"Қалбатау-Майқапшағай" тас жолында орын алған су тасқыны туралы ақпарат
2024 жылғы 26 наурызда сағат 12:00 шамасында республикалық маңызы бар "Қалбатау-Майқапшшағай" тас жолының 1113 шаққырымында еріген судың пайда болуына байланысты айналма жолда су тасқыны орын алды. Тасқын судың ауданы 300 метрді, ал биіктігі 5-10 см құрайды. Аталған учаскеде су құбыры қарастырылған.
Қазіргі таңда айналма жолды еріген судан алдын алу мақсатында қосымша металл құбырларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Су тасқынын жою үшін 10 жол жұмысшы мен 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Аталмыш учаскеде көпірдің салуына байланысты негізгі жолда қозғалыс тоқтатылды.