This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Павлодарлық полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні “ізін суытпай" ұстады

Полицияға қала тұрғыны келіп, қарақшылық шабуыл туралы хабарлады. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Анықталғандай, белгісіз ер адам Бұқар Жырау көшесіндегі үйге заңсыз кіріп, 2008 жылы туған кәмелетке толмаған қызына зорлық-зомбылық көрсетіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 250 000 теңге қаражатын иемденген.

Арнайы іс-шаралар басталды, оның барысында полицейлердің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны "ізін суытпай" ұсталды.

ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам УҰИ-ге қамалды. Тергеу жалғасуда.