This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жетісулық жол қызметкерлерінің арқасында 40 көлік қар құрсауынан аман шықты

Жетісу өңірінде ауа райының қолайсыздығы салдарынан республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолында 39 көлік қар құрсауында қалып қойған болатын.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы барлық автокөлік жүргізушілеріне дер арада көмек көрсетті.
35 жеңіл көлік, 3 газель және 1 жүк көлігі қардан шығарылды.
Ал, көлікте болған жолаушылардың барлығы дерлік жылыну пункттеріне жеткізілді.

Ағымдағы сағатта жолшылар жолды қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материал себу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

‼️Көп ұзамай көлік қозғалысы толықтай қайта жанданатын болады.

#QAJ
#ҚауіпсізЖол