🔷Қарағанды облыстық сотында «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық істерін мемлекеттік тілде қараудың үлес салмағын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

🔷Дөңгелек үстел жұмысына облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы, мемлекеттік тілдің қолданысын жетілдіру жұмыс тобының, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, облыстық прокуратура, полиция Департаментінің, қалалық, аудандық полиция басқармасы мен бөлімдерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің, Қорғаныс істері Департаментінің өкілдері қатысты.

🔷Дөңгелек үстел жұмысына қатысушылар мемлекеттік тілде қаралған істердің статистикалық көрсеткіштеріне, мемлекеттік тілде қаралып жатқан сот істерінің үлесі, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезіндегі тіл заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша пікірлерін ортаға салды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік тілде қаралатын істердің көрсеткішін арттыру, мемлекеттік тілдің жағдайын жақсартуға ықпал ететін нақты ұсынымдар қабылдады.