This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтауда мектеп оқушысы сабақ үстінде мұғаліммен жанжалдасты

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Ақтаудағы №1 мектепте сабақ үстінде мұғалім мен оқушы сөзге келген. Аталған оқиғадан кейін облыстық білім басқармасы тексеру жүргізді.

Бейнежазбада математика пәні мұғалінің оқушыға бірнеше рет қол сермеп, ұруға оқталғаны анық байқалады. Аталған мұғалім бес жылдан бері білім ошағында сабақ беріп келе жатқаны анықталды. Қазір оған қатаң сөгіс берілген.