This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЖАРИЯЛАНЫМ ІЗІМЕН

18 мамыр күні Семейлік азамат мас күйінде қаладағы шағын аудандардың бірінің тұрғындарының қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзған.

Полицейлер оны учаскелік полиция пунктіне жеткізген. Әкімшілік ғимаратта аталған азамат учаскелік инспекторға көпшілік алдында жала жауып, смартфонының камерасына түсіріп алған. Бейнежазбада ол қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратып, кейін оны әлеуметтік желіге жариялаған.

Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін немесе қоғамдық орындарда мас күйде болғаны үшін жауапкершілікке тартудан басқа, аталған азамат ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны үшін, сондай-ақ адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп жалған айыптағаны үшін жауапқа тартылатын болады.

ПД ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.