған.
--------------------------------------------------
(1) Шейх Мұхаммад Рагыб әт-Таббақтың «Иғлам ән-Нубәлә би Тарихи Халаби әш- Шаһба» атты кітабынан қараңыз (7/679).
(2) Баспаның қазіргі нұсқаларында өте көп қателіктер бар екенін айтқым келеді, тіпті кейбір беттерінде 10-нан астам қате бар, олардың кейбірі шариғи үкімдерді толықтай өзгертіп жібереді. Алайда Алланың қалауымен біздің ұстазымыз бұл кітапты лайықты деңгейде түзетіп, оны келесі үш жыл ішінде толыққанды әрі жақсы үлгіде басып шығаруды жоспарлап отыр.
Ұстамыздың қызметінде болу бақытын нәсіп еткен Аллаға сансыз мадақ.
(3) «Шарх қауағид әл-Фиқһия» кітабының кіріспесін қараңыз (26-бет).

❤15👍3🤯3🔥1🥰1
الحصر على ثلاثة أقسام:
1-حصر عقلي:
وهو الحصر الدائر بين النفي والإثبات، كانحصار مطلق الدلالة في اللفظية وغيرها، وكانحصار الدلالة اللفظية الوضعيّة في المطابقيّة والتضمّنية والالتزاميّة.
2-وحصر استقرائيّ: وهو الذي لم يوجد مع الاستقراء قسم آخر، فحُكِمَ بالانحصار في الأقسام الموجودة معه، كانحصار الدلالة اللفظية في الوضعيّة والعقليّة والطبعيّة.
3-وحصر جعليّ: وهو الذي يجعله الجاعل منحصرًا، كانحصار الكلّ في أجزائه.
من حاشية قال أقول.
-------------
http://t.me/sharigat_panderi

👍14❤4
. بسم الله الرحمن الرحيم .
Алланың қалауымен күн сайын дәрісте айтқан пайдалы ақпараттармен бөлісіп отыруды жөн көрдім.
Пайдалы ақпарат: (اطراد) және (انعكاس) ұғымдарының мағынасы 1:29 минуттан 13:38 минутқа дейін түсіндірілді.
Әуелі мантық ғылымының мутәххир (кейінгі) ғалымдары ғана анықтама (التعريف)мен анықталушының (المعرف) арасында теңдікті (مساواة) шарт еткенін қаперде ұстауымыз қажет. Дей тұрғанмен ғалымдар бұл теңдікті анықтаманың (جامع) және (مانع), (مطرد), және (منعكس) сипатта болуы деп те сипаттайды.
Бұл ұғымдардың мағынасын мен жоғарыдағы көрсетілген уақытта егжей-тегжейлі түсіндіріп, мысалдар келтіріп өттім.
(Сілтеме)
#Мантықзерделері [1]

YouTube
متن ايساغوجي - 05 - الفصل السادس عشر - أ. عطاء الله ساربالين
🔥18👍5🥰3
Пайдалы ақпарат ІІ
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ
(14:36 пен 19:36 арасында)
Мантық ғалымдары адамның білмейтін нәрсесі не мәжһул тасауури, не мәжһул тасдиқи болатындығын айтқан. Біріншісінен арылуға тәғриф көмектессе, екіншісінен қияс арылуға көмектеседі. Алайда кей жандар тағрифтің ешқандай пайдасы жоқ, ешнәрсеге көмектеспейді дегенді алға тартуда. Бұндай істеріне түрткі болған дүние - мантық ғалымдарының тәғриф берудегі мақсаттарын түсінбеулерінде. Олардың негізсіз ойлар көрсетілген минуттарда баяндадым.
Олардың пікіріне сәйкес тәғрифта “дәур” (шеңберлік тәуелділік) бар. Өйткені мантық ғалымдары тәғрифті қандай да бір мағынаны түсіндіруге көмектесетіндігін айтады. Алайда тәғриф ләфз (жалаң сөз), сәйкесінше тағрифтан бұрын ләфздың мағынасын ұғыну қажет. Сонымен қатар ләфзды түсіну ол мағынаны түсіну. Осы тұрғыда анықтамада “дәур” пайда болады.
Жоғарыда көрсетілген миннуттарда тәғрифке қатысты айтылған сынға жауап беріп кеттім.
(Сілтеме)
#Мантықзерделері [2]

❤12👍4🔥3
Пайдалы ақпарат ІІІ
(41:45 пен 43:45 арасында)
Мантық ғалымдары القضية الحملية (хабарлы сөйлем) бірінші бөлікті маудуғ (موضوع) деп атаса, екінші бөлігін мәхмул (محمول) деген. Мысалы: “Зәйд жазушы” деген сөйлемдегі “Зәйд” - маудуғ (موضوع) болса, “жазушы” - мәхмул (محمول).
(الجزء الأول من الحملية يسمّى موضوعا والجزء الثاني يسمى محمولا)
Алайда осы тұста ескере кетер жәйттар бар. Сондықтан мантық ғалымдарының бірінші бөлік дегендегі мақсаттарын анықтап алғанымыз жөн. Олар бірінші бөлік дегендегі мақсаттары дыбыстау мен жазуда ма әлде мағынада ма?!
Жауабы - мағынадағы бірінші бөлікті меңзеген.
Мағына жағынан бірінші бөлік дегеніміз не? Яғни сөйлем тұрғысынан, дыбыстау тұрғысынан кешігіп келсе де, оған арналған үкімнің іс жүзінде орын алуы.
Мысал арқылы ашықтай түссек:
“Жазушы Зәйд” десек, осы жерде үкім беріліп тұрған нәрсе не? Әрине, Зәйд. Ендеше, жазу немесе дыбыстау тұрғысынан кешігіп келсе де, Зәйд - маудуғ (موضوع).
Сондай-ақ “Келді Зәйд” (мысал түсінікті болу үшін осы формада берілді) десек, Зәйдтің келуін бекіттік. Сәйкесінше “келді” сөзі жазу мен дыбыстауда бірінші келсе де мәхмул (محمول)болса, “Зәйд” сөзі екінші келсе де маудуғ (موضوع) саналады.
Қорытындылай келе, негізгі назар аударатын дүние жазу немесе дыбыстау емес, мағына
екендігін айта аламыз.
(العبرة بالأولية في الرتبة)
Жоғарыда көрсетілген миннуттарда осыған қатысты мәселелерді ашықтап кеттім.
(Сілтеме)
http://t.me/sharigat_panderi
#Мантықзерделері [3]

👍6❤5🔥2
Пайдалы ақпарат 4
(0:50 пен 9:25 арасында)
Жалпы түсініктер арасындағы байланыс
Мантық ғалымдары 4 түсінік туралы сөз қозғайды:
1- әл-Умум әл-Хусус әл-Мутлақ (العموم الخصوص المطلق)
2- әл-Умум әл-Хусус әл-Уәжһи (العموم الخصوص الوجهي)
3- әт-Тәсәуи (التساوي)
4- әт-Тәбәюн (التباين)
Түгел дерлік ислами кітаптарда кездескендіктен аталмыш терминдерді білудің маңызы зор. Жоғарыда көрсетілген минуттарда толықтай түсіндіріп кеттім.
Осы тұста бір ескере кетер жайт бар. Инсан мен бәшар (екеуі де адам мағынасында) ұғымының арасындағы байланыс турасында сұрақ қойылса, көп жағдайда “әт-Тәсәуи” (التساوي) деп жауап береміз. Бұл кеңінен таралған қателік деп айтсақ қателеспейміз. Өйткені байланыс туралы сұрақ қойған кезімізде бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар арасындағы байланысты меңзейміз. Өз кезегінде инсан мен бәшар сөзі жазылуда, дыбысталуда әр түрлі болса да, мағыналары бірдей.
Осы аталған мағұлматтардың барлығын көрсетілген минуттарда баяндап кеттім.
(Сілтеме)
#Мантықзерделері [4]

متن ايساغوجي - 04 - الفصل السادس عشر - أ. عطاء الله ساربالين
00:00 بداية الدرس
0:28 عناوين الدرس
0:50 مبحث النسب بين الكليين
2:58 العموم والخصوص المطلق
3:47 العموم والخصوص الوجهي
4:53 التساوي
6:17 التباين
6:33 العبارة الجامعة للنسب
9:25 النسب بين الجزئي والجزئي والكلي والجزئي
10:19 قول المصنف: القول الشارح...
11:50…

🔥6❤3👍2
Дәріс әр жексенбі сайын Ыстамбул уақыты бойынша 13:00-де, Алматы уақыты бойынша 15:00-де жүкетеледі.
🔥12❤5👍2
Ораза айт құтты болсын
كل عام وأنتم بخير.
اللهم لا تقطعنا عن طلب العلم بقاطع، ولا تشغلنا عنه بشاغل🤲

❤21🥰4🔥1
Пайдалы ақпарат 5
(21:21 пен 24:30 арасында)
Жоғарыда көрсетілген уақытта мантық ілімдегі маңызы зор қағиданы айтып, оны егжей-тегжей түсіндірдім. Аталмыш қағиданы жаттап, қанығына жете түсініп алу қажет. Сол арқылы таным көжиегі кеңейеді. Олар төмендегідей:
- Мәлзумнің бекітілуі ләзимнің бекітілуін талап етеді.
• ثبوت الملزوم يستلزم ثبوت اللازم.
- Мәлзумді терістеу ләзимнің
терістелуін талап етпейді.
• نفي الملزوم لا يستلزم نفي اللازم.
- Ләзімнің бекітілуі мәлзумнің бекітілуін талап етпейді.
• ثبوت اللازم لا يستلزم ثبوت الملزوم.
- Ләзимді терістеу мәлзумнің терістелуін талап етеді.
• نفي اللازم يستلزم نفي الملزوم.
🌴Осынды осы қағидаларды түсіндіру үшін мысал келтіре кетсем:
Мысалы, біз араб тілінде “кәлиманың” - фиғл, исм, харф деп үшке бөлінетінін білеміз. Нәтижесінде, “кәлима” исм, фиғл, харфтың қамтитын барлық нәрсенін қамтиды. Алайда исм жалғыз өзі “кәлиманың” қамтитын барлық нәрсенін қамти алмайды. Фиғл мен харф те сондай.
Демек, бір заттың исм болуы мен кәлима болуының арасындағы байланысты (التلازم) байқай аламыз. Өйткені исм, бірақ кәлима саналмайтын исмді елестету мүмкін емес.
Алайда кәлима, бірақ исм емес кәлиманы елестете аламыз. Себебі, ол фиғл немесе харф болуы мүмкін.
Жақсы, осыған бәріміз келісіп алайық!
Досыңыз екеуіңіз жолда келе жатырсыз делік. Қабырғадан жазуға ұқсайтын бір суретті көрдіңіздер. Сіз: “Жазылған дүние - исм” - дедіңіз де, досыңыз: “Кәлима” - деді. Жауаптарыңыздың арасында қарама-қайшылық бар ма?! Әрине, жоқ. Себебі сіз оны исм дедіңіз. Даусыз, сіз де оны кәлима деп тұрсыз. Өйткені жазылған нәрсенің исм болуы, оның кәлима болуын талап етеді. Жоғарыда айтқандай, кәлима исмді де қамтиды. Бұл “Мәлзумнің бекітілуі (қабырғадағы жазылған нәрсенің исм болуы) ләзимнің (жазылған нәрсенің кәлима болуы) бекітілуін талап етеді” дейтін қағиданың мағынасы.
Екінші қағидаға ойыссақ:
Мысалға сәйкес, сіз қабырғадағының исм емес екендігін айттыңыз, досыңыз болса, оның кәлима екендігін айтты. Екі жауаптың арасында қарама-қайшылық барма?! Жоқ! Неге? Себебі сіздің қабырғаданың исм емес екендігін айтуыңыз, оның кәлима емес екендігін білдірмейді. Сіз оны харф та немесе фиғл да емес деген жоқсыз. Өз кезегінде екеуі де кәлиманың түрлерінен. Бұл “мәлзумды (қабырғадағының исм болуын терістеу) терістеу ләзимді (қабырғадағының кәлиме екендігін терістеу) терістеуді талап етпейді” деген қағиданың мағынасы.
Үшінші және төртінші қағиданы өзіңіздің ой жүгіртуіңіз бен түсінгіңізге қалдырдым. Жоғарыдағы қиссаны негізімен түсінсеңіз екі қағиданы оп-оңай түсіне аласыз. والسلام
✍ عطاء

متن ايساغوجي - 08 - الفصل السادس عشر - أ. عطاء الله ساربالين
00:00 بداية الدرس
0:56 تمهيد الدرس
3:04 لازم القضية في الصدق
5:15 الأصل و العكس
6:00 وجه هذه التسمية
6:40 طريقة اكتشاف لازم القضية في الصدق
7:58 مثال على العكس
9:47 تعريف العكس لغة و اصطلاحا
11:41 تعليل بقاء الإيجاب و السلب بحالهما
18:26 إطلاقات العكس
19:55…

🔥12❤8👍3