This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Атырау облысында тас жолда екі автокөліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы орын алып 4 адам қаза тапты

17 маусым күні республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 10 шақырым тұсында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.

Соққы салдарынан Lada Priora автокөлігін өрт алып, 1992ж.т., көлік жүргізушісі мен 2001ж.т., жолаушысы, сондай-ақ, Toyota Camry автокөлігінің 1972ж.т., жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 1971ж.т. Toyota Camry көлік жүргізушісі алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қаза тапқан.

Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді.

⚠️Көлік жүргізушілері назарына! Тас жолдарда басып озу ережесін және жылдамдық режимін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

Polisia.kz