This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚔Абай облысы полиция департаментінің жеке құрамы өңірдегі өрттерді оқшаулау кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылды

ПД жеке құрамы тұрақты орналасу пункттерінде дайындық жағдайында болды.

Патрульге 70 полиция қызметкері, сондай-ақ 20 бірлік техника жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдай аймағында эвакуацияланған тұрғындардың материалдық құндылықтары мен жеке мүлкін қорғау бойынша топтар құрды.

Жергілікті аймақтарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және реттеу, сондай-ақ төтенше жағдай режимін, азаматтар мен көлік құралдарының келу және кету тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне жол берілмеген.

Polisia.kz