This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақстандық құтқарушыларға рахмет» - Газиантеп қаласының тұрғыны Қазақстан еліне апат салдарын жоюға үлес қосып жатқаны үшін алғысын білдірді: «Тұрғындарға көмектескен бауырлас қазақ халқына және Қазақстан Республикасына алғысымды білдіргім келеді. Газиантеп қаласына келгеннен кейін бірден Қазақстан құтқарушылар тобы жұмысқа кірісіп, қираған ғимарат үйінділерін реттеу және зардап шеккен тұрғындарды құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Мен осы екі қираған үйдің бірінің тұрғынымын. Мен үйден шыққаннан кейін ғимарат құлап, аман қалдым. Қазақстандық құтқарушыларға рахмет айтқым келеді. Алла сізге разы болсын».

🎥: «ҚазАқпарат» ХАА