Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты

Жыл сайынғы дәстүр бойынша «Медициналық пойыз» жобасы аясында еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Бас ақпараттық серіктес – ҚР Президентінің Телерадиокешені.

@ptrkkz